Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

 

 

1.3 БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ  ӨМІР САЛТЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

СӨС жөнінде білім берудің мазмұны мен құрылымы кез-келген пән бойынша білім беру жүйесі секілді сол ғылымның (біздің жағдайымызда биология пәні мазмұнындағы салауаттану ғылымы негіздерінің) әдіснамалық мақсаты мен құрылымына, оқушылардың қызығушылықтары мен әлеуметтік сұранысқа байланысты анықталады. Осы факторлардың негізінде анықталған, оқушылардың СӨС жөніндегі ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсаты бойынша жүргізілетін педагогикалық үрдістің бірінші міндеті қажетті  СӨС түсініктері жүйесін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысында анықталған салауатты өмір салтына ғылыми  көзқарас тұрғысынан қарайтын тұлғаның маңызды ерекшеліктерінің бірі – өзінің меңгерген биологиялық түсініктері жүйесінде салауаттанудың ғылыми негізін көре білуі әрі түсінуі. Осыған сәйкес биология сабағында СӨС жөнінде білім берудің осы міндетін шешудегі басты бағдар оқушы тұлғасында төмендегі негізгі түсініктерге негізделетін жеке адам денсаулығының мәні және оның қалыптасуының өмір салтқа тәуелділігі түсінігін қалыптастыру.

І. Күрделі биоэнергоақпараттық жүйе ретінде адам организмі және оның үйлесімділігі мен қуаттылығы жөніндегі түсінік. СӨС негізінде – «тіршілік» ұғымы жатыр. Денсаулықты танып білу үшін, тіршілік ұғымының мәнінің іске асырылуының ең жоғарғы формасы ретінде – «адам» феноменін, оның ұйымдасу ұстанымдарын түсіну қажет. Адам – пирамидалық ұстаным негізінде құрылған жүйе. Ежелгі гректер атап көрсеткендей, оның: төменгі, денелік (грекше soma – дене), ортаңғы, психикалық (грекше psyche – жан) және жоғарғы, рухани (грекше nous – рух) деңгейлері ажыратылады. Бұл деңгейлер өзара тәуелді, бірінде болған өзгеріс екіншісінде де өзгеріс тудырады. Адам тірі жүйе ретінде қайта қалпына келуге, жаңаруға, өзін өзі іске асыруға қабілетті. Адам организмінің осындай үйлесімділігі мен қуаттылығы тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік мәні тұрғысынан оның тіршілікке қабілеттілігі мен аман-есендігі жөнінде сөз қозғауға мүмкіндік береді.

Осы, өзара байланысты тұтас бір жүйе ретінде адамның биологиялық, әлеуметтік құрылымы және оның үйлесімділігі мен қуаттылығы жөніндегі түсінік – терең ұғынған жағдайда тұлғада денсаулықтың мәні мен оны басқару мәдениетін (немесе дүниенің ғылыми валеологиялық бейнесін) қалыптастыруға  зор мүмкіндік беретін, кілттік ғылыми валеологиялық жағдай болып табылады.

ІІ. Денсаулық адамның әлеуметтік құндылығы жөніндегі түсінік. Мемлекет үшін де және адамның өзі үшін де деннің сау болуы немесе ауру болуы қандай да бір нақты материалдық мәні бар құбылыс. Ауру адамға  емделуі үшін қаржы бөлуі керек, екіншіден, ол адам жалпы ұлттық өнім көлеміне әсер ететін материалдық құндылық өндірмейді (немесе ол үшін басқа адамдар жұмыс істеуі керек). Яғни, қазіргі нарық заманында – дені сау адам үлкен маңыздылыққа ие.

 Адамдар қоғамда экономикалық жағдайлар жақсарған сайын өздеріне ыңғайлы, жайлы жағдайды ұйымдастыруды көздеп, техносфераға жол берді, жалқаулыққа салынды. Олар өмірдегі ең басты құндылықтар қатарына – азық-түлік, киім-кишек, ақша немесе жалақысы көп жұмыс және т.с.с. заттық дүниелерді қойады. Ал, бұл мақсаттарға жету ең бірінші адамның денсаулығына тәуелділігіне мән бермеді. Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік толық аман-есен болған жағдайда ғана адам өз қызметін толық орындай алады.

Денсаулықтың құндылығы жөніндегі түсініктер оқушы тұлғасына өз мұраттары мен армандарына қол жеткізу ең бірінші денсаулыққа байланыстылығын түсінуге мүмкіндік береді.

ІІІ. Организмнің қалыпты тіршілік етуіне, немесе қалыпты әрекеттің бұзылуына әкелетін факторлар жөніндегі түсінік.  Қоршаған орта, өмір салт, тұқымқуалаушылық, дәрігерлік көмек түрлері  денсаулық сапасына қандай да бір дәрежеде әсер ететін негізгі факторлар. Бұл факторлардың денсаулыққа тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерінің шекарасын анықтап көрсету денсаулықты қалыптастыру, нығайту тетіктерін айқындауға мүмкіндік береді. Денсаулыққа әсер етуші факторлар және олардың  адам организміне  жағымды және жағымсыз әсер ету жағдайлары жөніндегі түсінікті меңгере отырып, тұлға денсаулықты басқару өзіне байланыстылығын ұғады.

Биология сабақтарында СӨС жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру мақсаты бойынша жүргізілетін педагогикалық үрдістің екінші міндеті - тұлғаның өз денсаулығына деген жауапты қарым-қатынасын қалыптастыру. СӨС жөнінде ғылыми көзқарастағы тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі, денсаулыққа жауапты қарым-қатынасының қалыптасуы барысында жинақталатын өз денсаулығын қалпына келтіруге, нығайтуға ықыласының болуы және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігіне сенімі. Осыған сәйкес, СӨС жөнінде білім берудің осы міндетін шешудегі басты бағдар төмендегі жағдайларға қол жеткізу:

1. Денсаулықтың –  құндылық екенін  түсіну;

2. Денсаулықтың –  өмір салтқа  тәуелділігін ұғыну;

3. Денсаулықты сақтау мен нығайту әдіс-тәсілдерін арнайы үйрену.

Денсаулыққа  жауапты қарым-қатынасты қалыптастырумен қатар, қарым-қатынастың сандық өлшемдеріне көңіл қойып, оларды қалыптастыру да қажет.

Биология сабақтарында СӨС жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру мақсаты бойынша жүргізілетін педагогикалық үрдістің үшінші міндеті - тұлғада денсаулықты салауатты негізде басқарудың бағыты мен оны іске асырудың технологиясын қалыптастыру. СӨС жөнінде ғылыми көзқарастағы оқушылардың маңызды ерекшеліктерінің бірі – практикалық іс-әрекет барысында денсаулықты салауатты негізде басқарудың бағыты мен  оны іске асырудың нақты әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы қалыптасатын салауатты өмір салтты ұстану талабының болуы. Осыған сәйкес, СӨС жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстың осы міндетін шешудегі басты бағдары тұлғаның  өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға мүмкіндік беретін бағыты және оны іске асыруға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді меңгеруі болып табылады.

       Оқушыларда салауатты өмір салты жөніндегі ғылыми көзқарасты  қалыптастырудың негізгі құралы – биология пәнінің мазмұны. Оқушыларға берілетін білім мазмұны бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендері арқылы іске асырылады.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту ең бірінші оқу пәндерінің мазмұны бойынша қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеу жұмыстарымен көптеген ғалымдар айналысқан. Білімдер бірлігінің негізінде пәнаралық байланыстар, ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, әртүрлі ғылымдар аясы білімдерінің құрылымдық бөліктері (жалпы дәйектер, ұғымдар, заңдылықтар, теориялар, ғылыми идеялар, жалпы іскерліктер мен дағдылар) бойынша аралық өзара байланыстарды білдіреді. Мектепте оқытылатын пәндердің СӨС туралы түсініктерді қалыптастыруға қосатын үлесін анықтау мақсатында зерттеу жүргізген ғылыми жұмыстар бар. А.Қаплиева [81] өзінің ғылыми зерттеу жұмысында әр пәннің мазмұнындағы СӨС негіздері ұғымдарының пайыздық көлемін анықтаған. Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес биология пәндері арқылы оқушыларда СӨС туралы ғылыми көзқарастар негіздерін қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындау мақсатында оқу бағдарламаларының мазмұнына талдау жасалды.

  Талдау нәтижесінде оқу пәндерін валеологиялық мәдениеттің негізгі құрама бөліктері: денсаулық бейнесін, СӨС мәнін, денсаулықты нығайту әдістері, ғылыми тілдерді ашатын, СӨС туралы ғылыми көзқарасты, ойлауды дамытуға қосатын мүмкіндіктері ескере отырып бірнеше топқа бөлеміз

 

кесте 1

Биология пәндері бойынша СӨС материалдардың қамтылу деңгейі

Топтар

Тақырыптар

І-топ. СӨС жөніндегі білімдер жүйесіне қатысты кейбір мәліметтер курс мазмұнына білімдердің дербес жүйесі ретінде қарастырылатын  пәндер.

Жалпы биология, Экология, Дене шынықтыру, Геог-рафия,  Химия

ІІ–топ. Салауаттану мәселелері жеке тақырыптардың құрамды бөлшектері ретінде қарастырылатын пәндер.

Қоғамтану, Физика, Эконо-мика негіздері,  Астрономия,  АӘД

ІІІ-топ Міндетті түрде СӨС мазмұны бола бермейтін, алайда тақырыптарында саулауаттану мәселелерді интеграциялауға болатын пәндер. Мұнда СӨС негіздері оқытылып отырған мәселені дәлелдеу үшін алынған дәйектерді оқу материалдары  арқылы жеткізіледі

Қазақстан тарихы, Жалпы тарих, Еңбек


 

Салауатты өмір салты жөніндегі білімді пән аралық ұстаным арқылы жүзеге асыра отырып беру. Пән аралық байланыс оқытудың жоғарғы, ортаңғы және төменгі баспалдақтарында интегралдық сипаты бар арнайы пәндерді құрастыру жолымен жүзеге асуы мүмкін. Биология пәні негізінде оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі көзқарасын қалыптастыру оқыту мен тәрбие беру үрдістерінің бірлігін қамтамасыз етді білдіреді. Ол үшін биология пәннің салауатты өмір салты жөніндегі ғылыми көзқарастың негізін құрайтын ұғымдарының қатарын саралап, жалпы жүйедегі орнын анықтай отырып, бағдарламаға сәйкес басқа пән аралық негізінде зерттеуді қажет етеді.

Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

-неғұрлым ынта білдіргенде білімді  жеке мәнді және саналы түрде  қабылдауға; 
 -кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

-оқушыға бір мезгілде әрекетті  орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

-Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын  арттыруға;

-Оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

-Оқушылардың шығармашылық ойлауын  дамытуға, олардың алған білімдерін  өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Биологияның салауаттанумен кіріктірілген сабақтарын түрліше ұйымдастыруға болады:

  • мәселелерді қамтитын дәстүрлі сабақ;
  • пәнаралық сабақтар;
  • пәнішілік толықтырушы сабақтары
  • рөлдік ойындар [66].

Пәнішілік толықтырушы кіріктірілген сабақ түрлерін толығырақ қарастырамыз 

1. Салауатты  өмір салты мазмұндағы үзінді мәліметтерді кіріктірген пән бойынша дәстүрлі сабақтар:

Негізгі тақырыпты және бағдарламалық бөлім құрылымын өзгертпейтін, салыстырмалы түрде бұл көлемі онша үлкен емес материалдар, сабақ тақырыбын дәйекті оқу материалдарымен толықтыратын, көрнекі иллюстрациясы жеткілікті сабақ.

2.Бағдарламалық  салауатты өмір салт негіздері  проблемсынаа арналған сабақтар.

  Бұларда тұтас тақырыптар мен жеке сабақтарда оқып білген, қалыптастырылған және жинақталған нақты салауатты өмір салты негіздері проблемалары бойынша дәйекті материалдар толықтырылады. Толықтырылу ережеге сәйкес, бұрын алған білімдері мен біліктіліктері пайдаланылатын тақырыптары кешенділікті бейнелейтін сабақтарда болады. Оқуға арналған СӨС тақырыптары түрлі көлемді қамитды: ғалымдық, аймақтық, жергілікті жеплік, материктік, бірақ бұл нұсқалардың кез келгені  бағдарламалық материалмен байланысты болуы керек.

3. Денсаулықты  сақтау мен нығайтуға ықпал  ететін биологиямен байланысты проблемаларды шешу бойынша шығармашылық сабақтар: бұл «дөңгелек стол», «миға шабул», пікір талас сабақтары. Мұндай сабақтардың нәтижесі ұсыныстар, мақала түрінде рәсімделеді.

 «Миға шабуыл» әдісінің  міндетті  түрде орындалуы керек ережесі:

  • сөз сөйлеу уақыты бойынша қысқа (1–2 минуттан аспауы керек) және озық идеясының болуы;
  • ой мен әрекеті тиімді соңғы нәтижені алуға бағытталуы қажет;
  • әрбір ой-пікір зейін қойып тыңдалып, талдануы қажет, бір-бірінің пікірін және көзқарасын сыйлауы керек, бір бірінің пікірін мақұлдау немесе теріске шығару сыпайы түрде болуы керек;

4. Жоспар жасау бойынша практикалық сабақтар /биология бойынша жеке өмір салты зерттеу бағдарламалары.

5. Стөл үстінде ойнауға болатын СӨС негіздеріне қатысты ойын. Мысалы, «СӨС туралы биологиялық лото». Мұнай сабақтың мазмұны СӨС негіздері бойынша сөздік, сөзжұмбақ немесе биологиялық лото түрінде терминологиялық тезуаристері оқытуды құрайды.

6. Рөлдік ойындар: телефонмен сөйлесу, сұхбат алу, пресс конференция, нақты СӨС мәселе бойынша пікір талас және т.б. Бұл сабақтар берілген тақырыпқа, жағдайатқа байланысты еркін ой мен жүктелген іс әрекеттік рөлдерді меңгеру сабақтары

7. «Жеке салауатты өмір салтты қалыптастыру тақырыбындағы жобаларды жасау» типіндегі іскерлік ойындар. Іскерлік ойын сабағы– бұл түрлі мәселелерді шешу үшін әртүрлі ақпараттар салынған конферттермен жүргізілетін өзіндік жұмыс.

Жаратылыстану пәндерімен: физикамен, биологиямен, химиямен біршама тығыз байланысы сабақат іске асырылады. Сонымен қатар тарихпен, әдебиетпен,  көркем әдебиетпен, экономикамен және т.б. білім салаларымен де байлынысы зор.

Пәнаралық байланыстағы сабақтар мақсаты, міндеттері, мазмұны және құрылымы бойынша әртүрлі болуы мүмкін [40, 41, 42,43, 44, 45, 46]. Олардың ішінде төмендегі түрлерін ерекше атап айтауға болады:

1.Мектеп оқушыларын  қызықтыратын басқа пәндермен байланысатын СӨС тақырыптағы проблемалар туралы еркін ойлар сабағы, мысалы аурулардың географиялық таралу ерекшеліктері (география – биология); шу (немесе радиоактивті) ластану көзінен болатын адам денсаулығына зиянды әсерлер (биология және физика); қоршаған ауаның ластануы (биоэкология– химия) және т.б.

2. Жеке өмір салты салауаттандыру бойынша проблемаларды шешу жолы бойынша жобалар аукционы. Әрбір топ Салауатты өмір салт тақырыбындағы оқу жобаларын ұсынады. Нақты ұсыныстар: «Сыныптың ауасын қалай таза ұстауға болады?»; «Мектеп алды территориясын қалай көгалдандырамыз?» «Жақсы мінез құлық денсклық кепілі» және т.б. Одан әрі үйірме мүшелерінен, мұғалімдерден құралған әділ қазылар жобаны тыңдап, бағалайды.

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту