Мүктэріздес өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Мүктәрізділер (Bryophyta) – жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МҮКТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕР..........................................................................4
1.1. Көкек мүгі (жасыл мүк)...................................................................................4
1.2. Шымтезек мүгі..................................................................................................6
1.3. Жатаған ортотрихум (Orthotrіchum laevіgatum)..........................................10
2. МҮКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.........................................................12
2.1. Риниофиттер бөлімі........................................................................................12
2.2. Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida............................................................14
2.3. Архегоний ......................................................................................................17
2.3.Мүктердiң маңызы..........................................................................................18
3. МҮКТЕРДІҢ РАДИАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ............................................19
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

МҮКТЕР.doc

— 121.50 Кб (Скачать документ)

Оның пішіні шөлмек немесе қолба тәрізді төменгі кеңейген бөлігі құрсақ жоғарғы тарылған жағы мойын.

Құрсақта қозғалмайтын аналық гамета жұмыртқа оның үстіңде  құрсақ канал жасушалары орналасқан. Мойынның ішінде мойын канал жасушалары орналасқан. Жұмыртқалар пісіп жетілуіне  дейін барлық канал жасушалары шырыштанады және төбесінде архегоний ашылады. Шырыш бойымен енуыз архегоний құрсағына еніп жұмыртқаны ұрықтандырады.

Мүктердің архегонийлері  топталып, өркеннің төбесінде немесе бүйірінде, плаун, қырыққұлақ тәрізділерде — спорадан түзілген тұқымдық өскінде (гаметофитте), ал жалаңаш тұқымдыларда (қарағай, шырша) — аналық бүрлеріндегі тұқым бүршігі мен тұқымдық өскінде (эндоспермде) жетіледі.

Архегонийдің қабырғасы  бір қатар клеткадан тұрады, мойны  ұзын, құмыра тәрізді болады.

Кеңейген жерінде бір  аналық тұқым клеткасы жетіледі де, мойын тәрізді жіңішке келген жеріндегі клеткалар арнайы зат бөліп шығарып, аталық тұқым клеткасының аналық тұқым клеткасына кедергісіз өтуіне жағдай жасайды.

2.3.Мүктердiң маңызы.

 

 

Мүктер фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық эаттар түзедi және ауаға оттегiн бөлiп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсiмдiктердiң бiрi болып өседi және топырақ түзу процесiне қатысады.

Мүктер ұя салып балапан  шығаратын құстардың қорегi және өз жауларынан тығылатын орны болып табылады.

Мүктер басқа өсiмдiктер секiлдi қурап микроорганизмдердiң көмегiмен шiридi. Нәтижесiнде құнарлылығы жоғары шымтезектi топырақ түзiледi. Мұндай топырақтарға жаңадан өсiмдiктер өседi.

Шымтезектi шымтезек батпақтарынан өндiрiп, отын ретiнде кеңiнен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы және шайыр сияқты шикi заттар алынады.

Мүктер – тұщы су қоры болып табылады.Батпақты жерлерде судың  жиналуы мүктерге тiкелей байланысты.

Ақ мүк – бұл  қыналар. Олар титімдей ағашқа ұқсайды. Ал сосын тағы көптеген саңырауқұлақтар мен спорогонийлер өседі. Батыс-Алтай мемлееттік табиғи қорығында Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктер жиі кездеседі. Мынау нәзік гүл “Бұйралау лилия” немесе “Патшаның бұйрасы”деп аталады. “Бұйралау лилия” – тіпті Алтайдың өзінде де сирек кездесетін гүл. Ал мынау атақты “Маралтамыр” немесе  «сафлор тектес левзея”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. МҮКТЕРДІҢ РАДИАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

 

Ядролық зарядтарды сынау  кезінде, атомдық электростанциялардағы  апаттар кезінде радиоактивті изотоптар  жоғары биіктікке көтеріліп, содан соң баяу Жердің бетіне түседі. Түсу жылдамдығын жер қыртысындағы изотоптардың  мөлшерімен бағалауға болмайды, себебі ядролық қаруды сынау барысында радиоактивті изотоптардың мөлшері ұлғайды.

 Радиоактивті изотоптардың  ауадан түсудің индикаторлары  мүктер мен қыналар бола алады. Мүктер мен қыналардың қоректену ерекшелігі — олардың қоректік заттарды атмосферадан ылғалмен бірге алатыны. Сол кезде топырақ аса үлкен рөл атқармайды. Сондықтан топырақтан құнарлы заттарды алатын өсімдіктерге қарағанда мүктер мен қыналар атмосфераның ластану индикаторлары бола алады. Сонымен қатар топырақтың сіңіру қабілеті тым жоғары және радиоактивті 137Cs изотопын аз береді.

Мүктер радиоактивті 137Cs — дің белсенді жинақтаушысы болып саналады. Оның мүктердегі құрамы өздері өсіп тұрған жердің бетімен салыстырғанда өте жоғары болады. Бұл пікір негізінен ЧАЭС — тегі апаттан соң лас аймақта өткізілген өлшеулерден қалыптасты.

Бұл өлшеулер мүктердің, қыналар мен саңырауқұлақтардың радиоактивті 137Cs — ді басқа өсімдіктерге қарағанда жақсы жинақтайтынын көрсетті. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жалпы және Теоретикалық Физика кафедрасында бірнеше жыл барысында жүргізілген  өлшеулер саңырауқұлақтардың  137Cs — ді басқа өсімдіктердей сіңіретінін көрсетті. Алайда оларға калийдің жоғары мөлшері тән. Цезий калийдің химиялық сәйкестігі ретінде айтарлықтай мөлшерде жиналады.

 Дегенмен цезийдің  құрамы калийге қарағанда үлкен  емес, оны олардың химиялық белсенділігінің  түрлігімен түсіндіруге болады. Алайда бір топ саңырауқұлақтарда  137Cs құрамы ұлғаяды. Ол өзге де ауыр металдарға да тән. Бір топ зерттеушілер саңырауқұлақтарды мониторий үшін қолдануды ұсынады, дегенмен 137Cs құрамы көптеген ерекшеліктер мен жағдайларға байланысты: топырақтың ылғалдығы мен қышқылдығы, температура, топырақтың радиоактивті 137Cs – мен ластану деңгейі және т. б. Сондықтан саңырауқұлақтар үшін алынған нәтижелер оларды жинау орны мен уақытына тәуелді.

Мүктер мен қыналардағы  радиоактивті заттарды жинау жағдайы  басқаша. Мүктер мен қыналардың қоректенуі атмосферада химиялық элементтер мен ылғалдығымен жүзеге асады. Сондықтан олардағы ауыр металдардың құрамы атмосферадағы құрамына пропорционал.

Жобаның мақсаты атмосфераның 137Cs – мен ластануды бақылау үшін мүктер мен қыналардың мүмкіндіктерін зерттеу. Оған қоса мүктер мен қыналар баяу өсетіндіктен ұзақ мерзімдегі ластанудың интегралды ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.

Ауадан қоректенетін қыналар 137Cs үшін өзгеше жинақтаушы сүзгі болып табылады. Алайда радиоактивті цезийдің жинақталуын өлшеуде қынаның жиналуға тиесілі өмір сүру мерзімі белгісіз болады. Ондай жағдайда мониторий үшін   радиоактивті 40К – ді қолдануға болады. 137Cs — дің 40К — ге қыналардағы белсенділігі атмосферадағы (шаңдағы) жағдайды қайталайды да, цезийдің жинақталу белсенділігінің мерзімінен тәуелсіз.  137Cs, 40К – дің қыналардағы белсенділікті өлшеу арқылы атмосферадағы жағдайды біле аламыз.

137Cs — дің 40К — ге үлесті радиоактивтілігін γ – шағылулардың спектрлері арқылы өлшедік. Өлшеулерді қазіргі таңда кең қолданыстағы «Прогресс» жүйесінің сцинтилляциялық гамма – спектрометрінде жасадық.

Маринелли сауытын ұнтақпен тығыз толтыру үшін үлгілер өлшеу  алдында кептіріліп, ұнтақталды. Әдетте,  сауытқа 150г кем емес құрғақ ұнтақ  кіреді. Алайда кез келген уақытта  ондай мөлшерде жинауға мүмкіндік  болмайды. Кейбір жағдайда Маринелли сауыты толмаған, ал ол ≈35% — ға дейінгі белсенділікті анықтау қателіктерін туғыздыра алады. Осындай мөлшерде өлшеудің статистикалық қателер болады.

Зерттеу жұмысын біз 2007 жылдың желтоқсанынан Л. Н. Гумилев  атындағы Салааралық ғылыми – зерттеу  кешенінің базасында өткіздік. Үлгі ретінде топырақта және қараған, қайың, көк терек субстракттарында өсетін «Птилиум» мүгінің тұқымын, «Іскен пармелия» қынасын алдық.

Мүк (Ptilium crista castrensis)

137Cs 

123±12 Бк/кг

40К 

350±40 Бк/кг

226Ra 

24±10 Бк/кг

232Th 

18±20 Бк/кг

137Cs/40К = 0,35±0,07

Калий — цезийдің химиялық аналогі. Сондықтан осы элементтер арасында корриляцияны күтуге болады. Ол калий мен цезий белсенділігінің  арақатынасынан  ластанудың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Торий  мен радийді өлшеу тек қана тексеру сипатында болды. Алынған нәтижелердің топырақ жайлы белгілі мәліметтермен сәйкестігінен осы жағдайда өсімдік қалдықтары емес (орман төсемі) топырақ жайлы сөз қозғалып отырғандығын көруге болады.

Сонымен, радиоактивті 137Cs мен 40К қыналардағы құрамы олардың ауа шаңындағы құрамымен шартталған, содан бұл изотоптармен ластанған ауаның көрсеткіштері бола алады. Осында қыналардың айтарлықтай баяу өсетінін ескеру керек. Сондықтан ластану көрсеткіштері үлкен уақыт аралығына орташаланады. Бұл ұзақ мерзімді өлшеуге қарағанда тиімдірек.

Атмосфераның радиоактивті шаңмен ластануын мониторингілеу үшін радиоактивті 137Cs мен 40К изотоптарының  қыналар мен мүктердегі құрамын  тұнғыш рет Ақмола облысында 2007 жылдың желтоқсанынан Л. Н. Гумилев атындағы Салааралық ғылыми – зерттеу кешенінің базасында жүргіздік.

137Cs  — дің қыналардағы  28 – 36 Бк/кг белсенділігі 40К –  дің 145 – 248 Бк/кг салыстырмалы  белсенділігінде, сәйкесінше ағаш  дініндегі салыстырмалы белсенділігі 0,3 – 5 мен 4 – 118 Бк/кг. Бұл қыналарды  атмосферадағы радиоактивті ластануды  ұзақ уақытта мониторингілеу үшін қолайлы етеді.

137Cs Parmelia physodes түріндегі  қынада радиоактивтілік оның  атмосферадағы үлесін тамаша  үлестіреді.

Зерттеу үшін ең қолайлысы  қайыңда өсетін қына, өйткені ағаштардың басқа түрлеріне қарағанда қайын  дінінің радиоактивтілігі аз, сондықтан қатаң тазартуды керек етпейді.

137Cs атмосферадағы радиоактивтілігінің  белсенділігін бағалау үшін 137Cs –  дің қыналардағы қорын қолдануға  болады.

137Cs белсенділігінің  абсолютті мәндерін емес, 137Cs мен  40К белсенділік қатынасын қолданған  жөн.

Алынған нәтежелерді  қоршаған ортаның радиоактивті 137Cs – мен  ластануды мониторингілеу мақсатында қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мүктер жер бетiнiң  барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып  өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен  көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

2. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

3. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

4. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

5. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006

 6. Мұсабеков, Қ. Қ.  Топырақтану және геоботаника негіздері : оқу құралы /   

7. Қ. Қ. Мұсабеков ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,

  8. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. - Тараз : Тараз университеті, 2003. - 191 б

   9. Алиев Р.А., Калмыков С. Н., Сапожников Ю. А. Радиоактивность окружающей среды. Теория и практика. М., 2006.

   10. Бязров Л. Г. Лишайники – индикаторы радиоактивного загрязнения. М., 2005. – с. 16 – 407.

    11. Бакалин В. А. Монографическая обработка рода Lophozia. М: Наука, 2005. — с. 92 – 147.

 




Информация о работе Мүктэріздес өсімдіктер