Биосфера эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 22:18, курсовая работа

Краткое описание

Биосфера эволюциясы — Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық процесс. Биосфера эволюциясы — тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі. Эволюциялық ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Биосфера эволюциясы..............................................................................4
1.1 Биосфераның пайда болуы туралы жалпы түсінік....................................4
1.2 Биосфераның құрылысы мен негізгі ерекшеліктері.......................................
1.3 Академик В. И. Вернадскийдің «Биосфера – ноосфера» концепциясы.....
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............

Прикрепленные файлы: 1 файл

Биосфера курс.docx

— 64.62 Кб (Скачать документ)

Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.

В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.

Қазiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi.

Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда, көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды, және суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi оларды тiрi организмдер түзедi.

Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро — және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.

Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар — өлi органикалық заттардың негiзгi бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты да өзгердi.

Акад. В. И. Вернадскийдің «Биосфера- ноосфера» концепциясы. Жүз жылдан астам ауқыт бұрын 1875ж. Австралиялық геолог Эдуард Зюсс «биосфера» терминін алғаш рет қолданған болатын. 1926ж. Орыс минералогы В. И. Вернадский 2 лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияларда ол Зюсстың еңбектерінен кейін 50 жылдан соң биосфера концепцияларының негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тричы бойында тірі оргаизмдердің әсеріне ұшырыған барлық қабаттарын түсінді.

Биосфера – Жер шарының айрықша қабығы. 1-ден биосфера сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп. 2- ден, оған Күн энергиясының тасқыны ықпал етеді, 3- ден , биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.

Жердегі энергия көзі күн болғанда, күллі тірі организмдер жердің 2- щі қабығы литосфера жіне гидросфераның жоғарғы қабаттарында таралған. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді. Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы, қалыңдығы ондаған сантиметр қабатында шоғырланған, тек бірен – сарандығы ғана бірнеше метрге төмендейді (өсімдік тамыр, жауын құрты). Жарық болмағандықтан жасыл өсімдіктер литосфераның терең, қабаттарына ене алмайды. Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі қабаттарына таралады. Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қабаттарынан табанына дейін тіршілікке толы.

Ноосфера – ақыл қабаты. Ноосфера гректің «ноос»- ақыл сөзінен шыққан, ақыл қабаты деген ұғымды білдіреді. Адам биосфераға әсер етеді және адам ақылынан жиі ауып кетеді. Ноосфера туралы ілім Вернадскийдің ғылымы іс- әрекеттерімен байланысты. Француз математигі Э. Леруа 1927 жылы ноосфера туралы ұғымды енгізді. Вернадский биосфераны оқытуды дамыта отырып ноосфера ұғымына терең ғылыми маңыз берді. Ол ортаны және қоғамды құруда маңызды рөл атқарды. Ноосфера биосфера дамуының жоғары стадиясы деп қарау керек. Ол ондағы адамзат қоғамының дамуымен байланысты. Адамзат табиғат заңдарын таниды, техниканы жоғарғы деңгейіне дамытатын тұғырлы планеталық күш.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады.Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский  ноосфера туралы  ілімді дамытып, терендете  түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.[3]

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Экология және табиғатты  тиімді пайдалану. 
Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев. 
2. Экология негіздері. 
Ғ. Сағымбаев. 
3. Экология. 
Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева. 
4. Экология. 
Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.

 


Информация о работе Биосфера эволюциясы