Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:25, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан реттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары).

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой БД.docx

— 93.76 Кб (Скачать документ)
 

01.12.2009

01.12.2010

01.12.2011

Банктік емес заңды тұлғалардың  депозиттерi

4,2

3,2  

2,6

құрамында:

     

талап ету бойынша

0,7

1,6

1,3

Шартты

1,5

3,3

4,8

мерзiмдiк, барлығы

4,5

3,4

2,7

оның iшiнде мерзiмi:

     

1 айға дейін

3,6

1

1,7

1-ден 3 айға дейін

4,2

2

1,7

3 айдан 1 жылға дейін

5,3

2,8

2,5

1-ден 3 жылға дейін

-

-

-

1-ден 5 жылға дейін

6,8

9

5,3

3 жылдан аса

-

-

-

5 жылдан аса

7,5

8,5

10

       

Жеке тұлғалардың депозиттерi

7,2

6,3

                               6,4

құрамында:

     

талап ету бойынша

0

0

0

Шартты

8

5,9

7,4

мерзiмдiк, барлығы

10

8,8

8,4

оның iшiнде мерзiмi:

     

1 айға дейін

0,3

0,1

1

1-ден 3 айға дейін

7,6

5,8

6,5

3 айдан 1 жылға дейін

10,1

8,8

8,4

1-ден 3 жылға дейін

-

-

-

1-ден 5 жылға дейін

11,5

10,2

9,3

3 жылдан аса

-

-

-

5 жылдан аса

3,2

3,1

3,5


Дерек көзі: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері

 

Жоғарыдағы кестеде екінші деңгейдегі банктердің 2009, 2010, 2011 жылдардағы екінші деңгейлі банктердің тартылған депозиттеріне талдау жүргізілген. Айта кететін болсам, заңды және жеке тұлғалардың банкке салған депозиттері, олардың түрлері(мерзімді, шартты, талап етілетін ) бойынша жіктелініп көрсетілген.

Бұл жерден банктік емес заңды тұлғалардың депозиттерi жыл сайын төмендеп отырғанын көріп тұрмыз. Талап ету бойынша депозиттер 2009 жылы 0,7, 2010 жылы 1,6, 2011 жылы  1,3 пайызды құраған. Яғни, депозиттер жыл сайын өзгерісте болып тұрды. Біркелкі өсу немесе төмендеу жоқ. Шартты депозиттер бастапқы жылда төмен  болғанымен (1,5%), 2010, 2011  жылдарда сәйкесінше  3,3, 4,8%-ға  өскен . Мерзімді депозиттерге келетін болсақ,  бір айдан бастап бес жылға дейінгі көрсеткіштер кестеде берілген.

Ал, жеке тұлғалардың банкке салған депозиттері сәйкесінше 7,2, 6,3, 6,4 %-ды құрап тұр. Бұл жерде талап ету бойынша депозиттерге пайыздық ставка қойылмаған.  Мерзімді депозиттердің ең жоғарғы мөлшері 1-5 жыл аралығы, яғни 11,5 %-ға дейін құраған. [4] 

Депозиттік ұйымдағы депозиттер

Млн.теңге/кезеңнің соңында                    Кесте 2

 

          2009 

     2010 

2011 

Барлық депозиттер

6 573 863

7 334 340

8 386 537

ұлттық валютада:

3 699 522

4 776 648

      5 756 881

банктік емес заңды тұлғалардың

2 865 073

3 536 221

4 169 725

жеке тұлғалардың

834 449

1 240 427

1 587 156

Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде:

     

банктік емес заңды тұлғалардың

4 680 400

5 139 463

5 662 354

жеке тұлғалардың

1 893 463

2 194 877

2 724 184

Аудармалы депозиттер,

     

ұлттық валютада:

1 544 234

1 967 560

2 479 298

банктік емес заңды тұлғалардың

1 374 642

1 741 040

2 182 491

жеке тұлғалардың

169 592

226 520

296 807


Дерек көзі: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері

 

2-кестеге талдау жүргізіп  өтетін болсам, бұл кестеде 2009, 2010, 2011 жылдар бойынша депозиттік  ұйымдардың депозиттері берілген. Бұл жерде банктік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың банкке салған аудармалы және басқа да түрлері бойынша ақша сомасы талданған. Жалпы бұл кестеден көретініміз, депозиттік ұйымдарға салынып тұрған депозиттер жыл сайын өскендігін байқаймыз. Мысалы, 2009 жылдың желтоқсан айында 6 573 863 теңгені, 2010 жылдың желтоқсан айында 7 334 340 теңгені, 2011 жылдың желтоқсан айында 8 386 537теңгені құраған.

             Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы  депозиттерінің жалпы көлемі 2011 жылдың тамызында 8 260,2 млрд теңгеге дейін, яғни 2,9 пайызға төмендеді (ал жыл басынан бері 12,6% өсті). Заңды тұлғалардың депозиттері 5 744,8 млрд теңгеге дейін, 4,4 пайызға төмендеді, жеке тұлғалардікі – 2 515,4 млрд теңгеге дейін, яғни 0,7 пайызға өсті. 
              Халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді қоса алғанда) биыл тамызда 2 551,6 млрд теңгеге дейін, пайыздық шамада 0,6 % өсті (ал жыл басынан бері 13,4 %). Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1 497,8 млрд теңгеге дейін, яғни 0,7 пайызға өсті. Шетел валютасындағы депозиттер 1 053,7 млрд теңгеге, яки 0,4 пайызға ұлғайды. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 58,6-дан 58,7 пайызға өсті. [6]

Осы кестедегі мәліметтерді келесі диаграмма түрінде көруімізге болады:                                Диаграмма 1

 

     Бұл көрсеткіштерден байқайтынымыз, банктің тартылған қаражаттарының ішіндегі депозиттік операциялар қазіргі таңда жылдан жылға қарқынды дамыған, және банк ресурстарын қалыптастыруда маңызды орын алатындығын көруімізге болады. Яғни тұтынушылардың екінші деңгейлі банктердің қызметтеріне деген сенімділігінің артып келе жатқандығын байқаймыз.

 

2.2. Коммерциялық банктердің депозиттік емес операцияларына талдау

 

Банктің депозиттік емес ресуртары  банктің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау мақсатында тартылады. Оларға банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан  ресурстары, сондай-ақ, отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан  сатып алынған ресурстары жатады.

 

Банкаралық несие-бұл  коммерциялық банктердің бір-біріне беретін  несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

       Кесте 3

Банкаралық несиелер

Берілген несиелер

 

Ұлттық валютада

USD-да

EUR-да

 

Көлемі, млн.теңге

Орташа өлшемді сыйақы ставкасы (%)

Көлемі, млн.USD

Орташа өлшемді сыйақы ставкасы (%)

Көлемі, млн.EUR

Орташа өлшемді сыйақы ставкасы (%)

2009

1426,2

4,5

883

8,5

-

-

2010

266,8

5,38

0,8  

8,02  

-

-

2011

142,1  

5,32

1,6

5,75  

-

-


Дерек көзі: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері

 

3-кестеде банктердің депозиттік емес операциялары бойынша банкаралық несиелерге талдау жүргізілген. Бұл кестеде соңғы үш жылдағы (2012 жылды қоспағанда) коммерциялық банктердің алған  несиелері туралы жалпы мәлімет берілген.  Яғни ұлттық валютада, USD-да және EUR-да банкаралық несиенің көлемі мен орташа сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген. Бұл жерден көретініміз, үш жылда да EUR-да ешқандай пайыз мөлшерлемесімен несие берілмеген. Ал, ең көп көлемде несие 2009 жылы Ұлттық валютада алынған (1426,2). [4]

Жоғарыда келтірілген  кестеге диаграмма   Диаграмма 2

   


 

 

Банк статистикасының 2010 жылғы деректеріне сəйкес екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің біршама «тарылуы» атап өтілді. Мəселен, тұтастай алғанда 2010 жылы банк жүйесінің несие портфелі 6,0%-ға жуық немесе 572,9 млрд. Теңгеге қысқарып, абсолюттік мөлшерде 9 065,9 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар, егер баланстан есептен шығарылған кредиттерді есептемегенде біріктірілген несие портфелін қарастыратын болсақ, 2010 жылы несие портфелі 2,5% немесе 247,58 млрд. теңгеге өсті. Бұл ретте, егер несие портфелінің динамикасын «БТА Банк» АҚ қайта құрылымдау шеңберінде жүргізген кредиттердің бір бөлігін есептен шығаруды есептемегенде қарастыратын болсақ, онда 2010 жылы несие портфелі 4,3%

немесе 306,7 млрд. теңгеге  өсті. Банктер бойынша несие портфелінің  өсуіне айтарлықтай үлес «Сбербанк» АҚ ЕБ - 83,12%, «HSBC Қазақстан» АҚ ЕБ - 28,98%, «Еуразия банкі» АҚ - 20,68%, «Цеснабанк» АҚ - 15,04%, «KaspiБанк» АҚ - 15,0%, «Альянс Банк» АҚ жəне «ЦентрКредит Банкі» АҚ – тиісінше 8,03% жəне 7,6% байқалды.[6]

Қарқынды экономикалық өсу  жəне кредиттік экспансия кезеңдерінде жинақталған тəуекелдерді іске асыру бүкіл 2010 жыл бойы жалғасты, бұл, өз кезегінде қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің сапасында көрініс тапты. Мəселен, 2010 жылы ақы төлеу мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген кредиттер 113,0 млрд. Теңгеге өсіп, 2 153,3 млрд. теңге болды, бұл банктердің жиынтық несие портфелінің 23,7% құрайды.

Мəселен, егер өткен жылдар банктердің көбінесе кредиттік тəуекелді  толық емес материалдандыруына шығындарды тануға деген өте төмен ниетімен сипатталса, 2010 жыл бойы банктер несие портфелі төмен сапасының олардың қызметінің негізгі өлшемдеріне күшейген қысымы салдарынан шығындарды тануға мəжбүр болды. Бұл ретте, талдау көрсетіп отырғандай, қайта құрылымдау үдерісіндегі банктер басым түрде кредиттерді

баланстан тыс айтарлықтай  есептен шығарды. «БТА Банк» АҚ бойынша  ақы төлеу мерзімі 90 күннен астам кредиттер талданып отырған кезеңде айтарлықтай немесе 94,0 млрд. теңгеге баланстан есептен шығарылған кредиттердің бір мезгілде 10,5 есеге жуық едəуір ұлғаюы кезінде төмендеді, олар 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша абсолюттік көрсетуде 788,7 млрд. теңге немесе оның жиынтық несие портфелінен 48,0% құрады.

«БТАБанк» АҚ қатар баланстан  есептен шығарылған кредиттердің айтарлықтай  өсуі «АльянсБанк» АҚ, «Темірбанк» АҚ жəне «Нұрбанк» АҚ бойынша тіркелді. Соған қарамастан, мемлекеттің жалпы жүйелік тұрақтандыру шаралары банктік кредиттеудің ұлғаюына ықпал етуін жалғастыруда. Мəселен, ағымдағы жылдың басынан бастап екінші деңгейдегі банктердің жиынтық несие портфелі 61,3 млрд. теңгеге өсіп, 2011 жылғы 1 сəуірде 9 127,2 млрд. теңге болды. [5]

Сонымен қатар, банктер жеке тұлғаларға қарағанда корпоративтік  секторға кредиттер беруге (59,7 млрд. теңге) барынша белсенді екендігін атап өткен жөн. Экономика салаларын кредиттеу құрылымында көлік – 8,1%, құрылыс – 4,3%, жеке қызмет – 2,2%, сондай-ақ өнеркəсіп – 2,1% сияқты салалар бойынша айтарлықтай өсу тіркелді. Бұл ретте, экономика салаларын кредиттеу динамикасына қарай ең көп кредиттік тəуекел ауыл шаруашылығы (-7,4%) жəне өндірістік емес сала (-3,3%) сияқты салаларда

сақталуда.

Банкаралық несиенің мәнін  банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

                      Банкаралық депозиттер                Кесте 4

Салынған депозиттер

 

Ұлттық валютада

USD-да

EUR-да

 

Көлемі, млн.теңге

Орташа өлшемді сыйақы ставкасы (%)

Көлемі, млн.USD

Орташа өлшемді сыйақы ставкасы (%)

Көлемі, млн.USD

Орташа өлшемді сыйақы ставкасы (%)

2009

1706400,8

0,64

210292,7

0,18

14462,4

0,27

2010

1444757,0

0,58

17 606,4

0,28

1 115,1

0,46

2011

523 655,0

0,57

31 828,1

0,84

395,1

2,46


Дерек көзі: Ұлттық Банктің  статистикалық мәліметтері

 

Жоғарыдағы кестеде коммерциялық банктерде жалпы салынған депозиттерге талдау жүргізілген. Соңғы үш жылдағы (2012 жылды қоспағанда) мәліметтер алынды. Ұлттық валютада, USD-да, EUR-да депозиттер салынған. Ең жоғары мөлшерде  2009 жылы ұлттық валютада депозиттер салынды. Яғни бұл кестеден көретініміз, банкке салған депозиттер жыл сайын төмендеп келеді. 

Информация о работе Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен түрлері