Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Хвощевидные)-Equisetophyta
Реферат, 23 Января 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Тақырыбы: Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Хвощевидные)-Equisetophyta (Equisetum L. 1753)
Жұмыстың мақсаты: Қырықбуын тәрізділер бөліміне жататын гиениялар немесе гиениопсидтер класы-hyeniopsida, сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер класы-sphenophyllopsida, каламиттер класы-calamitopsida, қырықбуындар немесе эквизетопсидтер класы-equisetopsida.
Жұмыстың міндеті:
Прикрепленные файлы: 1 файл
Қырықбуын 11.doc
— 81.00 Кб (Скачать документ)Тақырыбы: Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Хвощевидные)-Equisetophyta (Equisetum L. 1753)
Жұмыстың мақсаты: Қырықбуын тәрізділер бөліміне жататын гиениялар немесе гиениопсидтер класы-hyeniopsida, сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер класы-sphenophyllopsida, каламиттер класы-calamitopsida, қырықбуындар немесе эквизетопсидтер класы-equisetopsida.
Жұмыстың міндеті:
- Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Equisetophyta) класының систематикалық орнын анықтау:
- Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Equisetophyta) класы өкілдерінің химиялық және практикалық маңызын анықтау
- Қырықбуын тәрізділер бөлімінің биологиялық-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу:
- Гиениялар немесе гиениопсидтер класының (hyeniopsida) биологиялық-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу:
- Сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер класының (sphenophyllopsida) биологиялық-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу:
- Каламиттер класының (calamitopsida) биологиялық-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу:
- Қырықбуындар немесе эквизетопсидтер класының (equisetopsida) биологиялық-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу:
- Қырықбуын тәрізділер бөлімінің (Equisetophyta) класы бойынша пысықтау сұрақтарын жазу және жауабын жазу:
- Қырықбуын тәрізділер бөлімінің (Equisetophyta) класына қосымша материалдар (сурет, кесте, гербарий т.б) тізімін жасау:
- Қырықбуын тәрізділер бөлімінің (Equisetophyta) класы бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қажетті құрал
жабдықтар: Қырықбуын тәрізділер бөліміне жататын
гиениялар немесе гиениопсидтер класы
(hyeniopsida), сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер
класы (sphenophyllopsida), каламиттер класы (calamitopsida),
қырықбуындар немесе эквизетопсидтер
класының (equisetopsida) суреттері, кестелері,
гербарийлері, оқулықтар, қалам және т.б
Класс №1 Класс №2 Класс №3 Класс №4
Гиениялар немесе Сынажапырақтылар немесе Каламиттер класы Қырықбуындар немесе
гиениопсидтер класы сфенофиллопсидтер класы Сalamitopsida эквизетопсидтер класы
Нyeniopsida
Қатар тобы №1 Қатар тобы №2 Қатар тобы №3 Қатар тобы №4 Гиениялар қатары Сынажапырақтылар немесе Каламит Қырықбуын
Нyeniales
сфенофиллопсидтер
Тұқымдасы №1 Тұқымдасы №2 Тұқымдасы №3 Тұқымдасы №4
Гиениялар
Cынажапырақ
(Hyeniaceae)
(Sphenophyllaceae)
Каламофитон
(Calamophytaceae)
Туысы №1
Туысы №2
Гиениялар
Сынажапырақ
(Hyenia)
(Spenophyllum)
Каламофитон
(Calamophyton)
Түрі №1 Түрі №2 Түрі №3 Түрі №4
Гиения
Сынажапырақтылар
(Hyenia elegang) (Sphenophyllum cuneifolium) (Neocalamites ,Calamites) (E. Palustre)
(E. ramosissimum)
Дала қырықбуыны өсімдігінің құрамында аз мөлшерде салонин эквизетонині (5%) және алкалоидты никотин, эквизетин, 3-метоксипиридин, диметилсульфон, флавоноидтар, эквизетриндер, изокверцитриндер, және 5-глюкозидті лютеолиналар, витамин С(0,19%), каротиндер (4,7%), алма қышқылы, ақуыздар (16%), майлар, крем қышқылы (25%) бары анықталды. http://www.google.kz/
Қырықбуынның практикалық
маңызы онша зор деп айтуға болмайды.
Олардың қатты сабақтары
Қырықбуындарды сиырлармен ешкілерге жеммен бергенде, олар көп сүт береді. Қырықбуындармен кебір жабайы жануарлар қабандар мен бұғылар да қоректенеді. Медицинада көпнесе дала қырықбуынын қолданады, олардың әртүрлі қасиеттері көп. Оларды зәр айдау үшін, ауруларды басатын қан тоқтататын, жалпы күш береді және жараларды жазады. Тағы бір қасиеті олар жүрек ауруларына қолданады, су мен тұздың алмасуын реттейді. Қырықбуындарды басқа шөптермен араластырып қолданғанда ол қан қысымы ауруларына қарсы, күйгенге қолданады. Халық медицинасында осы өсімдіктерді қолданғанда жаңадан басталған ауруларды, яғни ішкі мүшелерге қан кеткенде, өт пен бүйректегі тастарды айдауда қолданады. http://www.google.kz/
Қырықбуын тәрізділердің сабақтары айқын байқалатын буындардан және буынаралықтарынан тұрады. Жапырақтары буынға топтасып орналасады. Осы ерекшеліктерімен қазіргі кезде кездесетін қырықбуындар және олардың қазба түріндегі арғы тектері басқа споралы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығынан айқын ажыратылады және сырт кескіні жағынан кейбір балдырларға (хараға), ашық тұқымдыларға (қылшаға) немесе тіптен гүлді өсімдіктерге (казауринге) ұқсас болып келеді.
Қырықбуын тәрізділерге сабақтарының биіктігі бірнеше сантиметрден бастап бірнеше метрге дейін жететін шөптесін өсімдіктермен бірге биіктігі кейде 15м-ге дейін жететін, ал жуындығы 0,5 см боатын ағаштарда жатады. Қырықбуын тәрізділердің сабағының өткізгіш системасы актиностель немесе артростель түрінде берілген. Басқаша айтқанда сабақтың ұзына бойында өзара алма кезек орналасқан құрылысы әртүрлі болып келетін учаскелері бар буынаралық стельден тұрады. Ксилеманың өткізгіш элементтері трахеидтердің әртүрлі типтерінен тұрады, ал қырықбуындарда сонымен бірге сосудтары да болады, флоэмасы сүзгілі элементтерінен және паренхималық клеткалардан тұрады.
Қырықбуын тәрізділерге
тән қасиеттерінің бірі-
Қырықбуын тәрізділердің басым көпшілігі тең споралы өсімдіктер, тек кейбір қазба түрінде белгілі формалары ғана әртүрлі споралы болған.
Жыныстық ұрпағы гаметофит немесе өскінше деп аталынады. Ол қазіргі кезде кездесетін қырықбуындарға дара немесе қосжынысты, ұзақ өмір сүрмейтін, өте ұсақ, мөлшері бірнеше миллиметрден аспайтын көгілдір өскінше. Гаметофиттерінде антеридийлері мен архегонийлері пайда болады. Антеридийлерінде көпталшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткасы жетіледі.
Ұрықтануы судың қатысуымен жүзеге асады. Зиготадан тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ жаңа жыныссыз ұрпақ-спорофит өседі.
Қырықбуындар бөлімі мынадай 4 кластан тұрады:
1. Гиениялар немесе гиениопсидтер класы-hyeniopsida,
2.Сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер класы-sphenophyllopsida,
3.Каламиттер класы-calamitopsida,
4.Қырықбуындар немесе эквизетопсидтер класы-equisetopsida. (Ә.Ә. Әметов, П. М. Мырзақұлов «Жоғары сатыдағы өсімдіктер ситематикасы» 104бет). Кесте №1 (15-16-17бет)
- Қырықбуын тәрізділер бөлімі класының систематикалық орнын анықтау.
- Қырықбуын тәрізділер бөлімінің класының биологиялық морфлогиялық ерекшеліктерін анықтау.
- Гиениялар немесе гиениопсидтер класының (hyeniopsida) морфологиялық ерекшеліктерін анықтау . №1 сурет және гербарий бойынша өсімдіктің: Гиениялар: 1-гиения (hyenia elegang): а-өсімдіктің жалпы көрінісі; б-қайталап дихотомиялы бұтақтана екі жеміссіз жапырақ; в-сабақтың жоғарғы ұшының бір бөлігі екі спорофиллімен; 2-каламофитон (calamophyton primaevum): а-өсімдіктің жалпы көрінісі; б-екі спорофилл спорангийлерімен; в-екі жеміссіз жапырақ. Суретін салып, зерттеу керек
- Сынажапырақтылар немесе сфенофиллопсидтер (Sphenophyllopsida) класының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау. №2 сурет және гербарий бойынша өсімдіктің: Сынажапырақтылар: 1-Sphenohyllum cuneifolium-ның жалпы көрінісі; 2-сынажапырақтың әртүрлі түрлерінің жапырақтары: а-Sph. Thonii; б-Sph. Myriophyllum; в- Sph. Majus; 3-сабақтың орталық бөлігінің көлденең кесіндісі (пд-шоқтық сүрек, мд-шоқаралық сүрек, дл-сүректік сәуле, пкс-протоксилема, мкс-метаксилема). Суретін салып, зерттеу керек
- Каламиттер класының (Сalamitopsida) морфологиялық ерекшеліктерін анықтау. №3 сурет және гербарий бойынша өсімдіктің: Каламиттер:1-астерокаламиттің вегетативтік органдары: а-сабақтың бір бөлігі; б-жапырақты бүйірлік өркен; в-жапырақ; 2-каламит (Calamites carinatus); а-жалпы көрінісі; б-сабақтың көлденең кесіндісі (вд-соңғы сүрек, мкс-метаксилема, кп-каринальды қуыс). Суретін салып, зерттеу керек.
- Қырықбуындар немесе эквизетопсидтер класының (Еquisetopsida) морфологиялық ерекшеліктерін анықтау. №4 сурет және гербарий бойынша өсімдіктің: Қырықбуынның өмірлік циклі: А-спорофит; Б-гаметофи; М-мейоз: 1-зиготаның бөлінуі; 2-спорофиттің ұрығы; 3-үлкен спорофит; 4-ұрпақ бермейтін өркен; 5-спора беретін өркен; 6-тамырсабақ; 7-қосалқы тамыр (сыртқы көрінісі және көлденең кесіндісінің сызба нұсқасы); 8-өткізгіш шоқ; 9-қуыс; 10-түйнек (сыртқы көрінісі және көлденең кесіндісінің сызба-нұсқасы); 11-сабақ (көлденең кесіндісі); 12-эпидерма; 13-устьица аппараты; 14-тірек ұлпасы; 15-ассимиляциялық паренхима; 16-эндодерма; 17-қабық; 18-орталық цилиндр; 19-спора түзетін масақ; 20-спорангиофор, 21-аяқшасы; 22-қалқанша; 23-спорангий; 24-споралары;25-перина; 26-элатера; 27-аталық гаметофиттің талломы; 28-ризойдтар; 29-антеридий; 30-сперматозойд; 31-аналық гаметофиттің талломы; 32-архегоний. Суретін салып, зерттеу керек.