Токсинді заттардың нормативтері жайлы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 10:31, реферат

Краткое описание

1.Нормативтік және нормативтік емес көрсеткіштер
2.Негізгі конвенциялар мен қаттамалар
3.Табиғат нормативтері мен ережелері бекітілген негізгі заңдар (нормалар, ережелер, нұсқаулар, шешімдер, белгіленген тәртіптер, мемлекеттік стандарттар)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 40.44 Кб (Скачать документ)

Үстіңгі су қоймаларында және жер асты суларында негізгі мөлшерлейтін көрсеткіш, колииндекс және 1см3 сапрофиттік бактериялардың саны. Үстіңгі су қоймаларында, тазарту құрылғыларының толық емес кешені бар, немесе жоқ болған жағдайда колииндекс 5000 нан және  аспауы керек, және тазарту құрылғыларының толық кешені бар су қоймаларында 1000. Зарарсыздандырудан өтетін жер асты суларында колииндекс 10 нан аспауы керек,  зарарсыздандырылмайтындарда 3. Шаруашылық ауыз су мақсаттары үшін пайдаланылмайтын рекреациялық мақсаттарда колииндекс 5000 нан аспауы керек. Сапрофитті бактерия саны 5*106 кл\мл аспауы керек.

Ішекті патогенді біржасушалылармен (лямблии, дизентериялық амебалар), гельминттармен (тениидтер, аскаридалар) және олардың жұмыртқаларымен көрсетілген  паразиттердің ауызсуда және су көздерінің суында болуы рұқсат етілмейді. Актиномицеттерге бірреттік кездесу рұқсат етіледі.

Ауаның, қалыпты жағдайда, бактериалды және вирусты патогенді  инфекциялардың таралуында маңызы жоқ. Аэрогенді инфекциялардың таралуында маңызды рольды жабық бөлмелердің, әсіресе ауруханалардың ауасы атқарады. Жабық бөлмелердің ауасының микробтық  ластану нормативтері тек қана операция бөлмесі және перинаталды үйлер  үшін орнатылған.

Топырақтың белсенді микробтық  ластануы егін суаруда шаруашылық-тұрмыстық  ағынды суларын пайдаланумен байланысты. Топырақта келесі көрсеткіштер бойынша  патогенді микроорганизмдер мен  паразиттер болады: термофильды бактериялардың титры; колититр (топырақтың ең аз салмағы, онда бір ішек таяқшасы бар); клостридиум  бактериясыныңтитры; патогенді микроорганизмдердің  титры; гельминттердің жұмыртқалары және құрттары; синантропты масалардың жұмыртқалары және құрттары.

Топырақтың санитарлық жағдайын бірнеше көрсеткіштер бойынша бағалайды, соның ішінде санитарлы мөлшер бойынша, яғни, ақуыздық азоттың жалпы органикалыққа  қатынасы.

Әр түрлі микроорганизмдердің (актиномицеттер, бактериялар және т.б.) микробиологиялық синтезінің үрдісін  пайдалану патогенсіз микроорга-низмдер-продуценттермен  және  олардың өнімдерімен биологиялық ластанудың сапалы жаңа түрін пайда болуына әкелді, олар микробиологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарындары жұмысшыларының және осы кәсіпорындардың қасында тұратын халықтың денсаулығына ауаның және өндірістік бөлмелердің ауасының, судың, топырақтың ластануы кері әсер әкелу мүмкін.

ШРК шамасы, үнемі шекті (иммунотоксикалық, дисбиотикалық, ішкі мүшелерде микроорганизмдердің  диссеминациясы) лимитті әсерден  шыға отырып орнатылады. Шекті шоғырды  орнату негізінде, химиялық заттарды мөлшерлегенде  де, тәуелділікті талдау мөлшер – уақыт  – нәтиже жатыр. Микроорганизмдер-продуценттердің  максималды ШРК шамасы жұмыс аумағының  ауасында 50 000 млн кл\м3 шектеледі; атмосфералық ауада 5000 млн кл\м3.

Ауадағы ластайтын  заттарды мөлшерлеу

МСТ сәйкес ауаның ластануы деп, оның құрамының, қосындылардың  болуына қарай, өзгеруін айтады. Қосынды  деп (сол МСТ бойынша), ауа таралған, оның қалыпты құрамында болмайтын  затты айтады. Ауа сапасының өлшемі ретінде орнатылған – ауадағы қосылыстардың максмималды шоғыры, анық орталанған уақытта белгіленген, ол адамның бүкіл өмірі мерзімінде немесе мерзімдік әсер кезінде оған зиянды әсер тигізбейді.

Ауа қабатын санитарлы бағалау үшін үш түрін қолданады: ауаға – ортатәуліктік және максималды бірреттік оларды өзара байқауларды орташалау мерзімі бойынша айырады; жұмыс аумағы үшін -  жұмыс аумағының

Максималды бірреттік  (байқауды орташалау уақыты 20…30 мин) ластайтын заттардың қысқауақыттылық жоғарылауымен байланысты рефлекторлық  реакцияларды (мысалы, иісті сезу, жөтел, түшкіру, жас шығу, тамақтың қышуы, көздің ашуы және т.б.) ескертуге бағытталған.

Ортатәуліктік жалпытоксикалық немесе арнайы әсер тудыратын ауа ластаушыларының үнемі әсерін болдыртпауға арналған.

Максималды бірреттік  және орташаауысымдық ШРК бар. Біріншіні  өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылатын химиялық заттардың  барлығы үшін орнатады. Орташаауысымдық кумулятивтік қасиеттерге (яғни, ағзада жиналуға қабілетті және үнему улануды тудыратын) ие болатын, химиялық заттарға арналған максималды бірреттікпен бірге әзірлейді.

Зиянды әсер ерекшеліктеріне байланысты, теріге және көзге тамғанда, аллергия тудыратын, канцерогенді, бағытталған және фиброгенді әсер кезінде заттың қауіптілігі туралы белгілер енгізеді.

ШРК заттың қауіптілік сыныбына байланысты, ол ӨД50 орташаөлімдік мөлшерінен, ішке, теріге түскенде, ауаны жұтқанда және басқа да көрсеткіштер бойынша анықталады. 

Токсинді ластайтын  заттар

Ластайтын зат

 

мг\м3

 

мг\м3

Қауіптілік сыныбы

Бенз(а)пирен

0,000001

-

1

Сынап

0,0003

-

1

Қорғасын

0,0003

-

1

Хром оксиді

0,0015

0,0015

1

Азот диоксиді

0,04

0,85

2

Кадмий оксиді

0,001

-

2

Марганец оксиді

0,001

0,01

2

Мырыш

0,002

-

2

Метилмеркаптан

-

9*10-6

2

Мышьяк

0,003

0,003

2

Никель

0,001

-

2

Күкіртсутек

-

0,008

2

Күкірткөміртек

0,005

0,03

2

Фенол

0,003

0,01

2

Формальдегид

0,003

0,035

2

Фторлы сутегі

0,005

0,02

2

Хлорлы сутегі

0,2

0,2

2

Күкірт диоксиді

0,05

0,5

3

Азот оксиді

0,06

0,4

3

Шаң

0,15

0,5

3

Цинк

0,05

-

3

Аммиак

0,04

0,2

4

Көміртегі оксиді

3,0

5,0

4


 

 

Тәжірибелі байқаулардың нәтижелері негізінде максималды әрекетсіз  зат шоғырының орташалаудың (орташа жылдық және максималды орташа айлық, орташа тәуліктік және бірреттік) әр дәрежесі арасында келесі мысалдық қатынас  орнатылған: 1: 1,5 : 4 : 10.

Ластанған ауа жағдайында тірі ағзаларға бір уақытта ауадағы  барлық токсинді қосылыстар әсер етеді. Сонда, олардың бірлескен әсері, жеке әр токсиканттың кері әсерін көбейту  мүмкін.

 

Экологиялық сараптама дегеніміз  шаруашылық және өзге де қызметтің  қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметінің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс әсерлерінің және оларға байланысты зардаптардың алдын  алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің  анықтамасы .       

Экологиялық сараптама өз алдына жеке экологиялық бақылаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі  басты айырмашылығы бұл алдын  ала сақтындыру ретінде қолданылады, яғни экологиялық зиянды қызмет жүргізілгенге  дейін жүзеге асырылады. Мұндағы  алдын ала сақтандыру – шаруашылық қызмет нәтижесінің қоршаған ортаны қорғау талатарына сәйкестігін алдын  ала тексерумен көрініс табады.

Экологиялық сараптаманың атқаратын  бірнеше қызметтері бар:

-  біріншіден табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік басқаруда көмегін тигізеді.

-  екіншіден,  экологиялық сараптама қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, экологиялық талаптардың сақталуына және де керекті табиғатты қорғау шараларын жүргізудің белгілі бір механизмі ретінде қарастырылады.

-  үшіншіден, экологиялық сараптама мемлекет пен азаматтардың экологиялық мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етеді.

Заңда белгіленген экологиялық  сараптаманың түсінігі оның алдына қойған негізгі өзіндік арнайы мақсаттарын  айқындайды. Бұл мақсаттарға мыналар  жатады: жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс  зардаптарын болдырмау; жоспарланып  отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатыларда, сондай-ақ оларды салу және іске асыру процессінде  олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау; өңдіргіщ күштерді орналастыру мен дамыту салдарынан экологиялық жай күйдің болжамдалып  отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету.

Экологиялық сараптаманың міндеттері мыналар: ықтимал, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектілерде атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып  отырған басқарушылық, шаруашылық инвести-циялық және өзге де қызметтің әсер етуін  анықтау жоспарланып отырған  басқарушылық, шаруашылық инвестициялық  және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтық денсаулығына әсерін жан-жақты, ғылыми негізделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңдарын-дағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген стандарттар мен ережелердегі экологиялық  талаптардың сараптама жасалып отырған құжаттамаларда сақталуын тексеру; экологиялық  сарптама қортындыларын әзірлеу, оларды  сарптама объектісін іске асыру толы шешім қабылдайтын  ұйымдарға беру және мүдделі органдармен халыққа қажетті ақпарат беру болып табылады.

Сонымен экологиялық сарапаманың  міндеттері оның мақсатына жету мен  қатар, экологиялық сараптаманы  жүргізуші органдардың да қызметін жүзеге асыруға көмегін тигізеді.     

2 Экологиялық сараптаманың  қағидалары. Экологиялық сараптама институт ретінде және қызмет түрі ретінде өзінің арнайы және жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Негізінен қағидалар құқықтық жүйеде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін басшылыққа алынатын ережелер болып табылады. Экологиялық сараптаманың жалпы қағидалары қорғаушы сипатта болады.

Сонымен экологиялық сараптаманың қағидасы - қазіргі заңда бекітілген, құқықтық нормалардың маңызын көрсететін және де экологиялық сараптаманы  жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үшін бағытталған алғы ережелер.

1)                             мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі

2)                             министрлердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқару органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс қимылы;

3)                             экологиялық сараптама тұжырымдарының объектілігі мен ғылыми негізділігі;

4)                             сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкілеттігін жүзеге тасырған кезде тәуелсіз болуы;

5)                             жариялылық;

6)                             экологиялық сараптаманың кешенділігі мен алуан түрлі болуы;

7)                             экологиялық және медициналық биологияның мүдделерінің басымдылығы.

Мемлекеттік экологиялық  сараптама міндеттілік қағида-қоршаған ортаны қорғаудың, шаруашылық шешімді  қабылдауға бастама болуы мен  қаржыландырылуы мемлекеттік экологиялық  сараптама қорытындысы оң болған жағдайда ғана міндетті шара болып  табылады.

Бұл қағида мемлекеттік экологиялық  сараптаманың жүргізілуі алдында сарапталатын объектілерінің қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкестігін есепке алу және оған қызметін босату үшін экологиялық сараптама шешімінің  қаулысы берілмей мемлекеттік экологиялық  сараптама міндетілігі туралы хабарландырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама  шешімінің дұрыс болуы іске асырылатын объектінің қаржыландырылуының шарттарының  бірі бола алады, сонымен бірге сараптама  шешімінің дұрыс болмау қаржыландырылмайтын  объект екенін көрсетеді. Бұл қағида халықаралық құқықтық қызметке де қатысты, яғни халықаралық келісім бойынша  мемлекеттік экологиялық сараптама  талаптарының міндеттілігін орындамау - келісімнің орындала алмауына негіз  бола алады.  Экологиялық сараптаманың міндеттілігі қоршаған ортаға зиянды әсер ете алатын жобалар мен бағдарламаларға қатысты болады.

Міндеттілік қағидасы бойынша  біріншіден экологиялық сараптаманы  заң талап еткен жағдайда жүргізіледі. Экологиялық сараптама қоршаған ортаға өзінің зиянды және де теріс  әсерін тигізетін объектілерге қатысты  жүргізіледі.  Екіншіден міндетті экологиялық сараптаманың қорытындысы, оның міндетті орындалуына да әкеп соғады.  Сонымен міндетті экологиялық сараптама 2 мағынада қарастырылады; міндетті жүргізілу мен талаптардың міндетті түрде орындалуымен. Министрлердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс-қимылы қағидасы экологиялық мүдделердің барлық мемлекеттік органдардың міндеті екендігін көрсетеді.

Елімізде  табиғаттың жекелеген объектілерін қорғайтын арнайы органдардан басқа, барлық нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде табиғаты қорғау заңдарының сақталуын қадағалайтын органдар бар .

Экологиялық сараптама туралы заңға сәйкес қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экологиялық  сараптаманы жүргізуге қолайлы, басқа министрліктерден, мемлекеттік  комитеттермен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардан, заңды  тұлғалардан керекті анықтамалар  мен құжаттар алуға, сондай-ақ мемлекеттік  экономикалық сараптаманың орындалуына  бақылау жасайтын орталық атқарушы орган болып табылады. Бұдан басқа  орталық атқарушы орган жоспарлау  алдыңдағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде  табиғат қорғау нормалары мен  ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде министрліктердің ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады.

Экологиялық мүддені қорғау барлық мемлекеттік органдармен  жүзеге асуы тиіс, табиғатты қорғау барлық министрліктермен ведомстволардың  міндеті болып табылады. Сондай-ақ орталық атқарушы орган консультациялар, бірлескен экологиялық сараптамалар жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар алмасу, ол осындай жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту мақсатында белгіленген  тәртіппен басқа мемлекеттерді  экологиялық сараптама органдары  мен өзара іс қимыл жасайды. Экологиялық  сараптама тұжырымдарының объективтілігімен ғылыми негізділігі қағидасы - бұл мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау ғылыми зерттеу процесі екені және оның бүгінгі күнгі ғылыми техникалық жетістіктерді, жаңа әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, экологиялық сараптаманың қортындылары мен шешімдері объективті сипатта және экологиялық мүдделерді қорғаушы, сонымен қатар ғылыми деректерге негізделген, қорытындылары ғылыми тұрғыда дәлелденген болып, білікті сарапшы мамандардың жасауы тиіс.  Сараптаманың міндеттерін қарастыратын болса, сарапшы экологиялық сараптаманың объективті, сараптаманы нормалар мен ережелер және стандарттарға сүйене отырып, экологиялық сараптаманың қорытындысын қажетті айғақтармен дайындауы қажет.  Сонымен қатар зерттеу нәтижелерінде тек жіберілген қателіктер нақтылап қоймай, ол қажеттіліктердің  зардаптары көрсетіліп, шешім қабылдайтын органдарға және жеке тұлғаларға ұсыныстар мен кемшіліктерді жою үшін не істеу керек қажеттігі көрсетіледі.  Бұл қағида қоршаған орта мен адам денсаулығын және өмірін қорғай отырып, экологиялық мүдделердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Өйткені объективтік пен ғылыми негізділік экологиялық зиянды әрекеттерден қорғану кепілдігі мен адамның салауатты өмірі мен бақытты тіршілігіне құқықтылығын қамтамасыз етеді. Сараптама органдары мен сараптамалардың өз өкілеттігін жасауда тәуелсіз болу қағидасы - мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиімді болуының негізгі шарттарының бірі экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы органдардың және сарапшының қызметі мен оның қаржы жағынан тәуелсіз болуында.  Бұл экологиялық комиссия мен оның мүшелерінің өз ойларын еркін айтуға, фактілерді ғылыми негіздегі әдістермен белгілі құқықтық дәрежеде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізуде сарапшы органдардың меңгерушілеріне ҚР заңдары мен басқа да норма құқық актілері олардың еркіндігі мен қызметіне мемлекеттік органдармен лауазымды кісілердің араласуына тиым салынған мемлекеттік экологиялық сарапшының құқықтарына немесе басқа да материалдық зиян келтіретіндей жағдайға себепші болғандарға Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жаза қолданылады. Сарапшы органдардың тәуелсіздігіне өз қызметтерінің атқарылуы кезінде заң жағынан кепілдік беріледі, бірақ экологиялық сараптама және оның органдары мен құрылымдары табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрамында болып, ол министрліктің ішкі тәртіп ережелеріне қарай оның қарамағындағы меншік иесі бола отырып, қызметін атқарады. Демек табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғи ресурстарының сол меншікке экологиялық норманы да өзі жүргізуші болып табылады. Яғни, бұл министрлік өзінің меншігіндегі қызметкерлерді тексереді және өздеріне экологиялық сараптама жүргізеді.

Информация о работе Токсинді заттардың нормативтері жайлы мәліметтер