Сиыр етінен жасалған консервілерді салыстырып тексеру және калибрлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:10, курсовая работа

Краткое описание

Консервілеу — көгеріп, өңезденген саңырауқұлақтар мен бактериялардың және ашытқылар сияқты әр түрлі микро организмдердің өмір сүргіштігі тамақ өнімдерінің бұзылуына себепші болады. Тамақ өнімдерін микроорганизмдер арқылы зақымданып бұзылудан сақтау үшін, оларды консервілеу керек. Консервілеудің белгілі температураға дейін қыздыру, тоңазыту, кептіру, тұздау, маринадтау т. б. түрлері бар. Үй жағдайында консервілеудің ең қарапайым және сенімді тәсілі стерилдеу болып табылады. Тамақ өнімдерін шикі немесе кулинарлық жолмен дайындалған күйінде стерилдеу үшін банкаға салып, қақпағын ауа кірмейтіндей етіп нығыздап жауып, 100—120º С температурада қыздырады. Барлық көкөністер мен жеміс-жидектерді үй жағдайында консервілеуге болады. Ал балықтар мен етті үй жағдайында консервілемейді.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
Негізгі бөлім
ГОСТ 15170-91 «Сиыр етінен жасалған консерві» техникалық шарттары.......................................................................................................4
Сиыр етінен жасалған консервінің технологиялық сұлбасы..................8
Сиыр еті консервісіне қойылатын талаптар...........................................12
Өндірістегі метрологиялық қамтамасыз ету,сынау және өнім сапасын бақылау........................................................................................................13
Сыналатын жабдықты аттестатттау........................................................16
Сиыр етінен жасалған консервілерді салыстырып тексеру және калибрлеу....................................................................................................17
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая работа (Восстановлен) (1).docx

— 246.16 Кб (Скачать документ)

1.6 Сиыр етінен жасалған консервілер құрал-жабдықтарын салыстырып тексеру және калибрлеу

Әрекет етуші өндірісте  бұл- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру  немесе калибрлеу. Аталған барлық құжаттар сапа жүйесін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болуы қажет. Бұл құжаттар осы өндірістің шығарып отырған  өнімінің сапасын тексеруге толық  мүмкіндігі бар екенін және өлшеу  нәтижелерін нақты, дәл екеніне  толықтай дәлел болуы қажет.

 Өлшеулік құралдарды  сынақтан өткізу, типтік өткізу  және калибрлеу мемлекеттік метрологиялық  қызметтері метрологиялық аттестаттаудан  өткізу мақсаты заңымен қарастырылған.  Өлшемдік құралдардың нормалық  жағдайында және пайдаланудың  асығыстық жағдайында, қауіпсіздіктің  талаптарына және сынақтан өткізетін  өлшеуіш құралдарын міндеттік  қажеттілікке сәйкестігін анықтау  мақсатында жүргізіледі. Жаңа  өлшеуіш құралдары міндетті түрде  мемлекеттік растаудан өткізіледі. Халықаралық талаптар бойынша  (Басшылық ИСО/МЭК 17025:2001) сынақтарды  кәсіптілігі,жоғары білімді мамандар, өлшеуіш құралдарымен жабдықталған  зертханаларда жүргізуі керек.

Салыстырып тексеруге  жатпайтын өлшем құралдарын өндіруден  немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша  әкелінгенде, пайдаланылу кезінде  осы өлшем құралдарының әзірлеушісі, иесі немесе тұтынушысы белгілеген тәртіппен  калибрленеді. Өлшем құралдарын калибрлеуді  шама бірліктерінің мемлекеттік  эталондарына бағындырылған эталандарды  пайдалана отырып, аккредиттелген заңды  тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізіледі. Өлшем құралдарын калибрлеу  нәтижелері өлшем құралдарына басылатын  калибрлік белгімен немесе метрологиялық  сипаттамалардың шынайы мәндері  міндетті түрде көрсетілетін калибрлеу  туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану  құжаттарындағы жазумен куәландырылады.

Салыстырып тексеру әдістемесі міндетті түрде тапсырыс берушімен  алдын ала келісіп алынады. өлшеу  құралын салыстырып тексеруді аралық уақыттар пайдаланылатыны белгілейді. Келесі болатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мерзімін өндірісте  жөндеуден шыққанда, сонымен қатар  заңды және жеке тұлғалардың жағынан  өлшеу құралдарын салыстырып тексеру  қажет болғанда, оны салыстырып тексеру  зертханасы белгілейді. Салыстырып тексеру  нәтижесі бойынша қажетті хаттама  толтырылады. Егер салыстырып тексеру  нәтижесі көрсеткендей өлшеу құралдары  қолдануға жарамды деп саналса, онда ол құрал салыстырып тексерілді деген белгімен таңбаланады немесе салыстырып тексерілгені туралы сертификат рәсімделінеді.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру сертификатын рәсімдеу салыстырып тексеруге ұсыныс беріп отырған  заңды және жеке тұлғалар үшін қажет  және ол міндетті. Салыстырып тексеру  зертхананың шешімі бойынша өлшеу  құралдары жарамсыз деп санаса, ол құралды өткізіп отырған заңды  және жеке тұлғаларға міндетті түрде  өлшеудің жүргізілгені туралы хаттаманы  береді.

Хаттама зертхана басшыларының және оны атқарған қызметшілерінің  қолымен расталады. Салыстырып тексеру  белгісімен таңбаланатын суреттер төмендегідей:

  • Салыстырып тексеру жұмысын жасаған метралогиялық қызмет немесе заңды тұлғалары
  • Салыстырып тексеру белгісін қолданатын  салыстырып тексеру туралы ақпарат береді

Салыстырып тексеру белгісін әзірлеуді заңды тұлғалардың  өздері жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі  аяқталғанда салыстырып тексеру  белгілері жойылады.

Метрологиялық жұмыста әріптестер арасындағы түсінісушілікті орнату мақсатында, жұмыстың мәнін түсіну үшін, өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі  заңдылық нормалары бекітілген. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы Заңында  «Өлшем бірлігін калибрлеу» туралы анықтама және калибрлеу процедурасы туралы атап жазылған. Метрология институтында калибрлеудің негізгі қаулысын нормативтік  құжаттарды жасауды ұсынған.

Үлгілерді іріктеу процесінде сынақтар мен калибрлену нәтижелерінің  сенімділігін қамтамасыз ету үшін бақыланып  отыратын факторларды ескеру қажет. Егер бастапқы эталондар және стандарттық  үлгілер тұрақты зертханадан  тыс сынау, калибрлеу немесе үлгілерді  іріктеу жүргізу үшін пайдаланса, онда қосымша процедуралар қажет  болуы мүмкін. Егер зертхана сынау  немесе калибрлеу үшін заттардың  үлгілерін, материалдар немесе өнімдерді  іріктейтін болса, онда зертхана үлгілерді  іріктеу жоспары мен процедурасы  болуы керек. Үлгілерді іріктейтін жерде үлгілерді іріктеу жоспары  мен процедурасы болуы керек. Орынды болса,үлгілерді іріктеу  жоспары статистикалық  әдістерге  негізделуі керек

 

 

 

 

Ет дозаторын КМС-198 калибрлеу

Өлшеу құралдарын калибрлеу - мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) мен қадағалауға тиісті емес өлшеу құралдарының нақты мәні мен пайдалануға жарамдылығын анықтап, растау мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы. Өлшеу құралының жарамдылығы деп оның метрологиялық сипаттамаларының нормативтік құжаттарда көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны калибрлеуші лаборотория жасайды.

Ет дозаторын КМС-198 калибрлеу дұрыс жұмыс істеуін бақылау процестерін мемлекетсіздендіру үшін пайдаланылады.Бұл құралды калибрлеудің мақсаты - өнім сапасының көрсеткішіне тұтынушылардың  сенімінің өсуіне ұмтылу. Бұл процесті калибрлеу ұйымдарын да қамтитын елімізде дамып келе жатқан сынақ зертханаларын аккредиттеу жандандырады. Сонымен қатар,калибрлеу қызметін ақпараттық қамтамасыз ету ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ет дозаторын КМС-198 салыстырып тексеру схемасының жалпы түрі

 























 





 

Қорытынды

 

 

Елімізде енгізілген өнімді сертификаттауды қорыта келгенде өнім сапасын бақылау аккредиттелген зертхана калибрлеген өлшеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылуы қажет.

Одан басқа, кәсіпорын  мемлекеттік метрологиялық бақылаудан босатылғанымен, дамыған нарықтық қатынастарда нарықтық бақылауға кіреді және белгілі  бір метрологиялық талаптарға бағынуы, пайдаланатын өлшеу құралдарының дәлдігін қадағалауы тиіс.

Сапа жүйесін метрологиялық  қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан  бастап қабылдау бақылауына дейінгі  өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты  болуы керек. Калибрлеу міндетін ұлттық өлшеудің бірліктігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдық бөлігі деп  қарастыру керек. Дегенмен, калибрлеуге  жұмысшы өлшеу құралын ұлттық эталонға міндетті түрде  “байланыстыруды” талап етеді. Бұл талапты орындау, өлшеулер- ол техникалық  үдерістің  бөлінбейтін бөлігі екендігінде, олар өнімнің сапасына тікелей әсерін тигізеді. Бұл тұғырда өлшеудің  бірліктерін мемлекеттік эталондарға  берумен және заңнама нормалар мен  ережелер арқылы жеткізіледі. Сатушыға сенімділік, өлшеу құралдарын калибрлеу  туралы ұлттық метрологиялық мекеме атынан өнімге берілген сертификатпен  бекітіледі.

Сиыр еті консервісін  метрологиялық қаматамасыз ету  туралы курстық жұмыста осы салаға қатысты стандарттар мен нормативтік құжаттарды қарастырдым және калибрлеу туралы мәселелер бойынша газет- журналдардың беттерін қамтыдым.

Сапалы өнім шығару халқымыздың  қауіпсіздігі мен денсаулығының  кепілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебеттер тізімі

1 Крылова Г.Д. Основы  стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов.-2-е издание.- М.: ЮНИТИ,2000,.-460 с.

2  «Өлшемдер бірлігін  қамтамасыз ету туралы ҚР заңы»  09.06.04 ж. №558-ІІ ҚР 

3 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента  качества: Учебное пособие /Авторский  коллектив- специалисты Алматинского  филиала ОАО «НацЭиС», ИльинаЛ.П.; Под научн. Ред. Ильиной Л.П.- Алматы: Казахстанская ассоциация  маркетинга, 2003.

4 Шишкин И.Ф. Основы  метрологии, стандартизации и контроля  качества: Учебное пособие.-М.:Изд-во  стандартов, 1988.

5 Лифиц И.М. Основы сандартизации,  метрологии и сертификации: Учебник.-М..:Юрайт,2000.

6 «Метрология» журналы 

7 www.google.kz , Wikipedia

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Казахстан Республикасының ғылым және білім министірлігі

Алматы Технологиялық  Университеті

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 «Өндірістегі  метрологиялық қамтамасыз ету» пәні бойынша                              

Тақырыбы:Сиыр етінен жасалған консервіні метрологиялық қамтамасыз ету

 

 

                                                                             Орындаған: Жайлауова А

Группа: СМиС 10-12

Тексерген: Нурмуханбетова Д

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сиыр етінен жасалған консервілерді салыстырып тексеру және калибрлеу