ҚР лизингтің сыртқы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 11:40, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы.................................................5
1.2.Лизингтің негізгі түрлері.................................................................6
Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.
2.1.Лизингтік операциялар есебі.........................................................12
2.2.Лизингтік келісімшарт....................................................................25

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары. .........................................................27
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері............................28
3.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері...........................36
Қорытынды............................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

лизинг.docx

— 51.10 Кб (Скачать документ)

 Міне осы шағын кәсіпкерліктің  дамуына әсер ететін факторлардың  бірі сәйкес қаржылық қызметтер  секторының дамуы болып табылады.Себебі,

көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бір қосымша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал 2003 жылы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық банктерден бөлінген несиелер  млн теңге

 

 

 

12.99

12.00

12.01

12.02

11,03

Банктік несиелер

оның ішінде:

Шағын кәсіпкерге

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді

148830

 

39857

20423

19434

276218

 

74222

40115

34107

489417

 

121954

60153

61801

672407

 

146515

63048

83467

924283

 

210623

80953

120718


 

 Осы кестеден көріп  отырғанымыздай, соңғы бес жылда  коммерциялық банктерден шағын  кәсіпкерлікке бөлінген несиелер 19%-ке ұлғайғанымен, оның жалпы  экономикадағы үлесі салыстырмалы  түрде өте төмен. Сонымен бірге, банктерден несие алу үщін  клиенттерге қойылатын талаптардың  қатаңдылығы шағын кәсіпорындардың  негізгі өндірісін техникалық  жабдықтауға несие алу мүмкіндіктерін  төмендетеді. Сондықтан бүгінгі  күні шағын кәсіпкерлердің пайдаланып  отырған құрылғыларының көбі  техникалық және моральдық жағынан  да тозған.

 Осы сегментке тән  сипаттық белгілердің бірі-шағын  кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі  қаржылық салымдардың неғұрлым  тәуекелділігі жоғары түрі болып  табылатындығы. Оның себептеріне  төмендегілерді жатқызуға болады.

1.Шағын кәсіпорындардың  көбісінің кепілге қоятын өтімділігі  жоғары мүліктері жоқ.

2.Шағын кәсіпорындарда  біліктілігі жоғары мамандардың  аздылығы немесе жоқтығы.

3.Қарызға алынған қаражаттардың  өз мақсатына пайдалануына бақылау  жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің  жоқтығы.

 Осы себептерге сәйкес  шағын бизнеспен жұмыс істеуге  шешім қабылдаған несиелік мекемелер  мынадай мәселелерге кездеседі:

1.Көптеген экономикалық  қаржылық ақпараттарды талдаудағы  және шағын кәсіпорындардың осы  ақпараттарды берудегі кәсіби  деңгейлерінің төменділігі;

2.Шағын кәсіпорындардың  пайдаланатын құрылғылардың көп  түрлілігі.

 Осындай қаржылық инвестициялардың  тәуекелділігінің жоғарлылығы шағын  кәсіпорындар үшін банктерден  берілетін несиелердің бағасы  мен мерзіміне де әсерін тигізеді.

 Ал, лизингтік қатынастар  осындай тығырықтан шығудың бір  жолы болып табылады,себебі лизингтік  қатынастар кезінде несие беру  үшін қажетті қамтамасыз ету  мөлшеріне қойылатын талаптар  банктік несиеге қарағанда салыстырмалы  түрде төмен.

 Біздің ойымызша, бүгінгі  күні лизингтік компаниялар шағын  бизнес сегментін игеруге неғұрлым  көбірек ұмтылулары қажет. Ол  үшін лизингтік компаниялардың  ең төменгі шығындармен қамтамасыз  етілетін перспективті инвестициялық  жобаларды таңдаудың тиімді механизмін  құру арқылы, шағын кәсіпкерлер  сегментіне тән тәуекелділіктерді  төмендетуге мүмкіндіктері болуы  керек.

 Міне осы стратегия  осы сегментте белгілі бір  жетістікке қол жеткізуге көмегін  тигізеді.

 Сонымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер сегментімен  лизингтік қатынастар орнатудың  міндетті шарттарының бірі перспективті  жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің  болуы. Осы жерде ең алдымен  осы механизмнің міндеттері мен  параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі  жоқ бермеуді, ал екінші жағынан  өте қатаң талаптар қою арқылы  барлық жобалардың тым қатты  сұрыпталуын болдырмауды ескеру  қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның  лизингтік келісім-шарттарды бекіту  үшін қаралатын жобалар санын  тәуекелділіктерді жоғарылатпай  көбейтуге, яғни көрсетілген екі  талапты біріктіруге мүмкіндіктері  болуы қажет.

 Осындай тығырықтан  шығудың бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі  ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың  көптеген схемаларын құру. Бүгінгі  таңда,лизингтік қатынастарға гарант  ретінде мемлекеттік органдарды  немесе өмірлік қабілеттілігі  неғұрлым жоғары жеткізушілерді  тартудың өте үлкен потенциалы  бар. Себебі,қазіргі кезде мемлекет  экономиканың кейбір нақты салаларын  дамытуға үлкен қызығушылық танытып  отыр.

 Сонымен бірге,лизингтік  компаниялар құрылғыларды тиімді  басқаруды ұйымдастыру арқылы  өз тәуекелділіктерін төмендете  алады. Яғни, лизингтік компания  өз қасиетіне тән емес қызметтерді  де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания  лизингтік келісімді бекіту үшін  қажетті көптеген экономикалық  және қаржылық ақпараттарға талдау  жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы  қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып  кеткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда  осындай ақпараттарды беру үшін  біліктілігі жоғары мамандар  аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ  осындай схема бойынша әрбір  жобаны таңдау лизингтік компания  үшін де қымбатқа түсетіні  белгілі. Сондықтан лизингтік компания  өз шығындарын азайту үшін  халық шаруашылығының перспективті  салалары мен бағыттарын үнемі  қадағалап отыру қажет. Содан  кейін ол белгілі бір жеткізушіні  таңдайды және сол құрылғыларды  пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың есептейді. Осындай жұмыстар  атқарылғаннан кейін лизингтік  компания перспективтілігін толық  белгілі бір құрылғыларды лизингке  беру үшін конкурс жариялауы  керек. Лизингтік қатынастар механизмін  жетілдірудің бұндай жолын лизингтік  компаниялардың қосымша қызметтерін  дамыту стратегиясы деп те  атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік  процесті шартты түрде үш кезеңге  бөліп қарастыруға болады.

1-кезең дайындық жұмыстарын  жүргізу,яғни шағын кәсіпорындар  үшін перспективті құрылғыларды  таңдау және талдау кезеңі. Осы  дайындық кезеңіеде лизингтік  компаниялар өте көп жұмыстар  атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен  құрылғыларды өндірушілерден немесе  т.б. көздерден шағын кәсіпорындар  мен әр түрлі құрылғылар үшін  перспективті нарықтар туралы  ақпараттар жинақтау қажет. Осы  жинақталған ақпараттардың ішінен  белгілі бір белгілерге сүйене  отырып құрылғылар таңдалады. Содан  кейін таңдалған құрылған лизингке  беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді  басқару, қаржыландыру көздерін  оптимизациялау сияқты факторлар  да ескерілуі қажет. Осы кезеңнің  негізгі мақсаты лизингке алынған  құрылғылар есебінен өндірілетін  өнімдер немесе көрсетілетін  қызметтерге деген төлем қабілеттілігі  бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осында болжам жасау кезіндегі  жіберілген қателер қаржылық  шығындар әкелуі мүмкін.

 Егер осындай бағалау  білікті түрде жүргізілсе, онда  нарықтан өз орнын тапқан лизингке  берілген құрылғылар есебінен  отандық нарық өндірілген тауарлар  мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.

 Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер көрсету) лизингтік  компанияның міндетіне жатпайтындығы  белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды  шешу үшін басқа ұйымдардың  қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды  жеткізушілердің өздері орындауы  да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының  нарығымен,оның болашағымен, өздерінің  потенциалды клиенттерімен неғұрлым  жақсы таныс.

 Сондықтан олар лизингтік  компаниялар үшін мейлінше толық  ақпараттар бере алады. Осы механизмге  лизингтік компаниялар мен құрылғыны  сатушылар немесе өндірушілердің  бір-біріне жақындасуы да үлкен  қозғау салуы мүмкін. Осындай  схеманың негізінде лизингтік  компанияның құрылғыларды сатушылармен  қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру  идеясы жатыр. Құбірлесіп жұмыс  істеу өз атынан болмаса да  жарнамалау ұсыну мүмкіндіктерін  тудырады.

 Осындай механизмді  пайдалану кезінде лизингтік  компанияға төмендегідей сипаттамаларға  жауап беретін құрылғылармен  жұмыс істеу неғұрлым тиімді  деп ойлаймыз:

- құрылғының стандарттылығы;

- құрылғыны өндіріс процесндебірнеше  рет қайталап пайдалану мүмкіндігі, яғни құрылғының құны ол пайдалануға  енгізілгеннен кейін тез төмендемеуі  қажет;

- құрылғының өтімділігі.

 Осындай сипаттамалардың  барлығы мүліктік тәуекелділіктерді  төмендетуге және құрылғының  белгілі бір түрін бағалау  процедурасын арзандатуға мүмкіндік  береді. Сонымен бірге, белгілі бір  сұранысқа ие құрылғылар түріне  нарықтық бағалардың,яғни,транспорттық,техникалық  қызмет көрсету бағаларының тарифтерінің  өзгеруі сияқты факторлардың  да әсер ететіндігі ескерілуі  керек.

 Сонымен, осы кезеңде  жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу  үшін лизингтік компанияларда  лизингке берілуі мүмкін әртүрлі  құрылғылардың түрлері бойынша  мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып  алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде  көрсетілген шарттарды дұрыс  бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның тиімді шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жұмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жүзеге асырудың екінші кезеңі басталады.

II-кезеңді лизингке алушыларды  таңдау кезеңі деп те атауға  болады. Осы кезеңде лизингтік  компанияның алдында лизингке  алушылар үшін осы жобаның  мүмкіндіктері туралы ақпараттарды  тарату,жарнамалау міндеттері тұрады. Себебі, лизинг біздің отандық  нарық үшін қаржыландыру құралы  ретінде әліде болса кең түрде  мәлім емес. Сондықтан лизингтік  компания жарнамалау жұмыстарын  жүргізу кезінде осы құралдың  экономикалық мәніне ерекше көңіл  аудармай, керісінше өзіндік бизнесті  жүргізу үшін құрылғыларды пайдалану  мүмкіндіктеріне мән беруі керек.Яғни  біздің айтайын дегеніміз, жарнамалау  кезінде лизингтің барлық заңдылықтарын  егжей-тегжейіне дейін көрсетудің  қажеттілігі жоқ.

 Содан кейін лизингке  алушылардан өтініштер жинақталынады. Өтініштер жинақталып болғаннан  кейін лизингтік компания клиенттің  экономикалық қызметіне төлем  қабілеттілігі тұрғысынан талдау  және бағалау жүргізіледі.

Бірақ осы кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің бірі, егер лизингке берілетін құрылғының өтімділігі шын мәнінде өте жоғары болса және жобаның инвестициялық тартымдылығы нақты дәлелденсе, онда потенциалды клиенттер санын көбейтуге және осы сегментте лизингтік қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге мүмкіндіктер туғызады. Осы кезеңдегі соңғы қадам неғұрлым перспективті клиенттерді таңдау. Таңдау әртүрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы ондай белгілерге маңыздылығының біртіндеп төмендеп отыруына байланысты мыналарды жатқызуға болады.

- ұсынылатын лизингтік  төлемдер саны ( лизингтік маржа);

- кәсіпорынның ағымдық  экономикалық жағдайы;

- кепіл немесе кепілдемелердің  т.б. түрлерінің пайдалануы;

- персоналдың тәжірибесі  мен біліктілігі және т.б.

 Перспективті клиенттер  анықталған кейін лизингтің құны  бекітіледі және сәйкесінше лизингтік  келісімшарт толтырылады да лизинг  объектісі лизинг алушыға пайдалануға береді. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады немесе егер олар дұрыс жасалынса,онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингтік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асырылады және лизинг мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.

 Сонымен, осындай схема  белгілі бір құрылғылар үшін  жетістікпен іске асырылған жағдайда  лизингтік компанияларда осы  құрылғыларды басқа региондарға  ұсыну арқылы нарықты кеңейту  мүмкіндіктері туады.

 

3.3. Лизингтің артықшылықтары  мен кемшіліктері

 Лизингтің артықшылықтары  мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен  таралуының басты себебі –  оның қарапайым несиелерден мынадай  артықшылықтарының болуына байланысты:

 Лизинг көмегімен кепілге  беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды  несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік  мәміле жасалған мерзім бойынша

лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы

банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ

айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

 Лизинг 100%-ға дейін  несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға  қысқа мерзім ішінде өзінің  меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана  отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға  және пайда табуға мүмкіндік  береді.

Информация о работе ҚР лизингтің сыртқы жағдайы