Цитология ғылымы. Мақсаты және міндеттері. Зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 20:48, реферат

Краткое описание

Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке ағза ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді.Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1) Цитология ғылымы. Мақсаты және міндеттері. Зерттеу әдістері.
2) Зақымдаушы әсерге клеткалардың реакциясы.
3) Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері

III. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

gista2tsito.docx

— 40.26 Кб (Скачать документ)

      Қартаю  проблемаларын зерттейтін ғылымды «геонтология» деп атайды. Гератрия-қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін, ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді. Герантология қартаю құбылысының негізгі заңдылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді.  

                    

                        Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері   

       Жасушалар өсіп-өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын  толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруіздар  түзіліп тұруы керек . ал , қартайған  организмдерде олардың түзілуі , жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқын  тотығуға ілігіп кетуімен түсіндіруге  болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның, ойсоққылық жағдайлардың т.б нәтижелерінде , ферменттік және ферменттік емес антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалары мен олардың ішіндегі  құрылымдардың мембраналарында майлардың асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар , гидлоасқын тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруіздардың түзілуі бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп-өнуіне бөгет жасайды.

      Сондықтан қартайған организмдерде :

- ферменттердің, нәруыздардың, пептидтікгормондардың,  қан жасушаларының аз өндірілуі  ;

-       микробтарға қарсы антиденелердің  аз түзілуі;

-       мида жаңа шартты байланыстардың  бекімеуі т.с.

 

      Тағы бір назар аударатын  жай-ол жасушалардың екіге бөлініп  өсіп-өнуі   екі қарама қарсы реттеуші ықпалдардың қатысуымен болады. Олардың біріншісі жасушалардың бөлініп көбеюін арттыратын цитокиндер ( әр түрлі өсу факторлары) , екіншісі оны тежейтін –цитокидер. Қартаю кезінде бұлардың екеуінің де өндірілуі азаяды. Сонымен бірге , бөлінетін жасушалардың бұл цитокиндерге сезімталдығы төмендейді. Осыдан жасушалардың өсіп-өніп кетуі де мүмкін . Қарттарда өспелердің жиі дамуында осы келтірілген құбылыс маңызды болуы ықтимал.

      Жалпы, қарттардың барлық жасушаларында  көптеген құрылымдқ және функциялық өзгерістер байқалады. Жасушалардың ядросының  құрылымы өзгереді, митохондтиялардың  көлемі үлкейіп, құрылымы бұзылады, нәруыз түзетін рибосомалары азаяды, лизосомалары көбейеді, плазмолеммалары қалыңдайды. Бұндай жасушаларда жиі қуыстар  пайда болады, энергия түзілуі  бұзылады. Жасуша сыртындағы мембраналарында  рецепторлардың қызметі бұзылудан  олардың сезімталдығы көтеріледі немесе төмендейді және жүйкелік-сұйықтық реттелулері  бұзылады. Жасушалардың өзара қатынасы мен байланыстары өзгереді. Тіндердегі рецепторлрдың сезімталдығы көтерілуінен кейде тіпті әлсіз, қалыпты жағдайларда  әсер етпейтін , қоздырғыштардың әсерлерінен  қарттық дерттердің туындауы байқалады.

      Қартаю организмнің барлық функцияларының кемуіне әкеледі. Осыдан қоршаған ортаның  өзгеріп тұратын ықпалдарына  организмнің бейімделу қабілеті шектеледі. Қарт адамдар жиі аурушаң болады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды 

 

 

 

      Қорыта келе, қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады,терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды,есте сақтау қабілеті төмендейді. Дегенмен, көптеген гемостаздық құбылыстар қартаю кезеңінде шұғыл түрде  өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер  бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің  қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің қызметі керісінше  жоғарлайды, үшінші біреулерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді.                         

 

 

 

                          

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

                     Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 1.  Стамбеков C.Ж. Петухов В.Л.  Молекулалық биология, Новосибирск:  Семей МУ 2003

2.   Қуандықов Е.О. Әбілаев С.А.  “Медициналық және генетика”

3.   Интернет желісі.

 


Информация о работе Цитология ғылымы. Мақсаты және міндеттері. Зерттеу әдістері