Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік ұғымы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 19:09, доклад

Краткое описание

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі – соңғы жылдары барлық адамзатты мазалайтын шиеленіскен ғаламдық мәселелердің біріне айналды. Қазақстан аймақтарының көбінің экологиялық жағдайы қолайсыз емес, апатты. Қазақстан Республикасы аумағының 630 мың шаршы метрі экологиялық нашар аумаққа жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экол доклад.docx

— 17.07 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік ұғымы мен мәні

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі – соңғы жылдары барлық адамзатты мазалайтын шиеленіскен ғаламдық мәселелердің біріне айналды. Қазақстан аймақтарының көбінің экологиялық жағдайы қолайсыз емес, апатты. Қазақстан Республикасы аумағының 630 мың шаршы метрі экологиялық нашар аумаққа жатады. Қазақстан Республикасының президенті – Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына жолдауында ҚР Президенті Қазақстан Халдының алдына жаңа тапсырма қойды « Астанадағы ЕХРО-2017 атты әлемдік көрмесіне дайындықты болашақ энергиясы мен жасыл экономиканы іздейтін және құрайтын ең жақсы әлемдік тәжірибе зерттеу мен енгізудің орталығын ашу үшін қолдануымыз керек. Назарбаев университетінің мамандар тобы осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті экологиялық таза жанармай түріне ауыстыруға жағдай жасауға, электромобиль енгізіп, олар үшін сәйкес инфраструктура құруымыз керек. Еліміз бензиннің, дизельдік жанармайдың, авиациялық керосинның үлкен көлемді өндірісін қажет етеді. Мұнай өңдеу зауытын құру керек». 1

Қзақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар тек қана баламалы энергетиканы енгізумен ғана байланысты емес. Басқа да мәселелер көп. Мұнай-газ саласы дамуы, өндірістің тарихи қалыптасқан тау-кен өндіру бөлңмдерінің басымдылығы, экологиялық нормалардың өрескел бұзушылықтары, инвестициялық жобалардың экономикалық бағыттамасы және тағы басқалар ауыр экологиялық зардаптарға әкелді. Мысалы, Каспийдің ластануы, орман деградациясы, топырақ эрозиясы, Арал теңізінің тартылуы, сирек кездесетін жануарлардың жойылып кетуі. Сондықтан қазіргі таңда экономикалық мүдде адамзаттың экологиялық қауіпсіздігіннен басымдылық көрсеткендіктен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары өзекті болып табылады.

Мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы қоршаған ортаны қорғауды «мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» атты конституциялық принцип ретінде жариялады. 2

Заманауи уақытта Қазақстан Республикасы өз дамуының маңызды кезеңінде – «жасыл экономикаға» көшу кезеңі мен «Болашақ энергиясы» атты «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық алдында және «Жасыл көпір» атты Орталық Азиялық елдер дамуына септесетін серіктестік бағдарламасының іске асу кезеңі.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының экологиялық саясатының негізгі кілт түсінігі болып табылатын «экологиялық қауіпсіздік» ұғымын әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Заңнамалық деңгейдегі экологиялық қауіпсіздік ұғымы алғаш рет Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» 1998 жылдың 26 маусымдағы Заңында көрсетілген.3      

« Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» 2012 жылдың 6 қаңтарда шыққан және бұрыңғы заңның күшін жойған ҚР заңында келесі ұғым бекітілген: Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз - қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.4

Ғалымдардың экологиялық қауіпсіздік ұғымы үшін бірнеше амалы бар.

К.К.Косдавлетовтың ойы бойынша «экологиялық қауіпсіздік – тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қоршаған ортаға әсер ететін залал әсер салдарынан қорғандылық жағдайы.»5

Д.К.Нурпеисов көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздік дегеніміз тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік және өзге де әсерінен туатын қауіптен қорғаныс жағдайы.

Осы авторлардың ойы бойынша, экологиялық қауіпсіздік ұғымында  тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік және өзге де әсерінен туатын қауіптен қорғаныс жағдайы болып табылады.

Бекішовамен негіздеген басқа да пікір бар. Ол тек өмірлік маңызды мүдделері мен қоршаған ортаға табиғи және антропогендік туындайтын қауіп-қатерден жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын қорғау шарты ретінде экологиялық қауіпсіздік түсіну, орнықты дамуға көшу іздеу ауқымын тарылтады деп санайды. Өзін өзі ретке келтіру қабілеті бар және осы қабілеті сақталатын жағдайын біз табиғи жүйедегі экологиялық тұрақтылығы. Осылайша, экологиялық қауіпсіздік  экологиялық тұрақтылық пен тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік және өзге де әсерінен туатын қауіптен қорғаныс жағдайы. Біздің ойымызша, Эологиялық қауіпсіздіктің осындай анықтамасы дұрыс болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздіктің объектісі болып қоршаған табиғи ортаның сапасы (экологиялық тұрақтылық),жеке, заңды тұлға мен мемлекеттің экологиялық құқығы және заңды мүдделері болып табылады. Экологиялыққауіпсіздікті қамтамасыз етудің негезгі субектісі – ұлттық заң шығарушы, атқарушы және сот органдары арқылы міндеттерін жүзеге асыратын мемлекет болып табылады. Тағы да экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің субъектілері – жеке және заңды тұлғалар, сонымен бірге  ағымдағы заңнамаға сәйкес экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге құқықтары мен міндеттері бар азаматтар, мекемелер мен ұйымдар болып табылады. 8

Экологиялыққ қауіпсіздіктің мәні – адамның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын, ластанған қоршаған ортадан сырқаттану және өлу қаупі жоқ қоршаған табиғи ортаның осындай сапасын сақтауда болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылдың 30 тамызы.// Юрист анықтамалық ақпараттық құрал.
  2. ҚазақстанРеспубликасының Экологиялық Кодексі 2007 жылдың 7 қаңтары//Қазақстан Республикасының Парламент Жаршысы -2007 № 1
  3. Қазақстан Республикасының №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 199 жылдың 26 маусымдағы Заңы (күшін жойған)// Юрист анықтамалық ақпараттық құрал
  4. ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі турлы» 2012 жылдың 6 қаңтардағы Заңы. .// Юрист анықтамалық ақпараттық құрал
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар //http://www.akorda.kz/kz
  6. Бекишева С.Д. Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері: Автореф. дисс. Докт.юрид.наук. – Алматы, 2010
  7. Косдавлетов К.К. ҚазақстанРеспубликасындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негізі: Автореф.канд.юрид.наук:12.00.06. – Алматы, 2000
  8. Нурпеисов Д. Ұлттық қауіпсіздік: құқықтық аспект.- Ғылыми-анықтамалық басылым.- Алматы, 2003

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік ұғымы мен мәні