ҚР Конституциясының дамуының негiзгi кезеңдерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:08, реферат

Краткое описание

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қарай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР.doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе 

 
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қарай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.  
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.  
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

 

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды  демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан  қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық  қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.  
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.  
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.  
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.  
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек. 

Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

 

2. Қазақтың ата-заңы  

2.1. Конституция - Қазақстан  республикасының негізгі заңы  

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.  
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.  
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.  
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.  
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.  
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.  
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.  
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.  
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.  
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

 

2.2 Қазақстан республикасының  конституциясының дамуы

 

Қазақ елі Тәуелсіздік алып жаңа даму жолына түсті.Жаңа елдің іргетасын  қалауда құқықтық негіздің болуы  шарт.Сол себептен Тәуелсіз Қазақстан  тарихында екі Конституция қабылданған  болатын. Бұл Ата заңдарды қабылдауда қазақ елінің байырғы құқықтық ерекшеліктер ескерілген болатын. Ата заңның бастауы «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», бастап кешегі Алаш ардақтылары қостап, бүгінгі Ата заң жалғастырған тарихи мол, кең байтақ қазақ даласында өшпес із қалдырған болатын.Алғашқы Конституцияны 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған болатын.Көп ұзамай 1995 жылыдың 30 тамызында күні бүгінге дейін қолданыстағы Ата заңымызда жалпы халықтық референдумда қабылданған болатан.        

Осынау жауапты заңдарды қабылдауда терекше еңбегі сіңген заңгер ғалымдардың  орны бөлек.Олар:Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, жерлесіміз Ғайрат Сапарғалиев  және т.б.Қолданыстағы Конституциямыздың  көптеген баптары адам құқықтыры  мен бостандықтарына арналған. Бұл нағыз демократиялық белгілерге сай деуге әбден болады.Тіпті кейбір баптары ұлы дана билереміздің айтқан сөздермен үндес келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасында Конституцияға  сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі», ал осы бапың 2-тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Осы себептен болар, халықаралық құқық қауіпсіздікті адамның басты құқық қауіпсіздікті адамның басты өзінік қаруы етіп көрсетіледі. Мәмелен, 1948 жылдың 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында» «әрбір адамның өз өмірі мен бостандығына қол сұғуға болмайтындығы» (3-бап), «құлдыққа тыйым салынғандығы» (4-бап), «адамның ар-ожданына тиісіп, қорлауға болмайтындығы» (5-бап) және т.б. қажетті жақтарын атап көрсетеді. Адам құқығы тоғандырмаған бірде-бір ел жоқ шығар. Өйткені, адам баласы глобализацияға тереңірек ене түсен сайын аталмыш тақырып та күрделене беретін тәрізді. БҰҰ-ның 2001 жылды «Өркениеттер арасындағы диалог жылы» деп атауында өзіндік мәні жатса керек. Бостандық пен теңдіктің, индивидуализм мен ынтымақтастықтың бір-біріне деген қарама-қайшылығы XX ғасырда шешілген жоқ.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мелекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам – және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Конституциялық құқықтарды Қазақстан азаматтарының бәрі бірдей барынша пайдалана алатындығына кепілдік береді. Мұнің өзі көпұлттық еліміздегі қоғамдық келісімнің кепілдігінің айқын көрінісі. Сірә, Қазақстанның бейбіт сүйгіш ел атанып, жүзден астам ұлт өкілдерін достықта, сыйластық қарым-қатынаста ұстап тұруы – Конституциясында жария болғандай рухани жан дүниесінің тазалығында болса керек. Ендеше, Қазақ елінің құқықтық мемлекет болуға толық хақысы бар. Ұлттық тарихымызға көз жібере отырып «Қазақта құқықты өмір, құқықтық мемлекет болды ма?» деген сұрақ қоятын болсақ, көптеген сырдың тиегін ағытар ма ек. Алдымен қазақы дәстүрлі құқыққа атбасын бұрытамыз. «Қасымханның қасқа жолы» мен «Есімханның ескі жолын», Тәукеханның «жеті жарғысы» қарастырсақ, мәселенің мән-жайына қанығар едік. Демек, бізде құқықты мемлекетті құрудың өзіндік ұлттық, тарихи жолы бар десек қателеспейміз. Құқықты өмір туралы сөз еткенде Ұлы Абайдың 1885 жылдың мамырында Қарымалыда өткізілген билер сьезіндегі «Шар Ережесін қабылдауға белсене ат салысқандығын атап кетпесек болмайды. Ондағы отбасы, неке, әйелдердің махаббатқа деген құқығы өсек-аян айтушыларды жазалау т.б. мәселелер бүгінгі күні де күн тәртібінен түскен жоқ. Демократиялық, құқықтық мемлекет құру идеясын ақын атамыз сол заманда – ақ қолдаған. Бізге ата-бабаларымыздан мұра болып қалған заңдардың жиынтығын – Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білу қажет деп жазды Абай Құнанбаев көргенділікпен. Елімізде жақсы заңдер дегеніміз баршылық. Дегенмен олардың нендей себеппен өз дәрежесінде жұмыс істемейтіндігіне өзіндік талдау жасап көрелік. Жасыратыны жоқ, құқық қызметкерлірінің ішінде Қазақстан заңдарын білмейтіндері кездеседі. Жалпы халықтын құқықтану саласындағы сауатын көтеру қажет. Ол үшін мектептен бастап Қазақстан Конституциясын, басты заңдарды оқытып, жастайынан құқықтық сауатын ашқан жөн. Әрине, мектептерде құқықтану пәнінен оқушылар дәріс алады. Бірақ оның өзі айтарлықтай жоғары дәрежеде емес. Сол себептен мектепте еліміздің басты заңы – Констиуцияны арнайы пән ретінде өткізген жөн сияқты. Себебі, Ата заңымызда адам құқығы мен оның бостандығына арналған көптеген баптар бар. Демек, еліміздің әрбір тұрғыны өзіміздің құғын қорғай білу керек. Құқықтық сауаттылық үшін күресетін уақытымыз жетті. Сондықтан, өзіміздің құқығымызды қорғай білейік.

 

2.3. Мемлекеттік  саяси биліктің Конституциядағы  саяси көрінісі

 

Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.  
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.  
Президент ел халқына “Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.  
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.  
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар.  
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды.  
Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.  
Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей тәуелді.  
Жаңа Конституцияда биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған “Азаматтық кодекс” пен “Қылмысты істер кодексінің” қабылдануын ерекше атап өтуге болады.  
Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару тәртіптері де Конституцияда айрықша дараланған.  
Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

 

2.4. Конституциядағы  көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары

 

Республика азаматының негізгі  құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық  талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.  
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.  
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.  
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.  
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.  
39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.  
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.  
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.  
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.  
Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.  
Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

Информация о работе ҚР Конституциясының дамуының негiзгi кезеңдерi