Биосфераның дамуы мен эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2015 в 17:22, реферат

Краткое описание

Архей эрасы - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эра. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасының ең көне жыныстары осыдан 3,5-4 млрд жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына ауысу уақыты қазіргіден шамамен 2,6-2,8 млрд жыл бұрын өткенге ұқсайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

биосферанын дамуы.doc

— 4.31 Мб (Скачать документ)

                         Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

                                 Жаратылыстану ғылымдары факультеті

 

 

 

 

 

 

 

    

 

  Биосфераның дамуы мен эволюциясы

 

                                                        Орындаған:       Тоғайбай Айгерім

                                                        Тобы:                 Экология-23

                                                        Қабылдаған:      Ақбаева Л.Х.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Астана, 2015

 

 

 

 

 

   Архей эрасы - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эра. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасының ең көне жыныстары осыдан 3,5-4 млрд жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына ауысу уақыты қазіргіден шамамен 2,6-2,8 млрд жыл бұрын өткенге ұқсайды.

    

Анаэробты бактериялар планетаның ең алғашқы тұрғындары. Архей эрасында.

Сонымен қатар, циано және көкшіл жасыл балдырлар.

 

 

 

 

 

 

Протерозой эрасы — Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Ол эрада алғашқы көпжасушалы жануарлар пайда болған. Мысалы, қыл аяқтылар,қандауырша.

                                                                                           Қандауырша.

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

1) Кембрий (организмдердің қалдығы алғаш табылған жердің аты) кезеңі. Бұл кезеңде топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Бұл кездегі фауна басты рөлді атқарған 3 топ: археоциттар, трилобиттер және иінаяқтылар.

Археоциттар палеозойдың басында теңіздерде мекендеп, жойылып кеткен омыртқасыз жануарлардың өзінше ерекше типі. Бұларда текше имекмүйіз немесе тарелка тәрізді ұсақ тесікті ізбесті скилет болды. Ұзындығы 1,5 м.

Трилобиттер тек палеозойда ғана өмір сүрген буынаяқтылардың ертедегі түрі. Олардың құрылысындағы ерекшеліктері бас, кеуде және құйрық болып үш бөлікке бөлінеді.

 Трилобиттер.

Иін аяқтылар. Кембрий теңізінің түбінде мекендеген қарапайымдылар. Бұлар топсасыздар класс тармағына жатады. Себебі  бұлардың жақтау бақалшақтарында қабыстырып тұратын тістер және желбезек аппаратын демеп ұстап тұратын қатты сүйекті өскіндері жоқ.

 

2) Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты) кезеңі. Бұл кезеңде теңізде коңыр, кызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы алғашқы басаяқты ұлулар пайда болды, сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты ұлулар да тарала бастады. 

 Басаяқты ұлулар.

3) Силур (тайпаның атауы) кезеңі. Бұл кезеңде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Иін аяқтылардың ең мол өркендеген кезеңі Силур дәуірі. Бұл кезде  трилобиттер де кембрийдегідей  кең тарады. Силурда шаяндар тобы көп болды. Солардың бірі ұзындығы 2 м жететін эурептерус.

 

Силур дәуірінде кембрий дәуіріндегіден гөрі молюскалар, әсіресе бас аяқтылар күшті өркендейді.Мұнда бас аяқтылардан көп таралған корабликтер. Бұлардан осы кезде сақталып қалған жалғыз ұрпақ Оңт.Азия мен Австралияның аралығындағы тропиктік теңіздерде мекендеуші наутилус. Бұл түрге тән белгі бұларда спираль тәрізді бұралған бақалшағы болады.

Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, денесі сүйекті сауытпен қапталған алғашқы омыртқалы жануарлар — сауытты балықтар пайда болды. Осы күні дөңгелекауыздылар — миногалар мен миксиндер сол сауытты балықтардың жақын туысы болып саналады.

 Миногалар.

Судан құрлықтың көлемді территориясы босанады. Онда алғашқы құрлық өсімдіктері псилофиттер орын тебе бастайды. Псилофиттердің арғы тегі суда өскен балдырлар. Олардың құрылысында жер астындағы бөлігіндегі тамыр сабаққа ұқсас ризоидтары болады. Денесінің сыртын эпидермис қаптап тұрады.

Қостынысты балықтар мезозойдың басына дейін көп болды. Қазіргі кезде олардың 3 туысы бар: Солтүстік Аустралия өзендерінде мекендейтін неоцератод, тропикалық Африканың тайыз өзендерінде және кеуіп құрғап қалатын протоптерус, Амазонка су алқабында мекендейтін лепидосирен.

Неоцератод.                                   Протоптерус.                     Лепидосирен.

Саусақ қанатты балықтар теңіз тіршілігіне көшті. Қазір тірі қазба қалдық ретінде бұлардың бір түрі латимерия бар. Бұл Үнді мұхитында Комор аралдарының маңында 400-1000 тереңдіктегі суда мекендейді. 

4) Девон кезеңін Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметімен атаған. Девон кезеңін — балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті.

Девон дәуірінің аяқ кезіндегі қабаттардан қалдықтары табылған сауытбасты амфибилиялар немесе стегоцефалдар жатады. Бұлардың басын тұтас сүйек сауыт қаптап тұрған.

  Стегоцефалдар Девон кезінде  құрлыққа шыққан.

5) Тас көмір кезеңі — жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады.

Таскөмір дәуірінің жылы және ылғалды климаты құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне қолайлы жағдай жасады. Таскөмір ормандарының негізгі өсімдіктерінің үш тобына: плаун, қырықбуын, папоротниктен құралды. Олар псилофиттердің орнын басты.

Плаундар зәулім ағашта (лепидодендрон және сигиллярия) түрінде болады. Олардың биіктігі 30-40 м және диаметрі 1-2 м жетті.

 Лепидодендрон.                                        Сигиллярия.

Ағаш тәрізді қырықбуындары (каламиттер) батпақты жерлерді мекендейді.

  Каламиттер.

Осы дәуірде тұқымды папоротниктер және кордаиттар түрінде жалаңаш тұқымды өсімдіктердің шығуы пайда болды.

  Кордаиттар.

Рептилиялардың алғашқы өкілі үстіңгі тас көмір қабаттарынан табылған котилозавр. Олар бірсыпыра белгілері жөнінен стегоцефалдарға жақын.

6) Пермь кезеңінің аты сол кезеңнің тау жыныстары табылған қаланың атымен аталған. Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті.

Пермь дәуірінде плаун тәрізділер, каломиттер құрып кетеді, оның орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикадо тәрізділер және гинкголар пайда болады.

   Цикадо тәрізділер.                                       Гинкго тәрізділер.

Пермь дәуіріндегі жер бетіндегі жануарлар дүниесіне тән сипат – мұнда ең алдымен рептилиялар тез дамып кетеді.

 Рептилиялар.

Пермьдегі ең ірі котилозаврлардың бірі – парейазавр. Бұл аз қозғалатын, ұзындығы 3 метрге жететін шөп қоректі жануар.

Аң тәрізді тобының бірінші қалдықтары таскөмір дәуірінің аяғынан бастап белгілі. Пермьнің ортасында өте күрделі формалары пайда бола бастады. Мысалы, Солтүстік Двинада табылған иностранцевия. Оның ұзындығы 4 м жететін, тістері жолбарыстікіне ұқсас ірі жыртқыш.

    Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы.

1) Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Триаста құрлық фаунасына тән сипат мұнда бауырымен жорғалаушылар әр түрлі болды. Осы дәуірде рептилияның көптеген жаңа топтары шықты. Ең алдымен, Триаста алғашқы кесірткелердің ішінде ерекше тұмсықбас топтың өкілдері пайда болды. (гаттерия)Бұл баяу қозғалатын жануар. Тіршілігін түнде өткізеді.

 

Алғашқы кесірткелерге Триастық псевдозухиялар жақын. Бұлардың ірілігі сыртқы бейнесі кесірткелерге ұқсас, артқы аяқтары алдынғы аяқтарына қарағанда едәуір жақсы дамыған.

Псевдозухия тобының бірі Триас дәуірінің аяқ кезінде шыққан крокодилдер. Триаста рептилиялардың жаңа топтары – кесірткелер мен тасбақалар шықты. Бауырымен жорғалаушылардың бір сыпырасы қайтадан теңіз тіршілігіне бейімделуге көшті. Бұған ихтиозаврлар мен плезиозаврлар жатады.

 Ихтиозавр.                              Плезиозавр.                                    Крокодилдер.

2) Юра кезеңі — Франция мен Швейцарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады. Бұл кезеңді — динозаврлар (корқынышты кесірткелер) кезеңі деп атайды. Юра дәуірінде климат жылы және ылғалды болды. Юра дәуірінде өсімдіктер дүниесінің алыбы – сиквоялар өсті. Бұлардың бір түрі веллингтония немесе мамонт ағашы қазір Колифорнияда өседі.

 Веллингтония.

Юра дәуірінде, кейінірек Бор дәуірінде кеңінен таралған өсімдік қоректі алып рептилияларға динозаврлар жатқызылады. Динозаврлардың ішінде денесі ірі, басы кішкене, мойны мен кұйрығы ұзын, дене тұрқы 30 м, салмағы 50 т алып брахиозаврлар тіршілік еткен.

Омыртқалылардың ұшатын алғашқысы – қанатты кесірткелер (птерозаврлар) болды. Қанатты кесірткенің төс сүйегінде күшті жетілген қыры болатын. Ал кейбір түрлерінің ұзын тұмсыққа айналған жақтарында тістері болды.

 

Қанатты кесірткелердің ішінде рамфоринхтер мен птеродактилдер ерекше көріністі болды. Бұлардың біріншілері ұзын құйрықтары және жіңішке ұзын қанаттары арқылы ажыратылады.

  Рамфоринх.                                                             Птеродактиль.

 

 

Юра дәуірінде омыртқалылардың жаңа классы – құстар бөлініп шығады. Құстардың өте ғажайып ертедегі өкілі – археоптерикс. Ондағы құстың белгілері: қауырсын, алдыңғы аяқтың қанатқа айналуы, бірсыпыра анатомиялық белгілер.

 3) Бор кезеңі (бақалшақтар мен ұсақ теңіз жануарларынан түзілген бор қабаты қалың болғандықтан солай аталған). Бұл кезеңде гүлді өсімдіктер кеңінен таралды.

Жабық тұқымдылардың ертедегі қалдығы Юрадан белгілі, бірақ бұлардың қарқынды өркендеуі Бор дәуірінен басталды. Бор дәуірінің орта кезеңінде өсімдіктер сипаты қазіргі кездегі өсімдікке жақын келеді. Сол кезде дара жарнақты (пальмалар, лилиялар, т.б.) және осы кездегі көптеген туыстарға жататын (магнолия тұқымдасы, лаврлар тұқ., букбуктер тұқ,. тұт тұқ., үйеңкілер, емендер, теректер, қайыңдар, талдар т.б.) қос жарнақты өсімдіктер шықты.

 Қайың.                                Терек.                                  Магнолия.

 Құрлық рептилиялардан әртүрлі жағдайда мекендейтін динозаврлардың жаңа түрлері кең таралды. Мысалы, игуанодон.

 Кайнозой эрасындағы тіршіліктің дамуы.

1) Үштік кезеңнің (палеоген) бас кезінде Еуропа ормандарында мәңгі жасыл магнолия, лавр ағашы, пальма, бамбуктардан басқа, жылу сүйгіш ағаштар — фикус, эвкалипт, нан ағашы кеңінен таралды. Кайнозой заманының екінші жартысында күн суытып жылу сүйгіш өсімдіктер тек Оңтүстікте ғана сақталып калды. Солтүстік және орталық ендіктерде жалпақ жапырақты үйеңкі, жеке, қандағаш, емен ормандары сиреп ашық далалы жердің көлемі ұлғайды.

Ашық далалы жерлерде 3 башпайлы жылқылар—гиппариондар, құстардан—түйеқұстар мекен етті. Үштік дәуірдің басында қалталылар жер бетіне тұтас таралып, кейіннен олардың орнын плаценталылар басты.

 

 

 

 

Адамдардың арғы тегі кайнозойдың үштік кезеңінде пайда болды.

Орманның ішкі түпкіріне қарай ығысып кеткен тобынан — гориллалар мен шимпанзелер пайда болды.

 Горилла.

2) Төрттік кезең — 1,5—1 млн жылға созылды. Бұл дәуірге тән сипат: мұнда суық, мұздық кезеңдер мен мұздықтар аралығындағы жылы кезеңдерде кезектесіп отырды. Суыққа төзімді жануарлар формалары пайда болды. Мысалы, мамонт, қалың жүнді мүйізтұмсық, т.б. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілердің көп түрлері мен түр тармақтары төрттік кезеңде пайда болды.

 Мамонттар.

 Мастодонт (ежелгі піл)

 


Информация о работе Биосфераның дамуы мен эволюциясы