Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі б

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 23:40, курсовая работа

Краткое описание

Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3-5
І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы……………………6-10
1.2Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері…………………...11-16
ІІ. Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі негізгі бағыттары………………..17-20
2.2. Батыс Қазақстан облысындағы қалыптасқан агроөнеркәсіптік кешен. агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру…………21-26
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аграрлық өндірістін әлеуметтік эканомикалық мәні және қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін нарықтық қатыныстарға көшірудің негізгі ба

— 54.79 Кб (Скачать документ)

 

 

Агроөнеркәсiптiк кешенiнiң дамуы тұрақтанды, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оның қайта өңделген өнiмдерiн өндiрудiң өсуi байқалады, азық-түлiктiң импорты төмендеуде, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жарақтандыру артуда, ауыл халқының қуаттылығы жақсарды.

Өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң 80%-ға жуығы қайта өңдеусiз, шикiзат түрiнде таралады, ал дайын өнiмнiң қайта өңдеу кәсiпорындарының техникалық артта қалуы, олардың құрал-жабдықтарының моральдық және табиғи тозуы себептi бәсекеқабiлеттiлiгi төмен.

Ауылдық жерлерде халықтың кәсiпкерлiк белсендiлiгi төмен, соның нәтижесiнде ауылдағы халықтың жан басына шаққандағы iшкi өнiм қалаға қарағанда 5 есе төмен. Бiр жағынан бұл өндiрiстiк инфрақұрылымның дамымауымен және қаржы ресурстарына қол жетiмсiздiгімен де байланысты. 
Мұның барлығы еңбек өнiмдiлігiнiң артуына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң рентабелдiлiгi мен сапасына кедергi болуда, бұл бiзге iшкi азық-түлiк рыногының ашықтығы жағдайынан жұмыс iстеуге тура келетiн ДСҰ кiру алдында аса өзектi.

Агроөнеркәсіп кешені салаларында біршама бәсекеге қабілетті кластерлі иницативаларды қалыптастыру және жүзеге асыру тұрақты дамудың маңызды құрамасы болып табылады, бұл  агротехнология деңгейін және өндірілген өнім сапасын арттыруға, агроөнеркәсіп кешенінің қосымша құнын және табысты өсіруге алып келеді.

Аграрлық саланың жаңа сапасы ондағы сауда құрамасын өсіре отырып, аграрлық азық-түлік саясатының деңгейін кеңейтуді, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегияға және жақын және алыс шет елдер экспортын активизациялауға көшуін болжайды.

Ұлттық бәсеке басымдығына ие астық пен мал шаруашылығы өнімі экспорттық мүмкіндікті қалыптастырудың негізі және валюта түсімінің көзі болып табылады. 

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оның қызмет етуінің тиімділігін көтеру реформалау және жүйелі сипаттағы байланыстарды одан әрі жетілдіру жолымен құрылымдық қайта құруымен байланысты. Бүгінгі таңда өңдеуші өндірістердің аймақтық кешендерінің субъектілері арасында қалыптасқан қаржылық - өндірістік байланыстар жиынтық шығындарды төмендетуді және өндіріс нәтижелерін жоғарлатуды қамтамасыз етпейді. Бұл байланыстардың реттелмейтіндігі және кездейсоқтығы тараптардың жоғары экономикалық мүдделілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Нарықтағы бәсекенің күшеюі, маркетинг қызметінің дамыуының төмен деңгейі, ақпараттық – кеңес берушілік қызметтің жеткіліксіз дамуы азық – түліктік нарығының процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-әрекетін кез келген уақытта қиын жағдайға қалдыруы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер арасындағы өзара қарым – қатынас тамақ өнеркәсібінің, жекелей алғанда ет және ет өнімдері өндірісінің негізгі сегменттерінің дамуын анықтаушы болып табылады.  Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі, агроөнеркәсіп кешенінің ашық азық-түлік рыногы жағдайында жұмыс істейтіндігін білдіреді. Сондықтан да бәсекеге қабілеттілігін өсіру негізінде, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз ету алғашқы жоспарға жылжиды. Бәсекеге қабілеттілікті өсірудің маңызды критериі ең алдымен, өндірістің өнімділік және тиімділік көрсеткіштерінің өсуі жағдайында АӨК салаларының түсімділігін өсіру болып табылады.

 Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенде қалыптасқан экономикалық жағдай белгілі бір деңгейдегі тұрақтылықты сипаттайды. Оны осыған дейінгі өсімдік және мал шаруашылығының көрсеткіштеріне талдаудан көруге болады. Ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілердің өндіріс пен өнім өндірудегі көзқарастары өзгерген. Сондықтан да қазіргі таңда ауыл шаруашылығы үшін қандай да бір өзгерісті немесе реформаны енгізу міндет емес, тек қалыптасқан экономикалық қатынастарды жетілдіру қажет.    АӨК мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін үш мәселені бөліп көрсетуге болады:

Бірінші мәселе – мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі қызметтерді, тікелей ауыл шаруашылғы тауар өндірушілерінің ұйымдық-құрылымын ескере отырып біріктіру арқылы анықтау және дәл бөлу.

Екінші мәселе – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ассоциацияларын және салалық одақтарын құру арқылы шаруашылықтық басқару жүйесін құру.

Үшінші мәселе – АӨК басқарудың: мемлекеттік, шаруашылықтық және жергілікті барлық түрлерін тиімді үйлестіру.

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесін жетілдіруде саланың заңдылықтарына, сипатына және даму бағыттарын мән беру қажет.

Өндірісті басқару жүйесі өндіріс жағдайы және заңдылықтары, сонымен қатар аграрлық саясаттың мазмұны мен бағыттылығын анықтайтын өндірістік қатынастардың сипатына байланысты. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесін қалыптастыру мен дамытуды халық шаруашылығының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық жүйесі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастырудың объективті алғышарттарымен байланысты қарастырған жөн.

Агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың маңызды мақсатты қызметі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы қоғамдық қажеттіліктерді максималды қанағаттандырудан тұрады. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесіне талдау оның бұл қызметті толық мөлшерде орындамайтындығын көрсетеді.   
Себептердің бірі – ауыспалы кезеңдегі өндіріс жағдайларына және оның басқарушылық қызметке қойылатын талаптарға дұрыс бейімделмеуі.

Агроөнеркәсіптік кешеннің қайсыбір басқару объектісі қарастырылмаса да агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың республикалық деңгейі оның маңыздылығы мен жүйелік жақсартудың қажеттілігіне қарамастан ең алдымен кешен дамуының макроэкономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Экономикалық әдістердің басымдығы, барлық шаруашылқ жүйенің демократизациялануы бұл жүйенің қызмет етуінің ауырлық күшін аймақтарға ығыстырылуын талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

      Қазақстанның  аграрлық секторы әлеуметтік  – экономикалық жағынан терең  түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің  экономикалық  механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары  қалыптастырылды .

Ауыл шаруашылығы еліміз экономикасының маңызды, өзекті салаларының бірі, оның дамуымен тұтыну нарығының тұрақты, балансты дамуы, экономика салалары мен халықтың әл-ауқаты тікелей байланысты.

Азық-түлік өнімдерін және ауыл шаруашылығы  шикізаттарынан жасалған тауарларды соңғы тұтынушыға жеткізуді бірыңғай мақсат қылып біріккен салалар жиынтығы агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Ол үш саладан тұрады:

1 –  ауыл шаруашылығы  үшін өндіріс құралдарын шығаратын  және оны техникамен, қондырғылармен, мал азығымен, өсімдіктер мен  жануарларды қорғау құралдарымен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін  салалар, сонымен қатар ауыл шаруашылығына  өндірістік-техникалық қызмет көрсетумен  айналысатын салалар;

2 –  АӨК орталық звеносы  ретіндегі ауыл шаруашылығы (өсімдік  және мал шаруашылығы салалары), сонымен қатар балық, орман және  су шаруашылығы;

3  – ауыл шаруашылығы  шикізаттарын даярлау, сақтау, қайта  өңдеумен және дайын өнімді  өткізумен айналысатын салалар.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешені халық шаруашылығының басқа салалары секілді көптеген реформаларды өз басынан өткізді. Әлі де болса ауыл шаруашылындағы кейбір мәселелер өз жауабын таппай отыр. Тақырыпты зерттей келе келесідей қорытындылар жасап, ұсыныстар енгізуге болады:

1. агроөнеркәсіптік кешенді  басқаруды ұйымдастыруда ауыл  шаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін  ескере отырып  басқарудың ғылыми  қағидалары мен әдістемелеріне  сүйену қажет.

2. Жалпы облыста ауыл  шаруашылығы салаларында өндірілген өнім көлемінің өсуі байқалады.

3. агроөнеркәсіптік кешенге  мемлекеттік басқару жүйесі тікелей  және жанама бағытта ықпал  етеді. Тікелей әсер етуді облыста Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы жүзеге асырады. Ал жанама басқаруды облыстық ауыл шаруашылық басқармасы жүзеге асырады. Бірақ та осы екі құрылым қызметінде бірін-бірі қайталаушылық басым.

Қорытып айтқанда, Аграрлық өндірістін әлеуметтік эканомикалық мәні және қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін нарықтық қатыныстарға көшірудің негізгі бағыттарына сәйкес келетін, нарықты жақсы білетін басқарушылар даярлауға тиіспіз және олар білек сыбана іс тындыруға әзір, басым мақсаттар мен міндеттерге жетуге қабілетті білімдарлар болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.  Н. Назарбаевтың жолдауы. // Заң газеті 23 ақпан 2005ж.[2 б.]

2.  Белгібаев.Қ. Ауыл шаруашылық  экономикасы. А,[215-220 б.]

3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

4.ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігінің сайты. // www.minagri.kz

5.«Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі  туралы ереже

6. Жантасова Қ.Х. «Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылық саласының қазіргі жағдайы» //«Ғылым-бәсекелестікке қабілетті экономиканың негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2008ж.

7.Әбділдин С. «Агробизнесті ұйымдастыру» Алматы, 2001ж.

8.«2006 – 2010 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту» аймақтық бағдарламасы

9.Облыс әкімдігінің 2004 жылғы  «31» желтоқсандағы  №360 қаулысымен  бекітілген «Батыс Қазақстан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»  мемлекеттік мекемесі туралы  ереже

10. Жұмашева. С.Т. Агроөнеркәсіп    кешеніндегі    маркетингтік         зерттеулердің қажеттілігі. //Жаршы N9,2000, [6-106.]

11. Мусенбаев. Т.М. Ауыл шаруашылық  кәсіпкерлікті қолдау-нарық  экономикасының  төл талабы. // Жаршы N9 2002ж,[6-10б.]

12.  Еспергенов. Ж.К. Агробизнес  -  ауыл   экономикасының   негізі //Жаршы N10 2001 ж, [49-516.]

13. Анвар Дебердеев. Жеке қосалқы шаруашылық және оларды шешу жолдары.// Ақиқат N 2 , 2004ж, [30-356.]

 

 

 


Информация о работе Аграралық өндірістің әлеуметтік-экономикалық мәні және Қазақстанның агроэнеркәсіптік кешенін нарықтық қатынастарға көшірудің негізгі б