Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 18:53, курсовая работа

Краткое описание

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I. Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы
алатын рөлі......................................................................................................4
1.1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы..............................................................................................................4
1.2. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан
қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясаты..............................7
1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны.........................................11

II. Екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеу тәжірибесіне талдау.............................................15
2.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
механизмі......................................................................................................15
2.2. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік
қабілетіне талдау (“ЦеснаБанк” акционерлiк қоғамының шағын
бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен)...............................................................25
III. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді
жетілдіру жолдары.........................................................................................37
3.1. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік
несие желісі есебінен қаржыландыру........................................................37
3.2. Дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау
экономикалық тұрақтылықтың кепілі.......................................................42
Қорытынды................................................................................................................44
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі_Курстық жұмыс_Кенжеғұлова.doc

— 496.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта  бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезiнде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа  ұшыраған кезiнде де өмiршең күй танытты. Елдегi объективтi және субъективтi қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергi етуде.        объективтi қиындықтары:

Экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар  жетiспеушiлiгi, мiне осы мәселелер  шағын және орта  бизнестiң кең  көлемде қарқын алуына кедергi етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттiң инвестор ретiндегi ролi төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнестi дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтiк актiлердi жолға қоюы, шетелдiк және отандық инвесторларды шағын және орта  бизнестi дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта  бизнестi қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік  сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Ресми статистика деректері бойынша  республикада осы сектор дамуының оң серпіні, шағын және орта  бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі 2004 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6% -ін құрайды.

 

 

 

Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жолы болып отыр. Шағын және орта бизнес-экономиканың тиiмдi де қомақты секторы. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Экономикада бiрден-бiр маңызды элемент жұмыссыздық. жұмыссыздықтың  кең етек алуы экономикалық әл-ауқаттылыққа зардабын тигiзер фактор болса, шағын бизнес аясында көптеген жұмыс орындары ашылады.  Осы жаңа жұмыс орындарын ұсына отырып шағын бизнес ел  экономикасына қыруар көмек етедi. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.

шағын және орта  бизнес алдында тұрған проблемалар жеткілікті және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта  бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:

 

1 - кесте.  Шағын кәсіпорындардың жұмыс істеуі кезінде

туындайтын кедергілер

 

Кедергілер

2010

2010 - 2011

1) салық саясаты

2

1

2)жалпы экономикалық жағдайдың  тұрақсыздығы

1

2

3) несие саясаты

4

3

4) өнімді өткізу мәселесі

-

4

5) шикізатпен қамтамасыз ету  мәселесі

5

5

6) мемлекеттік органдармен өзара  іс- қимыл 

3

6


 

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Бұл проблема есеп-қисап жүйесінің үйлесімсіздігі, жоғары ставкадағы салықтар мен алымдар және оларды жинаудың күрделі жүйесі ретінде көрініс табады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни : АҚШ доллары бағамының тез қалқымалылығы, макроэкономикалық негативті өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер.

Үшінші орында кәсіпкерлер несиені  алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша   шағын және орта  бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді анкеталық сұраудың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолы. Яғни, жоғары проценттік ставкалар, қысқа мерзімде несиелеу және кепілге слынған мүліктің болмауы. Бүгінгі күнде коммерциялық банктер тек сауда -саттық операциялармен айналысушыларды немесе тауар өндірушілерді ғана несиелеуді қолдап отырғанын айта кетуге болады. Банктік сектор шағын бизнесті көңілсіз түрде несиелеуге мұқтаж. Себебі несие берілген жағдайда шағын кәсіпорындардың несиені қайтара алмай қалуынан, оны өтейтін қаржылық базаның аздығы көңілді алаңдатады.

Төртінші мәселе - шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірде - бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарлылығы. Ал шикізатпен қамтамасыз етілуі кезінде пайда болуының себебі – тауар сапасының төмен болуы, қымбат баға және отандық шикізаттың болмауы есебінен туындайды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі  мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, құқықтық және институтционалдық – құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық  мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін мынадай факторларды бөліп көрсетуге болады. Ал бұл факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежеуге және бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.

 

      1. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан

қаржы - несиелік және инвестициялық қолдау саясаты

 

Шағын бизнес тиімді әрі ырғақты  даму үшін мемлекет тұрғысынан қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы  саясаты алдыңғы орынға шығады.

Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті  одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын шағын бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.

Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікке «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту» қорынан басқа оннан  аса халықаралық ұйым қаржылық көмек  көрсетеді. Халықаралық ұйымдар  әр түрлі жобаларды қаржыландырумен қатар кәсіпкерлерге техникалық, консультациялық көмектер көрсетеді. Бұл  халықаралық ұйымдар ішінен мынадай ұйымдарды ерекше атаған дұрыс: Еуропалық Даму және Қайта Құру банкi, Азия Даму банкі, Кәсіпкерлікті қолдаудың Ортаазиялық-Американдық қоры. Еуропалық Даму және Қайта Құру банкi Қазақстанда екі қор құрды:

  • Жарғылық қоры 122 миллион доллар болатын «Амекс-Юнит» қоры;
  • «Постприватизационный фонд» акционерлік қоғамы, бұл қордың жарғылық қоры 45 миллион доллар, банк қоғамының 90%-на ие болып отыр.

