Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

- салауаттанулық білім беру бағдарламаларын, оқу әдістемелік кешендерін әзірлеу және оларды іс-тәжірибеге ендіру.

 

 

1.2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ  ӨМІР САЛТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

       

        Мемлекет үшін  адамның денінің сау болуы нақты материалдық мәні бар құбылыс. Қазіргі нарық заманында – дені сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Еліміздің өндірістік потенциалы мен қорғаныс қызметіне тікелей кері әсер етіп отырған жағдай, елдің ертеңгі болашағы, мектеп түлектерінің денсаулықтарының ең төменгі деңгейде болуы. Әскерге қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшілігі кері қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердің денсаулығын салыстырған зерттеушілер, мектеп түлектерінің денсаулығының 4-5 есе төмен екенін байқаған [30].

Медицина ғылымының докторы, профессор В.Ф.Базарныйдың басшылығымен Солтүстік медициналық Ғылыми зерттеу институты базасында жүргізілген зерттеу жұмысы мектептегі балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетін жағдайлардың әдеттегі мектеп ішілік жарық мөлшері, тамақтану ерекшеліктері, физикалық қозғалыс түрлерінің жетімсіздігі және т.б. факторлармен байланыстылығын көрсеткен. Сонымен қатар, осы институттың сенсорлық жүйені дамыту бөлімі қызметкерлері ұжымы мектепте баланың денсаулығы үшін зиянды әсер ететін бұрын ескерілмеген факторлардың тұтас кешенін анықтаған. Олар:

♦ адамның биологиялық дамуының детерминаттарын: түзу тұру, кеңістік, қозғалыс, дене салмағы, бағдарлы-ізденушілік белсенділіктің және т.б. мектеп жағдайында ескерілмеуі;

♦ мектепте баланың физикалық, оқу-танымдық негіздерін, еңбек ету қуатын, оның ішінде, көру арқылы ақпарат алуы, көре отырып, қолмен әрекет етуі, микропроцессорлық күш қуаттарын қалыптастыруға бағытталған арнайы бағдарламалардың болмауы.

Алдыңғы қолайсыз жағдайларға байланысты, балалар созылмалы ауруларға, сезім мүшелерінің шаршауына және соның әсерінен олардың дамымауына, екінші жағдайда созылмалы сенсорлы-моторлы, психоэмоционалды және жүйкелік зорлыққа ұшырайды [31].

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесі айқындап отырғандай, адамды салауатты өмір салты ұстанымдарына сәйкес тәрбиелеу мұраты өзінің тамырын тереңнен алады. Дене шынықтыру, тамақтану, тазалық сақтау, өсіп-өну, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті – адамзат қоғамының әр түрлі халықтарының өмір салттарының өте ертеден қалыптасып және дамытылып отырған өрістерін құрайды. Адамзат дамуында оның рухани, ақыл-ой және денелік күш-қуатының атқаратын қызметінің зор екені белгілі, егер оның біреуінің маңыздылығын ескермесек, ол қалпына келмейтін қателіктерге соқтыратыны  өмірде дәлелденген. Сондықтан, рухани, ақыл-ой және денелік күш-қуатты сақтау мен дамыту үшін адамзат өзінің тіршілігінің барысында қажетті әлеуметтік институттарды қалыптастырып отырды. Адамның руханилығын сақтауда үлкен қызмет атқаратын өнер, әдебиет, дін және т.б. мәдениет түрлері дамыды. Ақыл-ой қуаты білім беру, тәрбие беру және ғылым негіздерінің жүйесімен сақталып дамиды. Ал, денелік күш-қуатқа жауапкершілікті: дене шынықтыру тәрбиесі мен спорт, денсаулықты сақтау ұйымдары, қалпына келтіру іс-шаралар жүйесі және т.б. мойнына алады.

Ежелгі грек философтарының бірі Сократ, адамның табиғи қабілеттеріне  мән бере отырып, салауатты өмір салтын таңдау адамның өзін-өзі тануынан басталатынын айтады: «Кімде-кім өзін танып білсе, ол өзіне ненің пайдалы екенін біледі және ол өзінің қолынан не нәрсе келетінін, не келмейтінін анық ұғады» [32, 49]. Яғни Сократ,  адам өзіне не нәрсе пайдалы, не зиян  екенін  саналы түрде ұғына отырып, өз өмір салтын қалауынша тиімді ұйымдастыра алатыны жөнінде айтып отыр.

Денсаулықты күту адам өмірінің ерте кезеңінен бастау алуы керек, ал жас баланың өзін-өзі тану қабілеті  деңгейіне бірден жетпейтіні белгілі. Сондықтан, ойшылдар баланы салауатты өмір салтына жас кезеңінен бастап арнайы  тәрбиелеу жолдарына көңіл бөледі. Мысалы, Платон  баланы жан-жақты тәрбиелеу мұраты мен бағдарламасы жөнінде айта отырып, афиналық тәрбие дәстүрін  дамытады. Ол  жан мен тәннің бірлігін ескере отырып: «дене үшін – жаттығуды, жан үшін - әуенді»  қолдану қажет деп ұйғарады [33, 51].         

Аристотель баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесін олардың жас ерекшелігіне сәйкес белсенді дене қозғалысымен және дұрыс тамақтандыру мәдениетімен байланыстырады. Ол өзінің «Этика; политика; поэтика» атты трактатында «дене тәрбиесі жанды тәрбиелуге бейімделуі» керектігі жөнінде жазады. Сонымен қатар «баланы оның жасына сәйкес келетін тамақпен тамақтандырып, тазалық әрекетін және біртіндеп шынығуын қамтамасыз етудің» қажеттігін айтады [34, 54].

Әбу Әли  ибн-Сина [35] «Тазалық талаптары» ережесін жасай отырып, мектепте тамақтану, ұйықтау және оқу режимдерін сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Ол салауатты өмір салтының төмендегідей ұстанымдарын негіздеп және бала жас кезінен бастап осы ұстанымдарды ұстануы керек деп тұжырымдаған:

- табиғи бірқалыптылығын сақтау;

- тиімді тамақтану;

- денесін артық заттардан тазартып  отыру;

- дене құрлысының тепе-теңдігін  сақтау;

- мұрын қуысы арқылы дұрыс  дем ала білу;

- киімнің қолайлы болуы;

- рухани және физикалық қозғалыстың бірқалыптылығы.

Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, салауатты өмір салт адамның жеке мәдениетіне негізделеді және денсаулықты нығайтуға білім мен оны тіршілікте қолдана білу біліктілігін қалыптастыру арқылы жетуге болады [36]. Бұл идеялар сол уақыттың ағартушыларының нақты еңбектерінде жүзеге асырыла бастаған. Мысалы, Ы.Алтынсарин [37] халыққа білім беру ісі тек мектеп ашумен шектелмейтінін, баланың денсаулығына да қамқорлықпен қарау қажеттігі жөнінде айтып, қазақ халқының өмір салтына қолайлы көшпелі мектептер ашу керек деп есептесе, А.Байтұрсынов [38], Ж.Аймауытов [39], М.Жұмабаев [40], М.Дулатов [41] баланы ерте жасынан бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеуді ұлттық мектептер жағдайында ұйымдастырудың мүмкіндіктерін айқындайды.

Педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский [42] баланың  денсаулығына зиян келтірмей тәрбиелеудің табиғилыққа сәйкес ұйымдастыру тұжырымдамасын ұсынады. Ол өз еңбегінде: «баланы үйлесімділікте: басын, жүрегін, қолын, ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін, шеберлігін, ерлігін және әсемдік сезімін бірдей дамыту керек»,  - деп жазады.

Ағылшын ағартушысы Д.Локк [43] тәрбиенің түпкі мақсаты «сау денеде күшті рухты» тәрбиелеу деп, баланың өміріндегі қатаң режимнің мәнін негіздеді. Ол өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты еңбегінде: «Осы дүниедегі  бақытты жағдайдың қысқаша, бірақ толық сипаттамасы – сау денеде күшті рухтың болуы. Осы екеуіне ие адамға көп нәрсе тілеудің қажеті жоқ, ал соның біреуінен ада адамға соны тілеу керек. Адамның бақытты немесе бақытсыз болуы негізінен оның өзіне байланысты. Егерде кімде-кімнің тәні ауру және әлсіз болса, оның осы жолда (бақыт жолында) алға жылжуға шамасы келмейді», - деп жазады. Сондықтан баланы қиыншылықтарды табандылықпен  жеңуге үйрету қажет. Д.Локк балаларға киім кию, тамақтану, серуендеу, дене шынықтырумен айналысу мәдениеттері жөнінде арнайы кеңестер беріп отырған.

Француз ағартушысы Ж.-Ж.Руссо [44] өзінің «Эмиль немесе тәрбие жөнінде» атты еңбегінде шынығу және дене күшін нығайтудың тәсілдерін балаларға Эмильдің іс-әрекеті арқылы түсіндіреді. Ол балалардың денсаулығын сақтауда және нығайтуда табиғи құралдардың маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Ж.-Ж.Руссо, дене тәрбиесін баланың психикалық және рухани дүниесіне әсер етудің және организмін дұрыс дамытудың құралы ретінде қарап бағалады. Дене тәрбиесі жөнінде арнайы әдістемелік құралдар мен ұсыныстар жүйесін жасады.

С.Френе [45] ең алғаш рет баланың тұлғасын ең жоғарғы деңгейдегі, саналы ұйымдастырылған қоғамда тәрбиелеудің жүйесін жасады. Балаларға жеке сабақтар жүргізілді, ақыл–ой мен шығармашылық жұмыстарынан кейін, оларға дене еңбектерімен айналысу сабақтары, күн сайын: суға жүзу, доп тебу, теннис ойнау, атпен серуендеу және шеберханаларда еңбек ету, шынығу тәсілдері, салқын сумен жуыну, терезені қысты күні де ашып ұйықтау және т.б. іс-әрекеттері қалыптастырылды.

Баланың әр кезеңдегі физиологиялық ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын білген В.А.Сухомлинский баланың денсаулығын сақтаудың өзіндік жүйесін іске асырды. Ол өзінің денсаулық сақтау жүйесінде баланың даму заңдылықтарын ескере отырып, еңбек ету, демалу және дене шынықтырумен айналысу уақыттарын дұрыс белгілеуді, күнделікті режимді сақтауды, дұрыс тамақтануды, ұйықтау ережелерін үйренуді, санитарлық-гигиеналық білімді, біліктілікті және дағдыны қалыптастыруды қамтыды [46].

К.Д.Ушинский [47] баланың жүйке жүйесі жөнінде алаңдай отырып: «Баланың жүйке жүйесінің тыныштығына қамқор болу, оны тітіркендіретін барлық әсерлерден арылту, баланың қажеттілігі мен қалауларына көңіл аудара отырып, сүйсіпеншілікпен қарым-қатынас жасау оның денесі мен рухани дүниесінің дұрыс дамуына кепілдік береді және оның басқа адамдарға қарым-қатынасының негізін құрайды», - деп тұжырым айтады. Осы негізде мұғалімдерге баланың жан дүниесіне назар аударып, олардың дене және психикалық табиғаттарын тереңірек білуге кеңес береді: «Өздеріңіз білгілеріңіз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер және осы заңдарға сәйкес және өздеріңіз мақсат еткен жағдайлармен әрекет етіңіздер».

ХХ ғасырдың басында баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеуде олардың санасы мен ерік-жігерінің тұлғалық даму деңгейіне тәуелділігі мәселесін қарастыратын еңбектер жарық көре бастады. И.Т.Назаров [48] өзінің еңбегінде салауатты тұлғаның жағымды мақсаттарын қалыптастырудың шарты болып есептелінетін баланың еркін тәрбиелу мәселесін және ол үшін ең бірінші мұғалімнің жауапкершілігінің маңыздылығы жөнінде тұжырымдар айтады. Автордың пікірі бойынша нақ осы жеке қарым-қатынас пен ерік  қатерлі жағдайда денсаулықты сақтауға өз әсерін тигізе отырып организмнің бейімделушілік мүмкіншіліктерін жетілдіруге себеп болады. Осыған байланысты, И.Т.Назаров баланың жұмысқа қабілеттілігін арттыратын, организмнің жүйке жүйесінің өзгермелі ортаға әсерленуі белсенділігін арттыратын  арнайы гимнастикалық жаттығулардың қатарын анықтай отырып, баланың жүйке жүйесін нығайтатын ұсыныстар кешенін жасаған.

Денсаулықтың үш деңгейіне сәйкес баланың психологиялық, рухани және тән саулығының көрсеткіштері және оны қалыптастыру мәселелері педагогиканың өзекті мәселелері болғанын зерттеу нәтижесі айқындайды.

Бұлардан басқа салауатты өмір салтының ұстанымдарына сәйкес, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің түрлі мүмкіндіктері мен жолдарын И.И.Мильман [49], В.А.Холодова [50], М.В.Антропова [51], Г.П.Сальников [52], В.А.Воскресенский [53], И.Д.Зверев [54], С.М.Громбах [55], адамгершілікке тәрбиелеуде құндылықтардың маңызын Ә.Қ.Қисымова [56], жастарды ішімдікке, нашақорлыққа, шылымға қарсы  тәрбиелеу мүмкіндіктерін Т.К.Бөлеев [57], Л.Х.Казаков [58], Т.Зуева [59], Т.Грушецкая [60] және т.б зерттеген. Жыныстық тәрбие мәселелері В.И.Ивановтың [61], дене шынықтыру құралдары арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері С.Н.Сүлейменованың [62], Е.Т.Мұстафаевтың [63] және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

   Салауаттану ғылымының негізін салушы ғалым И.И.Брехман, денсаулықты сақтап, нығайту үшін денсаулықты басқаруды оқытудың қажеттілігін айта отырып, оқытудың арнайы бағдарламаларының және жүйелерінің әлі жеткіліксіздігін атап көрсеткен болатын  [22].

В.В.Кожановтың [64] көзқарасы бойынша, адам денсаулықтың құндылығын өзінің бақыты ретінде мойындауы қажет және денсаулығын белсенді түрде қалыптастырып,  сақтауы үшін дағдыланып, әдеттенуі  керек. Осыдан барып, өзінің және халықтың денсаулығына деген саналы, құндылықты тиімді қарым-қатынасы тәрбиеленетін жас ұрпақтың валеологиялық көзқарасын қалыптастыру міндеті ерекше мәнге ие болады.

Э.Н.Вайнердің [65, 25-26] пікірі бойынша, «жеке денсаулық пен айналасын-дағылардың денсаулығына құндылықты қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық білімдер мен іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттерді қалыптастыруға бағытталған оқудың, тәрбиенің және адам денсаулығын дамытудың үздіксіз үрдісі – салауаттану негіздерін оқыту».

ХХ ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап педагогикада валеологиялық мәдениет мәселесі ғылыми еңбектерде арнайы  қарастырыла бастады. Осы педагогикалық валеологияның мәні, мақсаты мен даму жағдайы бүгінгі күні қандай дәрежеде? Қазіргі таңда Л.Г.Татарникованың және Г.К.Зайцевтің тұжырымдамалары біршама жүйелі жасалған ғылыми валеологиялық- педагогикалық тұжырым болып есептелінеді.

И.И.Брехманның валеологиялық тұжырымдамасы негізінде дамыған идеялар мен ғылыми түйіндерге негіздей отырып, дені сау адамды тәрбиелеудің  жүйесін ұсынған ресейлік ғалымдар Г.К.Зайцев, В.В.Колбанов, М.Г.Колесникова. Олар оқушыларға валеологиялық білім беруде үш кезеңді ажыратады. Оқушылардың жастарының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес әрбір кезеңнің педагогикалық міндеттерін белгілейді:

Бірінші кезеңде (1-4 сыныптар) еркін ойын іс-әрекетінде, СӨС қажеттіліктері физикалық және психикалық өзіндік дамуларында қалыптастырылуы керек; жүзуді және шынығуды үйрену; адамның мүшелерімен және олардың қызметімен, тазалық және қауіпсіз өмір ережелерімен танысулары қажет; жыныс ерекшеліктерін; жақсы қылықтарға үйрену іс-әрекеттерін қамтиды.

Екінші кезеңде (5-8 сыныптар) денсаулыққа қажеттіліктерін тәрбиелеу мүмкіндігін жасайтын, ақпараттық рефлексифті орта жасау; денелік жағынан өзін-өзі жетілдіру, психикасын басқару және жыныстық мінез-құлықтың жеке тәсілдерін қалыптастыру; өзіндік таным, өзін-өзі бақылау және денсаулықты нығайту бойынша өз іс-әрекетін жоспарлау тәсілдерін үйрету.

Үшінші кезеңдегі (9-11 сыныптар) педагогикалық міндеттер: оқушыларға кәсіби бағыттылығын анықтауына, өзінің валеологиялық негізделген өмір салтын қалыптастыруға, аурулардың алдын-алуға қажетті білімдер мен дағдыны меңгеруіне, отбасылық өмірге дайындалу және баланы тәрбиелеуге көмектесу .

Казақстанда білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің (1995 жылы) мәслихатының қорытындысы бойынша, Ел Президентінің бұйрығымен Үкімет 1995-1996 оқу жылында валеологияны, нақтырақ айтсақ, мектептерде, кәсіби техникалық училищелерде, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына гигиена мен СӨС ғылыми негіздерін енгізді.

Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу - бұл кешенді мәселені құрайды. Сондықтан, қазақстандық ғалымдар да педагогикалық валеология аясында жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Еліміздегі педагогикалық валеологиялық іс-әрекеттердің бірнеше даму бағыттарын анықтап көрсетуге болады:

  • Психологиялық- медициналық- педагогикалық қызметтер (іс-әрекеттің мазмұны: мектепке дейінгі және мектеп кезеңіндегі балалардың денсаулық деңгейін анықтау мақсатында дәрігерлердің, педагогтардың, психологтардың көмегімен кешенді зерттеулер жүргізу, СӨС қалыптастырудың негізін құрайтын құжаттар әзірлеу және т.б.) /СӨС қалыптастырудың Ұлттық орталығы/;
  • Балалар денсаулығын сауықтыру орталығы және денсаулық мектептері (баланың физикалық, рухани, моральдік және адамгершілік деңгейлерін қалыптастыру және т.б.) /С.А.Назарбаеваның сауықтыру орталығы және т.б. мектептер/;
  • Кешенді сауықтыру бағдарламалары бойынша жұмыс атқару (тұлғаның өмір салтына әсер ету және тәрбиелеу іс-әрекеттерінің жүйесін жасау) /«Денсаулық кодексі», «Халық денсаулығы», «Денсаулықты нығайту» бағдарламалары, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасы және т.б./;
  • Салауаттану жөнінде білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және оларды іс-тәжірибеге ендіру (Спорт және туризм академиясы, Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, ҚазҰУ ұжымдарының еңбектері және т.б.)

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту