Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 14:40, курсовая работа

Краткое описание

Сертификаттау, латын тілінен аударғанда, «дұрыс жасалған» дегенді білдіреді. Өнім «дұрыс жасалған» дегенге куә болу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес болуы керектігін және осы сәйкестіктің шынайы дәлелін қалайша алуға болатындығын, білу қажет. Осындай дәлелдің көпшілік қабылдаған тәсілінің бірі – cертификаттау болып отыр.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сертификаттау.docx

— 1.04 Мб (Скачать документ)

 

КІРІСПЕ

 

Сертификаттау, латын тілінен аударғанда, «дұрыс жасалған» дегенді білдіреді. Өнім «дұрыс жасалған» дегенге куә  болу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес болуы керектігін және осы сәйкестіктің шынайы дәлелін қалайша алуға  болатындығын, білу қажет. Осындай дәлелдің көпшілік қабылдаған тәсілінің бірі – cертификаттау болып отыр.

Сертификаттаудың  негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау болып табылады.

"ҰССО" АҚ сертификаттау саласында жұмыс істейтін, өнім сәйкестігін растау жөніндегі орган болып табылады. Органның сынау орталығы  жаңа заман талабына сай өлшеу құралдарымен, сынау жабдықтарымен қамтамасыздандырылған. Бұл, өз алдына, өнім сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етудің қажетті шарты екені сөзсіз. 

Дипломдық жұмыста "ҰССО" АҚ АФ-ның сынау орталығында «Siam Steel Works, LTD., Тайланд» фирмасы өндіретін болат құбырды сынау және оған сертификат беру процедуралары талданады.

Негізінен құбыр өндірісі басты және маңызды  салаларды қамтиды: жылу-энергетикалық  кешен, машина жасау, құрылыс индустриясы, қорғаныс саласы және әсіресе көп  құбырды қажет ететін – мұнай-газ  кешені.

Жаңа  технологиялардың пайда болуымен қазіргі  өндіріс әр түрлі материалдардан, соның ішінде пластмассадан жасалынатын  құбырларды шығаруды игерді. Алайда өткен  шақта кең қолданыста болған болат  құбырлар қазіргі кезде де аса маңызды болып қала береді.

Қазақстан Республикасында құрылыс, мұнай-газ және басқа да кешендердің дамығандығы баршаға мәлім. Ендеше, елімізде болат құбырға деген сұраныс та жоғары екені белгілі. Ал осы кешендер тікелей халық, мемлекет мүддесіне қызмет ететіндіктен, оларда қолданылатын материалдар, берілген жағдайда, болат құбырлар сапасының алатын орны зор. Осы сапалылықты дәлелдеу үшін сертификаттау саласына, яғни, өнімді сертификаттаумен айналысатын органдарға жүгіну қажет.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

 

1.1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат

Бастапқы  ақпарат негізінен мына түрлерге бөлінеді: базалық, басшылық етуші, анықтамалық. Берілген жағдайда дипломдық жұмысты  әзірлеуге базалық, басшылық етуші  және анықтамалық ақпарат ұсынылған.

Базалық ақпарат: "ҰССО" АҚ құрылымдық сұлбасы, даму тарихы, сапа менеджменті жүйесі, болат құбырлар туралы ақпарат, өткізілген сертификаттау жұмыстарының құжаттары, сынау орталығы.

Басшылық  етушіге мыналар кіреді:

- ИСО 9001:2000 Сапа менеджмент жүйесі;

- ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 – 2007 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар;

- ҚР-ның техникалық регламенті «Сәйкестікті растау процедуралары»;

-  «ҰССО» АҚ сынау зертханаларының  сапасы туралы басшылық  ҚР 01-09-01;   

 Анықтамалық ақпаратқа мыналар кіреді:                                                      - «ҰССО» АҚ АФ аккредиттелген сынақ орталығының жағдайы;

- Сынақ зертханасының лауазымдық нұсқауы ДИ АФ АО-42-05;

- ДП АФ АО-44-05 Құжатталған процедура. Қойылған талапқа сәйкес емес сынауларға арналған жұмыстарды басқару;

- РИ АФ  АО-44-07 Сынау жабдығы (СЖ) мен өлшеу құралдарының (ӨҚ) техникалық қызмет көрсетуi бойынша нұсқау; 

-МСТ 8696-74 «Жалпы тағайындаудағы спираль жікті электрлі пісірілген болат құбырлар. Техникалық шарттар»;

- ҚР СТ 3.19 – 2001 «Мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарын сертификаттау тәртібі»;

-  МСТ  28548-90 «Болат құбырлар. Терминдер мен анықтамалар»; 

-  Сынау орталығының төлқұжаты;

- «ҰССО»  АҚ АФ– да өндірістік практикада жинаған материалдар.

 

1.2 «ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалының тарихы

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалында ИСО 9001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әзірленген және «Русский Регистр» сертификаттау жүйесінде сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және жұмыс істеуде.

Филиал төмендегі жұмыстарды атқарады:

-стандарттау бойынша;

-сәйкестікті растау бойынша;

-метрология бойынша;

-сынау саласында;

-тауардың шығу тегін сараптау бойынша.

Қызметкерлердің жалпы саны – 82 адам, соның ішінде:

-ӘБҚ – 11 адам;

-сәйкестікті растау бөлімі – 23 адам;

-стандарттау бөлімі -11 адам;

-метрология бөлімі – 20 адам;

-сынау орталығы  - 9 адам;

-шаруашылық сектор – 8 адам.

1929-жылдан бастап Семей өлшем және салмақ палатасы өлкелік өлшем және салмақ палатасына қайта құрылды және бес жаңа бөлімше құрылды: Алматы, Орал, Фрунзе, Петропавл және Ақтөбе бөлімшелері. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының тарихы 1929-жылы Ақтөбе өлшем және салмақ палатасы құрылған уақыттан басталады.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ тарихы Қазақстан Республикасының өлшем және салмақ жүйесінің қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты.

Стандарттар мен өлшем құралдарын  мемлекеттік бақылау зертханасынан бастап дами отырып стандарттау және метрология орталығы өз дамуының барлық кезеңдерінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша барлық жұмыс кешендерін жүзеге асырды.

2000-жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемстандартының территориалдық органы – «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы деп қазіргі атауымен аталады.

«ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалы оның бөлімшесі бола отырып, техникалық реттеу және метрология саласындағы біртұтас мемлекеттік саясат жүргізеді. 

Бүгінгі «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалы бұл:

-өнімнің, қызмет көрсетулердің, сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау бойынша аккредиттелген орган; 

-метрология бойынша аккредиттелген орган;

-тамақ және өнеркәсіп өнімдерін сынауды қамтитын аккредиттелген сынау орталығы;

-жоғары білікті мамандар штаты, олардың  ішінде: қызмет ету, өнімдер және қызмет көрсетулердің 86 түрі  бойынша 38 сарапшы-аудитор, 1 техникалық ғылымдардың кандидаты,  1 экономикалық ғылымдардың кандидаты, олардың ішінде өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 4 сарапшы-аудитор, сапа менеджменті сәйкестігін растау бойынша 11 сарапшы-аудитор, 1 маманның негізгі бағалаушылар (техникалық сарапшылар) курсын аяқтағаны жөнінде сертификаты бар,  сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлыққа 5 кандидат, өлшем құралдарының 15 аттестатталған салыстырып тексерушісі.

-жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіру, Қазақстаннның жетекші оқыту орталықтарында мамандардың біліктілігін жоғарылату;

-өлшемдердің 14 түрінің өлшем құралдарын салыстырып тексеру ісімен қамтуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы және тұрақты түрде жаңартылып отыратын салыстырып тексеру құрал-жабдықтарының қоймасы; 

-Батыс аймақ бойынша метрология саласындағы көшбасшы ереже; 

-еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру және оны барынша автоматтандыру; 

-қағаздағы, сондай-ақ  электронды тасушылардағы 30 00-нан астам дананы құрайтын  актуалдандырылған және тұрақты түрде толықтырылып отыратын нормативтік құжаттар қоры;

-НҚ қоры туралы ақпаратты құрайтын деректер базасы;

-стандарттау, метрология, сертификаттау істерінің актуалды мәселелерін, Ақтөбе филиалының қызметі мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты түрде баяндап  отыру;

-шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін оңтайлы жеңілдіктер жүйесін қолдану;

-Шеттен әкелінетін және өндірілетін өнімнің сапа мәселелері бойынша облыс әкімшілігімен, Ақтөбе облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментімен, кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен, қалалық экономикалық және кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен, экономика және индикативтік жоспарлау департаментімен, кедендік бақылау департаментімен, мемсанэпидқадағалау және ветқадағалау органдарымен, ТЖ бойынша Ақтөбе басқармасымен  тұрақты түрді бірлесіп қызмет ету ісін жүзеге асыру; 

«ҰССО» АҚ Ақтөбе филиалының арнайы дайындықтан өткен жоғары білікті мамандары бар, қазіргі заманғы салыстырып тексеру, сынақтан өткізу, өлшеуіш құрал-жабдықтарымен және өлшем құралдарымен жабдықталған. Біздің жұмысымыздың мақсаты – өтінім берушілердің сұраныстарын қанағаттандыру, осыған сәйкес жүргізілетін жұмыстардың сапасы басты басымдық болған және  болып қалуда.

 

1.3 "ҰССО" АҚ АФ ұйымдастырушылық құрылымы

"ҰССО" АҚ АФ ұйымдастырушылық құрылымы 1-суретте көрсетілген. Мұнда протоколга жауаптылар: 1)құрылыс өнімі бойынша; 2)тоқыма, аяқ-киім, былғары өнімі бойынша; 3)аса қауіпті өндіріс, дефектоскопия және электротехникалық өнім бойынша; 4)АТС және машина жасау өнімі бойынша; 5)ауыл шаруашылық және тамақ өнімі бойынша; 6)парфюмеро-косметикалық және химиялық өнім бойынша; 7)радиациялық қауіпсіздік бойынша; 8)санитаро-гигиеналық өнімі бойынша.

 

 


 

 

1- сурет. "ҰССО" АҚ АФ ұйымдастырушылық құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Болат құбырлар сипаттамасы 

 

2.1 Болат құбырлардың жіктелуі

Құбыр өндірісі – металлургиялық кешеннің ең жауапты  сегменттерінің бірі: бір уақытта  отандық металл өнеркәсібінің сапа көрсеткіші және экономикамыздың ең басты иінтірегі – мұнай-газ  кешенінің анықтауышы болып табылады.

Негізінен құбыр өндірісі басты және маңызды  салаларды қамтиды: жылу-энергетикалық  кешен, машина жасау, құрылыс индустриясы, қорғаныс саласы және әсіресе көп  құбырды қажет ететін – мұнай-газ  кешені.

Жаңа  технологиялардың пайда болуымен қазіргі  өндіріс әр түрлі материалдардан, соның ішінде пластмассадан жасалынатын  құбырларды шығаруды игерді. Алайда өткен  шақта кең қолданыста болған болат  құбырлар қазіргі кезде де аса маңызды болып қала береді.

Анықтамасы  бойынша, болат құбыр -  сақина тәрізді, сопақша, көпбұрышты немесе басқа пішіндегі  тұтас тік қималы болаттан жасалған, үлкен ұзындықтағы бұйым.

Болат құбырлар өндіру әдісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Жіксіз (бесшовная) болат құбыр – пісіру жігі жоқ немесе басқа да біріктірусіз өңделген болат құбыр. Мұндай құбырлар соғу (ковка), илемдеу (прокатка), сымдау (волочение), баспалау (прессование) әдістерінің бірімен дайындалады. Жіксіз болат құбырларды құбыр жолдарын салуда, қазандық қондырғыларын монтаждауда пайдаланады, сонымен қатар автомобиль өндірісінде, авиа және кеме жасауда, болат құю машиналарында қолданады. Бұл құбыр түрі қымбатырақ және сенімдірек келеді.

Егер  құбыр қайта кристалдану температурасынан жоғары температурада дайындалса, ол ыстықтай деформацияланған (дайындау әдісіне байланысты ыстықтай соғылған, ыстықтай илемделген, ыстықтай баспаланған) жіксіз болат құбыр деп аталады.

Қайта кристалдану  температурасынан төмен температурада  деформацияланған болат құбырды  жылылай деформацияланған (жылылай  илемделген және жылылай тартылған) жіксіз болат құбыр деп атайды.

Суықтай деформацияланған жіксіз болат құбыр (суықтай илемделген, суықтай тартылған) – қажетті өлшемі суық деформация тәсілімен алынған жіксіз болат құбыр. Мұндай құбырлар көміртекті, сонымен қатар, қоспаланған (легированная) болаттан дайындалады.

Пісірілген  болат құбыр – штрипстерден немесе қаңылтыр илемнен қорамалау (формовка) және пісіру жолымен дайындалған болат құбыр. Жікті біріктіруді пісіру әдісімен орындайды.

Электрлі  пісірілген болат құбыр - штрипстерден немесе қаңылтыр илемнен қорамалау және электрлік пісіру әдісімен өңделген болат құбыр. Пісірілген болат құбырларды түзу жікті және спираль (шиыршық) жікті деп бөледі.

Түзу  жікті электрлі пісірілген болат  құбыр – құбыр осіне параллель түзу түйісті (стык) пісіру жолымен дайындалған электрлі пісірілген болат құбыр. Мұндай құбырлар өз алдына ыстықтай және суықтай деформацияланған деп бөлінеді.

Ыстықтай  деформацияланған түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр – пісірілгеннен кейін ыстық деформацияға ұшыраған түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр.

Суықтай деформацияланған (суықтай илемделген, суықтай тартылған) түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр – пісірілгеннен кейін суық деформацияға ұшыраған түзу жікті электрлі пісірілген болат құбыр.

Спираль (шиыршық) жікті электрлі пісірілген болат құбыр – штрипстерден немесе қаңылтыр илемнен шиыршық бойынша қорамалау (формовка) және түйісті спираль жікпен үздіксіз пісіру жолымен дайындалған электрлі пісірілген болат құбыр.

Пеште  пісірілген болат құбыр – қыздырылған штрипстерден қорамалау және пісіру әдісімен дайындалған болат құбыр. Бұл әдіс пеште жоғарғы температураға дейін қыздырылған, сығылатын металл беттерінің молекулярлы ілінісу қабілетін пайдалануға негізделген.

Дәнекерленген (паяная) болат құбыр – штрипстерден қорамалау және дәнекерлеу жолымен дайындалған болат құбыр.

Оралған екі қабатты дәнекерленген болат  құбыр – штрипсті екі қабаттап орап, кейін қабаттар әсерлесетін  беттің барлығын мыспен дәнекерлеу жолымен  дайындалған дәнекерленген болат  құбыр.

Құйылған  болат құбыр – құбыр құю машиналарында алынатын болат құбыр.

Болат құбырларды өндірісінде жоғары беріктікке ие, ескіруге бейімділігі төмен, пісіруге икемділігі жақсы, жоғарғы сапалы көміртекті немесе аз қоспаланған (марганец, хром қоспаланған) болатты пайдаланады.

Информация о работе Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат