Қолма-қолсыз есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 21:36, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері». Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: өзімнің болашақ «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығыма байланысты, қолма – қолсыз есеп айырысу – нарықтың экономиканың дамуына қатысты банктік және соған теңестірілген мекемелердің басты қызметін атқарады және Қазақстан Республикасының II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу мақсатындағы операциясы болып табылады.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................ 2
I тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні, айналымы және
жүргізу тәртібі
1.1 Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні және жүргізу тәртібі..........................4
1.2 Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы ..........................................................6
1.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкідегі бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысудың есеп тәртібі..............................8
II тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы.
2.1 Қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының классификациясы............10
2.2 Төлем тапсырыспен есеп айырысу.....................................................................11
2.3 «Лоро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу............................................................................................................................13
2.4 «Ностро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу ...........................................................................................................................14
2.5 Чекпен есеп айырысу ..........................................................................................16
2.6 Аккредитивпен есеп айырысу ............................................................................20
2.7 Төлем карточкаларымен есеп айырысу .............................................................23
Қорытынды ..............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................30
Қосымшалар .............................................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қолма-қолсыз е.а..DOC

— 256.00 Кб (Скачать документ)

 

 

2.7. Төлем карточкаларымен  есеп айырысу

Банк карточкаларымен пайдалану қатынастарында келесі негізгі субъектілер:   1) эмитент, 2) карточканы ұстаушы, 3) сауда мекемесі, 4) эквайрер, 5) төлем мекемесі, 6) есеп айырысу банкі.

Төлем карточкалары –  ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма – қол ақшаны жұмсауға мүмкіндік берді. Төлем карточкаларын алу арызы арқылы орындалады. (қосымша 8)

Төлем карточкаларын, инкосациялау шығындарын қысқарту, бухгалтерлік жұмысын  жеңілдету, Қазақстан әлемнің кез-келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында пайдаланады. Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді.

Дебеттік карточкалар – қаржы шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы төлемінде төлей алады.

Кредиттік карточкалар  – кредиттік карточкалар бойынша  банк берген қарыз сомасының шегінде, оның ұстаушылары төлем жасай  алады. Одан басқа кәсіпорын іс-қағаздардың  шығындарын төлеуге офистік, үстеме шығындарына корпоративтік төлем  карточкаларын алуына болады.

Корпоративті карточкалар  – бұл да төлем карточкалары, оны ұстаушыға банк пен заңды  тұлғалардың арасында жасалған келісім  шарттың негізінде беріледі.

Бүгінде, әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегі (инструменті) ретінде 2 млрд. карточкалар қолданылып жүр. 30-жылдан асатам кезең ішінде Visa және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жеткен. Сондықтан, оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авто компаниялар,  ресторандар, түнгі клубтар, дүкендер және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының  аймағанда Ұлттық банкінің лицензиясымен  шығарылған төлем карточкалары пайдаланады. Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден  тұрады:

  • төлем карточкаларын берудің жағдайы;
  • төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
  • төлем карточкаларымен әрекет ету мерзімі;
  • талаптардың құқы мен міндеттері;
  • тараптардың жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының  аумағында төлем карточкалары тек теңгемен төленеді. Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация жасау керек. Авторизация келесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді. Төле құжаттары эквайрерде көрсетілген қызметте, не сатып алынған тауарға ақша төлеу туралы нұсқау береді.

Төлем карточкаларын  пайдалану операцияларын келісім  шарт арқылы жүргізіледі. (қосымша 9)

Төле карточкаларымен  операцияларды жүзеге асыру негізінде  міндетті түрде не қағаз, не электрондық  нысанда құжаттарын жасайды. Егер, ол қағаз нысанда жасалса,  онда ол слиптен*, электрондық терминал түбіртектен алынды, ал егер электрондық нысанда жасалмаса,  онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады. Қазақстан Республикасының тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкаларын пайдалануы  слиппен немесе сатып алынған сомасының 2 данада берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип 3 данада рәсімделеді: 1- банкке, 2 – кәсіпорынға, 3 – карточка иесіне беріледі. Слиптің нысаны (қосымша 10)

Халықаралық тәжірибеге сай слип келесі белгілерден тұрады:

  • сауда мекемесінің идентификаторы;
  • операцияның аяқталу мерзімі;
  • операция сомасы;
  • банктік карточка реквизиттері;
  • карточка ұстауышының қолы.

Пластикалық карточкалар  операцияларындағы қолма – қол  ақшаны инкосациялауға және беруге арналған автомат – банкоматтар. Банкоматпен келесі операциялар орындалады:

  • клиенттердің шоттарындағы қалдық шоттардың ақпаратын жеткізу;
  • қолма – қол ақшаны шығару.

Сонымен қатар, банкомат карточка ұстаушыға ағымдағы шот қорлардың бір шоттан басқа шотқа есептеулер операцияларын  жүргізеді.

Төлемдік карточкалар  операциялары мен клиенттің идентификациялық нөмірін қабылдаған жағдайда банкоматқа кіре алады. Банкомат персоналдық ЭВМ – нан құралған, ол банкоматпен жүргізу және оның  жағдайын бақылауды қамтамасыздандырады. Банкомат қолма – қол ақшалардың сақталу орны болып табылады. Қазіргі кезде, көптеген модельдер on – line режим магниттік сызуы бар карточка жұмыстарына сенімді, бірақ смарт – картамен off – line режиміне жұмыс қабілетінің құралдары пайда болады. Банкоматтар көшеде орналасады және олар тәулік бойы жұмыс істейді.

Слип, төлем карточкаларын  ұстаушылардың қолысыз жасалуы  мүмкін, ол кезде олар электрондық  құжаттарын негізге алады. Төле құжаттарын жөндеуге, өшіруге рұқсат етілмейді. Ай соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің көшірмесі беріледі. Көшірме үлгісі. (қосымша 11). Мұнда: шот - картасының көшірмесінде 2 мерзім көрсетіледі.

  • «Шот бойынша күн» - шоттағы операциялардың жасалған күнін көрсетеді.
  • «Күні» - операцияның өзінің жасалған нақты күнін көрсетеді.

Төлем карточкасының  көмегімен төленген іс-сапарының  шығыстары алғашқы құжат мәліметтері  бойынша (шоттары, тауар чектері, накладнойы бойынша) оның валюталық транзакциясы (валютамен жасалған операциялар) Ұлттық банкінің белгілеген бағамы бойынша анықталады. Осыдан бір күнгі екі түрлі валюталық айырмасын табамыз. Карточкалық операциялар сауда кәсіпорындармен сервистің теңгесі арқылы өткізіледі (егер, банк – эмитент беруші болып табылған жағдайда,    Altyn, Europay, Master Card, Visa карточкаларымен).

Төлем карточкаларымен есеп айырысу есебіндегі бухгалтерлік өткізбелер:

 

Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Слиптерді алу және өндіру барысында карта шотының транзиттік шотқа сомасы аударылады. (слип сомасына)

2221

2870

800 000

2

Слиптерді қабылдау және өндіру барысында карта шотынан шотқа сомасы аударылады. (слип шетел валютасы сомасына)

2221

2858

42 000

3

Комиссиондарды қабылдау

2870

4608

150 000

4

Слипті алу және өндіру

1860

4608

46 100

5

Өкімет банкінің сыйақылары

2870

4608

550 000

6

Егер, коммерциялық банк клиенті болып табылса

2870

1051

80 000

7

Өкілетті банк сыйақылары (шет валютасы)

2870

2858

200 000

8

Өкілетті банк сыйақылары (теңгемен)

1859

4608

210 000

9

Егер, банк клиенті болып табылмаса

2870

1052

78 000


Ұйымның карточкалық  операция есебінің дұрыстығын банкомат арқылы орындайды. Бухгалтерия қызметкері келесі функцияларды орындайды:

  • банкоматта шығарылған карточка операцияларын өндіру және есебі;
  • акт негізінде, банкомат түбіртегімен алынған файлды банкомат арқылы шығарған ақшаларын салыстырады және берілгендері бойынша құрастырады;
  • оларға нақты бақылау жүргізеді.

Төлем карточкаларымен  есеп айырысу бойынша бухгалтерлік өткізбелер:

 

Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Қолма – қол ақшаны банкоматқа тию барысында

1005

1001

4 000 000

2

Банкоматқа тию үшін қолма – қол ақшаны тексеру бойынша шығару

1860

1001

10 000

3

Демалыс күндері банкоматқа ақшаны тию

1005

1001

580 100

4

Банкоматтан қолма – қол ақшаны алу

1001

1005

100 000

5

Банкоматтан купюраларды қайта санау барысында сомасының жетіспеушілігі

1854

1005

4 000

6

Кінәлі тұлғалардың жетіспеушілікті өтеулері

1001

1854

4 000

7

Банкоматтан купюраларды қайта санау барысында сомасының артықшылығы

1001

1854

8 000


 

Қазіргі кезде өркениетті елдерде белгілі бір үлгімен жасалған оннан астам аса несие карточкаларының түрлері бар. Олар:  сапар шегуге арналған, саудалық, бензин сатып алуға арналған,халықаралық есеп айырысу арналған.

Қазақстанда Master Card және Visa үлгілерімен жасалған әлемдік несие карточкаларын шығаруда. 1992 жылы қарашада алғашқы болып «Әлем банк Қазақстан» игерді.

Қазіргі кезде, осы үлгілерде  әлемдік несие карточкаларымен  өз клиенттеріне «Тұран Әлем Банк», «Қазкоммерцбанк», «Халық Банк» және т.б. қызмет көрсетуде.

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда, қолма  – қолсыз есеп айырысу Қазақстан  Республикасының    II деңгейлі банктердің есеп айырысу операцияларын жүзеге асыру мақсатында негізгі ролін атқарады және елдің қаржы, ақша ең маңызды бөлігін құрайды. Қазақстан Республикасындағы мекемелер мен ұйымдар арқылы, қолма – қолсыз есеп айырысу жүйесі шаруашылық органдармен өз уақытында және есеп айырысудың жылдам орындалуына байланысты, олардың жағдайы, елдегі төлем жағдайлар тәртібі орындалады. Қолма – қол ақшасыз төлем жүйесін қолдану, ақша айналымын жеңілдету, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде, айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

I тарауында, қолма – қолсыз есеп айырысудың маңызы мен айналымы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкідегі бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысудың жүргізу тәртібі анықталып көрсетілген. Сонымен қатар, қолма – қолсыз есеп айырысудың ел экономикасына тигізер әсері, атқаратын қызметі, және де қолма – қол ақша мен қолма –қол ақшасыз есеп айырысулардың байланыстылығымен өзара тәуекелдігі. Мұндағы байланыс пен өзара тәуекелділік – ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп, отыруына байқалады. Айталық, қолма – қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма – қол ақшасызға айналуын білдірсе, ал банктегі жалақы, степендия, зейнетақы т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларға қолма – қол ақшасыздың қолма – қол ақшаға ауысуы байқалады. Қазіргі уақытта, банктік операциялар бөлімшелерінің түрлерін жүргізетін II деңгейлі банктер және ұйымдар клиенттерге банктік шот ашпай-ақ, қолма – қолсыз есеп айырысу төлемдерін және ақша аударымдарын шығаруда.

II тарауында, қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының төлем нұсқауларының қолданылуына байланысты классификациялауы көрсетілген. Яғни, қолма – қолсыз есеп айырысудың тегі – төлем құжаттар түрлерімен есеп айырысу. Есеп айырысу: төлем тапсырыспен, чекпен, аккредитивпен және төлем карточкаларымен жүргізілу тәртібі сипатталған. Олардың маңызы, түрлері, қағидалары және қолданылу тәртіптері мен бекітілген шарттары көрсетілген.

Қазіргі кезеңде, төлем  құжаттарының жаңа түрлері және пайдалану  және пайдалану белгілері дамып, шығарылуда.

«Қазақстан Республикасының  аумағында төлем құжаттарын пайдалану  және қолма – қолсыз төлемдері мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылы 25 сәуірде бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасында 4 000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни, 3 488 000 – (4 000 * 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек ғана қолма – қолсыз есеп айырысу тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Қ.М. Қалаш «Сыртқы  экономикалық қызметті мемлекеттік  басқару» - Оқу құралы, Алматы, 2005 ж.

2. Г.М. Доғалова «Халықаралық  экономика» - Оқу құралы, Алматы, «Экономика», 2000 ж.

3. Ө.Қ. Есқараев «Қазақстан  Республикасының нарығын мемлекеттік  реттеу», Алматы, «Экономика», 2007 ж.

4. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орланбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудегі өзекті мәселелері», Алматы, «Экономика», 2007 ж.

5. В.К. Радостовец, Т.В. Ғабдиллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмид «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, 2003 ж.

6. В.Л. Назарова «Шаруашылық  жүргізу субъектілердегі  бухгалтерлік  есеп» Алматы 2005 ж

7. С.М. Мұқамбетова,  А.М. Нұрзақова «Ұлттық есептер  жүйесі», Алматы 2007 ж

8. «Бухгалтерлік есеп  жүргізудің тәжірибелік әдістемелері»  Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С., практикум, «Заң әдебиеті баспасы», Алматы 2006 ж. 

9. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» Алматы 2006 ж.

10. «Аудит теориясы»   А.А.Сәтмырзаев, Б.Е. Укашев, Алматы  Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың  білім Академиясының республикалық  баспа кабинеті, 2000 ж. 

11. ҚР Президентінің  «Бухгалтерлік есепке алу туралы» жарлығы

12. Бухгалтерлік есептің  типтің шот жоспары

13. Қазақстан қоғамдық  журналы «Өмір KZ» 2006/1/желтоқсан, 8-11 беттер




Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысу