Білім беру жүйесіне түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 17:31, лекция

Краткое описание

1. Химиялық зақымдану аймағындағы халықтың іс-әрекеті
2. Хлор және аммиак
3. Жұқпалы аурулар туралы түсінік,алдын алу шаралары,дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
4. Халықтың карантин,обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

маган керек.doc

— 121.50 Кб (Скачать документ)

Обсервация жасау кезінде өткізілетін карантинді белгілеу кезінде шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:

-халықтың  басқа топтарынан оқшаулау мақсатында  халықтың карантинге алынған  топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;

-карантин  ауданын азық – түлік  тамақтарының белгіленген режимімен, сумен жабдықтау көздерін күшейтуді қамтамасыз ету үшін арнайы коменданттық қызмет құру керек;

-апат  болған ауданда жұмыстарын жалғастырып жүрген,            шаруашылықпен айналысудың барлық

-қажетті  объектілерін, карантин аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу және жеткізіп беру пункттері арқылы жабдықтау

Обсервация- карантин зонасына іргелес жаткан аудандарда, сондай-ақ карантин зонасынан шығуға мұқтаж адамдарға бакылау жасау мақсатында ұйымдастырылады. 
Обсервация кезінде режімдік іс-шаралар қатаң жүргізілмейді

Емдік-сақтандыру жөне қоғамдык тамақтану мекемелерінен басқа барлык көсіпорындар дезинфекция мен санитариялық өңдеуден кейін қалыпты қызметтеріне  кіріседі. 
Белгілі бір жұкпаға тән көбею кезеңі біткеннен кейін ғана карантин немесе обсервация токтатылады, ол соңғы ауруды оқшалау және ошақты дезинфекциялық өңдеуді аяқтау уакытынан бастап есептеледі. 
Ошакқа кірер алдында командир міндетті түрде санитариялык пост мүшелерінде жеке корғаныш күралдары, табельдік мүліктің болуы мен дүрыстығын  тексереді. 
    СП негізгі міндеттері — биологиялык барлауға қатысу және халыкка эпидемиялық бақылау жасау. Жеке құрам нақты бір үйлерге, цехтарға бекітіледі және объектінің санитариялық жағдайына түрақты бақылау жасауға катысады. СП мүшелері аулалар мен пәтерлерге тексеру жасау арқылы ауруларды анықтап, ол туралы медицина кызметкерлеріне хабарлайды. Жергілікті халықтың шұғыл сақтандыру (дөрігер белгіленген емдік препараттар) және арнайы сақтандыру жүргізуін бақылау дезинфекция, су, азық-түлікті залалсыздандыру және санитариялык өңдеу жүргізу бойынша нұсқаулар береді, сактандыру байқау жөне егу жүмыстарын жүргізуге көмектеседі. СП мүшелерінде шешпей-ақ дезинфекция жасауға болатын қорғаныштык киім (жеке қорғаныштың табельдік күрал-дары немесе обаға карсы костюм) болуы керек.СП мүшелері қорытынды дезинфекция жүргізетін дезинфекция бригадасы күрамында, көшіру тобында көмекші қызметші ретінде жүмыс жасайды; олар обаға қарсы немесе химияға қарсы костюмдер киюі тиіс. Ауруды көшіру үшін санитариялык көлік арнайы бөлінеді. Пәтерден алып шығар алдында ауруда жөтел белгілері болса, оған макта-дөке таңғышын кигізеді, зембілге жатқызады жөне жаймамен жабады, аяқ киімді лизолдың 5 пайыздық ерітіндісімен сүртеді. Бір машинада диагноз-дары бірдей ауруларды тасуға рұксат етіледі. Диагноз анықталған аурулар мен ауруы күдікті адамдарды бөлек тасиды. Ауруды алып шыкканнан соң СП мүшелері аяккиім мен қолғап киген қолдарын дезинфекциялайды, бүркеме мен халаттарын ауыстырады жөне ауысым аякталғаннан кейін толық санитариялық өңдеуден өтеді. Түсіру-тиеу жұмыс-тарына жүргізуші қатыспайды, ол есік-терезелері жабылған кабинада отырады, ауруды жеткізіп тастағаннан кейін автомобиль арнайы алаңқайда залалсыздандырылады. СП мүшелері инфекциялық стационарлардағы жұмыс кезінде кіттті медициналык персонал ретінде пайдаланылады. Қабылдау-сұрыптау бөлімінде олар ауруларды тіркейді, шешіндіреді, ішінара санитариялық өңдеу  жүргізеді. Міндеттерді орындау барысында СП мүшелері үлкен санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізеді (жұқпа ауруханаларынан сақтандыру шараларын түсіндіру, жеке гигиена ережелерін насихаттау). Санитарлық дружиналар (постылар) жұқпа ауруларын анықтауға, шұғыл және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізуге, ауруларды ауруханаға жатқызуға жөне орын ауыстыру, дезинфекциялау іс-шараларына қатысады. 
Жұқпалы аурулар ошағында ауруларды дер кезінде анықтау жне оқшаулау, сондай-ақ барлық жергілдікті халықты тольщ қамти отырып сақтандыру шараларын шұғыл қолдану жұқпаның таралуын шектейді. Осы мақсатта ошақта түратын жөне өндірісте жұмыс істемейтін адамдарға аулалық тексеру жүргізіледі. 
Ошақта СД жұмыс істеуі үшін санитариялық семкенің табельдік мүлкі кұрамында: термометр — 5 дана; макта-дәке таңғыштары, шұғыл профилактика үшін таблеткалар жөне есеп карточкалары — бекітілген халык санына сөйкес; бір тәулікке; мақта дәке тампоны — 10 дана; ауру туралы хабарлама 20 дана, құрғақ дезинфекциялаушы ерітінділер: өлшенетін хлораліш — 30 г-нан, лизол — 50 г-нан, қағаз, кнопкалар, қарындаштар, бор, жабысқақ  пластырь. 
Көп қабатты үйлерде әр буын пәтерлерді подъезд бойынша тексереді. Буын командирі пәтерлерді бөліл береді де, өзі кірер есіғінде калады, оның жанында 5%-дьщ лизол ерітіндісі бар канистра, гидропульт немесе автомакс, 70%-дык спирті бар ыдыс, қорғаныш бүркемелері үшін клеенка қабы болады. СД-ның алғашқы және кайта тексеруі учаскідегі негізгі кірер есіктері мен өтпелерді дезин-фекцияланған соң жүргізіледі. Тексеру кезінде жеке құралдарын не обаға қарсы костюм  киеді. Тексеру кезінде СД мүшелері жергілікті тұрғындардың нақты кұрамын анықтайды, ата-анасыз қалған балалардың барлығын біледі, температураны өлшеу мен ауызша сұрау арқылы ауруларды аныктайды, тұрғындарды шұғыл сактандыру есеп карточкасын, температура қағазын толтыруға, ағымдаіы дезинфекция жөне ауру болған кезде күту ережелеріне, ауру пайда болған кезде жөне көшеде, үйде өзін ұстау режіміне үйретеді. 
Қайта тексеру белгіленген шаралардын орындалуын тексеру жөне ауырғандарды аныктау мақсатында жүргізіледі. Ауырғандығы анықталған жағдайда СД жүкпа ауруларының негізгі белгі беруші — сұрыптау белгілеріне: бас ауыруы, қалтырау, ысу, әлсіздік, көрудің бұзылуы, іш өту, құсу, сондай-ак тексеру кезінде байкалған бет түсінің өзгеруі, денедегі бөртпе, тамыр соғысының жиілеуі, тілдегі өңездер жөне т. б. сүйенеді. 
СД анықталған ауруды пөтер мүмкіншілігімен пайдалана отырып, уақытша оқшаулау үшін шаралар жүргізеді (бөлек бөлме немесе перде немесе жаймамен окшауланған бұрыш). Ауруға жеке төсек, сүлгі, ыдыс-аяк беріп, оларды  жиі-жиі залалсыздандырып  отырады. 
Аурулармен қатынаста болған адамдардың ауыз шырышты қуысын екі пайыз сода ерітіндісімен 1 пайыз сутегі асқын тотығымен немесе калий перманганатының әлсіз еріемтіндісі мен емдейді. Бөлмедегі шыбындар мен басқа да жәндіктерді жояды. Аурудьң бөлінісін (қакырығын) аузы тығыз жабылатын ыдысқа жинайды, үстіне хлораминнің 3 пайыз ерітіндісі немесе хлорлы ізбестің 20 пайыздық ерітіндісін құяды. Дезинфекциялау кұралдарын қолдана отырып, бөлме ішіне ылғалды тазалық жұмысын жүргізеді. Аурумен карым-қатынасқа түскен бір пәтерде тұрушы адамдарға жұмысқа шығуға, баска пәтерлерге баруға тыйым салынады, пәтердің есігіне "Кіруге тыйым салынады, жұкпалы ауру!" деп  жазылады. 
Тексеру кезінде СД жұмысыньщ індетке карсы режімін катаң сақтауы тиіс. Егер жұқпалы ауру анықталса немесе ауру күдігі туса, онда сандружина мүшесі арнайы киімді ауыстырып немесе оны дезинфекциялап, басқа бөлмеге кіруіне болады. Сандружина мүшесінің баяндауы бойынша, буын командирі ауру туралы хабарламаны толтырады, ал оны содан кейін СД командиріне жөне диспетчер пунктіне, ал аурудын пөтеріне учаскелік бригада дәрігерін жібереді. Тұрғындардьщ індетке қарсы режім ережелерін орындауынбақылауды КСК белгіленген санитариялық өкілетті адамдар жүзеге асырады, қайталап тексеруді СД тәулігіне 2 рет жүргізеді. 
Ауруды ауруханаға орналастырғаннан кейін онымен қатынаста болған барлық адамды дереу толык санитариялық өңдеуге жібереді, осыдан кейін олар үй обсервациясында немесе арнайы оқшаулауда болады, оларды бақылау медбикеге немесе СД мүшесіне жүктеледі. Пәтерлердің кірер есіктерінде тұрғындардын аты-жөні, тегі жазылған температура парақтары ілінеді, оған күніне 2 рет температура өзгерісінің нөтижелері жазылады. 
Шаруашылық объектілерінде ауруларды анықтауды СП жеке құрамы жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығы туралы ауызша сұрау жөне жүмыс күшнің (ауысымының) басы мен аяғында 3 рет дене температура-сын өлшеу жолымен жөне нашар көңіл күйге шағымдану болған кезде жүргізеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

«Өмір қауіпсіздігі негіздері»авторы:С.Тайжанов Алматы 2010(124-126 бет)

«Тіршілік қауіпсіздігі»II кітап Алматы(83-85 бет)

 

 

 

 

 


Информация о работе Білім беру жүйесіне түсінік