Кәсіпкерлікті қолдаудың Ортаазиялық-Американдық  қоры 50 миллион доллар көлемінде  әр түрлі жобаларды қаржыландырады.

 

  Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау бағыттарының бірі –  мемлекеттің  қаржы-несиелік және  инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

  • Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына жергілікті және республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың есебінен, заңдарда белгіленген тәртіппен несие беруі;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған
  • кәсіпкерлердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін, аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;
  • Тиісті жылдарға арналған  республикалық бюджетте аталған мақсатқа қаражат көзделген жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса, бюджеттен қаржыландыру;
  • Қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру тетіктерін әзірлеу.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы  инвестициялық саясат құрал-жабдықтарды  шығаруға қабілетті, шағын кәсіпкерлік  субьектілерінің қажеттілігіне жауап беретін компанияларға бағытталуы керек. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субьектілерінің құрылуы мен экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің қаржы қаражаттарын тиімді пайдалануды жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 26 сәуір айында № 665 жабық типтегі акционерлік қоғам формасындағы банктік емес қаржылық мекеме - шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылды.

Қордың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  • шағын  кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
  • шағын  кәсіпкерлік субьектілері мен жеке кәсіпкерлікті мақсатты несиелеу;
  • шағын  кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орнын құруға жәрдемдесу;
  • екінші деңгейдегі банктерден несие алу үшін шағын  кәсіпкерлік субьектілеріне кепілдік беру;
  • шағын  кәсіпкерліктің бизнес-орталығы мен инкубаторларын, шағын  кәсіпкерлік саласында консультациялық, ғылыми-әдістемелік, лизингтік және басқа да нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен несиелеу бағдарламаларына қатысу.

Шағын  кәсіпкерліктің түрлі формаларын қаржыландыру мәселелеріне байланысты 1998 жылдың 12 ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының көп мөлшерде қамтамасыз етілген азаматтарын микронесиелеу бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша микронесиені беру шарттары микронесиені мақсатты пайдалануы міндетті түрде көрсетілген несиешартымен анықталады. Микронесиелер ақшалай формада беріледі. Сонымен қатар несиешартында алынған қаражатты қайтару бойынша шарттар нақты көрсетілуі керек. Микронесиені өтеу мезімі қызмет түріне байланысты жеке бекітіледі және ол кесте түрінде қайтарылады. 

Екінші микронесиені алу кезінде мүлік кепілі түрінде қамтамасыз етілуі керек. Бірінші микронесие 400 АҚШ доллар сомасына дейін, 5% жылдық мөлшерлемемен, 18 айға дейін мерзімге беріледі.

Микронесиелеудің институционалдық негізі микронесиелеудің Топтары түрінде құрылды. Ол ірі сомадағы несиені алуға талпынған жақсы  қамтамасыз етілген азаматтарға негізделген. Микронесиелеу  Тобының құрылуына жергілікті басқару органдарының өкілдері және қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар авторитетті адамдар мен қоғамдық танымал қызметкерлері өз үлестерін қосты.

Шетелдің дамыған  мемлекеттерінде  шағын бизнесті қаржылық қолдау негізінен  мемлекет желісі арқалы жүрсе, ал Қазақстанда  мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру мүмкіндігі шектеулі. Себебі, мемлекеттің  кәсіпкерлікті қаржылық қолдау көп  шығынды қажет етеді.Осы жағдайда бюджет қаражатын қолданудың  қайтарымдылық механизміне көшу

 

маңызды. Потенциалды инвесторлардың қаржыларын кеңінен тарту мақсатында Қазақстанға тікелей инвестициялар үшін қолайлы климат жасау жұмыстарын жүргізу қарастырылуда.

шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк қолдау саясаты бойынша мақсатты несиелiк ресурстардың шағын бизнестi дамыту үшiн квотасын бекiту: отандық инвесторлар үшiн 10-20 %, ал шетелдiк инвесторлар үшiн 15-25 %. Және де болашақтағы экономикаға келетiн инвестициалардың жалпы көлемiнен басымдырақ, табысты бағыттарға орналастыру осындай үлгiде болса, салалық бөлiну арқылы шағын және орта бизнес әжептеуiр дамыр едi.

  • ауыл шаруашылығы - 20 %
  • азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауарлар, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсi, дәрiлiк препараттар, медициналық техника - 20 %
  • иновациялық iс-әрекеттер - 20 %
  • көлiк, байланыс, құрылыс, құрылыстық материалдар өндiру-15%
  • тұрмыс қызметтерiн көрсету, коммуналдық қызмет -  15 %.

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде шағын және орта бизнесті несиелеу