Құқықтық сана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 14:52, доклад

Краткое описание

Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқықтық сана.docx

— 27.67 Кб (Скачать документ)

Құқық теориясында  құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік  міндеттерге бөлінеді.

Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің  құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.

Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың  жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.

Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі  әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың  ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық  ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің  бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші  болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына  нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматарға құқықтық тәрбие берудің  де маңызы аз емес.

Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен  оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір  топта бірдей танылмайды. Олардың  ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде  құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда  бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін  консервациялау, тіпті криминогендік  жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.

Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына  көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне  кепілдік бере алатын теңдесі жоқ  әлеуметтік құндылық ретінде құқық  түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.

Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла  бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым  салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың  басым болуы оған бүлдірушілік ықпал  етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің  пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде  қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек  мүдделі деген пікір таралып  кеткен.

Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында  дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.

Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік  тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі  сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы  түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен  бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін  байқауда “қырағы” болып келеді.

Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер  арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық  қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті  негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң  тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.

Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық  түрін иеленушілер құқықтанушы  және мемлекеттанушы ғалымдар болып  табылады.


Информация о работе Құқықтық сана