Туляримия микробиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 17:51, контрольная работа

Краткое описание

Туляримия – жануарлардың (кемірушілердің) біріншілік ауруы, адамда әртүрлі клиникалық көріністерімен өтетін жедел инфекционды ауру түрінде және жұмыс қабілеттілігінің орнына баяу келетін ауру түрінде өтеді. 1912жылы Г.Мак-Кай және Ш.Чепин F.rancisela tularenssis-ті ашты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туляримия микробиологиясы.docx

— 24.82 Кб (Скачать документ)

Туляримия микробиологиясы

Туляримия – жануарлардың (кемірушілердің) біріншілік ауруы, адамда әртүрлі клиникалық көріністерімен өтетін жедел инфекционды ауру түрінде және жұмыс қабілеттілігінің орнына баяу келетін ауру түрінде өтеді. 1912жылы Г.Мак-Кай және Ш.Чепин F.rancisela tularenssis-ті ашты. Олар өте ұсақ 0,2-0,7мкм кокк және эллипс тәрізді полиморфты  таяқшалар жиі арнаулы бояулармен биполярлы боялады, қозғалмайды, грам теріс, спороларды түзбейді, каталаза теріс, Н2S түзеді, қатаң анэробтар, өсу үшін температура оптимумы 370С, рН 6,7-7,2. Вирулентті штаммдар капсулаға ие, кейбір көмірсуларды (глюкоза, мальтоза, фруктоза, декстрин) ферменттенгенде газсыз қышқыл түзеді. F. Tularenssis қарапайым орталарда өспейді. Г.Маккой мен Ш.Чепин ұйыған сарыуызды ортаны қолдады. Онда туляримия таяқшасы ұсақ нәзік клолони түрінде өседі. Туляримия таяқшасын өсіру үшін Э.Френсис құрамында 0,05-0,1% цистин,  1% глюкоза, 5-10% қаны бар қоректік агарды ұсынды. Олардың өсуі баяу, өзінің максимальды көлемдеріне 3-5 күнде жетеді. Туляримия бактериялары тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында жақсы өседі.

F. tularenssis өсуі үшін келесі  АҚ қажет: аргинин, лейцин, изолейцин, лизин, метионин, пролин, треонин, гистидин, валин, цистин, кейбір түр астылар  үшін –серин, триозин аспарагин  қышқылы, сонымен қоса олардың  өсуі үшін пантотен қышқылы, тиамин  және Мд иондары қажет.

Туляримия қоздырғышы жас ішілік паразит болып табылады. Оның вируленттілігі фагоцитозды тежейтін капсулаға, адгезияға қатысатын нейроминидазаға, эндотоксинге жас қабат аллергенді қасиетіне, сонымен қоса фагоцит ішінде көбейіп, оның киллерлік эффектін тежеу қабілеттілігіне байланысты. Сонымен қоса туляримия таяқшасына JgG класының Fc-фрагментизімен байланысатын рецепторлар табылды. Осындай байланысу әсерінен комплемент жүйесі мен макрофагтардың активтілігі төмендейді.

S-формалы F. Tularenssis-ң еі  антигені бар О және Vi. О-антигені  бруцеллалардың антигендеріне ұқсас. S-SR-R диссоциациясы. Капсуланың, вируленттілігінің  және иммуногенділігінің жойылуына  әкеледі. F.tularenssis үш географиялық  расаға бөлінеді:

    1. Голартикалық (үй қояндары үшін әлсіз патогенді, глицеринді ферменттенбейді және цитруллинуреидаза ферменті жоқ, солтүстік жарты шар мемлекеттерінде кедеседі)
    2. орта азиялық (үй қояндарына аз патогенді, цитрулинуреидаза бар және глицеринді ферменттейді)
    3. неарктикалық (американдық) үй қояндарына патогенді, глицеринді ферменттейді, цитруллин урендазасы бар.

Сонымен қоса американдық және ортаазиялық  түрастылар фосфотазды активтілікке ие.

Резистенттілік. F. Tularenssis сыртқы ортада, әсіресе патологиялық материалда болса тұрақты. Ауру кемірушілердің бөлінділерімен ластанған фуражда, астық тұқымдарында төрт айға дейін, суда -3айға дейін, мұзда -  1айдан көп сақталады. Тікелей күн сәулелеріне жоғары t-ға  сезімтал, 3% лизол ерітіндісінде, 50% спиртте, формалинде 5-10  минут кейін өледі.

Эпидемиология. Табиғаттағы туляремияның негізгі резервуары кемірушілер болып табылады. Адам тек жануарлардан зақымдалады, адамнан адамға берілмейді.

Туляримияға сезімталдығы бойынша жануарларды төрт топқа бөлуге болады:  

1 топ – көбірек сезімтал (су егеуқұйрықтары, үй тышқандары, ақ тышқандар, теңіз шошқалары  т.б.) өлімге әкелетін минимальды  дозасы микроб жасаушасы.

2 топ – сезімталдығы  азырақ (сұр егеуқұрйықтар, суыр  және т.б.) өлімге әкелетін минимальды  дозасы 1млрд.микроб жасушасы.

3 топ- жыртқыштар, мысықтар, түлкілер. Үлкен дозаларға тұрақты, ауру белгілерінің көрінбеуімен  өтеді. 

4 топ – туляримияға  тұрақты (тұяқты жануарлар, суық  қандылар, құстар).

Адам үшін өлім дозасы – бір микроб жасушасы. Адамның зақымдалуы әртүрлі жолдармен өтеді, ауру кемірушілермен тікелей және тікелей емес қатынаста болғанда, алиментарлы, ауа – тамшылы, трансмиссивті жолмен. Туляримия бактерияларымен зақымдалуы қан сорғыш буынаяқтарының 77 түрінде анықталды. Олардың ішінде иксод кенелері маңызды орын алады, себебі ол қоздырғышты өмір бойы сақтайды және ұрпағына беруі мүмкін.

Патогенез бен клиникасының ерекшеліктері. F. tularenssis ағзаға сыртқы қабаттар арқылы (зақымдалған  және зақымдалмаған тері мен шырышты қабаты)  енеді. Ену жерінде жиі жаралар түзіледі. Лимфа тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне жетіп, онда кедергісіз көбейеді, қабыну процесі бубонның түзілуіне әкеледі. Осыдан өоздырғыш қанға өтеді, бактеримия процесстің генерализациясына әкеледі, оған әртүрлі ұлпалар мен мүшелер қосылады, олардағы қоздырғыштың көбеюі гранулемалардың және некотикалық жаралардың пайда болуына әкеледі. Ағзаның аллергиялық қайта құрылуы бактеримия мен генерализациямен байланысты. Туляримия кезіндегі инкубационды кезең 2 күннен 8күнге дейін созылады. Ауру жедел басталады, қызба, бас аурулары, бұлшықеттердің ауырсынулары, бет гиперемиясы пайда  болады. Аурудың дамуы ену қақпасына байланысты, соған қарап туляримияның келесі клиникалық  түрлерін ажыратады, жаралы –бездік (бубонды), көзді-бездік, ангинозды-бездік, абдоминальды және өкпелік. Туляримия кезіндегі летальдік  1-3%аспайды.

Постинфекционды иммунитет мықты, көп кезде  өмірлік, жасушалық табиғатқа ие, Т лимфоциттер мен макрофагтарға байланысты. Иммунитеті бар адамдарда фагоцитоз аяқталған болады.

Лабораторлы диагностика. Туляримияның полиморфты клиникалық көріністеріне байланысты оның диагностикасында келесі лабораториялық әдістер маңызды болады: бактериологиялық, биологиялық, серологиялық реакциялар мен аллергиялық сынама. Бактериологиялық әдіспен ауру адамнан қоздырғышты бөліп алуға болмйды. Сондықтан алдымен  зерттелетін материалмен (бубон пунктаты, конъюнктивадан  іріңді, аңқадан алынған пленка, қақырық, нәжіс т.б.) ақ тышқандарды немесе теңіз шошқаларын тері астылық зақымдайды, содан кейін таза дақыл алу үшін мүшелерден алынған материалды немесе қанды егеді.

F.tularensis-ті сонымен қоса  тауық эмбриондарын зақымдау  арқылы бөлуге болады. Онда қоздырғыш  иммунды флуоресценция әдісімен  оңай табылады. Иммунды флуоресценция  әдісімен оңай табылады. Қарапайым  клиникалық жағдайларда туляримия  диагностикасы үшін серологиялық  реакциялар және аллергиялық  сынамалр жүргізеді.

Маманданған профилактика. Туляримияның табиғи ошақтарында тұратын аурудан сақтандыру үшін вакцинация қолданылады. Ол тірі (әлсізденген) құрғақ теріүстілік вакцина арқылы жүзеге асады. Вакцинаны бір рет енгізеді, иммунитет 5-7 жылдан кем емес сақталынады.

 


Информация о работе Туляримия микробиологиясы