Қазақстандағы депозит рыногының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі депозиттік операцияларына талдау жасап олардың қолданылу тәжірибесімен танысу. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді және олардың біздің Республикамыздың экономикалық жағдайымызға қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттік операцияларға қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;
- банктердегі депозиттік қызмет түрлерінің сұранысына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру.
- ҚР-ғы банктік жүйедегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын «Темірбанк» ААҚ-ң мәліметтері бойынша талдау жасау.
- депозиттік операциялардың басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
I. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі 5
1.1. Депозиттердің жіктелуі 5
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар 10
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы 12
II. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (АҚ «Темірбанктің» материалдары негізінде) депозиттік операцияларын талдау. 20
2.1. Депозиттердің банктік ресурстарды қалыптастыру көзі ретіндегі мәні 20
2.2. Темірбанктің депозиттік саясаты. 21
III. Депозиттерді басқаруды жетілдіру механизмі 27
3.1. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі 27
3.2. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 34

Прикрепленные файлы: 1 файл

bank2_kurs_28.doc

— 280.00 Кб (Скачать документ)

Контокоррент (conto corrente италян тілінен – ағымдағы есепшот) –  бұл банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін біртұтас есепшот. Бұл есепайырысу және несиелік есепшоттарды бірге көрсететін активтік-пассивтік есепшот. Контокоррентте бір жағынан банктің несиелері және клиенттің тапсырмасы бойынша есепшоттан жасалған барлық төлемдер, ал екінші жағынан есепшотқа қолма-қол ақша, аударымдар, қайтарылып келген қаражат және басқа түрдегі қаражат көрсетіледі. Кредиттік сальдо дегеніміз клиенттің жеке қаражаты бар екенін білдіреді, ал дебеттік сальдо дегеніміз айналымға барлық заемдық қаражат қатыстырылған және есепшот иесі банкке кредит бойынша борышкер екендігін білдіреді. Кредиттік сальдо бойынша банк клиенттің пайдасына проценттер есептейді, ал дебеттік сальдо бойынша несие берген секілді өз пайдасына проценттер өндіріп алады. Мұндайда банктің пайдасына проценттер есепшот иесінің пайдасына қарағанда жоғары ставкамен есептеледі. Мұндай есепшоттар ерекше сенім белгісі ретінде сенімді кленттерге, жақсы заем алушыларға ашылады. Қаражаттың келіп түсуіне қарағанда шығыстары асып түскен кезде есепшот иесі банкпен жасалған шартта анықталған сомада әр жағдайда кредитті арнайы рұқсатсыз ала беру мүмкіндігіне ие болады.

Әлемдік банк тәжірибесінде  белгілі түрде контокоррентпен  овердрафтты ағымдағы есепшот (ағыл. overdraft) ұқсас келеді.  Овердрафтты  ағымдағы есепшот – клиент және банк арасындағы келісімнің негізінде кредит алуды білдіретін, қаражат қалдығының көлемінен есепшот бойынша есептен шығарылатын соманың асып түсуінің есебінен белгілі мөлшерде жіберілетін дебеттік сальдоны атаймыз. Бірақ бұл есепшоттардың арасында айырмашылық бар. Овердрафт (контокоррентке қарағанда) кезінде мұндай қарыз алулар оқта текте жасалады әрі олар тұрақты сипатта болмайды. Бұл үшін тиісінше пассивтік (кредиттік) қалдық көбірек ұшырасады. Овердрафтты ағымдағы есепшоттың бар екендігі клиенттің жеке операцияларды жүргізу үшін қосымша депозиттік немесе несиелік есепшоттарды ашуына болады, ал контокорренттік есепшотта банктің клиентке қатысты барлық операциялары шоғырландырылады. Сонымен қатар контокорренттік есепшоттар заңды тұлғалардың шаруашылық ұйымдардың атына ғана ашылады, ал овердрафтты есепшот заңды емес тұлғаға, сондай-ақ жеке тұлғаға да қаражаттың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша айырмашылықтарды өтеуі үшін ашылады.

Көптеген коммерциялық банктерде талап етілгенге дейінгі  депозиттердің тартылған қаражат құрылымындағы үлес салмағы ең жоғары болып табылады. Бұл әдетте, банктік ресурстардың құрылуының ең арзан көзі. Қаражаттың жоғары жұмылдыруына байланысты талап ету есепшоттарындағы қалдық тұрақты емес, тіпті кейде мүлде өзгермелі деуге болады.  Есепшот иесінің кез келген сәтте қаражатты алу мүмкіндігі банктің айналымында өтімділігі аз, бірақ аса жоғары табыс әкелетін активтердің үлесін азайту есебінен өтімділігі жоғары активтердің үлесінің (кассадағы, корреспонденттік есепшоттағы және басқа қаражат қалдықтары) мейлінше көп болуын талап етеді. Сол себепті талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қалдықтар бойынша банктер олардың иелеріне төмен процент төлейді немесе тіпті ешқандай табыс есептемейді. Дегенмен талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражаттың жоғарғы жылжымалылығына қарамастан, олардың ең төменгі, бірақ төмендемейтін қалдығын анықтаудың және оны тұрақты кредиттік ресурс ретінде пайдаланудың мүмкіндігі бар.

Әлемдік банк тәжірибесінде  мерзімдік депозиттер мен талап  етілгенге дейінгі депозтиттер арасында жинақтаушы депозиттер орын алады. Шетел тәжірибесінде ақша жинақтау операциялары депозиттік операциялардан бөлек қаралады және негізгі назар олардың айрықша ерекшеліктеріне бөлінеді – салым жинақтаушының иесіне, көбінесе, жинақтау кітапшасы түрінде берілетін салымның бар екендігін көрсететін куәлік беріледі. Депозиттің бұл түрі құнттылыққа ынталандыратын - арнайы ұмтылудың туындауымен сипатталатын мақсатты сипаттағы қаражаттарды жинақтау үшін немесе ақша жинақтарын салуға қызмет етеді және табыстылық деңгейі жоғары, дегенмен мерзімдік салымдарға қарағанда табыстылығы төмен болады. 

Халықтың жинақтау салымдары  мерзімдері және салым операцияларының  талаптары (мысалы, балаларға, мектеп оқушыларына  арнап салынған салымдар, зейнетақылық салым және б.) бойынша бөлінеді.

Бағалы қағаздар мынадай  топтарға бөлінеді: банкке тиесілі  кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың  акциялары мен облигациялары; банкте сақтауда тұрған акциялар мен облигациялар; шетел операциялары бойынша құндылықтар  мен құжаттар.

Банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін шешуде әртүрлі депозиттердің көлемін  ұлғайту ғана емес, сонымен қатар  депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын  жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру  жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен банктердің дәстүрлі емес банктік құралдарды: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чек депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін.

Депозиттік сертификат – мерзімі 1 жылдан астам, бірақ оған қарағанда бұл ақша қаражаттың депозитке салғандығы жөніндегі салымшының салымды (депозитті) алу құқығын куәландыратын кредиттік мекеменің жазбаша куәлігі - мерзімдік сертификаттың түрі. Онда депозиттік шарттың мөлшері, салымды алу мерзімі, проценттік ставка секілді талаптар көрсетіледі. Депозиттік сертификаттың артықшылықтары мынада: біріншіден, ол биржа ойынының заты болып табылады, яғни сатып алушының рыноктағы оңтайлы өзгеруі нәтижесінде қосымша пайда алуына болады; екіншіден, кәсіпорындардың депозиттері тоқтатылып қалған жағдайда рынокта еркін қозғалыста болатын сертификатты сатып алу олардың иелеріне біршама еркіндік береді.

Сертификаттарды салымшылардың  санатына байланысты депозиттік және жинақтаушы сертификаттарға бөлуден  басқа сертификаттарды басқа  белгілері бойынша да жіктеуге болады:

• шығарылу әдісі бойынша:

бір рет қана шығарылатын;

  сериялармен шығарылатын;

• ресімделу әдісі бойынша:

атаулы;

ұсынушыға;

• айналым мерзімдері бойынша:

мерзімдік;

талап етілгенгше дейін.

Депозиттік сертификаттар  бойынша айналым мерзімі 1 жылдың шегінде белгіленген, ал жинақтаушы сертификаттар бойынша 3 жыл шегінде белгіленген.

Егер депозитті немесе салымды алу мерзімі өтіп кетсе, онда мұндай сертификат талап етілгенге  дейінгі құжат болып есептеледі және иесінің бірінші талабы бойынша төленуі тиіс. Банк мерзімдік серитификатты мерзімінен бұрын ұсынылғанда төлеу мүмкіндігін сертификат сомасын төлей отырып және проценттерін төмен ставка бойынша ала отырып төлеуді былай қарастырады:

төлеу талаптары бойынша:

- белгілі есептесу  кезеңі өткенге дейін тұрақты проценттік ставкамен төлеу;

    - сертификатты  өтеу күніне проценттерді төлеу.

