Топырақты мелиорациялаудың топырақ құрамы мен қасиеттеріне тигізетін әсер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 09:53, лекция

Краткое описание

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанның барлық облыстарында суармалы жерлердің ауданы 2,3 млн.гектарға жеткен болатын. Қазіргі кезде суармалы жерлердің ауданы кеміп, 1,4 млн.га жер ғана пайдаланылуда. Оның 1,3 млн.гектары Қазақстанның оңтүстігінде, яғни Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағында орналасқан. Қалған облыстарда қолданыстағы суармалы жерлердің ауданы 90 мың га-дан аспайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Топырақты мелиорациялаудың топырақ құрамы мен қасиеттеріне для па 3 по агрото.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

Топырақты мелиорациялаудың топырақ құрамы мен қасиеттеріне

тигізетін әсер.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанның барлық облыстарында суармалы жерлердің ауданы 2,3 млн.гектарға жеткен болатын. Қазіргі кезде суармалы жерлердің ауданы кеміп, 1,4 млн.га жер ғана пайдаланылуда. Оның 1,3 млн.гектары Қазақстанның оңтүстігінде, яғни Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағында орналасқан. Қалған облыстарда қолданыстағы суармалы жерлердің ауданы 90 мың га-дан аспайды.

Соңғы жылдары, суармалы жерлердің істен шығуына суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлап, топырақ құнарлылығының төмендеуі себеп болды. Суару жүйелеріндегі топырақ құнарлылығының төмендеуі, қолданыстағы суармалы жерлердің өнімділігінің кемуімен сипатталады. Сондықтан, шаруа қожалықтарының суармалы жерлердегі өндірілген егіннен түсетін пайдалары өте төмен. Қазіргі кезде суармалы жерлерден түсетін өнім, жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарынан түсетін өнімнің 5%-ын құрайды. Ал кезінде 2,3 млн.га суармалы жер Қазақстанның жалпы егін егілетін жерінің 5%-ын құраса да, олардан түсетін өнімнің 30%-ын беретін.

Келтірілген мәліметтерді салыстырмалы сараптау нәтижесі, қазіргі кезде суармалы жерлерден түсетін өнім өткен ғасырдағы өнімділікпен салыстырғанда 6 есеге кемігендігін көрсетеді. Бұл дегеніміз Қазақстанда көкөніс, жүгері, мақта, бау-бақша, жүзім сияқты дақылдар өнімдерінің азайып, республикамызды осы дақылдардың өнімімен толық қамтамасыз ете алмайтындығымызды анықтайды.

Қолдағы бар зерттеу нәтижелерін талдау барысында, оған себеп факторлардың бірі, суармалы жерлердің құнарлылығының төмендеуі екендігі анықталды. Суармалы жерлердің құнарлылығының төмендеуі, топырақтың тамыр өсетін қабатының тұздануына, сортаңдануына, тығыздануына, қоректік заттардың кемуіне, оның су режімінің бұзылуына тікелей байланысты. Сондықтан, суармалы жерлердің өнімділігін арттыру үшін, осы келтірілген себептерді жойып, топырақтың құнарлылығын арттыру қажет.

Қазіргі кезде, тұзданған топырақтардың құнарлылығын арттыру, олардың тамыр өсетін қабатындағы тұз мөлшерін уытты шекке дейін шаю арқылы төмендету әдісін пайдалану арқылы іске асырылады. Бірақ топырақ қабатындағы тұз мөлшерін шаю арқылы төмендету, көп мөлшерде су қорын пайдалануды қажет етеді. Сондықтан су тапшылығы жылдан-жылға артып тұрған кезде, су үнемдегіш шаю технологиясын жетілдіріп, өндіріске енгізу қажет.

Бұл бағытта, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Сырдария өзені алабында көп жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерттеу нәтижелерін талдап, сараптау, шаю әдістерінің топырақ қабатынан тұздың шайылу процесіне әсерін және 1 тонна тұзды шаюға жұмсалатын су шығыны мөлшерін анықтауға мүмкіндік жасады. Мысалы, Мақтаарал ауданында, топырақ қабатындағы тұз қорын шаю, ауданы 1-3 га атыздарды сумен бастыру арқылы жүргізіліп, шаю суының көлемі 3500-5000 м3/га аралығында болды. Сондықтан, топырақтың тұзын шаюға кететін су мөлшері артып, ыза суы деңгейінің жылдам көтерілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, судың топыраққа сіңу жылдамдығын күрт төмендетіп, шаю кезеңін ұзартады және судың булану шығынын арттырады.

