Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы
алатын рөлі......................................................................................................4
1.1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы..............................................................................................................4
1.2. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан
қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясаты..............................7
1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны.........................................11

II. Екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеу тәжірибесіне талдау.............................................15
2.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
механизмі......................................................................................................15
2.2. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік
қабілетіне талдау (“ЦеснаБанк” акционерлiк қоғамының шағын
бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен)...............................................................25
III. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді
жетілдіру жолдары.........................................................................................37
3.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік
несие желісі есебінен қаржыландыру........................................................37
3.2. Дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау
экономикалық тұрақтылықтың кепілі.......................................................42
Қорытынды................................................................................................................44
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі_Курстық жұмыс_Кенжеғұлова.doc

— 496.00 Кб (Скачать документ)

Несиелер берілетін мерзіміне  қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделділігі  оны қайтару, өтеу мерзімдерімен  анықталады. Осылай қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.

Қысқа  мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу  көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражаттарының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары

 

ресурстарының көздері ретінде  жұмсалады. Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілері арасында қысқа мерзімді несиелер іс жүзінде жиі ретте қолданылады, бұл орайда шағын және орта бизнес субъектілерінің сауда-делдалдық қызметке, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге, қоғамдық тамақтандыру қызметтері көрсетуге бағдарлануы ескеріледі.

Қаржыландырудың бұл түрлері қарыз  алушы, сондай-ақ банк үшін де тиімді болады. Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім шарттарымен реттеледі.

Несие берудің неғұрлым сирек ұшырасатын түрі ұзақ мерзімді несиелер болып  табылады. Мұндай несиелерді екiншi деңгейдегi банктердің бәрі бірдей бермейді. Оларға жаңадан құрылған компаниялардың, қызмет тиімділігі төмен компаниялардың қол жеткізуі қиынға соғады, өйткені ұзақ мерзімді несие берген кезде қарыз алушы борышын таза пайдадан өтеуге тиісті болады. Сондай-ақ қаржыландыруды беру жөніндегі қызметтердің қосымша түрлері де болады: олар – құжаттамалық несие операциялары - шағын және орта бизнес субъектілері барған сайын барынша кеңінен қолданылып отырған банк кепілдіктері аккредитивтер, вексельдер.Табысы аз азаматтардың және кәсіпкерлікті жаңадан бастаушылардың, оның ішінде коммерциялы және кредитті рәсімдеудің техникалық рәсімдері оңайлатылған грант негізінде жүзеге асырылатын ауылдағы кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамаларына шағын несие беру жүйесі көрсетілген схеманың тұғыры болуы тиіс. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және қосымша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз бизнесін одан әрі дамытуды мақсат тұтқан жаңадан бастаушы кәсіпкерлерде несие тарихының пайда болуына ықпал ететін болады.

Банктер кез келген уақытта, кез келген қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелдi банктiң қаншалықты тиiмдi жаба алу тәуекелiне кез болады. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді:

 

 

2 – кесте.  Банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде әсер ететін факторлар

 

Банк тұрғысынан

Кәсіпорын тұрғысынан

1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы

1. Несиеге деген жоғары пайыздық  мөлшерлеме

2. Несиені қамтамасыз етудің өтімсіздігі

2. Несиелердің қысқа мерзімділігі

3. Қарыз алушы-кәсіпорынның  қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы

3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік  кезеңінің жоқтығы 

4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпараттық  жабықтығы

4. Құжаттарды дайындау процедурасының  ұзақтығы

5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты  несие тарихы туралы ақпараттарға қол жетпеушілік

5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі

6. Банк менеджерлерінің ұзақ  мерзімді несиелермен жұмыс істеу  тәжірибесінің жоқ болуы

6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша  жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы



Кәсіпорындағы несиелеу тәуекелінің  көп таралған түрлеріне мыналар  жатады: өтімділік тәуекелі – жоспарланған пайданы ала алмау қауіпі; қаржы  тиімділігі тәуекелі – пайданың азаюына сәйкес шығынның өсу мүмкіндігі; маркетингтік тәуекел - өнімді өткізу байланысты тәуекел; форс-мажорлық жағдайға байланысты тәуекел - әртүрлі жағдайлардың пайда болуы, осының нәтижесінде кәсіпорын қызметінде несиені өтеу, өндірістік құралдарды сатып алу сияқты белгіленген жоспарлардан ауытқуы мүмкін. Кәсіпорынның несиені тиімді

 

 

пайдалануы оның өнімді өткізуден  түскен түсім негізінде берілген несие бойынша негізгі қарыз сомасы мен пайыз мөлшерлемесін уақытылы төлеумен сипатталады.

Жоғарыда айтылғандай, шағын бизнестi несиелеу қаржыландырудың банктер үшiн тәуекел деңгейiнiң өте үлкендiгi ең бiрiншi фактор болып отыр. Сонымен қатар банктiк қызметтердiң iске асуының өзiндiк құнының жоғарылауымен де тiкелей байланысты. Осы аталған факторларға байланысты мемлекет тарапынан банктiк емес қаржылық мекемелердiң шағын бизнестi инвестициялауына ынталандырудың қозғаушы механизмiн жасау керек. Қазiргi кезде менiң ойымша шағын бизнестi арнайы инвестициялайтын компания құру керек сияқты. Сондай-ақ шағын бизнестi несиелейтiн коммерциялық банктердiң механизмi мен тәртiбiн қарастыру керек. Коммерциялық банктер шағын бизнестi несиелеуде бюджет қаражаттарының кепiлiмен және де арнайы мемлекеттiк қоғамдық қорлар мен бiрлестектердiң қаражаттары кепiлi арқылы несиелеудi қарастыруы керек. Шағын бизнестi қолдау ретiнде банктердiң және басқа да қаржылық институттардың несиелiк ресурстарын кеңiнен тарту мақсаты алға қойылған жөн. Инвестицияларды қорғау шаралары бойынша коммерциялық құрылымдардың коммерциялық шағындарының қорғалуын қарастырып, жеңiлдiктермен шағын бизнеске несиелер бөлу операцияларын жетiлдiру керек. Шағын және орта  бизнестiң дамуы мен оның одан әрi нығаюының базасы ретiнде тұрғындардың банктiк жинақтарының индексациясын жүргiзу болып табылады. Осы мақсатта несиелiк корпорациялар жүйесi мекемелерi зор роль атқарады. Мұндай мекемелер шағын және орта бизнестi қаржыландырғаны үшiн белгiлi бiр мөлшерде салықтық жеңiлдiктер, несиелiк ресурстар және мемлекет кепiлiн алады. Мұндай несиелiк корпорациялар жекеменшiк нысанында болып, коммерциялық негiзде жұмыс жасайды.

Қазiргi уақытта шағын және орта бизнес әр түрлi қаржылық мекемелерден көмек алуда. Банкпен несиелендiру мерзiмдерi өте қысқа. Сондықтан осы  корпоративтi экономика үлгiсiндегi экономикаға сай қаржы институттарының жаңа формаларын енгізу керек. Ол шағын бизнеске төмендетiлген процентпен несие беру, өзара несиелеу қоғамдарын құру керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Шағын және орта бизнес субъектілерін  несиелеу

тәжірибесіне  талдау

    1. . Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу механизмі

«ЦеснаБанк» өз ресурстары қаражатынан мемлекеттiң алға ұстанып отырған  саясаты шағын және орта  бизнестi дамыту бағдарламасы бойынша несие қаражаттарына сұраныс бiлдiрген қаржы жағдайы тұрақты, өз iсiн алып жүре алатын шағын бизнес субъектiлерiн несиелейдi. Бұл несиелеу дәстүрлi банктiк қызметтердiң көрсеткiшi болып табылады..

Жалпы банктердiң тәжiрибесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң өзiндiк кезеңдері болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын  несиелеу  механизмiнiң элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. Мысалы, «ЦеснаБанк» акционерлiк қоғамының несиелеу операциясын ұйымдастыру процессі келесiдей негізгі кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтiнiштi қабылдау, қарау және талдау;
  • қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау;
  • қарыз алушының сенімділігін бағалау;
  • қамсыздандыруды бағалау және тексеру;
  • несиелiк келiсiмшарт жасасу;
  • заңи экспертизаны жүргізу;
  • резюме дайындау;
  • банктің ұсынатын қызметтерімен және оны жүзеге асыру бойынша мақұлдау процедуралары;
  • берілген несиелер бойынша мониторинг және борышты өтеу бойынша тексерулер жүргізу;
  • несие беру;
  • несиені өтеу.

Банкке келiп түскен несиеге  деген өтiнiштi қабылдау, қарау және талдау кезеңі. Несиеге деген өтiнiштi қабылдау, қарау және талдау «ЦеснаБанк» акционерлiк қоғамының Нұсқаулықтарына, Ережелеріне сәйкес жүргізіліп отырады. Банкте кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Арыз келiп түскеннен кейiн несиелiк жобалардың тиiмдiлiгiн зерттеу үшiн несиелiк сараптауға берiледi. Несиелiк сараптаушы сол фирманың арызын алғаннан кейiн, оның сұранысын қанағаттандыру немесе керi қайтару үшiн басынан аяғына дейiн бұл процестi өзi атқарады. Осы ретте банкке 11.02.2005 жылы «Алматы Құрылыс» АҚ  несиеге деген қажеттiлiгiн бiлдiрiген арызын әкелдi. Несиелiк арызды фирманың осы мәселелермен  айналысуға құқығы бар өкiлi немесе фирма жетекшiсi ғана арызға қол қойып, банкке өткiзе алады. Және олар несиелiк  экспертпен кездесiп, ауызша келіссөздер жүргiзедi. «Алматы Құрылыс» акционерлік қоғамының несиелiк арызы келiп түскеннен кейiн несиелiк эксперт ең бiрiншi несиелiк арызға талдау жасау үшiн оған керектi құжаттардың тiзiмiн бередi және сұрап отырған несиесiнiң мақсатын, сомасын, мерзiмiн, қалап отырған проценттiк ставкасының мөлшерiн анықтайды. Және  де осы банкте несиелiк тарихының бар немесе жоқ екендiгiне көз жеткiзедi. Осыған орай, «Алматы Құрылыс» АҚ-ың сұрап отырған несиесінің параметрлері мындай түрде болды:

  • Несие – 260 000 000 тенге;
  • Мерзім – 36 ай;
  • Мақсаты – айналым капиталын толықтыру;
  • Жылдық проценттік ставка – 14%;
  • Қамсыздандыру – Алматы облысы, Іле ауданы, Энергетический ауылы, Калинин көшесінде орналасқан жер учаскісі және құрал жабдықтары бар өндірістік база.

Содан кейiн, «Алматы Құрылыс» АҚ-ың банктiң несиелеу процесiнiң механизмiмен таныстырады. Несиелiк эксперт «Алматы Құрылыс» АҚ-ың қызмет ету саласын анықтап, оның қандай әрекеттермен айналысатынына көңiл бөледi.

 

 

3 – кесте. Қарыз алушының жалпы сипаттамасы

 

Қарыз алушының толық және қысқартылған аты

      «АлматыҚұрылыс» АҚ

Меншік формасы

Жеке 

Әділет министірлігінде алғаш  тіркелген күні

19.05.2004 жыл

Мекен-жайы

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Калинин көшесі

Қызметтің негізгі түрі

    • арнайы құрылыс жұмыстары;
    • құрылыс-жөндеу жұмыстары;
    • жол жасау бойынша жұмыстар;
    • темір конструкцияларын монтаждау және арматураларды орнату.

Жарғы капиталы

46 619 000


 

Бұл процедуралардан кейiн несиелiк  эксперт қарыз алуға өтiнiш  бiлдiрген клиенттiң несиелiк арызын банктiң канцеляриясында тiркеп, оған яғни, қарыз алушыға банкке қажеттi құжаттар  тiзiмiн бередi. Өздерiңiз көрiп отырғандай несиелiк эксперт қарыз алуы мүмкiн клиенттiң өтiнiшiн, оның сұрап отырған несиелiк жобасының қаншалықты дәрежеде қайтарымды және сұралған несие берiлу керек пе, елде басқада варианттар туралы кеңес беру үшiн клиенттiң қаржылық шаруашылық жағдайына талдау жасайды. Сонымен қарыз алушы «АлматыҚұрылыс» АҚ-ң қаржылық  шаруашылық жағдайын талдауға қажеттi құжаттар:

  • Клиенттiң несие  алу мақсатында берген арызы;
  • Қарыз  алушының анкетасы;
  • Кәсiпорынның қаржылық құжаттары, ол құжаттарда несие берiлер алдындағы соңғы тоқсан және соңғы үш жылғы мәлiметтерi көрсетiлуi керек;
  • Клиенттiң дебиторлық және кредиторлық қарыздары туралы мәлiметтер;
  • Ссудалық берешегiнiң бар немесе жоқтығын растайтын анықтама (егер қарыз алушы басқа банктен бұрын соңды несие алған болса, сол банктен оның ссудалық берешегiнiң жоқтығын растайтын құжаттар алып келуi қажет);
  • Салық комитетiнде есепте тұрғандығы туралы анықтама;
  • Бюджет және бюджеттiк емес мiндеттi қорлар алдында берешегiнiң жоқтығын растайтын анықтама;
  • Бизнес жоспар немесе техника экономикалық жоба.

        Осылайша несиелiк  эксперт осы клиенттiң құжаттары  арқылы оның қаржылық шаруашылық  жағдайына талдау жасайды. Талдауда  жалпы болашақ несиелендiрiлетiн  жобаның қаншалықты тиiмдi жақтары, алынатын несиенi жаба алуы немесе жаба алмауы, оның жалпы қарыз  алушының қал жағдайына тигiзетiн әсерлерi қарастырылады. Әрине, несиелеу принциптерiне байланысты кез келген несиенi  қамтамасыз ететiн кепiл мүлкi болуы керек. Жалпы кей кездерде несиенiң берiлу, берiлмеуi осы кепiл затының нарықтағы сұранысына, өтiмдiлiгiне байланысты болуы мүмкiн. Яғни ол заттың бағасы сұрағалы отырған несие сомасынан екi немесе үш есе артық болуы қажет.

Банктiң қоятын талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына байланысты құжаттар берiледi. Бұл құжаттардың тізімі банкпен бекітіледі. Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi «АлматыҚұрылыс» АҚ-ның қаржылық шаруашылық жағдайына талдау жасау үшiн, жобаның анық-қанығына жету үшiн қарыз алушының мәртебесiне құқықтық сараптау жасау үшiн керектi құжаттар тiзiмi:

Құқық белгілейтін  құжаттар:

  1. «АлматыҚұрылыс» АҚ-ның мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы  куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

 

 

 

 

  1. «АлматыҚұрылыс»АҚ-ның құрлтайшылық (Жарғы, құрылтайшылардың шарты) құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  2. Статистикалық карточка.
  3. Белгілі бір қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензиялардың, патенттердің, рұқсаттардың көшірмесі.
  4. Салықтық, органдардан тіркелгені туралы құжат (РНН).
  5. Банктік несиені алу және белгілі бір игілікті кепілге бергені туралы құрылтайшылар  немесе акционерлер (АҚ) жиналысының протоколының нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  6. Мәміленің акционерлік қоғам үшін "ірі" еместігі туралы жазбаша куәлігі.
  7. Егер мәміле акционерлік қоғам үшін "ірі" екендігі анықталса, онда қарыз алушы акционерлердің осы мәміленің іске асуына келісім бергені туралы акционерлер жиналысының протоколын ұсынуы тиіс.
  8. Банкпен жасалатын Несиелік келісімшартқа қолдарын қоятын тұлғалардың  лауазымын  растайтын  құжаттар.
  9. Акционерлер реестірінен жасалатын көшірме (АҚ).
  10. Қол қою құқтары бар лауазымды тұлғалардың, бас бухгалтердің паспорттарының көшірмесі, РНН, т.б. жеке басты куәландыратын құжаттар.

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу