Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 19:53, реферат

Краткое описание

Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы.
1.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.
1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.

ІІ Бөлім.
2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың
мерзімі.
2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру.
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну .

ІІІ Бөлім
Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.
3.2 Қаржылық салымдарының есебі.
3.3 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

118___.doc

— 178.50 Кб (Скачать документ)

Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар , мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды  тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең , ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар  үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы    мерзім саналады.

 Қаржылық есеп беруді  толтыруға қойылатын талаптар : көрсеткіштердің  қарапайымдылығы мен түсініктілігі,  деректердің шынайылығы; жинақтамалы  және талдамалы есеп деректерінің  сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен  салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен  салстырмалылығы. 

 Қаржылық есеп берудің  жасалу дұрыстығына кәсіпорынны  /мекеменің/ басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

 

1.3 Қаржылық  есеп берудің мақсаттары.

 

Қаржылық есеп берудің мақсаттары  есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы  нәтижелер жайында ақпарат ұсыну  болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:

1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық  шешімдерді қабылдауға;

2. Субъектінің алдағы ақшалай  түсімін бағалауға және олардың  түсімі мен жыл ұстасуы;

3. Субъектінің ресурстар мен  міндеттемелерін  байланысты  бағалауға;

4. Басшы органдардың жұмысын  бағалауға.

 

Қаржылық есеп берудің  сапалық сипаттамалары :

1. Түсініктілік - қаржылық есеп  беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға  түсінікті болуға тиіс.

2. Орындылық - пайдалануға өткен  , қазіргі және болашақ оқиғаларды  бағалауға, растауға немесе түзетуге  көмектесіп, экономикалық шешімдерге  ықпал ету.

3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру.

4. Шынайы көрсету – сенімділікті  қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық  жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай  қаржылардың қозғалысы және тағы  басқа операцияларды шынайы көрсетуі тиіс.

5. Мәннің формадан артықшылығы  – операциялар мен басқа оқиғаларды  шынайы көрсету тек заңды формада  ғана емес, экономикалық заңдылығына  сәйкес есептеп ұсынуы қажет.

6. Бейтараптық - қаржылық есеп  берудегі ақпараттың сенімділігін  қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.

7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар  әдейі арттырылмауы үшін талап  етілетін есептеулерге сақтық  деңгейін ұстау.

8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз  ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет.

9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда  ақталуға келмейтін тежеу болған  жағдайда өзінің орындалғандығын  жоғалтуы мүмкін.

10. Пайда мен шығын арасындағы  баланс – ақпараттан алынатын  пайда, оны алуға кететін шығыннан  артып түспеуі тиіс.

11. Сапалық сипаттаулар  арасындағы баланс - қаржылық есеп  беру тепе – теңдік немесе  салалық сипаттары арасында байланыс  болу қажет. Қаржлық есепті  жасаушылар кәсіби пайымдау мен  әртүрлі жағдайларды садыстырмалы  маңыздлығын анықтайды.

12. Сенімді және әділ  көрсету – бухгалтерлік есептің  сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді  және әділ қаржылық есеп беру  барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз  етуі қажет.

 

ІІ Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау .

           

  «Материалдық емес  активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт  бойы пайдаланлатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрлтайшылары /меншік иелері/ жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойнша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны  көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Материалдық емес активтердің тозуы  өнімнің /жұмыстың, қызметтің/ өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды  пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

  Ұтымды пайдалану  мерзімін анықтау мүмкін болмайтын  материалдық емес активтер бойынша  тозу нормасы он жыл мерзімге  есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің  мерзімінен аспайтындай болып  белгіленеді.

  Баланстың «Материалдық емес активтер» деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101 – “ Лицензиялық ккелісімдер “, 102 – “Бағдарламалық қамтамасыз ету” , 103 – “ Патенттер “, 104 - “Ұйымдастыру шығындары “, 105 – “ Гудвилл “, 106 – “ Басқалар “ және 112 – “ Материалдық емес активтердің амортизациясы – бағдарламалық қамтамасыз ету “, 115 – “ Материалдық емес активтердің амортизациясы – гудвилл “,   116 – “ Материалдық емес активтердің амортизациясы – басқалар “ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .

  “ Негізгі  құралдар”  бабы бойынша қолданыстағы , консервациядағы  немесе запастағы негізгі құралдар  бойынша мәліметтер көрсетіледі  . Бұл бап бойынша заңдарға  сәйкес кәсіпорыннң меншігіне  сатып алынған жер учаскелерінің  құны да көрсетіледі . Аталған  бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке – жеке көрініс табады . Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі . Негізгі құралдардың  түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады . Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады . Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады / яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады / . Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі . Сонымен , баланстық “Негізгі құралдар “ деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет :

121 – “ Жер” , 112 - “  Үйлер мен ғимараттар” , 123 –  “ Машиналар мен жабдықтар  , беріліс құрылғылар” , 124 – “  Көлік құралдары” , 125 – “Басқалар  “, 126 – “ Аяқталмаған құрылыс” , 131 - “ Үйлер мен ғимараттардың  тозуы” , 132 – “ Машиналар мен жабдықтардың ,     беріліс құрылғылардың тозуы “, 133 – “ Көлік құралдарының тозуы “, 134 – “Басқалардың тозуы “.             

Ұзақ мерзімді инестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының  ұзақ мерзімді инвестициялары , басқа кәсіпорындардың активтеріне ( бағалы қағаздар – акцилар , облигациялар ) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдар , сондай – ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады . Баланстың “ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады : 141 – “Еншілес серіктестіктерге инвестициялар” , 142 – “ Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар” , 143 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар” , 144 – “Басқалар “.

“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” бөлімінде есеп беретін  адамдарға берешектер көрссетіледі .

Бұл бапты толтыру  үшін 301 – “Алуға арналған шоттар” , 302 – “Алынған вексельдер” , 321 –  “ Еншілес серіктестіктердің  берешегі” , 322 – “Тәуелді серіктестіктердің берешегі” , 323 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі”  деген жинақтамалы шоттардың және 33 - “Өзге де дебиторлық берешек” бөлімшесі шоттарының деректері қолданылады .

Есеп берудің “Тауарлы – материалдық қорлар (ТМҚ)” бабын толтырған кезде ІІ бөлімдегі 20 – “ Материалдар” , 21 – “Аяқталмаған өндіріс” , 22 – “Тауарлар” деген бөлімшелердің ақпараттары  қолданылады .

“Алдағы кезеңдердің  шығыстары” бабын толтыру үшін 34 – “Алдағы кезеңдердің шығыстары” деген бөлімшенің ақпараты қолданылады .

Баланстың пассивіндегі “Бөлінбеген кіріс” бабы бойынша  бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі .Бұл бап бойынша көрсеткіштер 561 – “ Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян )” , 562 – “Алдыңғы жылдардың  бөлінбеген кірісі ( жабылмаған зиян )”, 571 – “ Жиынтық кіріс (зиян )” жинақтамалы шоттарның деректері негізінде толтырылады . 

 

 

2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі.

Шаруашылық субъектілері тоқсандқ және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші

банктерге және басқа  шаруашылық субъектілерімен келісімдердің  негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға  тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

Бюджеттік мекемелер  айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені  жоғары тұрған ұйымдарға  олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.

 Қаржылық есептемені  пайдаланушылар қатарына нақты  қазіргі және әлеуетті инвесторлар  , кредиторлар , жеткізушілер , қызметкерлер , сондай – ақ министрліктер  , ведомстволар және жұртшылық  жатады .

 Кәсіпорынның , ұйымның , мекеменің жылдық қаржылық  есебі мүдделі пайдаланушылар , сатып алушылар , жеткізушілер , инвесторлар , биржалар , банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады .

Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік  қоғамдар , банктер , сақтандыру  компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде , журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті . Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс .

 Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда , сондай – ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен бірінің басиамасы бойынша жүргізіледі .

 

2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру .

 

 Қаржы шаруашлық  қызметтің нәтижелері туралы  есеп беру Қазақстан Республикасындағы  бухгалтерлік еептің №3 стандартында  ашылып көрсетіледі .Бұл стандарт  бағалау әдісі , есеп саясаты  өзгерген кезде және елеулі  қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді :

-негізгі қызметтен  ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді  сатудан ) алынған табыс ;

- сатылған өнімнің , жұмыстың , қызметтің өзіндік құны ;

-жалпы кіріс ;

-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және  әкімшілік шығындары,  проценттерді  төлеу шығындары , сату жөніндегі  шығындар;

-негізгі қызметтен  алынған кіріс немесе зиян ;

-салық салуға дейінгі  әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;

- табыс салығы ;

- салық салудан кейінгі  әдеттегі қызметтен алынған кіріс  немесе зиян – төтенше жағдайлардан  алынған кіріс немесе зиян ;

- таза кіріс немесе  зиян (№1 – кесте ).

Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы  есеп беру ( №1 – кесте).

 

Баптардың атауы

Сомасы

Кірістер

 

Таза сату

14000000

Процент түріндегі кіріс 

500000

Кірістердің жиыны

14500000

Шығындар мен шығыстар :

 

Сатудың өзіндік құны

9000000

Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары

250000

Ескірген ТМҚ бойынша  шығындар

500000

Өндірістік үстеме шығындар

250000

Сатудың өзіндік құнының  жиыны

10000000

Жалпы кіріс 

4500000

Сату жөніндегі шығындар

1000000

Жалпы және әкімшілік  шығындар

500000

Процент төлеу шығындары

500000

Өзге шығындар

0

Шығындардың жиыны

2000000

Табыс салығына дейінгі  және төтенше баптардың кірісі

2500000

Табыс салығы бойынша  шығындар

750000

Төтенше табыс немесе зиян

0

Таза кіріс

1750000

Информация о работе Қаржылық есеп беру