Осы себептерге байланысты, арнайы жүргізілген зерттеулер барысында, су үнемдегіш шаю технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді. Бұл технология ауданы 0,01-0,02 га болатын атыздарды топырақ қабатындағы тұзды шаю мөлшері 1000 м3/га болатын сумен 2-4 күн сайын бастыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, жетілдірілген шаю технологиясының қолданыстағыдан ерекшелігі, шаю суын әр атызға жеке-жеке беру арқылы жүргізілуінде. Сондықтан, суармалы жерлерде шаю суының мөлшері, колданылып жүрген технологиялармен салыстырғанда, 25-35%-ға дейін кемиді.

Суармалы жерлердің өнімділігіне кері әсерін тигізетін факторлардың тағы бір түрі, топырақтың шектен тыс сортаңдануы. Топырақтың сортаңдануы Қазақстанның суармалы жерлерінде соңғы 15-20 жыл аралығында, құрамында кальций катионы бар минералды тыңайтқыштарды жеткіліксіз мөлшерде пайдалану, топырақ құрамындағы кальцийдің сумен шайылуымен қатар, өсімдіктердің де пайдалануының азайып кетуіне тікелей байланысты. Сондықтан, көптеген суару жүйелерінде топырақтың сортаңдануы мен сілтіленуі кең орын алды.

Қазақстан жағдайында топырақтың екі түрлі сортаңдануы орын алған. Оңтүстік аймақтарда, суармалы топырақтардың сіңірімділік кешенінде магний катионының шектен тыс (25%) артуы орын алып, магнийлі сортаңдану процесі жеделдеуде. Қазақстанның қалған аймағында, топырақтың сіңірімділік кешенінде, негізінен натрий катионы шектен тыс (5%) жиналып, натрийлі сортаңдану құбылысы орын алған. Сортаңдалған және сілтілі топырақтардың құрылымын жақсарту мен құнарлылығын арттыру, химиялық мелиорациялауды қажет етеді. Химиялық мелиорациялау барысында, мелиорант ретінде құрамында кальций катионы бар заттар қолданылады.

Жалпы, Қазақстан бойынша ең тиімді және арзан химиялық мелиорант фосфогипс болып саналады. Қазіргі кезде «КазФосфат» ЖШС фосфор тыңайтқыштарын өндіретін зауыттың маңында 8 млн. тоннадай фосфогипс қоры жиналған. Сондықтан, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан сортаңдалған суармалы жерлерде жүргізген зерттеулер нәтижелері негізінде, фосфогипсті пайдалану арқылы сортаңдалған топырақтар құнарлығын арттыру технологиясын жасады. Бұл технология күзде, егінді жинап болған соң, топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында топырақ үлгілерін химиялық сараптамаға алуды және жерді 25-30 см. тереңдікке жыртуды қарастырады. Жыртылып, тегістелген жерлерге, жаппай жауын-шашын жауар алдында, есептелген мөлшер бойынша фосфогипс енгізіледі. Фосфогипсті топырақ бетіне біркелкі енгізу үшін РУМ-5 немесе 1 – РМГ-4 сепкіштері қолданылады.

Сортаңдалған суармалы топырақтарды фосфогипс енгізу арқылы химиялық мелиорациялаудың тиімділігі, осы жерлерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігімен дәленденді. Мысалы, Аса-Талас өзендері алабында, фосфогипс енгізу арқылы топырақ құнарлылығы арттырылған суармалы жерлерде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі артты.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның топырағы тозған суармалы жерлерінің құнарлылығын, оның қабатындағы тұзды шаю және сортаңдығын фосфогипс енгізу арқылы химиялық мелиорациялау әдістерін қолдану арқылы арттыру, тиімді шаралар қатарына жатады. Себебі, қарастырылған шаралар, суармалы жерлердің құнарлылығын 1 жылдың ішінде қалпына келтіруге мүмкіншілік жасап, топырақ құнарлылығын арттыруға жұмсалған шығындардың 1-2 жылдың ішінде ақталуын қамтамасыз етеді.

 


Информация о работе Топырақты мелиорациялаудың топырақ құрамы мен қасиеттеріне тигізетін әсер