Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 16:51, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аудит ұғымы және пайда болуы.docx

— 76.02 Кб (Скачать документ)

Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай жоғары. Мемлекеттік қаржылық бақылауды бірнеше органдар жүзеге асырады: Парламент, Президент пен Үкімет аппаратындағы қаржылық бақылаудың арнайы қызметі, Қаржы министрлігі, Салық ведомствосы, салық тексеру-бақылау бөлімшелері.

Келісім-шарт негізінде ұдайы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметімен қатар бұл істі бухгалтер-аудиторлардың тәуелсіз фирмалары да орындайды. Олардың пайда болуы мен жылдам дамуы ең алдымен қаржылық және өндірістік-коммерциялық ұйымдардың есеп берулерін объективті тұрғыдан бағалау қажеттілігінен туындады. Компанияның өз мәліметтеріне күмәнсіз сенім білдіру өте қауіпті, өйткені есеп берулердің жақсы көрсеткіштері оларды банкротқа жиі ұшыратқан. Меншік иелері, акционерлер және кредиторлар өз капиталын жоғалтып алу қаупі (қорқынышы) мен сенімсіздіктерді акционерлік қоғамдардың қаржылық есеп берулерін зерделеп, талдап, оның шындыққа жанасымдылығына білікті қорытынды беретін тәуелсіз кәсіби аудиторлардың пайда болуына себепкер болды. Бүгінгі таңда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.

Егер АҚШ пен Ұлыбритания аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрлығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргзіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп беру мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы (Steuerberater) бар.

Бірқатар шетелдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативтік-құқықтық актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді.

Мысалы, Англияда тұлғаның бухгалтерлік органға мүше болып табылатындағын Мемлекеттік хатшының өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданған Бухгалтерлер институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды. Аудиторға тексерілетін кәсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және тәртіптілігі жағынан, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі болады.

Аудиторлық ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Олардың көбісінде аудитордың қолы компания басқарушысының жауапкершілігін өз мойнына алады. Сондықтан да шектеулі жауапкершілік түрі тараған кейбір елдерде аудитордың өз міндетін орындау барысында жіберген ұқыпсыздығы үшін тек материалдық тұрғыдан ғана жауап береді (мәселен, Австрияда 250 мың шиллинг, ал Германияда 500 мың марка) және оған бұл қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады.

Франциядағы Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы тізілімге реестр енгізілген барлық аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды біріктіреді. Ұлттық компанияның қызметін аймақтық компаниялардың делегаттарынан тұратын ұлттық кеңес басқарады. Ұлттық кеңес маңызды шешімдер қабылдайды. Аймақтық кеңестердің жұмысын үйлестіреді және аудиторлық қызметтің техникалық ақпараты мен ұйымдастырудың негізгі нормаларының доктринасын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық талдау бизнестің жағдайы туралы ақпаратты өңдеу мен дұрыстығын тексерудің жалпы қабылданған жинақтау жүйелері ретінде қызмет атқарады. Қазақстан Республикасында кезеңдік реформалау нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебін, қаржылық бақылауы мен іс-қызмет аудитін ұйымдастыру бойынша халықаралық талаптарға сай нормативтік-құқықтық база жасалды.

Жетекші ғалымдардың әр түрлі пікірлерін шолу арқылы озық ғылыми тұжырымдарды және кәсіби аудитті, ішкі бақылау, бухгалтерлік есеп пен бизнесті қаржы-экономикалық талдауды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі озық идеялар мен жетістіктер жинақтап қорытылды, тұжырымдар жасалды және нақтылы ұсыныстар әзірленді, олардың мәнісі мыналарға сайып келеді:

  1. Бақылау-аудиторлық қызмет теориясының тұжырымдамалық негіздері, компоненттері, принциптері, стандарттар мен нормалар анықталды. Қаржылық есеп беруді ұйымдастырудың әдіснамасының басты проблемалары қаралады, тетіктер мен іс-тәжірибе жасалады.
  2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде көбінесе жағымсыз құбылыстарға, қате шешімдер қабылдауға, есептеулердің уақтылы жасалмауына, төленбеген төлемдердің өсуіне, нормадан тыс қорлардың, дебиторлық және кредиторлық берешектердің ұлғаюына, өтемпаздықтың төмендеуіне және қаржылық жағдайдың нашарлауына әкеп соғатын аудит пен қаржы-экономикалық талдауды, ішкі бақылауды, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды.

Кәсіби аудит өткізудің теориясы мен әдіснамасын жетілдіру бизнес-құрылымының экономикалық әлеуетін қолданудың тиімділігін арттыру резервтерін табуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылық, функционалдық және арнайы аудиттің озық түрлері мен тәсілдері көмегімен активтерді, меншікті капиталды, қарыздық қаржыны, ақшалай түсімді, компанияның еңбек және басқадай ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары айқындалады. Аудитті ұйымдастыруды жақсарту жөнінде әзірленген ұсыныстарды енгізу шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау-дайындау, өндірістік және қаржы-өткізушілік қызметі жүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде негіздемелі шешім қабылдауына, есептік-талдаушылық және бақылаушылық қызметті жетілдіруге жағдай жасайды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. «Аудиторлық қызмет туралы заң» 20.11.1998ж. №304-1 (өзгертулер мен толықтырулар)
  2. Абленов Д.О. Аудит: теория және практика. Оқулық, Т.Рысқұлов атындағы КазЭу-Алматы, Экономика, 2005ж.  
  3. З.Н. Әжібаева, Н.Э. Байболтаева,  Ж.Ғ. Жұмағалиева – Аудит. Оқулық, Алматы 2006 жыл.
  4. Абленов Д.О. Кәсіби аудит. Оқулық, Алматы, 2008ж.
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Әділет Пресс, 2009ж.
  6. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі. Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2007ж.
  7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // «Егемен Қазақстан» 1997, 11 қазан.
  8. Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: теория, әдіснама, практика. Оқу құралы, Алматы: Экономика 2010 ж.
  9. Дюсембаев К.Ш. Аудиттің теориясы. Оқулық – Алматы: Экономика, 1999ж.
  10. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: БОРКИ, 2009ж.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі