Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 18:26, реферат

Краткое описание

Бұл брошюра Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда көрсететін бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………
3

1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................

4

1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау....
4

1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..

8

1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары...............................
13

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері.....
20

2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы...............................................
20

2.2 Республикалық бюджет.........................................................................
23

2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................

25

2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................

27

3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы.........................................
29

3.1 Бюджеттің кірістері.............................................................................
29

3.2 Бюджеттің шығыстары.......................................................................
36

3.2.1 Әлеуметтік бюджет...........................................................................
42

Білім беру........................................................................................................
42

Денсаулық сақтау...........................................................................................
48

Зейнетақымен қамтамасыз ету.....................................................................
54

3.2.2 Экономикаға арналған бюджет.........................................................
58

Көлік және коммуникациялар......................................................................
58

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі.......................
61

Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану...................
64

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................


68

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы....................................................
76

3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет.........................................................
78

Ұлттық қорғаныс............................................................................................
78

3.2.4 Бюджетаралық қатынастар..............................................................
80

4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері.......................................
91

4.1 Мемлекеттік борыш...............................................................................
91

4.2 ҚР Ұлттық қоры......................................................................................
95

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

бюджет.docx

— 292.25 Кб (Скачать документ)

 

 Шоғырландырылған бюджеттің  құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

 

 – республикалық бюджет;

 

 – облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  бюджеттері;

 

 – Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке  түсімдер мен олардың Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорына  аударымдары.

 

2.2 Республикалық бюджет

 

 Республикалық бюджет  салық және өзге де түсімдер  есебінен қалыптастырылатын және  республикалық бюджеттік бағдарламалар  мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.

 

 Республикалық бюджеттің  қаражаты экономиканы құрылымдық  қайта құруды қаржыландырудың,  өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.

 

 Азаматтар мен ұйымдардан  алынатын салықтар, мемлекеттік  меншікті жалға беруден немесе  оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.

 

 Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне сәйкес республикалық  бюджетке түсетін түсімдер мыналарды  қамтиды:

 

- республикалық бюджеттің  кірістері;

 

- алынған бюджеттік алымдар;

 

- республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді қайтару.

 

 Республикалық бюджеттің  кірістері салықтардан (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен кірістердің есебінен толықтырылады.

 

 Республикалық бюджеттің  салықтық емес түсімдері мыналар  болып табылады: республикалық меншіктен  түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т.б.

 

 Республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді өтеуден,  мемлекеттің республикалық меншікте  тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

 

 Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады).

 

 Республикалық бюджеттің  шығыстары мынадай бағыттар бойынша  жүзеге асырылады:

 

- әлеуметтік сала (білім  беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік  көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету);

 

- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

 

- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;

 

- мәдениет, спорт, туризм  және ақпараттық кеңістік;

 

- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;

 

- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

 

- елдің инфрақұрылымы  (көлік және коммуникациялар);

 

- өзге де бағыттар.

 

 Республикалық бюджеттен  сондай-ақ:

 

- кадрларды қайта даярлау  мен қызметкерлердің біліктілігін  арттыруды қоса алғанда, орталық  мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;

 

- Бюджет кодексінде белгіленген  бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық  жобалар мен бағдарламаларға,  халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы  ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.

 

 Кез келген бюджеттің  тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.

 

 Мемлекеттік бюджет:

 

1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.

 

2. Мемлекетке елдегі экономикалық  жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

 

3. Бюджеттік ресурстарды  басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады. Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

 

 

2.3 Жергілікті бюджеттер  және олардың аумақтық құрылымдардың  әлеуметтік-экономикалық дамуындағы  мәні 

 

 Елдің мемлекеттік  құрылысында аумақтық құрылымдардың  болуы оларда тіршілік ету  қызметін қамтамасыз ету үшін  оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

 

 Жергілікті бюджет  тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

 

 Жергілікті бюджеттердің  рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

 

 Жергілікті бюджеттердің  жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

 

- елдің жалпы экономикалық  жағдайы;

 

- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;

 

- жергілікті билік және  басқару органдарының құқықтары  мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;

 

- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.

 

 Жергілікті бюджеттер  тұрақтылығының басты шарты нақты  қаржы кезеңі мен нақты аумақтың  шеңберінде жергілікті мемлекеттік  органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.

 

 Қазақстан Республикасында  жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық  бірліктердің бюджеттері) облыстық  бюджеттермен, республикалық маңызы  бар қаланың және астананың  бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

 

 Облыстың бюджеті олардың  арасындағы өзара өтемелі операцияларды  ескерместен облыстық, қалалық және  аудандық бюджеттердің жиынтығы  болып табылады.

 

 Қазіргі кезде Қазақстандағы  жергілікті бюджеттер мемлекеттік  бюджет қаражатының жалпы көлемінің  кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.

 

 Жергілікті бюджеттерді  қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

 

 Жергілікті бюджетке  түсетін салықтық емес түсімдер  коммуналдық меншіктен; облыстық  бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен  түсімдерден; облыстық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік  сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

 

 Мыналар:

 

- аудандардың (облыстық  маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен  облыстық бюджетке трансферттер;

 

- республикалық бюджеттен  трансферттер жергілікті бюджетке  трансферт түсімдері болып табылады.

 

 Республикалық маңызы  бар қаланың, астананың бюджетіне  республикалық маңызы бар қаланың,  астананың бюджетінен берілген  кредиттерді өтеуден, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

 

 Мыналардың:

 

- облыстың;

 

- республикалық маңызы  бар қаланың;

 

- астананың,

 

- ауданның (қаланың),

 

- қаладағы ауданның,

 

- аудандық маңызы бар  қаланың,

 

- кенттің, ауылдың (селоның),

 

- ауылдық (селолық) округтің  бюджеттік бағдарламалары жергілікті  болып табылады.

 

 Облыстық бюджеттің  шығыстары облыстық деңгейдегі  билік органдарының функцияларына  сәйкес шығыстардың бағыттары  бойынша жүзеге асырылады.

 

 Облыстық деңгейдегі  жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.

 

 

2.4 Республикалық және  жергілікті бюджеттердің жобаларын  қарау және бекіту рәсімі

 

 Республикалық бюджет  туралы заңның жобасын Қазақстан  Республикасының Үкіметі Парламентке  ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен  кешіктірмей енгізеді. Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің  және Сенатының жалпы отырыстарында  республикалық бюджет туралы  заңның жобасын қарау Үкімет  өкілеттік берген тұлғаның, ол қазіргі сәтте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып табылады, республиканың әлеуметтік дамуының болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі баяндамаларының негізінде жүзеге асырылады.

 

 Республикалық бюджетті  бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.

 

 Егер Парламент ағымдағы  жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық  бюджет туралы заңды қабылдамаса,  Президенттің кезекті қаржы жылының  бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

 

 Кезекті қаржы жылының  бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

 

 Қаржы жоспары бекітілген  жағдайда осы қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

 

 Бұл ретте осы қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

 

 Нәтижелерге бағдарланған  бюджет жасау қағидаттарына сәйкес  қосымшаларымен бірге Республикалық  бюджет туралы заң, қосымшаларымен  бірге Қазақстан Республикасы  Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 Облыстық бюджеттің,  республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың жергілікті атқарушы  органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

 Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.

 

 Егер мәслихат белгіленген  мерзімде жергілікті бюджет туралы  шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Информация о работе Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері