Ақша қаражаттары мен олардың баламалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 21:37, реферат

Краткое описание

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе
I. Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
II. Қолма қол есеп айырысу нысандары
III. ХҚЕС №7 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік
IV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары мен олардың баламалары.docx

— 42.67 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Төлем талап-тапсырмасы

Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа нысаны, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және телем тапсырмасынын. элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет қунын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжатгармен бірге бірден аударушынын. банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішіңце банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға кайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі:

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Инкассалық өкім

Инкассалық өкім — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу ушін пайдаланылатын төлем құжаты

Инкассалык өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарынын, инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен берге жүреді.

Инкассалық екімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушынын, шотындағы қаражат көлеміндетөленуі мүмкін, яғни қаражат келемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттын, келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражатгың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалыоына тыйым салынды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чекпен есеп айырысу

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
  • сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Кепілденген чек — чек беруші банкі шотындагы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
  • Кепілдендірілмеген чек — чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;
  • Қамтамасыз етілген чек — банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;
  • Қамтамасыз етілмеген чек — депозитпен қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек — бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері болады:

  1. «чек» деген атауы;
  2. чек номері мен сериясы;
  3. чектің қызмет ету мерзімі;
  4. чек берушінің аты-жөні;
  5. чек берушінін, СТТН-і;
  6. Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;
  7. чек ұстаушының аты-жөні;
  8. чек ұстаушының СТТН-і;
  9. чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;
  10. чек беруші банктің жеке банктік коды;
  11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;
  12. «Төлемнің тағайындалу» кестесі;
  13. Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орыны;

Чектер қолма-қолсыз телемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақшалай алу үшін пайдаланылады. Қазақстан Республикасында чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық Банктің бекітілген нысанында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің нысанында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Чектің қызмет ету мерзімі тотырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Қолданылатын төлем құралдарының түрлері бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер құрылымы өткен кезендермен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұрынғысынша, төлем тапсырмалары (жоғарыда көрсетілген телем құралдарын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан 35,8% және жалпы көлемінен 94,3%) және төлем карточкалары (тиісінше 58,6% және 1,8%). Қазақстанның аумағында ең кеп таралған болып табылады.

Төлемдік талап-тапсырмаларды (телемдердің саны бойынша 0,1 % және келемі бойынша 0,5%) және инкассалық өкімдерді (төлемдердің саны бойынша 0,4% және көлемі бойынша 0,3%) пайдалану үлесі елеусіз ғана болды.

Төлем құралдарының жалпы санының өсуі негізінен төлем тапсырмалары санының 4 590,7 мың транзакдияға және төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар санының 13 231,4 мың транзакцияға өсуіне себепші болды. Төлемдер келемінің өсуі негізінен төлем тапсырмаларын пайдалана отырып, төлемдер көлемінің 12,7 трлн. теңгеге кебеюіне байланысты болды.

 ХҚЕС № 7 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік.

       Бухгалтерлік  есеп шаруашылық қаражаттарының  құрамындағы және оларды жабу  көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және  олардың нәтижесін толық және  дер кезінде көрсетуге арналған. 
Ақша қаражатының козғалысы туралы есеп беру. ХҚЕС №7 талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялык, және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі. 
№7 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайыңдағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.[48] 
Ақша қаражаттарынның қозғалысы туралы есеп беру- Бұл «Ақмай» АҚ-ның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді сипаттайды. Бұл есеп беруді жасаудың қажеттілігі белгілі бір есеп кезеңінде серіктестік құралдарының көзін және бұл құралдардың қалай қолданылып жатқандығын көрсету қажеттілігімен туындады.  
Акционерлік қоғамның кассасында жалпы ақша сомасы 510,0 млн теңгені құрайды. Соның ішінде: 
Тауарларды (жұмыстарды,қызмет көрсетулерді) сатудан түскен табыс-469 млн теңге.  
Ақша қаражаттының есептен шығуы – 40,0 млн теңге. 
Ішкі шаруашылық есеп айырысу нәтижесі бойынша ақша – 240,0 млн теңге. 
Жалпы жиынның өсуі немесе кемуі өткен кезең бойынша - 40,0 млнтеңге. 
Есеп кезеңінің басындағы ақша қаражаттары- 76,0 млн теңге. 
Есеп беру кезеңі соңында ақша қаражаттары -36,0 млн теңге. 
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді. 
Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаа қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялык немесе қаржылык қызметгің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

 
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. 
Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлык төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді. 
Операциондық кызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен жәнет.б. шығыстарынын тұрады.

 
Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық кызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржьшык-шаруашьшық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі. Жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянга ағымдағы актавтер мен міндеттемелерге, акша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап тұзетулер енгізіледі. 
«Ақмай» АҚ-ның қаржылық есеп берудің келесі формасы ол , яғни кәсіпорынның – «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі».

       Халықаралық  қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан əрі - ХҚЕС)

сəйкес ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп оларды операциялық,

инвестициялық немесе қаржылық қызмет бойынша жіктей отырып, кезеңдегі

ақша қаражатының легін беруге тиісті.

 

1. Ақша қаражаты  жəне оның баламасы. ХҚЕС-ке сəйкес ақша

қаражатына жəне оның баламасына:

- қолма-қол ақша жəне  талап еткенге дейінгі салымдар;

- ақша қаражатының белгілі  сомасына жеңіл айналдыратын  жəне

құндылықтың өзгеруінің шамалы тəуекеліне ұшырайтын қысқа мерзімді,

өтімділігі жоғары салымдар қосылады.

Осы мақала мынадай көрсеткіштерден қалыптастырылды жəне

қамтылды:

- басындағы ақша қаражаты  жəне оның баламасы;

- соңындағы ақша қаражаты  жəне оның баламасы;

- ақша қаражатының жəне  оның баламасының таза қозғалысы;

- ақша қаражатына жəне  оның баламасына айырбас бағамдарының  ықпал

етуі.

Осы мақаланы анықтау үшін жалпы формула болып табылатындар:

ақша қаражаты жəне оның баламасы = ақша қаражатының жəне оның

баламасының таза қозғалысы + ақша қаражатына жəне оның баламасына

айырбас бағамдарының ықпал етуі.

Операциялық қызмет – компанияның негізгі түсім əкелетін қызметі мен

инвестициялық жəне қаржы қызметтерінен басқаша өзге қызметі. Операциялық

қызмет нəтижесінде пайда болатын ақша легінің мысалдары болып

табылатындар:

- өнімді сатудан, жұмыстар  орындау мен қызметтер көрсетуден  түскен

ақша, сондай-ақ сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден түскен аванстар.

- жедел лизинг ұйымдастыруға  активтер беруден түскен ақша,

гонорарлар, комиссиялық жəне басқа осындай түсімдер.

- тауарлар мен қызметтер  жеткізушілерге ақша төлеу.

- қызметкерлерге ақша  төлеу жəне өз қызметкерлерінің  тапсырмалары

бойынша ұйымдардың жасаған төлемдері.

- егер олар инвестициялық  жəне қаржы қызметтерінің нақты

операцияларына жатқызылмайтын болса ғана, ақша төлемдері немесе пайдаға

салықтың ақшалай өтемі.

- ақша төлемдері немесе  басқа салық төлемдеріне ақшалай  өтем.

- ұйымның қайта сату  мақсатында сатып алатын бағалы  қағаздарын

сатып алу жəне сату нəтижесінде пайда болатын ақша легі.

- сыйақы нысанындағы ақша  түсімі.

- басқа ұйымдардың жарғылық  капиталдарына қатысудан алынған

дивидендтер, өзіндік құн əдісі бойынша ескерілетін салымдар.

- сақтандыру сыйлықақысы  жəне талап қою, жыл сайынғы  жарналар

жəне өзге сақтандыру сыйақылары ретінде сақтандыру ұйымдарының ақша

түсімдері жəне төлемдер.

- мəмілелер жасау үшін  немесе сауда мақсатындағы келісім-шарттар

бойынша ақша түсімі жəне төлемдер.

Инвестициялық қызмет – ақша баламасына жатпайтын айналыстан тыс

активтерді жəне басқа инвестициялары сатып алу жəне сату.

Информация о работе Ақша қаражаттары мен олардың баламалары