Білім беру жүйесіне түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 17:31, лекция

Краткое описание

1. Химиялық зақымдану аймағындағы халықтың іс-әрекеті
2. Хлор және аммиак
3. Жұқпалы аурулар туралы түсінік,алдын алу шаралары,дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
4. Халықтың карантин,обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

маган керек.doc

— 121.50 Кб (Скачать документ)

Дезинсекция –(француз тілінен аударған да des –жою,латынша- insektum -жәндік)-қоршаған  ортадағы зиянкес буынаяқтыларды жою.Малдардың комплекстерінде ,фермаларда ,құс фабрикаларында және басқа объектілерде профилактикалық  мақсат пен және инфекциялық,инвазиялық аурулармен күресу жүргізілетін ветеринариялық-санитарлық шаралардың негізгі бір бөлігі -дезинсекциялау болып табылады.Мал шаруашылығында қансорғыш қос қанатты жәндіктер(сона,маса,шіркей,қансорғыш шыбындар т.б.),бөгелек және кенелер үлкен экономикалық зиян келтіреді.Олардың қарқынды өсіп, ұшуы мезгілдерінде малдар жайылудан қалады,қашып бұталарға немес суға барып түседі.Мұндай жағдайда сауын сиырларының сүті 20-25%,жас малдардың өсуі 15-20 % төмендейді.Көптеген жәндікт ер мен кенелер инфекциялық (сібір жарасы, туляремия т.б.) және инвазиялық (пироплазмоз, анаплазмоз т.б.) ауруларының қоздырғыштарын механикалық немесе ерекше тазартқыш болып саналады. Оқыраның личинкасы малдың терісін тесіп, сапасын төмендетеді және басқа ауруларға төзімділігін азайтады.

Дезинсекцияны екі бағытта-профилактикалық (сақтандыру) және жою мақсатында жүргізеді.

Профилактикалық дезинсекциялау,қан сорғыш жәндіктердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай тудыру арқылы,олардың көп жиналып,ұрық тастайтын жерлерін құрғатып және малдар денесіне жабыспау шараларын жасайды.Малдарды қан сорғыш жәндіктерден қорғау үшін оларды үркітіп қуатын қасиеті бар репеленттерді қолданады.Кенелер мен күресу үшін батпақты ,шалшық сулы жерлерге агро-мелиоративті жұмыстар жүргізіп,олардың өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай туғызады.Арам шөптерден тазартып,керексіз бұтаны жойып,сол сияқты кенелердің өсіп-өнуіне кедергі жасайтын мәдени өсімдіктерді егуіміз қажет.

Қан сорғыш жәндіктермен ,кенелермен күресу,олардың биологиялық ерекшеліктеріне,түріне,өсіп-өну жағдайына,шығу мерзімдеріне ,ауа райының өзгешеліктеріне  т.б. байланысты күрделі және қиын болып саналады.Сондықтан қан сорғыш қос қанатты жәндіктермен  кенелердің ұрық себетін жерлерін өңдеу жұмыстарын жоспарлы жүргізіп,личинкалары мен ұшып шыққан түрлерін,әр зоналардың ерекшеліктерін ескере отырып,профилактикалық және арнайы шараларды жүргізілуі керек.

Арнайы жүргізілетін шараларға дезинсекцияның физикалық,химиялық және биологиялық тәсілдері қолданылады.

Физикалық тәсіл-ауыл маңын тазалаужәне жәндіктердің ұрықтарын салатын орындарын,буын аяқтылардың өсетін жерлерін,малдардың терілерін тазалап,жабысқыш таспалар,т.б. ұстағыш құрылымдар пайдалануға болады.Физикалық тәсілге жоғарғы температураны қолдану жатады.Шыбындардың личинкалары,көңді үйіп шіріткен кезде өледі.Ал кенелермен бүргелерді ,олардың үймелеген жерлерін жандырғыш шамдармен күйдіреді.Олардың өлуіне 55 С температура жеткілікті болады.

Химиялық тәсіл-дезинсекцияның  ең негізгі тәсілдерінің бірі болып саналады.Оның принципі жәндіктерді жою үшін улы заттар интектицидтерді,кенелерге-аскарицидті немесе буынаяқтыларды үркітетін-репеленттерді қолдануға негізделген.Химиялық препараттарды ертінді,эмульсия,ұнтақ және аэрозолды түрінде пайдаланады.Оларды малдардың денесіндегі личинкаларымен өсіп шыққан жәндіктерін және кенелерді,себу арқылы немесе тотығып,бүркіп,аэрозол түрлерде өңдеуге болады.Инсектицидтар есебінде дифос,амидофос,кабофос,дибром,хлорофос т.б,ал акарицитерден-натридің арсениті,күкірт фтолофос т.б,репеленттерден-диметилфталтбензимин т.б. пайдаланады.

Биологиялық тәсіл-буынаяқтылардыің табиғи жаулары,яғни құстар,балықтар,микроорганизмдер,саңырауқұлақтар,жыртқыш жәндіктерді пайдалануға негізделген.Масалардың личинкаларының  табиғи жаулары(гамбузии балығы) құстардың эктопаразиттарының (саңырауқұлақтар түрлері) жегіштері пайдаланылады.Сол сияқты жәндіктермен күресу үшін биологиялық  активті заттар:гормондар,феромондар  және т.б. қолданылады.Осы мақсатта жәндіктердің өсіп-өнуін қалыптайтын гормондардың жалған белгісін туғызатын заттар пайдаланылады.

Дератизация-(латынша de- шығару,французша  Ratus-егеуқұйрық)-эпидемиологиялық және эпизоотологиялық адамдарға қауіп тудыратын,сол сияқты үлкен материалдық зиян келтіретін,кеміргіштерге қарсы күресуге арналған ветеринариялық-гигиеналық шаралардың жиынтығы.Мал шаруашылығында  айтарлықтай зиянды синантропты кеміргіштер –сұр,қара егеуқұйрықтар және үй тышқандары зиян келтіреді.Дератизация-профилактикалық және жойғыш шараларынан тұрады.Профилактикалық шаралар -кеміргіштерге өсіп-өнуіне жағдай туғызбайды,оларды сулан,азықтан,ұя салатын қолайлы орындардан айыру болып саналады.

Профилактикалық шаралардың кеміргіштермен күресудегі негізі бір бөлігіне -азықтармен су көздеріне өтетін жолдарды  бітеп,шөл мен аштық тудырып,олардың өсіп-өнуін тежеп,жалпы санын азайту жатады.

Жою-құрту шаралары-бұл кеміргіштерден біржола арылу болып табылады және ол төрт тәсілге,яғни физикалық,химиялық,биологиялық және  аралас болып бөлінеді.

Физикалық тәсілдер - кеміргіштерді әртүрлі  жасанды құралдардың (қақпан, тұзақ, өзі жабылғыш жәшіктер т.б.) көмегімен ұстап жою жатады. Бірақ мұндай тәсілдерді  тек  шағын фермаларда немесе кейбір қораларда ғана пайдалануға болады.

Химиялық тәсіл-кеміргіштерді жоюдағы ең сенімді тәсіл болып саналады.Мұндай кезде кеміргіштерді өлтіретін әртүрлі улы заттар қолданылады.Ондай химиялық заттарды кеміргіштердің жүретін жеріне тамаққа қосып,індеріне сеуіп,улы газдармен  қораларды және індерін түтіндетіа ыстап пайлаланады.Көптеген химиялық заттар (бариййлі фторацетат,фторацетамид,цинктің фосфиді т.б.) кеміргіштерді уландырып өлтірсе,  кейбіреулері(зоокумарин,дифенацин,фентолацин,ратиндан т.б.)сүзелеңдетіп ауыртып өлтіреді

Кеміргіштердің жиналған жерлерін,індерін және қора бөлмелерін тауып,оларды өлтіру үшін  күкіртті сутегі,көмірқышқыл газдары,және хлорпикриндер өте тиімді болып саналады.

Мал қораларды дератизация жасаған кезде,химиялық заттардың ішінде антикоагулянттық қасиеті бар,яғни мал организмінде қанның ұюын тежейтін профермент протромбиннің түзілуін бөгеп және сонымен өоса кеміргіштердің қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігін арттырып,көптеген дене мүшелерінде қан құйылып,өлімге ұшырататын зоокумарин,дифенацин және фенталациндер тиімді болып келеді.

Зоокумаринді 1 % қоспасын басқа усыз толықтырғыш заттар мен(тальк,магнезитті  тальк т.б.)араластырып шығарады.Зоокумаринге өте төзімді тауықтар,қойлар,ірі қара малдары болып саналады.Зоокумариннің суға ерігіш түрі,оның натрийлі тұзы да осы дозамен қолданылады.Еліктіргіш жем дайындау кезінде 1 кг. Тамаққа 15 мл. Зоокумариннің тұзының ертіндісін қосады.Сұйық еліктіргіш тағамдарда зоокумариннің уының мөлшері 0,005% болады.

Пенокумарин-аэрозолды орауышта көбік түзетін 2 % зоокумариннің натрий тұзыныі қоспасынан жасалады.Дифенацин(ратиндин)-0,5% мөлшері толықтырғышпен қосылып жасалған.Егеуқұйрықтарды өлтіретін дозасы бірнеше қайталатандығы жиыны-0,1-0,15 мг,ал бір рет бергенде 6-8 мг тышқандарға- 4 мг.Еліктіргіш жемге қосып 3% ертіндісімен кеміргіштердің індеріне тозаңдатып шашып тастауға болады.

Фентолацин-25% мөлшерін толықтырғыш заттар мен біріктіріп(тальк,магний т.б.)жасалатын ұнтақ.Тышқандарға бір ретте 18 мг/кг,ал бірнеше қайталап бергенде 3 мг/кг мөлшері жеткілікті болады.Еліктіргіш тағамдарына 2% ұнтақ қосылады.

Пеноцалин-аэрозолды орамда 0,5% улы фентоцалині бар көбік түзгіш зат.Цинктің фосфидінің сұр егеуқұйрықтар үшін 75-100,ал тышқандарға 150-200 мг/кг мөлшері жеткілікті болады.Еліктегіш тамақтарға  ол удың 3% қосылып жатады.

Монофторин-жедел әсерлі,өте улы зат.Тышқандар мен егеуқұйрықтар құрамында 15-16мг/кг монофторины бар еліктегіш тағамдарды жегенде қолма-қол өліп қалады.Еліктегіш тағамдарға оның 1% қосып жасайды.Еліктегіш  тағамдарды дайындауға  нан,ұн,дәнді-дақылдар,балықтар,шошқа майлары,картоп,қант,сүт т.б. пайдалануға болады.Оларды жеке бөлмеде сақтық пен дайындау қажет.

Биологиялық дератизациялау  тәсілі-адамдармен малдарға зияны жоқ сальмонелла тектес,кеміргіштердің организмінде энзоотиялық іш ауруын тудыратын ,бактерияларды пайдаланып өльіруге негізделген.

Аралас түрі-кеміргіштерді жоюдың ең тиімді себебі болып саналады.Себебі мұндай  жағдайда антикоагулянтты әсері бар улы заттар мен бактерия культураларын аралаластырып пайдаланады.Ол үшін  зоокумариннің бактериялардыі культураларының қоспасы-бактокумаринді қолданады.Тек қана бактерия культураларын қолданғаннан гөрі,бактокумаринді пайдалану ,бактерияларға сілтілік қорек ортасын жасау ұшін сілті қосылмай,зоокумариннің натрий тұзыныі ертіндісі қосылуымен ерекшеленеді.Дайындалған зоокумариннің құрамында ,бактериялар культураларына  зиянды әсер тимейтін,улы заттың мөлшері 0,07-0,15%болады.  Дератизацияға  қолданатын химиялық заттар  адамдар мен малдарға улв болып келеді де,олармен жұмыс жасағанда сақтану шаралары есте болу керек.Дератизация жүргізетін  адам арнайы  сақтық киімдер және қолғаптар мен кейбір  кездерде  маскалармен  жүмыс жасауы қажет.Жұмыс аяғында жылы  сумен сабын қосып, қолдарын жуып және душқа түсуі керек.Адамдар мен малдардың  жұқпалы аурулары мен  күресуге  арналған комплекс шаралардың басты  бір бөлігі болып дератизация саналады.Дератизация жұмыстарын жүргізу  кездерін де техникалық  қауіпсіздігін сақтау шараларын қолданады.Сондықтан дератизация  жұмыстарына тек арнайы дайындықтардан  өткен адамдарға  ғана  рұқсат және  респиратор  киіп жасайды.Мұндай дератизациялау кезінде  шылым шегуге,тамақ жеп,су ішуге рұқсат етілмейді.Өлген кеміргіштердің қалдықтарын арнайы қысқыштармен жинайды.

 4.Халықтың карантин және обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі.

 Жұкпалы ауруды  таратпау және жою үшін карантин жөне обсервация деп аталатын арнайы изоляциялык-шектеулік іс-шаралар кешені жүргізіледі Карантин-аурухана, стационарда ішіндегі инфекциялық аурулар пайда болғанда, инфекция аурухана, стационар сыртына шығып кетпеу үшін қолданылатын маңызды  шаралар кешені болып табылады.

      Карантин   дегеніміз - эпидемиялық  жұқпалы   аурулардың пайда  болған  ошағын  және  сол  ошақтан  тарала  алады  деген  аймақтағы  адамдарды, барлық  заттарды  зарасыздандырғанша  жасалатын  іс-  шаралардың  жүйелік  жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

       Карантинизация – белгілі бір  аймақтан немесе ауданнан инфекциялық ауру шығып кетпес үшін ошақтан тыс жерге таралмас үшін қолданылады. Қарсыластың бактериологиялык кару қолданғалы отырғаны туралы болжам болған кезде дереу карантин жасалады да, қоздырғыш түрі аныкталғанша созылады, ал егер АҚЖ (аса қауіпті жұкпа) туындаса, онда карантин жалғаса береді. 
Карантин төмендегідей режімдік іс-шаралардың жүргізілуін талап етеді:

Зақымдау ошағын қоршау (күзету), алдын ала дезинфекция жасамай мүлікті тасуға, адамдарды кіргізіп-шығаруға тыйым салу. Ошақтарда мектеп, клуб, кинотеатрлар және тұрмыстық қызмет көрсетудің ұсақ мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады. Жұмыстарын тоқтатуға болмайтын кәсіпорындар мен мекемелерде ауруларды дер кезінде анықтап, оларды оқшаулау, зауыт, цех аумағын залалсыздандыру, санитариялык өңдеу, шұғыл (профилактика) сактандыру жөне т.б. жүргізуді қамтитын жұмыстың індетке қарсы режімі белгіленеді.Егер қарсыластың АҚЖ коздырғыштарын қолданбағаны дәлелденсе, онда сыртқы ортаны дезинфекциялағаннан кейін, карантин обсервациямен ауыстырылады.

Ауруханада   емдеу  - сақтандыру  мекемелерінің   стационарлық  түріне  жататындықтан  бұл   жердегі  карантин   жариялаудан   бұрын   карантиндік   эпидемиялогиялық  немесе  нозокомиальды  жұқпалы   аурулардың  алдын  ала  яғни  болдырмау   шаралары  жүргізіледі. Патогендік  ағзалар  әрбір  жерде  өзіне  қолайлы дамитын  орта  тапса,  тез  өсіп   көбеюге  бейім  келеді. Сондықтан  стационарлық  мекемелерді де, амбулаториялық  емдеу  орындарын  толық  дезинфекциялау  құралдарымен  жабдықтау   негізгі  мәселе  болып  отыр. Патогендік  ағзалар  әрбір  жерде  өзіне  қолайлы дамитын  орта  тапса,  тез  өсіп   көбеюге  бейім  келеді. Сондықтан  стационарлық  мекемелерді де, амбулаториялық  емдеу  орындарын  толық  дезинфекциялау  құралдарымен  жабдықтау   негізгі  мәселе  болып  отыр.       Стационардағы карантин  Қазіргі  заманда  экономика  жақсы  дамып  стационарлардың  жабдықпен  қамтылуы  да  жақсарғанымен  карантиндік   шараларға  себеп  болатын  қателіктер  де  жетіп  жатыр. Жұқпалы  аурудың   ошағын   дезинфекция   және   дезинсекция   зарарыздандыру   шараларынан    өткізеді. Зарарсыздандырудың   өзі    химиялық,  механикалық  және   физикалық   болып   бөлінеді.  Карантиндік   зарарсыздандыру   химиялық   болып    табылады. Карантин  жариялағаннан   кейін  зарарсыздандыруға  пайдаланылатын  химиялық  заттар.  Олар: Хлор әгі,хлорамин т.б.            

Емханадағы карантин  Емхана  мен  ауруханаларда   карантин  жариялау   тәртібіне   келетін   болсақ  ол   кезде   аурухана  немесе  емхана  ішінде  науқастардың, медициналық  персоналдың,  қосымша  емдеу  мекемесінің  жұмысшыларының  толық  қатаң  түрде  озғалысына, араласуына  тиым  салынады. Жүктер  немесе  тағы  да  басқа пайдалану, тұтыну  құралдары  мен  заттарын  карантиндік  зонадан  шығаруға,  кіргізуге  қатаң  тәртіпте  тиым  салынады.  Ауруы  бар  деген    науқастарды  белсенді  түрде  анықтау, егер  оларда  ауру  симтомдары  анықталса  оларды  міндетті  түрде  қоғамнан  изоляциялау.  Негізінен   аурухана, емхана  және түгел  алғанда   емдеу  мекемелерінде    инфекциялық  аурулардың   қоздырғыштарының  алдын  алу    шаралары  толық   қамтылып  емдеу   мекемелерінде   карантин  жариялау   факторлары   мүлдем   тіркелмеу   керек. Санитарлық –эпидемияға  қарсы  тәртіпті  ұстану  стационар  немесе  кез-келген    медициналық  мекеме  аймағын  үнемі  тазалықта  сақтауды  қарастырады. Бөлімшелерден  жиналған   керексіз  заттар   тығыз  жабылатын қақпағы  бар   металлдан  жасалған   ыдыстармен  өз  уақытында  шығарылып  тұруы  тиіс.Карантин  жариялау  карантиндік  жұқпалы  аурулар  мысалы  холера, оспа, чума  немесе  оба  эпидемиялогиялық  аурулар  ошақтары  табылған  аймақтарда   жүргізіледі.  
   Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі

Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық  қызмет жүзеге асырады. Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын  алу шаралары  обсервация кезінде мыналарды қарастырады:

-сұрақ  өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;

-оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;

-зардап  шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;

-денсаулық  сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру              кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;

-күнделікті  және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық  өндеу жасау.

Информация о работе Білім беру жүйесіне түсінік