Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корыктар.doc

— 1.64 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының тез қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаңдай түсуі республика ғалымдары алдында үлкен міндеттер қояды. Өлкеміздегі табиғи ресурстарды қорғап, тиімді пайдалау үшін қазіргі өмір талабына сәйкес оларды терең зерттеу қажет. Сонда ғана онда болып жатқан алуан түрлі құбвылыстарды түсініп, табиғат қорғау проблемасын шешудің кейбір жолдары белгілі болады. Әсіресе, еліміздің байлығын пайдалану жылдан жылға қанат жайып отырған қазіргі заманда табиғатта болып жатқан өзгерістерді салыстырып байқауда қорықтардың алатын орны ерекше.

Жер құнарын, орманның әсем келбетін, өзендер мен көлдердің мөлдір сәулетін, аңдар мен құстар тіршілігін, өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп сақтайтын қорықтар республикамыздың орманды-дала, дала, шөлейтті және шөлді аймақтарында жоқтың қасы. Алтай, Қарқаралы, Жоңғар тауларында да қорықтың болмауы жұрттың назарын аударып отыр. Өйткені, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру мен таулы, шөлді жерлерді мал шаруашылығы үшін кеңінен пайдалануға байланысты дуадақ, ақтырна, дегелек, қарақұйрық, аққұтан, орақтұмсық сияқты хайуанаттармен қатар, қараған, қара қандыағаш, дәрмене, бидайықтың біраз түрлерінің қоры күрт төмендеп кетті.

Осындай бағалы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, түрлі табиғат аймақтарындағы көрікті ландшафтылар келбетін қорғап қалу үшін республикамызда бірнеше мемекеттік қорықтар ұйымдастыру – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары келешекте республикамыздың барлық географиялық аймақтарын қамтитын 21 қорық ұйымдастыру керек деген қорытындыға келді.

Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы ғылыми жұмыстар  жүргізіп, келешектегі оның жер көлемін, қорғайтын объектілерін анықтап алған орынды, яғни қорықтарды ұйымдастыруда ғылыми негізге сүйену керек.

Қазақстанның шөлді аймағында қорық ұйымдастыру кезек күттірмейтін мәселе екендігін айқын дәлелдейді. Осындай жағдайда ғана республикамыздың шөлді өңірінде саны азайған бағалы аңдар мен құстар адам қамқорлығына алынады. Сондықтан шөлге ғана тән түрлерін сақтап қалып, Оларды болашақ ұрпаққа жақсртылған ттүрлерін жеткізуге болады.

Қазақстанда келешекте ландшафтық аймақтар мен қорықтардың орналасқан жер көлемі мен түріне байланысты орманды-далалы, далалы және шөлейтті аймақтың, сондай-ақ көптеген таулы аймақтық қорықтар ұйымдастырылмақ. Олардың жалпы саны 21-ге жетпек. Соның біріншісі – орманды-далалы аймаққа жататын, айналасы екі шақырым жерді қамтитын Шағлы көлінің төңірегінде жойылып жатқан Шағлы қорығы. Бұл қорық Ақмола облысы Красноармейск ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысы Кеңес ауданының шектескен территориясында орналасқан. Қорықтың көлемі 20 мың гектар. Негізгі қорғалатын объектілер – су құстары,  су өсімдіктері комплексі.

Екінші – далалық аймаққа Қарағанды облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40 мың гектар. Негізгі қорғалмақ объекті де сол қарағай өскен бұталы дала болмақ.

Одан кейін Орал облысы Приуральск ауданының территориясына енетін Жайық өзені бойындағы 28 мың гектарлық Орал қорығы. Мұндағы қорғалатын негізгі объектілер: жұпар, кәмшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң, құс, өсімдіктер.    Ал Ерейментау қорығындағы (Ақмола облысы) 120 гектар жерде мекендеп өсетін арқар , марал, елік, дала сусыры , құр, шіл сияты бағалы аң, құс және өсімдіктер қорғалмақ. Сондай-ақ далалы аймақтық қорыққа Теріс-Бұтан өзенінің жоғарғы ағысындағы 40 гектарлық Қарағаш (Жаңарқа ауданы, Қарағанды облысы) , 25 мың гектар жерге жайылған Кент (Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы) қорықтарын қосуға болады. Бұлардағы қорғалатын объектілер негізінен бірдей. Мысалы, біріншісінде елек, құр, ақ шіл, қарағайлы орман, реликті өсімдіктер басым болса, екіншісінде арқар, марал, сілеусін, ақ қоян жиі кездеседі.

Үшінші – шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтардың ең көлемділері – Үстірттің Батыс тік жарлы қыраттары (Маңғыстау ауданы, Маңғышлақ облысы) , Үстірттегі Қаплаңқыр жері , бұған сондай-ақ Өзбекстан мен Түрікменстаннан да жер бөлінеді. Екеуі де 300 мың гектар алқпты алып жатыр. Қорғалатын объектілер – үстірт арқары, қарақұйрық, қарақал, шөл өсімдіктері.

Біріншісінің екіншісінен сәл өзгешелігі бар. Атап айтсақ, үстірт қорығында гепард , бұлдырықтарды да кедестіруге болады. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі – Аңдысай қорығы.  Бұл қорық 330 мың гектар алқапты алып жатыр. Орналасқан жері Аңдысай қыраты, Байқара, Жамбыл таулары, Қарағанды облысының Мойынқұм ауданы. Қорғалатын объект – арқар, құлан (қайта жерсіндірілмек), қарақұйрық, киік, жалман, реликті гүлтобылғы, регель қызғалдағы.

Шөлейтті аймақта болашақта тағы да бірнеше жерде қорықтар ұйымдастырылмақ. Қазақстанда келешекте тағы да ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болмақ. Бұл қорықтардың ең көлемдісі (250 мың гектар) – Жоңғар Алатауы. Осы қорықтың аймаққа қарасты жерлері – Жоңғар Алатауы, Басқан өзені, Алматы облысының Сарқан ауданындағы марал, ақтырнақты аю, барыс, тау сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы, құр, май қарағай мен шыршалы ормандар, альпі шабындықтары қорғалмақ.

Жоғарыда айтылған қорықтармен қатар Зайсан ойпатында елікті, дүние жүзінде өте сирек кездесетін және ғылым үшін маңызы бар үшсаусақты ергежейлі қосаяқты, сары алақоржынды және бұрын осында тіршілік еткен қарақұйрықты қайта жіберу үшін Сырдария өзенінің атырауында кездесетін бірқазандар тобын сақтап қалу үшін жаңадан шағын қорықтар – заказниктер ұйымдастыру мүмкіншілігін анықтау да қажет.

Алакөл көліндегі «Реликті шағала» заказнигін мемлекеттік қорыққа айналдыру жағын да ойластырған жөн.

Міне, осындай шараларды жүзеге асырғанда ғана табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі алға қойған үлкен міндеттерді орындап шығамыз. Табиғатты қорғау, көздің қарашығындай сақтауда қолдан келген шараларды жүзеге асыру – ардақты міндет, әлеуметтік маңызы бар келелі мәселе.

                          

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

НЕГІЗГІ ОҚУЛЫҚТАР:

1.Қазақстан қорықтары 1-том  Баспа директоры С.Әбдірайымұлы  Алматы 

                                    2008  жыл «Санат» баспасы 3-76 беттер

2.Экология негіздері  Г.Т.Сағымбаев.   Алматы  1995 жыл 25-26 беттер

3.Биосфера                Ж.Ж.Жатқанбаев. Алматы 1978 жыл  12-17 беттер

4.Экология                 Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев. Алматы 1999 жыл      

                                    56-58  беттер  

5.Экология және қоршаған  ортаны қорғау    Ұ.Б.Асқарова  Алматы  2004 жыл

                                    114-119 беттер

6.Экологиялық энциклопедия     А.Ж.Ақбасова, Е.Ү.Жамалбеков,Т.М.Қалыбеков,

                                                       А.Т.Қалұшпаева, Қ.Б.Рысбеков Алматы 2007 жыл

 

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Атамекен газеті    10 ақпан 2010 жыл 6- бет

                                  25 сәуір  2008 жыл 2- бет             

  

  

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 


Информация о работе Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау