Қазақстандағы депозит рыногының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
I. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 5
1.1. Депозиттердің жіктелуі 5
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 10
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 12
II. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 20
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні 20
2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты. 21
III. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 27
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 27
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

bank2_kurs_28.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

1994 жылдың соңынан  бастап банктер депозиттер түрлерін  диверсификациялады, бірнеше депозиттер  түрлері бойынша қосымша лотерея жүргізе бастады. Клиенттерге арналған құжаттардың кескіні өзгерді. Арнайы карточкалық шоттарға клиенттердің қаражаттарын тарту қызығушылық тудыратын бағыт болып отыр.

Сонымен қатар 1994 жылдың соңында инфляцияның едәуір төмендеуіне байланысты салымдар және депозиттер бойынша банктік проценттер нақты қатынаста оқиға оң үрдіс ала бастағанын атап өткен жөн. Бұл айғақ банктер жүйесіне қаражат салымдарын жұмылдыруды тартымды етті. Қазіргі уақытта банктер арасында әлеуетті клиенттер үшін проценттік күрес жүруде. Әрбір банк өздерінің мүмкіншіліктеріне байланысты жоғары проценттік ставкалар береді.

1994 жылдың соңында  банктердің пассивтерін талдау  банктердің жақын уақыттарда  міндеттемелер портфельдерін өзгертуін  жалғастыратынын және бұл жекелеген ресурстар рыноктарында банктік бәсекелестіктің ұлғаюына алып келетінін көрсетті.

1994 жылы халықтың ақша  табысы салымдарға қарағанда  1,2 есе алда болды, яғни халық  өз ақша қаражатын жоғары табысты  нысандарда сақтауды дұрыс көрді.  Халықтың ақшалай қаражатының қолма-қол емес нысанда сақталатын үлесі халықтың барлық ақшалай табысында 1993 жылдың 1 қаңтарындағы 17,3%-тен 1994 жылдың қаңтарында 7,1%-ке дейін және 1995 жылдың 1 қаңтарындағы 4,8%-ке дейін төмендеді.

Келтірілген деректерден  инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 108,9% - қаңтарда және 106,7% - ақпанда, ең азы 102,1% - тамызда және 102,4% - қыркүйекте байқалды. Бұл депозиттік рыноктағы біршама тұрақтанудың болғанын байқатып және ұзақ мерзімде банк қызметтерін енгізуге жағдай туғызғанын көрсетеді. Банктерге салымшылардың қаражаттарын ұзақтау кезеңге тартуға мүмкіндік беретін көптеген банктердің қандай-да бір жинақтаушы, жинақтық  және басқа да осындай жобаларды ұсына бастауы қисынға келеді. Осы уақыт ішінде банктердің депозиттік портфельдерінде талап етуге дейінгі салымдар және қысқа мерзімді депозиттер елеулі үлесті құрады. Пассивтер мен активтердің құрылымын бірқалыпты инфляция деңгейінде сәйкестендіру қажеттілігі депозиттік рынокта банктерді белсенді позиция ұстануға мәжбүр етеді.

1995 жыл депозиттық рыноктың тұрақталуы және кеңейе түсуі болды деп сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы банктер аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Банктер арасында әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауда айқын көрініс тапты.

Нақты проценттік ставкаларды  талдау коммерциялық банктердің жылдың көп бөлігінде едәуір дәрежеде қайта  қаржыландыру ставкасының деңгейін бағытқа алғандығын көрсетсе, бірақ  жыл соңына қарай біршама дербес проценттік ставкалар құра бастады. Бұл депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар құнының әртүрлілігімен расталады. Депозиторлардың қаражаттарын банкаралық рыноктағыға қарағанда төмендеу проценттік ставкалармен тартып банктер біздің пікірімізше ролі тұрақты ұлғайып отыратын жеткілікті түрде сыйымды және аса қымбат емес ресурстар рыногын құрады. Жақын арада банктердің міндеттемелер портфелінде заңды және жеке тұлғалардың жинақ ақшалары  (есепайырысу және ағымдағы есепшоттарымен қоса) басымдылыққа ие болады.

1996 жылғы депозиттік  рыноктың жағдайы. 

Қайта қаржыландыру ставкаларының  төмендеуі екінші деңгейдегі банктерде  теңгедегі депозиттері бойынша  проценттік ставкалардың төмендеуіне  алып келді. Проценттік ставкалардың төмендеуі  тоқсан ішінде бірқалыпты жүрді.

Бұл банктердің арасындағы бәсекелестіктің күшейгендігі жөніндегі  болжамды толығымен растайтынын  аңғартады. Банктер жоғары проценттік ставка деңгейіне төтеп бере отырып депозиттік рынокта әртүрлі салымшылардың  назарын аудару үшін қызметтерін  тұрақты диверсификациялап отырды. Бұл жөнінде «айырбас» депозитті енгізу айқын куә бола алады. Бірнеше банктер бір мезгілде жаңа жүз долларлық купюралардың пайда болуын депозиттерді тартудың ұлғайуымен байланыстыруға тырысып бақты.

Депозиттік рынокта  негізгі міндеті азаматтардың банк жүйесіне қаражаттарын салудың қауіпсіздігін арттыра түсу болып табылатын банктердегі азаматтар салымын бірлесе қорғау қорын құруға байланысты өзгерістер күтілуде болатын.

Банк үшін депозиттерді тарту кезінде экономикалық тұрғыдан қолайлы, яғни осы операцияны рентабельді ететін проценттік ставкаларды қою маңызды болып табылады.

1995 жылдың мамыр айынан  бастап 20%-ке теңескен резервтеу  нормасы жөнінде бірауыз сөз  айтып өтейік. 1996 жылы мұндай инфляция  деңгейінде (26-28%) 20%-ік резервтеу нормасы депозиттік рынокта (қайта қаржыландыру ставкасының деңгейінен төмен 25% сыйақыны ескере отырып) банктердің жұмыстарын едәуір дәрежеде қиындатар еді. Сондықтан Ұлттық банктің резервтеу нормасын 15%-ке дейін түсіру және сыйақыны 50%-ке дейін жоғарылату шешімін қабылдауы орынды болды.

Ресми органдардың деректері 1994 жылғы депозиттік рыноктың қалыптасуы туралы болжамдарды растайды. ҚР Мемстаткомның  деректеріне сай тек 1994 жылы Қазақстан  бойынша заңды және жеке тұлғалардың  депозиттері 8,8 есе өсіп 1995 жылдың 1 қаңтарында 7,7 млрд. теңге, 1995 жылдың 1 қарашасына - 18,15 млрд. теңге, 1996 жылдың 1 қаңтарында – 21,2 млрд. теңге, 1996 жылдың 1 қыркүйегінде  - 35 млрд. теңге болды. Бұл деректер қазіргі уақытта депозиттік рыноктың басқа ресурстар көздерімен салыстырғанда жылдам өсіп бара жатқандығын және сыйымды екенін аңғартады. Депозиттік рыноктың сыйымдылығы және банктер үшін депозиттер бойынша қолайлы проценттердің келешегі мол екенін байқатады.

Осылайша, 1994 – 1996 ж. кезеңі Қазақстанның депозиттік рыногының құрылуының бастапқы сатысы және оның келешекте жоғары дамуының бастамасы болды деп айтуымызға болады. Осы уақытта банктердің уақытша бос ақша қаржыларын тарту саясатын жүргізуде алғашқы тәжірибелер пайда бола бастады.

1997 жыл депозиттік  рыноктың нығая түскен жыл болғанын атап көрсеткен жөн. Дәл 1997 жыл банктерге аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Дәл 1997 жылы банктер арасында әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауынан айқын көрініс тапты.

Бастапқы кезеңдерде қазақстандық банк тәжірибесінде депозиттерді басқару мәселелеріне көп көңіл  аударылмады. Әр жерлерде банк мекемелерінің  алдына олар жұмылдырған кредиттік  ресурстардың мөлшеріне және сипатына байланысты қысқа және ұзақмерзімдік несиелер беруді қамтамасыз ету міндеті қойылмады. Кредиттік салымдар мен ресурстардың жоспарлы баланстары банк бөлімшелерінде жасалмады. Мұндай жағдай елдің несие қорын құру және пайдалану істерін басқару шектен тыс орталықтандырылғандықтан болды. Сонымен қатар, сол даму кезеңінде банктердің депозиттік тәжірибесі экономикалық әдебиетте аса зерттелмеген болатын. Атап айтсақ, жалпыға бірдей депозиттік саясат ұғымы қалыптасып үлгермей оның қағидалары жеткілікті түрде тұжырымдалмаған еді. Бір жағынан бұл көптеген отандық коммерциялық банктерге депозиттік саясат дербес қызмет саласы ретінде көрінбей, пассивтерді басқарудың бөлігінің бірі ретінде, яғни осы банк үшін қаражат көздерінің тиісті қисынын анықтай отырып салымшылар мен басқа кредиторлардың қаражатын тартуға байланысты қызметі деп танылғандығынан еді.

Банктердің депозиттік саясатын зерттеу  қиындықтары біздің республикамызда  тауарлар мен қызметтер рыногының, сондай-ақ ақша-кредит және қаржы рыноктарының жақсы дамымағандығымен ұлғая түсті. Отандық коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау депозиттік саясатты жүргізуде дәл математикалық есептеулерді қолдану қажетті екендігін көрсетті. Мысалы, теңге салымдарының орташа сақтау мерзімін және салымдарға түскен қаражаттың орнығу деңгейінің есептеу маңызды. Теңге салымының орташа мерзімі салымдар серпінділігінің тұрақтылығын көрсетеді, бұл салымдарды қысқа мерзімді кредиттеу ретінде бағалау үшін өте маңызды болады.

Коммерциялық банктер депозиттік саясат құралдарын жетілдіреді, ал бұл біздің тәжірибеміз үшін ақша қаражатын тарту механизмдерін жасауда көрініс табады. Банкке салынған қаражат және ол бойынша келісілген проценттер беретін белгілі иелену құқығы болып табылатын құжат депозиттік сертификат болып табылады. Сонымен қатар, егер депозиттік сертификат ұсынушыға берілсе ол рынокта басқа бағалы қағаздар тәрізді айналымға жіберіле алады.

Коммерциялық банктер қолданатын мұндай операциялар белгілі жағдайларда  әлеуетті сатып алушылар үшін мынадай  себептерге байланысты тартымды бола алады:

1. Депозиттік сертификаттар депозиттік  саясаттың басқа құралдарына  қарағанда биржа ойынының заты  болып табылады және осыған  байланысты сатып алушы рынок  конъюнктурасының қолайлы өзгеруінің  нәтижесінде қосымша табыс ала  алады.

2. Үкімет кәсіпорындардың депозиттерін жұмсамау ниетін жүзеге асырған жағдайда рыноктағы бос жүрген сертификаттарды  сатып алу олардың иелеріне біршама еркін қимылдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сертификат айналым мен төлемнің бара-бар құралы болады.

Отандық коммерциялық банктер депозиттік саясаттың бұл құралдарын белсенді қолдана бастағанын атап айтуымыз қажет. Мүмкін, әзірше бұл құралдар жетілмеген де болар, бірақ ең бастысы – біздің коммерциялық банктер оларды қолдану және ары қарай жетілдіру қажеттігін түсінді.

Қазақстандық банктердің депозиттік саясатын талдауда 1997 жылы қаңтар мен  қыркүйек аралығында инфляция қарқынының төмендеуі және салымдар мен депозиттер бойынша банктердің табысты қамтамасыз етуі екінші деңгейдегі банктерге жеке және заңды тұлғалардың ақша қаражатының келіп түсуін ұлғайтты, сөйтіп қолайлы инвестициялық жағдай тұғызудың негізі болды.

1997 жылы қазақстандық  банктерде банктік проценттік  ставкалар бойынша есеп беру  жүйесі толығымен дайын емес  болатын, бірақ талдау нәтижелерінде  алынған деректер банктердің депозиттік саясатында пайда бола бастаған үрдістерді байқатты. Мұндайда банктік проценттік ставкалар ҚРҰБ қайта қаржыландыру ставкаларының өзгерісінен кейін өзгеріп отырды, себебі депозиттік саясат сол кезеңде төмендеуге бағыт алған қайта қаржыландыру ставкасына тікелей байланысты болды. Егер қайта қаржыландыру ставкасы 1994 жылы жылына 300%-ке тең болса, 1995 жылы - 120%, 1996 жылы - 45%, ал 1997 жылдың қарашасында – 18,5%-ке тең болды.

1997-1998 жылдардағы жеке  және заңды тұлғалар депозиттерінің  көлемі

1-диаграмма 

*Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық   бюллетені

 

1997-1998 жылдарда жеке тұлғалар  депозиттерінің көлемі 21300 млн. теңгеден 32135 млн. теңгеге ұлғайды және  заңды тұлғалардың депозиттері  54566 млн. теңгеден 48599 млн. теңгеге дейін азайды. Бұл факт халықтың банктерге сенімін көрсетсе, кәсіпорындар мен ұйымдар жөнінде бұлай дей алмаймыз.

Банк жүйесіндегі депозиттердің  көлемі 1998 жылдың 1 қарашасында 77,0 млрд. теңгеге жетті, оның ішінде заңды  тұлғалардың депозиттері (банктерді қоспағанда) – 45,7 млрд. теңге және жеке тұлғалардың депозиттері – шамамен 2,0 млрд. доллар, ай ішінде 11,3%-ке ұлғайды (ағымдағы жылдың басынан бастап – 65,6%-ке).

Депозиттердің мерзімдері бойынша  құрылымында елеулі өзгерістер болмады: мерзімдік депозиттердің үлес салмағы бұрынғы деңгейде қалды (4,9% шамасында). Халықтың банк жүйесіне сенімінің нығаюы халықтың банктердегі салымдарының жалпы көлемінің өсе түсуімен расталады. Халықтың депозиттері (резидент еместердің депозиттерін ескере отырып) қазан айында – 3,3%-ке, 2000 жылдың 10 айының ішінде – 47,9%-ке 81,3 млрд. теңгеге дейін (570,1 млн. доллар) өсті.

2011 жылдың 9 қаңтарында депозиттік рынок елдің қаржы рыногының ең жоғары қарқынмен дамып келе жатқан сегменттерінің қатарында қалып отырды. Ұлттық валютаның тұрақтануы, банк жүйесінің дамуы, көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы және азаматтардың табыстарының біртіндеп өсуі банк секторына депозиттер түріндегі капиталдың келуіне жағдай туғызды. Ағымдағы жылдың 11 айының ішінде резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттері 286,9 млрд. теңгеге дейін өсті, 68,4%-ке ұлғайды. Нақты сектордың негізгі кредиттеу көзі болып табылатын мерзімді депозиттер 2,3 есе ұлғайды және 153,3 млрд. теңге болды, талап етуге дейінгі депозиттер – 29,2%-ке өсіп 133,6 млрд. теңген болды. Нәтижесінде мерзімдік депозиттердің үлес салмағы 39,3%-тен 53,4%-ке дейін өсті.

Шетел валютасындағы  депозиттер 86,8%-ке өсіп, 152 млрд. теңге  немесе 1 млрд. доллардан астам болды, ал теңгелік депозиттер 51,5%-ке ұлғайып 134,9 млрд. теңге болды.

Жеке тұлғалардың салымдарын қорғау жүйесінің қызмет етуі жағдайында (үшінші тарауда қарастырылады) халықтың банк жүйесіне сенімі жоғарылады. Тек 11 айдың ішінде халықтың депозиттері (резидент еместердің депозиттерін ескере отырып) банк жүйесінде 55,3%-ке өсіп 85,4 млрд. теңге болды (валютадағы баламасы – 593 млн. доллар).

2010-2011 жылдардағы қарастырылған кезең банк жүйесінің тұрақтылығымен және салынған қаражаттың көлемінің ұлғаю үрдісімен сипатталады.

Шетел валютасындағы  депозиттердің өсу қарқыны теңгелік депозиттердің өсу қарқынынан едәуір алда болды, соның нәтижесінде валютадағы депозиттердің үлес салмағы 53,8%-тен 56,7%-ке дейін өсті.

 

 

 

      

2009-2011 жылдардағы депозиттік рынок жағдайы.

2 - диаграмма

*Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық   бюллетені

 

2011 жылдың 4 сәуіріндегі депозиттік рыноктың жағдайын талдау ұлттық валютаның елеулі девальвациялануы жағдайында сыртқы қарыздар алудың қымбаттағанына көп жағдайда коммерциялық банктердің ресурстық базаларын ішкі көздер есебінен өсіруі бойынша қызметінің арта түсуіне жағдай туғызды. Банктік мекемелер арасында халықтың және кәсіпорындардың бос ақшасын тарту үшін бәсекелестік едәуір ұлғайды. Депозиттік қызметтер түрлері ұлғайып, қызмет көрсету сапасы артты. Ұлттық валютаның девальвациясынан теңгелік депозиттерді қорғау үшін Ұлттық Банк және Үкімет жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттерін уақтылы ауыстырып берді. Макроэкономикалық тұрақтану халықтың салымдарын қорғау жүйесінің қызмет етуі және азаматтардың жеке табыстарының өсуі жағдайында банктерге депозиттерге халықтың және кәсіпорындардың ақша ағынының күшеюіне алып келді.

Информация о работе Қазақстандағы депозит рыногының дамуы