Мұнайды айдау
Реферат, 09 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін құбырлы қондырғыларда мұнайды айдағанда одан мөлдір дистилляттар түзіледі. Атмосфералық қысымда айдағаннан кейін пайда болатын қалдық зат ол мазут. Мазут – 330-350̊ C-тан жоғары температурада айдалатын фракция. Мұндай қондырғыларды атмосфералық құбырлы қондырғы (АҚҚ) деп атайды.
ЭТҚ қондырғысында сусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнай насос арқылы жылуалмастырғышқа жіберіледі. Онда мұнай 220-230̊C температураға дейін қыздырылады да, ары қарай ректификациялық коллоннаға (РК) жіберіледі.
Содержание
Мұнайдың ректификациясы.
Мазутты вакуумдa айдау.
Прикрепленные файлы: 1 файл
155-165.docx
— 1.32 Мб (Скачать документ)
Мұнайдың өңдеу
бағытына қарай өндірісте
Тізбектелген
колонналарда әр бір кейінгі
колоннадан ауыр өнімі біржолы
өткен колоннадан флегмасы
6-сурет. Колонналардың тізбектелген (а) және асылмалы схемасы (б).
1.2 Мазутты вакуумды айдау
Мазутты төмендеу қысымда – 10-40 мм с.б.-нан төмен қысымда атмосфералық-вакуумдық қондырғының (АВҚ) вакуумды блогында жүргізіледі. Атмосфералы қысымда мазутты айдау тиімсіз, өткені мазуттың қайнау температурасы 400-450̊C-тан жоғары және бұл жағдайда оның газдар мен кокс түзілу процесі жүреді. Жоғарыда айтып кеткендей-төмен қысымда сұйықтықтың қайнау температурасы да төмендейді. Сондықтан мазуттың қайнау температурасын төмендету үшін оны вакуумда айдайды. Мазуттың вакуумды айдау процесі екі схема бойынша жүргізіледі:
-бір ретті буландыру және фракцияларды бір колоннада бөлу схемасы
-екі ретті
буландыру және айдалатын
Мазуттың вакуумды өңдеу нәтижесінде вакуумды газойль немесе май фракциялары және қалдық ретінде – гудрон түзіледі.
350-500̊C айдалатын
вакуумды газойль алу
Атмосфералық
колоннадан 310-315̊C температурадығы
мазутты сорап арқылы
Орташа вакуум (680 мм с.б. дейін) түзу үшін бір сатылы эжекторлар пайдаланады. Тереңдеу вакуум (40-70 мм с.б дейін) көп сатылы аралық конденсаторлары бар булы эжекторлар арқылы түзіледі.
Өндірісте
екіншілік өңдеудің ЭТҚ-АВҚ
7-cурет. ЭТҚ-АВҚ қиыстырылған қондырғының технологиялық схемасы:
1-жылуалмастырғыш, 2-дегидраторлар, 3,6-ректификациялық колонналар,
4,8,14- газосепаратор, 10-вакуумды колонна, 11-эжектор, 12-конденсатор,
120-140 ̊С-қа дейін 1-жылуалмаштырғышта қыздырылған мұнай 2-дегидраторлар кешеніне келіп су, деэмульгатор және сілтінің қатысуымен термохимиялық электросусыздандыру және тұзсыздандыру процестеріне ұшырайды. Осылайша даярланған мұнай 220 ̊C-қа дейін жылуалмастырғышта қыздырылып 3-колоннаға түседі. Жеңіл фракцияны жылуалмастырғыш пен сепаратордан өткізіп осы колоннаның жоғары жағынан шығарады, оның біраз мөлшері колоннаны саурлану үшін алынады. Колоннаның төменгі жағынан қалдығы 5-пешке барып 330̊С-қа дейін қыздырылады да 3-колоннаға ыстық сорғы, ал 6-колоннаға шикізат ретінде жөнелтеді.
Колоннаның (6) жоғары жағынан ауыр бензин алынып, жылуалмастырғыш және 8 – газосепаратордан өтіп шығады, оның жартысы колоннаға суландырғыш ретінде оралады. Колоннаның жанынан температуралық корректорлар және буландырғыш колонналар арқылы аралық – 140-240̊ C, 240-300̊С, 300-350̊С температурада айдалатын – фракциялар алынады. Колоннаның (6) төменгі жағынан шығатын мазут 9-пешке барып 420̊C-қа дейін қыздырылады да 40мм с.б. сарқынды қысымды жұмыс істейтін 10-вакуумдық колоннаға келеді.
Колоннаның жоғарғы жағынан шығатын су булары, газ тәрізді өнімдер және жеңіл булар 12- барометрлі конденсаторға барады, конденсирленбеген газдар 11-эжектормени сорып алынады. Колоннаның жанына вакуумды айдаудың бүйірлі өнімдері, астынан-қалдық ретінде –гудрон алынады. 3және 6 колонналарда түзілетін бензиндер 13-стабилизаторға барады. 4,8 және 14 газосепараторлардан шығатын газ 13-колоннаның тұрақтандырылған бензинімен суарланып 15-абсорберге барады. Ал 15 түзілетін құрғақ газ пештердің форсункаларына жіберіледі.
Пайдаланылған әдебиет:
Г.Қ.Бишімбаева, А.Е.Букетова “Мұнай және газ химиясы мен технологиясы”