Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 18:00, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.............10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51
ІV. Қорытынды........................................................................................52-53
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы.doc

— 283.00 Кб (Скачать документ)

3. Неғайбыл (ауыспалы) өткен  шақ деп  сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты,  болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары арқылы жасалады.

1) –шақ еді (-мек еді, бақ еді, пақ еді, пек еді) форманты (алмақ  еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді) 30 (328-329).

Ә. Төлеуов өткен шақты мағынасына, жасалуына қарай өткен шақты беске бөледі: олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, тиянақсыз өткен шақ, ауыспалы өткен шақ (31, 305-306).

Жедел өткен шақ. Істің істелгендігін үзілді-кесілді кесіп, оның таяу уақытта болғандығын көрсетеді. Мысалы, Ай құлақтанып көтерілді. Кісендерімізді сылдырлатып, булыға тұрып, қарағанның  бұтасына сындыруға кірістік. Жедел өткен шақ етістіктің негізгі ие туынды түбіріне –ты (-ті, ды, ді) жұрнағын қосып, одан соң жіктік-жоқ жалғауы қосылуы арқылы жасалады:

Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл жебені көрдім.

Бұрынғы өтекен шақ. Істің сөйлеп тұрған уақыттан,  кезден әлдеқашан бұрын істелгенін көрсететін етістіктің түрі. Жазғы  демалыста Тұрар Қырғызбайдың қолына барған. Ауылдары жақын балалар  кеше кешке үйлеріне тарап кеткен.

Етістіктің бұрынғы өткен шағы есімшенің – қан (-кен, ған, -ген) қосымшасынан кейін жіктік жақ жалғауы арқылы жасалады: Мұндай өткен шақтың түрі -  сөйлеуші істің істелетіндігіне анық көзі жеткендігін, ол істе өзінің болғанын ақиқатиап, тұжырымдайды. Ол студент кезінде қалада болған, мен колхозда болғанмын.

Ежелгі өткен шақ. Көсемшенің (-ып, іп, -п) жіктелуі арқылы жасалады. әйел кәрі де емес, бірақ жасына жетпей боржып, бет-әлпеті бұзылып болыпты.

Тек баланы сақтасам-ау деген аналық сезім барлық ар-ұяттан аттанып, алақан  жайдырып қойыпты. Мұнда сөйлеуші өткен істің өзі басы-қасында болмай, ол туралы басқа сырт біреуден, не екінші бір мәлімет арқылы білдіргендігін көрсетеді. Істің бұрын болғандығын білдірумен бірге, ол істің ақиқат болғандығы, дүдамалдығы да бар тәрізді.

Тиянақсыз өткен шақ (имперфект).

Есімшенің (-ған) мен  көсемшенің (-ып) түрінен соң жіктеліп келген я көмекшісі тіркесу арқылы тиянақсыз өткен шақтың  күрделі түрі жасалады. «О, Қызыл Жебе» - деген  дауыс Шолақ Шабдардың үстінде отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді. Мұндай тұлғалы сөздерден іс бұрын болғанымен, ол істер қазіргі мезгілмн де ұштасып жатады. Іс желісі үздіксіз бір-біріне қатысты болады.

Шартты райы керек сөзі тіркесу арқыла да тиянақсыз өткен шақ жасасуға болады: кетсе керек, айтса керек, болса керек, көрсе керек т.б. Мұндай тиянақсыз өткен шақ бұрын болып өткен істің қазіргі уақытпен қатысын көрсетеді.

Сонымен, бұрын болып өткен істің осы уақыттағы іспен ұштасуын көрсетсе (танысқан едім, көрген едің), екінші түрі жақында болған, не болып жатқан істің осы уақыттағы басқа бір іспен ұштасуын көрсетеді: танысып еді, көріп еді, көріп едің т.б.

Ауыспалы өткен шақ жасау үшін етістікке есімшенің атын (-етін, -йтім, йтын) жұрнағын қосып,  онан соң жіктік жалғауы жалғанса, ондай тұлғада құралған сөйлемнің мағынасы шақ жағынан ауысып отырады: Тұқымбай да сезіктенулі болатын. Ай үлкен сәске тұсына жетіп толықсып тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен.

Синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалатын ауыспалы өткен шақ формаларының тұлғалануы әртүрлі. Стильдік жағынан айырмасы болғанымен, «...сезіндіруші едім, айтушы едім, білуші едім» формаларын сездіретін айтатын, білетін деп өзгертсек, адам бұлардың мағыналарына ешқандай өзгеріс енбейді.  (31, 104-105).

Ал «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты оқулықта қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақтың бірнеше формалары бар екендігін атап көрсетеді. Өткен шақ  формалры мағыналарына қарай 4 бөлінеді. 1) Жедел өткен шақ. 2) Бұрынғы өткен шақ. 3) Ежелгі өткен шақ 4) Дағдылы өткен шақ (32, 51-52).

Жедел  өткен шақ формасының грамматикалық көрсеткіші – ды, -ді, ты, ті жұрнақтары жалғанған етістіктің жіктеліп қолданылуы. Мысалы: оқы-ды-м, оқы-ды-ң, оқы-ды-қ, оқы-дың-дар, оқы-ды. Көбінесе –ды, -ді –ты, -ті жұрнағы жалғанған етістік қимыл-әрекеттің жуық арада өткенін білдіреді. Біз киноға бардық. Саяхатшылар жолға шықты. Сондықтан бұл форма жедел өткен шақ деп аталады. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған сөз тек жуық арада ғана өткен қимыл-әрекетті білдіруі мүмкін. Мысалы, 1917ж ұлы Қазан революциясы болды.

А.Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады дегенде іс-қимылдың жуық арада болғанын көрсетіп тұрған жоқ.

Бұрынғы өткен шақтың морфологиялық көрсеткіші – есімшенің – ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары. Бұрынғы өткен шақ формалары жедел өткен шақ формасымен синонимдес қолданыла беруі мүмкін. Мысалы: Біз киноны кеше көрдік. Біз киноны кеше көргенбіз. Дегенмен бұл екі форманың мағыналарында өзгешіліктер де бар. Олар мыналар:

1.  –ған, -ген (қан, -кен) жалғанған  формалар ешқашан сөйлеп тұрған  кезде өтіп жатқан қимылды  білдіре алмайды. Мысалы, Білдім, білдім, сен жасырып тұрсың. Мұның не, зәремді ұшырдың сөздерін білгенмін. Ұшырғансың деп айтуға болмайды. 

2. Жедел өткен шақ та, бұрынғы  өткен шақ  та қимыл-қозғалыстың  болып өткенін аңғартқанымен  –ды, -ді, -ты, -ті формалары сөз  нақтылықты аңғартса, -ған форомалы  сөзде ондай нақтылық болмайды. Мысалы, мына сөйлемдерді салыстырамыз:  Ол үйге кетті (анық білемін, көрдім). Ол үйге кеткен (әйтпесе көрініп қалар еді) –ған, -ген, -қан, -кен форманы өткен шақ формасы еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады. Мысалы, барған едім, барған едің, барған еді.

Ежелгі өткен шақтың  морфологиялық көрсіткіші –ы (п), -і (п) жұрнағы арқылы жасалған көсемшенің жіктелген түрі. Ежелгі өткен шақ формасы ертеде өткен іс-қимылды аңғартуда жиі қолданылады. Масылы, ертеде бір кемпір мен шал боыпты. Сондықтан да бұл форма ежелгі өткен шақ деп аталған. Бірақ өткен шақтың бұл формасы  қимыл-әрекеттің ерте кезде, не жуықта болғанын ажыратпай қолданыла беретін кезі де болады. Масылы, сен бүгін ерте келіп қалыпсың, бізге ескертпепсіз.

Ежелгі өткен шақ формасының негізінен мағыналық өзгешелігі мынадай: 1) әс-әрекеттің орындалу кезінде сөйлемнің басы-қасында болмағанын білдіреді. Мысалы: ол Алматыда оқыпты. 2) Сөйлеуші тарапынан іс-қимылдың саналы түрде орындалмағанын, білудің, ұмытудың нәтижесінде орындалғанын білдіреді. Мысалы: ерте келіппін, (уақытын білмегендітен), кілтті тастап кетіппін (Ұмытқандықтан), түс көріппін, қате көріппін т.б.

Ежелгі өткен шақтың жіктелуі

Жекеше      Көпше

Мен көріппін     Біз көріппіз

Сен көріпсің     Сендар көріспіңдер

Сіз көріпсіз      Сіздер көріпсіздер

Ол көріпті       Олар көріпті.

Сонымен, ежелгі өткен шақ формасы  қимыл- әрекеттің болып өткен кезде сөйлеушінің көзбен көрмеген, көрсе білмегенімен, жаңасақтықтан байқалатыны аңғартады.

Дағдылы өткен шақ ерте кезде болып өткен дағыдыға айналған (қайталанып отыратын) қимыл-әрекетті білдіреді. Мысалы: Біз киноға бірге баратынбыз.

1.Семантикалық түрі –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары жалғанып, үш жақта  жіктелу арқылы жасалады. Мыс, мен бағатынмын, сен бағатынсың, сіз бағатынсыз, ол бағатын.

2.Аналитикалық тәсілмен жасалған дағдылы өткен шақ түрі –атын, -етін, -йтын, -йтін және –ушы, -уші жұрнақтары жасалған етістік пен еді көмекші етістіктің тіркесу арқылы жасалады. Масылы, білетін едім, білуші едім, білмеуші едің. Бірақ ушы еді формтымен келген сөзден гөрі атын еді немесе атын формалары сөз жиі қолданылады.

Сонымен дағдылы өткен шақтың сөйлеу кезінен бұрын болған қимылдарды білдірумен қатар, ол қимыл-қозғалыстың дағдыға айналғандығын, дүркін-дүркін қайталанып тұрғандығын аңғартады (33,51-52).  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  тарау.

 Мұртазаның «Қызыл  жебе» романындағы өткен шақтың  түрлері, мағыналық ерекшеліктері.

3.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл  жебе» романындағы етістіктің  жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.

 

Өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеуші баяндап тұрған уақыттан бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіреді.

Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында амалдың кезін білдіретін етістік формалары аса бай. Бірақ ол формалардың түрлері де, мағыналары да бірдей емес, әр алуан. Мысалы, мағына реті жағынан олардың біреулері сөйлеп отырған кезден әжептәуір бұрын я соның дәл алдында ғана болған амалды білдірсе, біреулері едәуір бұрынғы, біреулері одан әріректегі, біреулері одан да аяғы кездегі, енді біреулері тіпті арғы замандардағы, атам замандардағы, ежелгі ескі я көне замандардағы істі білдіреді. Ол ғана емес, кейбір формалар өтен кезде істелмекші болғанымен, түрлі жағдайлардың себептері мен салдарынан сол кезде жүзеге аспай қалған амал - әрекеттерді де өткен амал ретінде білдіреді.  Осыларға орай, қазақ тіліндегі өткен шақтың көрсеткіштері де өте көп және ол көрсеткіштердің түрлері жалаң (синтетикалық) да, күрделі (аналитикалық)  та болып келеді.

Мысалы: -Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады.               (Ш.М., 1994.,58).

Сонда губернатордың бір айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған. (Ш.М.,1994., 5).

Мырзалар желкесін қасыды. (Ш.М.,1994., 5).

Приходько мырза шын діндар кісі еді. (Ш.М.,1994., 7).

Айнала балауыс шырағдандар жағылған. (Ш.М.,1994., 8).

Әкесі Рысқұлды Саймасайлар байлап тастап, жабыла сабағанда бір сәтке басы осылайша салбырап қалып еді. (Ш.М.,1994., 9).

Бұлар ол айланы алдақашан есепке алып қойған. (Ш.М.,1994., 10).

Тура бес күн бостандықта болдым. (Ш.М.,1994., 10).

Сонда әке жазған сезіктеніп қалып еді. (Ш.М.,1994., 10).

Сөйтіп жүргенде көрген Тұрары ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байғұс бар үмітін артып еді. (Ш.М.,1994., 13).

Шал да болса Түлкібас – Жуалыдан ауып келген Шымырдың бір тентегінің қорлығына көнбек емес еді. (Ш.М.,1994., 15).

Өз ықтиярымен шықтым. (Ш.М.,1994., 15).

Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М.,1994., 16).

Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына рахмет айтуды да ұмытып кетіп еді. (Ш.М.,1994., 16).

Тұқымбай да сезіктенулі болатын. (Ш.М.,1994., 37).

Ендігі қиыны – есіктен қарағанда Қызыл жебе үрікпесе болар еді. (Ш.М.,1994., 38).

Келтірілген мысалдардағы осы формалардың бәрі де грамматикалық көрсеткіштеріне қарағанда, өткен шаққа жатқызылуы тиіс. Өйткені олардың бәрінің құрамында да өткен шақтың көрсеткіші –ды (-ді) және –ған, (-ген) элементтері қатысады, осы элементтер аналитикалық етістіктердің еді (е+ді), екен (е+кен) деген тұрақты көмекші компоненттерінде де кездеседі.

Сөйтіп өткен шақ категориясын  жасайтын көрсеткіштер жалаң да, күрделі де болады. Жалаң көрсеткіштерге: -ды(-ді), -ған(-ген), -атын(-етін),    -ып (-іп) жұрнақтары жатады да, күрделі көрсеткіштерге: -ғана еді; -атын еді; -ар еді; -маң еді; -ып еді; -ушы еді; -ған екен; -атын екен; -мақ екен; -ар екен; -й+ды екен; - са екен; -йын деген екен сияқты аналитикалық форманттар және тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне, есімдерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.

Осы формалардың бәрі де өткен шаққа тән жалпы грамматикалық мағыналарды білдіреді. Бірақ сондай жалпы грамматикалық мағыналары бола тұра, олардың әр түріне лайық анықтық, толықтық, күдіктілік, қажеттілік, міндеттілік, болжамдық және басқа да солар сияқты модальдік реңктерді білдіретін ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, олардың өткен шаққа қатысты жалпы грамматикалық мағыналарының өздері де, жоғарыда айтылғандай, бұрын жасалған амалдың әрқилы  шама-шарқын және басқа сыр-сипаттарын білдіру жағынан бір дәрежеде емес, әр алуан болып келеді. Ондай әр алуандық, әр келкілік өткен шақ формаларының әр түрінің өзді-өзіне тән тұлға-тұрпаттарына, яғни тұлғалық құрылымдарының өзара бір-бірінен сараланатын ерекшеліктеріне байланысты. Өйткен, қашан да болсын, сөздің құрылымындағы ерекшелік мағынасына, керісінше, мағынасындағы өзгешелік құрылымына сай болып отыруы – тілдегі орнықты заң. Мысалы: бар-ды-қ, бар-ған-быз; бар-атын-быз; бар-ып-пыз деген төрт форманың төртеуі де өткен шақты білдіргенімен, төртеуінің семантикалық өзгешеліктері төрт түрлі. Мысалы, бар-ды-қ дегенмен амалдың жуық арада істелгені аңғарылса, бар-ған-быз дегенмен сол амалдың бұрынырақ кезде болғаны байқалады. Бар-ып-пыз деген форма бұрын жасалған, бірақ ұмытылған іс-әрекетті кейін еске түсіру, байыптап ойлап қарау арқылы немесе сөйлеушінің өзі басы-қасында болмай, көзімен көрмей істелген амал-әрекетті есту, сұрау, оқу және басқа сол сияқты айғақтарға сүйену арқылы білдіретіндікті аңғартады. Ал «бар-атын-быз» деген форма контестке қарай, бұрын дәйім я дүркін-дүркін анық істелген істі немесе әбден үйреншікке  айналған дағдылы машық бойынша бұрын анық жүзеге асқан істі бағдарлатады.

Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұйытқы болатыны рас болғанымен, күрделі форманттар, сан жағынан болсын мағыналық реңктерді білдіру қабілеті жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі. Мысалы, алған еді және алатын еді деген екі күрделі форманың мағыналық реңктері бірдей еместігі сияқты, алған екен және алмақ екен дегендердің де мәндері өзара бірдей емес. Демек, шаққа қатысты осындай аналитикалық формалар қанша болса, олардың мағыналық реңктері де сонша аналитикалық формалардың бәрінде я топ-тобында болатын жалпы категориялық мағына да, жеке түрлерінде болатын семантикалық айырмашылықтар да етістік негізіне тіркелетін аналитикалық формантқа байланысты оларға етістік негізі қалып тұрады.

Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе  еді; келуші еді; көр-ген екен; көр-мек екен; көр-се екен; көр-ер екен; көр-е+ді екен деген формаларды алсақ кел, көр негіздері өткен шақтың жалпы категориясы мағыналарынан да, бір-біріне ажырайтын семантикалық ерекшеліктерінен де алыс тұр. Оларға қатысы жоқ. Ал осы сөздердің алғашқыларына дәнекер –еді компоненті, екінші топтағы  сөздеріне – екен компоненті өткен шақ формаға түсіріп, оларға категориялық мағына беріп тұр. Сөйтіп аналитикалық форманттардың біріне ортақ бұл (екінші) компоненттер (еді, екен) жалпы грамматикалық (категориялық) мағыналық көрсеткіштері болса, аналитикалық форманттардың бірінші топтағы компонеттері (-етін, -ген, -іп, -ер, -мек, -се, -уші) және екінші топтағы бірінші компонеттері (-етін, -ген, -ер, -мек, -се, -е+ді) өткен шақ формаларын бір-бірінен семантикалық жағынан саралап ажырататын көрсеткіштер болады. Бірақ сөйлеу тілінде олардың әрқайсысының (-атын, -ген) екінші (еді, екен) компонент бастарын құрап, бір тұтас аналитикалық тұлға (единица) есебінде (-атын еді, -атын екен) қызмет етеді. Олардың тұлғалық құрамын, семантикалық ерекшеліктерін және жалпы грамматикалық қызметін көрнекті етіп көрсетеді.

Информация о работе Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі