Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 20:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық – Ақсу - Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл тағы басқалары бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корыктар.doc

— 1.64 Мб (Скачать документ)

Қорық осы ауданға тән барлық табиғи ландшафтыны табиғи күйінде қорғауға алынатын жоғары санаттағы табиғат аумағы. Қорықта ерекше қорғауды қажет ететін, жойылып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлері және өлі табиғаттың бөлшектері сақталып, қорғалады. Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын сақтаудың нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен құрылысы жайында хабар алынып отырады. Қорықта саны белгілі бір дәрежеде көбейген, қорғалған жануардың түрі басқа көршілес жерлерге таралады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында маңызды 9 мемлекеттік қорық, атап айтқанда: Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Марқакөл, Қорғалжын, Наурызым, Үстірт және Алакөл қорықтары.

Қорықтар-бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорықтардың басты мақсаты-табиғат ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-орын алады. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш кесу сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған.

Ақсу-Жабағылы қорығы. Орта Азия мен Қазақстандағы ертеден келе жатқан мемлекеттік табиғи қорық. 1920 жылы атақты А.Л.Бродский бірінші болып Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағына барды. Екі жылдан кейін Ташкенит университетінің профессорлары – Д.К. Кашкаров, Е.П.Коровин, М.В.Культиасов, М.Г.Попов осы аймақты қорыққа айналдыру бағалы екенін айтып, ұсынды. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылдың 14 маусымында ұйымдастырылды.

Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат- Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшеліктері бар табиғат  ландшафтарын, табиғат комплекстерінің даму заңдылығын жан-жақты зерттеу үшін сақтап қалу еді. Қазіргі уақытта Ақсу-Жабағылының жер көлемі 128118 га жерді оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Жамбыл облысының Өзбекстан мен Қырғыстан шекарасымен шектесетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аймағынан басқа, оның екі филиалы-Әулие және Қарабастау полеонтологиялық участкелері бар. Осыдан 150 миллион жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары көп шоғырланған Қасқабұлақта атақты тасты галерия бар. Қатты тастардың беттерінде ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін көрсететін суреттер, жабайы аңдардың, маралдың, ешкінің суреттері салынған.

Қорықтыың тау жоталары бірнеше белдеулерге бөлінген. Ең жоғарғы белдеу биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағып жататтын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Орталық белдеуде Бұғылытор сарқырамасы бар. Оңтүстік белдеу құрғақ, тік құздардан тұрады.

Басты өзендері Жабағылы, Ақсу, Балдарбек батысқа қарай бағыт алып жатыр. Ақсу өзеніндегі шатқалдың тереңдігі 400 метр, ұзындығы 200 км. Қорықтың климаты континентальді. Жауын-шашын жыл мезгілінде әр түрлі түседі. Қыста 30 %, жазда 10% болады. Ең суық ай – қаңтар, орташа температурасы – 5,40С, ең жылы ай – шілде, температурасы – 17,50С. Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды.

Алматы қорығы. Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы қаламыздан небәрі 25 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1934 жылы 6 мамырда құрылды. Бастапқыда қорық ұйымдастырған жердің көлемі 15 мың ғана гектар алқапты қамтыса, кейіннен оған көптеген жерлерді қосуға байланысты 40-шы жылдардың басында Алматы қорығының жалпы аймағы 857 мың гектарға жетіп, ол ерекше маңызы бар қорықтар қатарына енді. Сол кезде оның қамтыған аймағы бүкіл Іле Алатауын, сонау Сөгеті жазығынан Қаскелең өзені аңғарына дейінгі аралықты алып жатқан болатын. Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы да кірген еді. Алайда, соғыстан кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп, тіпті кейіннен жабылып та қалды. Содан, Алматы қорығы 1960 жылдың 11 қаңтарында Іле Алатауының орталық бөлігіндегі таулы аймақта қайта құрылды. Қорықтың таулы бөлігінің алып жатқан жер көлемі 71681 гектар. Оның ең төменгі нүктесі 1000 метрлік биіктіктен басталып 5017 метрлік Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл негізгі бөліктің батыс шекарасы сол жағы Талғар өзенінің арнасымен өтсе, солтүстіктегі оң жағы Талғар өзенінің арнасымен және Есік көлі қазан шұңқырымен шектеледі. Ал шығысында Есік өзенімен бойлай барып, Шелек өзенінің бастауына, Қырғыз елінің шекарасына барып тіреледі.

Сонымен қатар, қорық аймағына Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл далада жатқан Үлкен және Кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл бөлігінің аймағы 17850 гектар. Аталған екі тау аралығында орналасқан, аты әлемге әйгілі «Әнші құмда» қорықтың осы бөлігінде.

Қорық жерінде табиғаттың барлық белдеулері анық байқалады. Мұнда аптап ыстығы бар шөл даланы да, тынық орманды белдеуді де және мәңгілік мұз болған тундраны да кездестіруге болады. Осыған байланысты қорық жеріндегі өсетін өсімдіктер мен мекендейтін хайуанаттар дүниесі түр жағынан бай келеді. Мәселен, қорық аймағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтың хайуанаттар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 басы, 30 қабан, мыңға жуық арқар, 60 марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді. Қоры тым аз болғандықтан сиреп кеткен аң мен құс түрлері де аз емес. Алматы қорығында халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабында» жойылып кету қаупі бар аң ретінде тіркелген барыс, қарақұйрық мекендейді. ТМД және республикалық «Қызыл кітапқа» тіркелгендерден – ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, сақалта, бүркіт сияқты хайуанаттар қорық жерін қоныстады.

Наурызым қорығы. Наурызым мемлекеттік қорығы 1959 жылы ұйымдастырылды. Бұл қорық ұйымдастырылғаннан бергі уақыт ішіндегі талай-талай өзгерістерге де ұшырады. Алпысыншы жылдарға дейін қорық бірнеше рет жабылып, артынша қайта ашылып отырған кездер де болды. Тек 1966 жылдың 18 қыркүйегінен бастап ол мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы республикалық экология және табиғат ресурстары министрлігінің қарауына енеді. Арада өткен талай өзгерістер қорық жерінде із қалдырмай кеткен жоқ. Мұнда шаруашылық жұмыстары кең етек алумен қатар, қарағайлы орман алқаптарының едәуір жерін өрт те шарпыды. Дегенмен, соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан жұмыстар бұл аймақта режимнің сақталатындығын байқатады.

Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Соның 17662 гектары немесе 19,5 пайызы орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Олар – Терсек, Сыпсың және Наурызым реликтілі қарағай орман алқаптары. Сонымен қатар, Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Аталған көлдер, әсіресе, көктем мен күз айларында нағыз құс базарына айналады. Мұнда солтүстікте тіршілік ететін құстар жылы жаққа барар және қайтар жолда дем алуға отырады. Селеу өскен жазық далалар мен ормандар арасында аң мен құстардың көптеген түрлері кездеседі. Жалпы қорық аймағында құстар 200-ден астам, сүт қоректілердің 30, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді. Ал өзен-көлдерде балықтың 10-ға тарта жуық түрі тіршілік етеді.

 Жүргізіліп отырған  ғылыми жұмыстардың дені реликті  қарағай ормандары, өсімдіктер дүниесі  мен тұзды көлдерде мекендейтін қанаттылар экологиясын зерттеуге бағытталған. Қорықта жан-жақты жабдықталған табиғат музейі де жұмыс істейді. Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандарының аймағына жатқан Наурызым мемлекеттік қорығы табиғаттың қайталанбас бір бұрышының көркін бұзбай сақтап қалу тұрғысында өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып келеді десе де болғандай.

Қорғалжын қорығы. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтитын Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған еді. Алайда үш жылдан кейін ол орман аңшылық шаруашылығына айналдырылды да, кейіннен қайтадан қорық болып құрылды. Бастапқыда 15 мың гектардай жерді алып жатқан болса, қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының аймағы 235661 гектарға тең. Оның көп бөлігін көлдер алып жатыр. Мұнда көктем мен күз айларында көл беті қанаттылардан көрінбей кетеді. Себебі, алыс сапар шегіп бара жатқан құстар тынығу үшін бұл көлдерде біраз қонақтайды. Жылдың қай мезгілі болмасын, қоры аймағы қанаттылардың құтты қонысы.  Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгіленген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерванттар қатарына жатқыылған. Қорық аймағында құстардың 225 түрін, сүт қоректілердің 30 түрін, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың оншақты түрін кездестіруге болады. Олардың барлығы да қамқорлыққа алынған. Әсіресе, дүние жүзі бойынша сиреп кеткен қоқиқазды қорғап, қорын молайтуда қорықтың алтын орны ерекше. Колония құрып тіршілік ететін қоқиқаздар қорық жеріне ұя салып жұмыртқа басады. Ұяларын балшықтан соғып, оны жерден биіктеу етіп салады. Соңғы жылдары көл суы деңгейінің төмендеуіне байланысты қоқиқаздар колониясының саны азайып барады. Мәселен, қорық алғаш ұйымдастырылған жылдары қоқиқаз сны 50 мың шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға жетер жетпес. Сыйдиған ұзын сирағы мен имекиеу тұмсығы болмаса, қоқиқаз бір көргенде алыстан аздап аққуға ұқсайды. Тек оның басты өзгешелігі қоқиқаз қанатының қызғылт түсті болуы. Сол себепті бұл қанаттыны кейде қызылқанат немесе қызылқаз деп атайды.

Қоқиқаздан басқа қорық жерінде өте сирек кездесетін аққу, бұйра бірқазан, қызыл жемсаулы қарашақаз, аққұтан, дуадақ, безгелдек сияқты құстар тіршілік етеді. Жүргізіліп келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарында басты назар көл суларында мекендейтін қанаттыларға аударылады. Көл суы деңгейінің төмендеуінің табиғатқа тигізер әсері де ұдайы ескеріліп отырады. Келешекте көлдер деңгейін қалпына келтіру үшін Ертіс-Қарағанды каналынан қорыққа су бұрудың мәні зор.

Марқакөл қорығы. 1976 жылы 4 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Осы екі қыратпен көмкеріліп, айдыны күн бетіне шағылысқан Алтайдың ару көлі – Марқа адам қамқорлығына алынды. Бұл тұщы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Оның жалпы аумағы 544 километр, ұзындығы 38, көлденеңі 19 километрге дейін жетеді. Ең терең жері 25 метрге жуық. Көлге тұс-тұстан 27 өзен мен бұлақ келіп құяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.

Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағы-71369 гектар. Шалқып жатқан Марқа жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Ақ қайың тал, көктерек, үйеңкі, долана, мойыл көздің жауын алады. Тауға таяу және оның баурайында көкке тік шаншылған балқарағай бой түзеді. Жайқалып өскен шөптесін өсімдіктер дүниесі де өте бай. Көлде балықтың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар «қызыл қашаған» деп атап кеткен майқан немесе қаяз балығы, хариус, талма, теңге балық ойнақ салады. Қорықтың хайуанаттар дүниесі сан алуан. Мысалы, мұндағы көл айдыны мен оның жағалауындағы тоғайларда сүт қоректілердің 40, құстардың 200-ден аса түрі мекендейді. Биологиялық өнімділігі жағынан біздегі тау көлдерінің бірде-бір Марқакөлге тең келмейді. Өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесінің ерекшелігімен қатар ол жергілікті ауа райын реттеп отырады. Таяуда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы өзінің алғашқы қадамын жасауда. Кенді Алтай өлкесінің көркіне көз тоймас осынау көрікті бұрышын сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған Марқакөл мемлекеттік қорығының келешегінен мол үміт күтуге болады.

Барсакелмес қорығы. Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралдар орналасқан. Аралдың жалпы көлемі шамамен 200-250 км. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған, ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Десе де, соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер кеуіп, олардың орнына үлкен көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бұрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдік сиреп барады. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Алғашқыда бұл қорық ақбөкенді қорғау үшін құрылған еді. Өйткені, мұнда бұл аңды жерсіндіргенге дейін оның бар болғаны 4-5 ешкісі ғана бар болатын. Одан кейін бұл жерге ақбөкеннің 6 текесі мен ешкісі жіберілді. Олар оңай жерсініп, жылдан-жылға сандары көбейе берді. Республикамызда қоры азайып кеткен қарақұйрық сияқты бағалы аңдарды көбейту үшін оны осы аралға 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті. 1953-1964 жылдар аралығында 19 құлан Түркменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Мамандардың алдында олардың саны өскендіктен Қазақстанның басқа шөлді аумақтарына Маңғыстау және Алматы облыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алынды. Барсакелмес қорығы аса бағалы хайуанаттар: құлан, ақбөкен, қарақұйрықтарды қорғап, олардың санын көбейтудегі мақсатын орындап шықты. Қанаттылардан қорықта – қарабауыр, бұлдырық, итала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғайлар мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан жұмырбас және жүгіргіш кесірткелерді, ысылдағыш геккондарды, қылқантұмсық жыланды ұшырастыруға болады. Көп жылдар бойы қорықта тұяқты жануарларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жиналған материалдар бойынша 1000-ден астам ғылыми еңбек жарық көрді.

Үстірт қорығы. Қорық 1984 жылы Батыс Қазақстан Маңғыстау аймағындағы Ералиев ауданында құрылған еді. Қорықтың жалпы көлемі 223,3 мың гектар. Орталықтағы қорықтан 200 шақырым жердегі Жаңа Өзен қаласы. Қорықтың алып жатқан жері Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы тегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Суға тапшы келеді. Жер үсті сулары жоқ. Құрылуының негізгі мақсаты – шөл белдемдеріндегі ерекше табиғи ланшафттарды, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген түз тағлыларының 12 түрі кездеседі. Әсіресе, халықаралық деңгейде қорғауға алынған қарақұйрық, үстірт қойы (муфлон), қабылан, қарақалдардың тіршілік етуі ерекше орын алады. Сол сияқты қорық аймағында құлақты кірпі, құм тышқандары, қосаяқтар, кесірткелер мен жыландардың да көптеген түрі сақталған. Аталған хайуанаттардың біразы қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатқаны өкінішті-ақ. Ғалымдардың зерттеулері бойынша Үстірт қорығы өзінің жер қыртысының ерекшелігімен қатар көне дәуір ескерткіштеріне аса бай. Үстірт жазығындағы кенеттен кездесетін тақтайдай жазықтар, известі топырақтан тұратын әр түрлі түсті керіштер кәдімгі ертегідей түрлі мүсіндерді елестетіп, ерекше әсер қалдырады. Кейбір үстірттер 200-250метр биіктікке көтеріліп алып платолар түзеді. Оның формалары, рельефі, түстері бейне бір табиғат сұлулықтармен үйлесімділік тауып, қолдан жасалған ғимараттардай көрініс береді. Көне дәуірде Үстірт теңіздің түбі болғандығының айғағы ретінде мұнда теңіз хайуанаттарының тіс, сүйек, қабыршақ, т.б. қалдықтарын жиі ұшыратуға болады.

Қорықтың өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа бейімделген қара сексеуілді ормандар, изен-жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, баялыш, эфемерлер өседі. Ал тоқтау суларда, бұлақтар төңірегінде қамыс, қоға жайқалып тұрады.

Қорықта жиі ұшырасатын құмды алқаптардың табиғаты ерекше келеді. Онда өсімдіктерден еркек шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жыңғыл, қара сексеуіл кездеседі.

Қазіргі кезде Үстірт қорығында үстірт қойының, қарақұйрық, үнді жайрасы, қарақал, қабыландардың табиғаттағы саны өсіп, әрі тұрақтанып келеді. Бірақта, соңғы жылы қорықта аталған хайуанаттардың саны азаюы байқалған. Мәселен, 1960 жылдары Үстірттегі қарақұйрықтың саны 100 мың басқа жетсе, ал 2000 жылдары күрт азайып, жүздеген бас қалды деп саналады. Оның негізгі себептері: олардың табиғи тіршілік ортасының бұзылуы, таралуы және броконьерлік жағдайлар. Ал, үстірт қойлары 1960 жылдары 1300-1500 бас деп есепке алынса, қазір бірнеше үйірлері ғана қалған. Кезінде Үстірт жазығында құланда кездесетіндігі тарихта белгілі.

Информация о работе Атырау облысының сирек кездесетін жануарлары, оларды қорғау