Сертификаттарды өтеу үш жолмен жүргізіледі:

- жаңа шығарылған сертификаттармен;

- салымдардың басқа  түрлеріне немесе талап етілгенге  дейінгі есепшотқа қолма-қол ақшасыз  аударымдар жасау арқылы;

- қолма-қол ақшамен  (жеке тұлғалар үшін).

Сертификаттарды шығаратын банк өз сертификаттарының шығару және айналу талаптарын дербес әзірлейді.

Чек депозиттері –  бұл салымшыға төлемдер жасау  үшін чек жазуға құқық беретін  есепшоттар.

Банк векселі банктің  белгілі тұлғаға немесе оның мұрагеріне белгіленген мерзімде белгілі ақша сомасын төлеу жөніндегі ештеңемен келісілмеген біржақты міндеттемесін білдіреді.

Банкаралық депозиттік операцияларда мерзімдік және талап  етілгенге дейінгі болып бөліндеі. Мұндай операциялар, әдетте, банк балансының есепайырсуларын және өтімділігі деңгейін реттеу мақсатында жүргізіледі.

Коммерциялық банктерге  өз қызметі үшін ресурстар тарту  мақсатында коммерциялық банктердің жарғысында бекітілген жоғары пайда табу мен  қажетті банк өтімділігін сақтау мақсатына және міндеттеріне орай депозиттік саясат стратегиясын әзірлеу маңызды.

1.2. Коммерциялық  банктердің депозиттік саясаты  және депозиттерді қалыптастыруға  әсер ететін факторлар

 

Банктің депозиттік саясаты  қаражатты депозитке тарту және оларды тиімді басқару жөніндегі  банктің саясаты. Біз депозиттік саясатты банкке салымшылардың және басқа кредиторлардың қаражатын тарту және ресурстардың ең тиімді қисынын (өтімділік, пайдалылығы, сенімділігі тұрғысынан) анықтау жөніндегі тактикасы ретінде айқындаймыз.

Кез келген коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтайтын рыноктың мүмкіндіктеріне орай банк ресурстарының тиімділік критерийлер қисынын табуға болады. Мұндайда тиімділік критерийлері банктердің бәріне ортақ және таңдап алынған банктің депозиттік саясатының ерекшеліктерін көрсететін арнайы деп бөлуге болады.

Жалпы критерийлерге  мыналарды жатқызуға болады:

А) банктің тұрақтылығын, қаржылай орнықтылығын қолдайтын депозиттік, кредиттік және басқа операциялардың өзара байланысы. Атап айтқанда, активтердің  және пассивтердің (сомалары, мерзімдері, өтімділіктері, тәуекел дәрежелері және табыстылығы бойынша) келісілуі қажет, яғни банк депозиттік саясатты жүргізу кезінде депозиттер портфелінің тиімді қалыптастырылуына аса маңызды назар бөлінуі қажет, ал депозиттер портфелін салымшылардың банкке тәуекел дәрежесін, өтімділігін, табыстылығын анықтайтын критерийлердің негізінде жіктелген талаптардың жиынтығы ретінде қарастырған жөн;

Б) тәуекелді азайту мақсатымен банктің ресурстарын диверсификациялау;

В) депозиттік портфельді сегменттеу (клиенттер, өнімдер және рыноктар бойынша);

Г) әртүрлі клиенттер  топтарына сай келетін жол  табу;

Д) банк өнімдері мен қызметтері бәсекелес банктің өнімдерінен  айырмасы болуы тиіс;

Е) ресурстардың тиімді қисынының  қажеттілігі, жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфелінде тұрақты ресурстардың үлесі (оның ішінде депозиттік операциялар бойынша) ұлғайған кезде тұрақты және «айнымалы» ресурстардың тиімді ұштасуын қамтамасыз ету;

Ж) салымдардың түрлерін және негізінен депозиттік портфелді  қалыптастыру барысында өмір сүру циклының концепциясын есептеу.

Тиімді депозиттік саясаттың  арнайы критерийлерін әр банк жеке (оның мөлшеріне, қызметкерлердің біліктілігіне, олар орындайтын операциялардың және көрсететін қызметтердің өзіндік құны және т.б. байланысты) анықтайды.

Басым бағыттарға орай коммерциялық банкке негізгі салымдар түрлерін көрсете отырып депозиттік операциялар туралы ереже болуы тиіс, онда оларды тарту талаптары, (проценттік ставкалардың деңгейі, салымшылардың санаты, салымдар мерзімі), салымдарды тарту тәртібі, депозиттік шарттың ресми нысандары болуы қажет.

Банктің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсер етуші, сондай-ақ оның депозиттік портфелінің және клиенттің  тұрғысынан банк салымдарының түрлерін дамыту қажеттілігін анықтайтын негізгі  факторлар: экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әртүрлілігін анықтайтын, оның ішінде ақша жинақтау жағдайлары бойынша: географиялық жағдайы; ұлттық дәстүрлер; әлеуметтік топтың ерекшеліктері; салымшылардың жасы; олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері; семьялық жағдайы; білім деңгейі; мамандығы және т.б.; банк тұрғысынан: бәсекелестік деңгейі (банкаралық және банктік емес кредиттік институттардың); банк қызметтері спектрінің дамуы, кеңею үрдісі, ұсынылатын қызмет сапасын арттыру; тәуекелдің диверсификациясы және басқалар.

Негізінен депозиттік рыноктың қалыптасқан жағдайын талдау салымшылардың  өздерінің қаражаттарын орналастыру  кезінде мынадай тұжырымдарды басшылыққа алатындығын көрсетеді:

1) банктің сенімділігі;

2) проценттік ставкалар  бойынша неғұрлым банк тұрақты және сенімді болса, соғұрлым депозиттер бойынша проценттік ставка жоғары және керісінше болатындығы мұнда тікелей көрінеді: танымал емес банктер алға шығу мақсатымен жоғары проценттер есебінен жоғары ставкалар ұсынады;

3)  банк мекемелерінің  желісі және клиенттерге қызмет көрсету сапасы. Банк филиалдары желісінің көп тармақтылығы мен жоғары деңгейдегі сервис, бір клиентке қызмет көрсетудегі уақыт шығыны, есепайырысу мен төлемдерді электрондық жүйелер арқылы жасау мүмкіндігін ұсыну, банк операциялары және қызметтерінің көп түрлері және басқа факторлар клиенттің «өзінің» банкін таңдау кезінде жоғарғы мәні бар екендігі сөзсіз.

 

1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы

 

Негізінен жинақ және жинақтау рыногы туралы тек 1994 жылдың ортасынан бастап қана айтуға болады. Себебі дәл осы кезеңде жинақтауға нақты жағдайлар пайда болды. Тура осы кезеңде теңге бағамының біршама тұрақтап, ай сайынғы инфляция деңгейі едәуір төмендеп, бюджеттіктерге бірнеше айлар үшін төлемдер жасалынды. Осы уақыттан бастап экономикалық «жинақтау бейімділігі» көрсеткішінің нөлдік деңгейден айырмашылығы көріне бастады, кәдімгі сөзбен айтар болсақ, әрбір адам жинақтауға қанша ақша қалдыру туралы ойланып және қандай салымдарға салудың пайдалы екендігіне талдау жасай бастады.

Халықтың бірқатар жинағы болғанын атап өткеніміз жөн. Ресми  деректер бойынша 1994 жылдың соңында  қолдағы жиналған ақша мен қолма  қол ақша 5096,2 млн. теңге болды. Шындығында біздің бағалауымыз бойынша азаматтар  жинағының нақты көлемі көрсетілген сомадан асып түсті, өйткені халық өз жинақтарын қайта капитализациялады. Және осы сома бұл қаржыларды тарту үшін банктердің қызығушылығын тудырарлықтай өте үлкен болатын. Мұны ең бірінші жергілікті себептердің бірі деуге болады.

Халық өз жинақтарын салудың белсенді түрде тиімді және ең маңыздысы сенімді жолдарын іздестіре бастағанын атап өткен дұрыс. Тәуекелдігі жоғары әртүрлі салымдар халықтың сенімін жоғалтты. Әртүрлі трасттық, венчурлық кәсіпорындардың сол кездері банкротқа ұшырау толқыны осы жөнінде куә деуге әбден болады. Сондықтан 1994 жылдың соңында халық психологиялық тұрғыдан тұрақты, заңды жария қаржы мекемелері болып табылатын банктерге ақша салуға дайын болды. Осы оқиғалардан кейін біз нарықтық тұрғыдан есейіп шамадан тыс жоғары проценттер беретін салымдарды іздеуден аулақ бола бастадық. Бұл депозиттік саясаттың өзгерістерін және терең талдауды талап еткен жергілікті екінші себеп десек болады.

Информация о работе Қазақстандағы депозит рыногының дамуы