Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 14:38, доклад

Краткое описание

Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.
1. Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.
2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру.DOC

— 394.50 Кб (Скачать документ)

Келтірілген гипотезалардың ғылыми маңызы бар, бірақ әрқайсысы түйінді қарсылықтарға кездескендіктен, олардыфң біреуі де акселерацияның бірден-бір немесе негізгі себебі бола алмайды. Акселерация проблемасын, сірә, келтірген факторлардың үйлесімінде қарау керек болар. Акселерацияның әлеуметтік шарттарының ерекше маңызы бар. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары тез жақсарған социалистік елдерде, акселерация қарқыны өсті; осындай тенденция дамын келе жатқан елдерде де байқалады.

Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық функциялардың нетұрлым тез дамуы,  өмірінің ұзаруы т.б. оның қолайлы жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу мүшелерінің ауруға ұшырауы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық аурулармен көбірек ауыратындықтары туралы мәліметтер бар.

Акселерация шешімін әлі таппаған көптеген проблемаларды мектепте оқытудың, жоғары оқу орындарына түсудің, некелесудің басталу мерзімін өзгерту т.б. қойып отыр.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная  физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная  физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова  Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

 

Дәріс 2.

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы.

Дәріс мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылыс, қызметі, жүйе жүйесінің бөлімдері, физиологиясы туралы теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Жүйке жүйесінің құрылысы., қызметі.
  2. Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.
  3. Рефлекс, оның түрлері.
  4. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы.
  5. вегетативті жүйке жүйесі.

  Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады. Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының  майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жағдай  жасайды. тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.

Нейрондар барлық клеткалар сияқты ішкі және сыртқы орта факторларының әсеріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді. Нейронның тітіркендіргіші басқа нейрондардан немесе рецепторлардан  келетін жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық. Қозу дегеніміз организмнің сыртқы ортаның тітіркендіргішін қабылдап, оған күшті қозу арқылы жауап беру қасиетін айтады. Тірі ағзада ұлпаларды 2 бөледі.. қозғыш ұлрпалар (жүйке, бұлшықет, секреторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар (шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әсерінен қозғыш ұлпаларда қозу процесі туады. Бір жасушадан екінші жасушаға қозу тек бір бағытта ғана жүреді, аксоннан жасуша денесіне және басқа нейронның дендритіне.

Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қазмет жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын. Синапс ұғымын физиолоогия ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон болатын Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады. Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген: пресинапстық және постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок- рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады.

Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалысмдары И.М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында организм сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістеріне жауап береді. Рефлекстің морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозудырецептордан жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткіщзетін жол. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық юбағыттануы бойыншарефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И. П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады.

Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады.  Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың қатыфсуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.

Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелер қызметін сыртқы және ішкі әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелері болады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер мүшелеріне қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парсимпатикалық жүйке керісінше оны сиретіп, әлсіретеді.

Вегетативті жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның көңіл күйін, (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді.

Жүйке жүйесінің дамуы. Жүйке жүйесі эмбрионалдық дамудың үшінші аптасында, ұрықтық сыртқы жапырақшадан (эктодермадан) дамиды. Алдыменен жүйке тақтасы түзіледі, сонан соң оның жиегі көтеріледі, тақта бірте-бірте астаушаға айналады. Мұнан кейін астау жиектері бір-біріне жақындап, жанасып жүйке түтігін түзеді. Бұл түтіктің тқменгі бөлімінен жұлын тұзіледі, ал жоғарғы бөлімі кеңейіп мидың барлық бөлімдері дамиды.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная  физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная  физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова  Анатомия и физиология детского  организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

 

Дәріс 3.

Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.

Дәріс мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов еңбектерінің маңызы.
  2. Шарты және шартсыз рефлекстер.
  3. Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.
  4. Баланың жоғарғы ждәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері.

Ми сыңарларының дамуы. Үлкен ми сыңарлары мидың ең жас түзінділері болып табылады. Олар алғашында маңдай, одан соң төбе және шүйде, ақырында, самай бөлігінде үлкейе бастайды. Ми сыңарларының бұлайша әркелкі өсуі, қабықшамен және бас сүйгімен шектелуі қатпарлардың түзілуіне себепші болады. Мұндай қатпарлардың арасындағы ойыстарды сайлар деп, ал көтеріңкі бөліктерін – иірімдер деп атайды.

Ірі сайлар (орталық, самай, иіс т.б.) бала өмірге келгенге дейін-ақ пайда болады. Бұлар бірінші категориядағы сайлар (53-сурет). Орташа шамадағы сайлар кейінірек пайда болады да екінші категориядағы сайлар деп аталады. Сонымен қатар, бала өмірінің алғашқы жылында ұсақ және өте ұсақ сайлар өсіп жетіледі.

Сайлар мен иірімдердің бәрі бірігіп, ми қыртысының бетін едәуір арттырады, ми сыңарлары бетінің рельефін түрлендіріп, оны күрдделендіреді. Алайда олардың саны да, өлшемі де, оған қоса нейрондардың мөлшері мен мидың жалпы салмағы да адамның ақыл-ой дарындылығының көрсеткіштері бола алмайды.

Ми сыңарларының горизонталь және көлденең кесіндісінен (54-сурет) сұр зат – ми қыртысы, ал олардың астыңғы жағынан сұр зат араласқан ақ зат – қыртыс асты ядролары көрінеді.

Ақ заттан талшықтарды байқауға болады, олардың арасынан екі ми сыңарының қыртысын байланыстыратын комиссуралық (ми қыртысының жабысқан жері – мүйізгек дене арқылы өтеді), бір ми сыңарының әр түрлі учаскелерін байланыстыратын ассоциациялық және қыртысы ми діңімен байланыстыратын проекциялық талшықтарды ажыратады.

Қыртыс асты ядролары – мидың ежелгі пайда болған түзінділері. Олар ми қыртысына функциональды түрде тәуелді.

Нерв функцияларының жайылуы. Неғұрлым кұрделі нерв функциялары нерв системасының жоғары және кеш жетілетін бөлімін – үлкен ми сыңарлары қыртысына өтетін нерв функцияларының жайылуы (кортикализациялануы) деп атайды. Әр түрлі жануарлардың ми сыңарларын немесе олардың қыртысын алып тастау жөніндегі тәжірибелер осы айтылған фактині дәлелдейді. Мұндай жағдайда балық пен бақаның көру қызметі бұзылған жоқ, ал ит соқыр болып қалды. Ми қыртысын алып тастаған соң бақа мен тасбақада шартты рефлекстер қалыптастыруға болады, ал иттің бұрын қалыптасқан рефлекстерінің бәрі жойылып кетеді және аралық ми болғанда шартты рефлекстер қалыптасады, ал иттерде бұл мақсат үшін үлкен ми сыңарлары қыртысының функциясы бұзылмауы тиіс.

Адамның ми қыртысы зақымдануының аса ауыр зардаптары болады. (ол ми қыртысының қай учаскесі және қаншалықты зақымдануына байланысты). Мысалы, күрделі қимыл актілері ішінара немесе толығымен жойылады, жатталған өлеңдер, зартап шеккен адам қатысқан оқиғалар естен шығып қалады. Бұл адам организмі функциясының ми қыртысына тәуелді екенін дәлелдей түседі.

Ми сыңарларынсыз туған балалар (анэнцефалдар) өмірге келе салысымен немесе көп кешікпей қайтыс болатынын бақылаулар көрсетуде. 1913 жылы мұндай кемтар бала 4 жылдай өмір сүрген ерекше жағдай сипатталады. Ол үнемі дерлік ұйықтаумен болады. Аузына емізік салғанда кәдімгідей дұрыс қимыл жасаған. Дыбыс пен әдеттегі жарық әсер етпеген, ал күшті жарық түсіргенде көзін жұмған. Бала өлген соң сойып қарағанда үлкен ми сыңарларының орнынан жұқа қабырғалы екі көпіршік байқалған. Ми дінінің  барлық барлық бөлімдерінде өзгеріс болмаған. Сондықтан анэцефал ему, көзді ашып – жұму сияқты шартсыз рефлекстердің шегінен шықпайтын, қарапайым әсер жасай алатын болған.

Электроэнцефалография. Ми қызметі процесінде оның электрлік потенциалдарын тіркеу электроэнцефалография деп, ал жазудың жиынтық нәтижесі фотосурет шығаратын қағазда немесе әдеттегі қағаз лентада пайда болатын қисық сызық электроэнцефаллограмма (ЭЭГ) деп аталады.

XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап адам мен жануарлардың шартты рефлекторлық қызметін зерттеуде электроэнцефафалография қолданылуда. Кейнірек бұл әдісті жоғары дәрежелі нерв жұмысын зерттеуде, неврологиялық және қияли аруруларға диагностика жасауда қолдана бастады. Электроэнцефалографияның жәрдемімен ми құрылымы қызметінің сипаты мен ондағы ауытқулар дәрежесін неғұрлым дәл әрі нақты анықтауға, өзгерістер динамикасын қадағалап, байқалатын зақымдану ошағын көрсетуге болады.

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ми рефлекстері туралы.

 Адамның психикалық қызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан-ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сөздің және т.б. бұзылатыны мәлім болады. Бұл ми жайында саналы қызмет ету мүшесі туралы ойлауға мәжбүр етті. Отандық физиологияның негізін қалаушы И.М.Сеченов 1863 жылы «Ми рефлекстері» деген жұмысын жазып, онда психиканың аса күрделі құбылыстары сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады, олар негізінен алғанда орталық нерв системасының рефлекторлық әсерлері болып табылады деп тұжырымдады. Мұнда адам мен жануарлардың рефлекстері жеке алынған бір мүшеге ғана таралатын тар шеңберлі әсерлер емес, бүкіл ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв әсерінің неғұрлым ортақ механизмдері ретінде қабылданды. И.М.Сеченов адамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.

И.М.Сеченовтың кітабы – сол кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы-демократтарының (Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский және т.б.) ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павлов бұл кітапты «Сеченов ойының кемеңгер шарықтауы» деп атады. Бұл – барлық тіршілік құбылыстарына, оның ішінде организмнің сыртқы ортамен өзара әсеріне табиғи-ғылыми анализді қолдануға шақыру болды.

И.М.Сеченовтың кітабы жарық көргенге дейін физиологтар психикалық процестерді мидың физиологиялық қызметі арқылы түсіндіру мүмкіндігі туралы еске алудан да қорқатын. Үлкне ми сыңарларының қызметін объективті және эксперимент арқылы зерттеуге И.М.Сеченов пен оның ізбасарлары ғана жол ашты, мұның өзі кейін жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді құруға мүмкіндік берді.

И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуі. И.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни «жасалған» нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді.

Информация о работе Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы