Саңырауқұлақтар морфологиясы мен физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 14:33, реферат

Краткое описание

Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак ауруын қоздыратын сақырауқұ-лақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мице-лийі бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер болады.
Жалпы саңырауқұлақтар клеткаларының құрылысы басқа организмдердің клеткаларының құрылысына ұқсас. Клеткалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор заттары ретінде клеткада углевод және май заттары кездеседі.

Содержание

Саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
Негізгі бөлім
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтардың морофологиясы
Саңырауқұлақтардың физиологиясы
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер: