Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 10:44, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жылқы малының басты ерекшеліктері
6
1.1
Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер
6
1.2
Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы қолданыс жағдайлары
9
2
Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
14
2.1
Қазақы жылқының негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі
14
2.2
Қазақы жылқының биологиялық белгілері және адамдар үшін пайдасы
28

Қорытынды
35

Қолданылған әдебиеттер тізімі
37

Прикрепленные файлы: 1 файл

жыл0 биол анара курсач.doc

— 483.50 Кб (Скачать документ)

Қазақы жылқы бүйенін үш бөлікке: бүйен басына, дене тұлғасына және бүйен ұшына бөлуге болады. Бүйен қабығындағы екі қабат бірыңғай салалы еттердің жиырылуының әсерінен ондағы жын жақсылап араласып, шайқалады. Аш ішектен түскен жын бүйеннің үлкен иіні бойымен жылжып отырып, оның дене тұлғасына өтеді де, бұл жердегі химуспен жақсылап араласады. Үлкен иін бойында толқынды және қарсы толқынды әлсіз жиырылуылар кездеседі. Ал, бүйеннің негізгі жиырылуы оның ұшынан басталып, дене тұлғасына тарайды да, бүркеншікке келіп бітеді. Бүйен толып, жынның деңгейі көтерілген соң бүйеннің жоғары жағы белдеулене жиырылады да, ондағы химустың біраз бөлігі бүркеншікке түседі. Бұл жерде жын жақсы шайқалып, араласады да, қайтадан бүйеннің тұлға денесіне түседі. Осындай бүйен бүркеншігінің кері бағытталған жиырылуы белгілі ырғақпен әр 15−20 секундтан кейін қайталанып отырады.

Жылқы еті — аса бағалы тағамдық шикізат, жылқы өнімі. Жылқы еті бірінші, екінші санаттағы және құлын еті деп үшке бөлінеді. 1 санаттағы жылқы етінің құрамында 69,6 % су, 19,5% белок, 9,9% май, 1,0% күл болса, екінші санаттағы жылқы етінде 73,9 % су, 20,9% белок, 4,1% май, 1,1% күл бар. Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдаржасалады.

Жылқы етінің химиялық құрамы және оның каллориялылығы жағынан ірі қараның етінен кем түспейді. Жылқы етінің диеталық үлкен қасиеттері бар. Қазақстандағы жылқы етін мол өндірудің үлкен резервтерінің бірі тебінді жылқы шаруашылығы болып саналады. Етті жылқы шаруашылығының өнімділігін арттыруды шешу жолының бірі – жылқыны табиғи жайылымдарда жайып семірту мен бордақылау.

Бие сүті. Бие сүті – су, белок, май, көмірсу, фосфатид, старин, әр түрлі минералды заттар, органикалық тұздар, ферменттер, витаминдер, пигменттер, белок емес азотты заттар, макро−микро элементтерден құралған биологиялық сұйықтықтан тұрады. Құрамында осындай әр түрлі заттар болғандықтан, сүт ең маңызды тағамдық өнім болып саналады. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 4−5 күндей сүт бездері уыз бөліп шығарады, оның құрамының жай сүттен едәуір айырмашылығы бар. Уыздың құрамында белок пен витаминдер 2−3 есе көп, ал май мен қант мөлшері 1,5 есе кем. Бірте−бірте уыз сүтке айналады, оның құрамы да өзгереді, бірақ сүттегі маңызды қосылыстар құрамындағы өзгешеліктер күллі сауын маусымы бойынша сақталады.

Бие сүтінің химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол оның физиологиясына, азықтандырылуына, күтіп−бағылуына, жыл мезгілдеріне байланысты және тұқымдарына қарай өзгеріп отырады.

Терісі. Жылқы терісі, олардың сыртқы ортаның әр түрлі әсерлерінен қорғау, тыныс алу, терлеу, зат алмасу функцияларын атқарады. Жылқы терісі ірі қара мал мен шошқа терілеріне қарағанда жұқа, ал қой терісінен қалың. Жылқы терісінің қалыңдығы, оның жасына, жынысына, конституциясына және тұқымына байланысты болып келеді. Мәселен, құлын терісі ересек жылқылардың терісіне қарағанда, биенің терісі айғырдың терісіне қарағанда жұқа болады. Шапшаң жүрісті мініс жылқылардың терісі жұқа, ал ең жұқа тері ақалтеке тұқымды жылқыда болады. Жылқы терісінің жұқа болуы олардың денесіндегі жылу бөлу процесінің қызметін жоғарылатады.

Жылу бөлу қабілеті. Басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда жылқылар жылу бөлу реакциясын өте үнемді жұмсайды. Жылқының организіміндегі терморегуляция олардың тез жүрістерінде, шабыстарында және ауыр жұмыстарында көтеріледі, сондықтан, терісінің қан тамырлары кеңейіп, қан айналымының қызметі жақсарады және қажетті терлеу процесі жоғарлайды. Басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда жылқылардың тері бездері үлкен болады, сондықтан, жылқылар ауыр жұмыста немесе шабыста денесі түгел терлейді және терге малшынады. Терлеу процесі жылқыға өте қажет, себебі жылқылар терлеу нәтижесінде өздерінің организіміндегі артық жылудан арылады. Егер жылқы терлемеген болса, онда оның денесінің температурасы 42−43°−қа жетіп, өліп кетер еді. Жылқы денесінен тер ыстықта да, құрғақ ауада да біркелкі шығады, алдымен жылқының шабы, мойны, бүйірі, соңынан барып иығы мен сауыры терлейді. Жылқының тері қабаттарында түк, қылшық, қолаңса, шаша және тұяқ болады.

Түгі. Жылқы түгі – қорғаныс (жалы, кекілі, құйрығы, шашасы) қылшықтарынан, яғни қылшық түктен (бүкіл денесін жауып тұратын) және жылдың мерзімдеріне байланысты ауысып, түлеп тұратын түбіт жүннен тұрады. Түбіт жүн жаңа туылған құлындарда және қыс мезгілінде ересек жылқылардың көзінің айналасына, танауы мен оның ұшына, еріндерінің жан−жағына және құлақтарына шығады. Оңтүстіктегі жылы аймақтарда өсірілетін және шапшаң жүрісті мініс жылқылардың түгі жаз мезгілдерінде қысқа, тегіс және жылтыр, ал қыс мезгілдерінде ұзын және қалың болады. Солтүстіктегі суық аймақтарда тіршілік ететін жылқылардың түгі ұзын, қалың және түбітті болып келеді.

Қолаңсасы (каштаны). Жылқының алдыңғы және артқы аяқтарының ішкі жағында қатты беріш тәрізді сүйел қабаттары бар, бұлар көбінесе терісі қалың, түгі мол жылқыларда жақсы жетіледі. Жылқының артқы аяқтарында, өздерінің туыстастары есек пен зебрдікі сияқты кейде қолаңса болмайды. Қолаңсаның формасы мен көлемі жылқылардың тіршілігінде өмір бойы өзгермей бір қалыпты болады. 

Тыныс алу мүшесі. Жылқының тыныс алу мүшесі оның үнемі қимыл мен қозғалыста болуына байланысты өзінің біршама ерекшеліктерімен айқындалады. Жылқы танауы арқылы тыныс алады, оның кең танау қуысы мен тыныс алу жолдары ерекше таңдай пердесімен бөлініп тұрады. Сыртқы ауа жылқының тыныс жолдарында бөтен қоспалардан тазаланады және жылытылады. Жылқы танауы қозғалғанда кеңіп, тыныштықта жиырылуға қабілетті. Жылқының көмейінде дыбыс шығару мүшесі орналасқан, сондықтан, одан кісінеу мен пысқырудың әр түрлі дыбыстары шығады. Жылқы өкпесінің салмағы 4,5−6,5 кг. Жай жүрісті ауыр жүк тартатын жылқылардың өкпесі шапшаң жүрісті мініс жылқыларға қарағанда жеңілдеу болады. Жылқылар тыныштықта 5,0−6,0 литр шамасындай ауа жұтады, бұл шапшаң жүрісті жылқыларда 2−3 есеге дейін көбейеді. Жылқының жайшылықта өкпе вентиляциясының бір минуттық ауа көлемі 40−60 литр, ал шапшаң жүріс пен шабыста 2000 литрге жетеді. 

Қан айналу жүйесі. Жылқының жүрегі кеудесіндегі үшінші және алтыншы қабырғалардың ортасында орналасқан. Жылқы жүрегі басқа ауыл шаруашылық малдарының жүрегіне қарағанда көлемі жағынан үлкен болып келеді, оның салмағы 3,5−4,5 кг−ға жетеді. Ағылшынның таза қанды мініс тұқымындағы Эклипс және Будынка атты арғымақтарының жүрегінің салмағы 7,8−8,0 кг−ға жеткен екен. Жылқының жүрегінің соғысы минутына 28−44 рет. Жылқы қанының мөлшері оның салмағының 7,0−11,0 %−ын құрайды, яғни оның 100,0 кг салмағына тыныштықта –7,5 литр, ал қозғалыста – 10,0 литрге дейін қан келеді. Жылқы денесінің температурасы бір қалыпты 37,5−38,5°, ал құлындардың денесінің температурасы бұдан 1,0−2,0°−қа жоғары болады. 

Ас қорыту мүшесі. Жылқылардың үнемі қимыл мен қозғалыста болуларына байланысты басқа ауыл шаруашылық малдармен салыстырғанда, ас қорыту мүшелері көлемі жағынан кіші болады, өңеші тар әрі ұзын, қарны бір камералы, ішектері қысқа, себебі олар күйіс қайырмайды. Сондықтан да жылқылардың жақ сүйектері, шайнау бұлшық еттері, еріндері және тілі өте жақсы жетілген. Жылқы азықты өте ақырын баппен жейді және үнемі сілекейімен дымқылдап отырады. Мысалы, жылқы 2,0 кг шөпті – 40 минутта, 2,0 кг сұлыны – 20 минутта жей алады. Жылқы жем−шөп жегенде 4 есе, ал сұлыда 2 есеге дейін сілекей бөледі. Жылқы түлігі тәулігіне 40,0 кг−ға дейін сілекей бөлуге қабілетті.

Жылқы тілі өте қозғалғыш, жайылым мен астаудағы ұсақ шөптерді немесе қиқымдарды да қамтып жей алады. Жылқының қозғалмалы таңдай пердесі азықтарды шайнау кезінде көмекей мен мұрын жолын жабады да, шайналған азық бірден тар өңеш арқылы қарынға түседі. Жылқының өңеші үшкілдеу болып бітеді, сондықтан, күйіс қайыратын малдар секілді азықтарды шайнау үшін ауыз қуысына қайта қайтармайды.

Жылқы қарны бір бөлімнен тұрса да, оның өзіне ғана тән құрылыс және қызмет ерекшеліктері бар. Өңештің қарынмен жалғасқан жерінде безсіз кілегей қабықпен қапталған күмбез тәріздес қарын құрышы болады. Ол қарынның безді (түп және пилорус) бөліктерінен жіңішке ғана кардиалық белдеумен бөлінеді. Жіңішке кардиалық аймақ пен безі көп түп және пилорус аймақтары жалғасады. Қарынның жалпы көлемі 10−15 л шамасында.

Қарын құрышы ондағы азықтың қоймасы (резервуары) рөлін атқарады. Сонымен қатар бұл жерде бактериялық ашу процесі жүреді. Қарынның бұл безсіз бөлігі едәуір аумақ алып, кейде оның 1/3 бөлігін қамтиды. 

Қарынның кілегей қабығындағы аймақтардың пішіні, көлемі рацион құрамына қарай бейімделе өзгереді. Таза шөп, жемге көшкенге дейін барлық тұқым жылқысының қарындары пішіні және кілегей қабығының құрылысы жағынан өте ұқсас келеді. Ал өсімдік тектес азыққа көшкеннен кейін қарын құрылысында айтарлықтай өзгерістер пайда болып, оның кілегей қабығындағы безді және безсіз бөліктердің арақатынасы өзгере бастайды. Мысалы, жылқының ауыр салмақты тұқымдарында қарынның безді бөлігі безсіз бөлігіне қарағанда әлдеқайда үлкенірек боп келеді де, ал қазақи жылқыда керісінше қарынның безсіз бөлігінің көлемі үлкенірек. Қарын құрылысындағы мұндай ерекшеліктер экологиялық факторлар мен азықтандыру типіне де байланысты. Құнарлы азықты көп қабылдайтын ауыр салмақты жылқылардың қарыны қоректік заттарды тез және қарқынды қорытуға бейімделген. Сол себепті олардың қарнында сөл бөлетін безді бөліктер аймағы едәуір үлкенірек. Ал ғасырлар бойына тек жайылымдағы шөпті қорек етуге бейімделген қазақи жылқының қарнында бактериялық ашу процесі мардымды жүретін безсіз бөлік көбейген. Сыртқы ортаның, әсіресе қоректік заттардың құрамы мен құнарлылығының  әсерінен тек қарынның құрылысы ғана емес, оның сөл бөлу қабілеті де өзгереді. Сұлы, пішен сияқты азықтар қарын сөлінің бөлінуін баяу, ал қияр, сұлы жармасы, бидай кебегі өте тез күшейтеді. Қарын бездері үшін бидай кебегі күшті, ал пішен−әлсіз тітіркендіргіш. Бидай кебегі мен сұлыға бөлінгенқарын сөлінің қышқылдығы жоғары, қорыту күші мықты болады. Жүгері дәні қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, ал жүгері жармасы, сонымен қатар, оның қышқылдығын көтереді. Малды бір жақты азықтандыру қарынның сөл бөлу қабілетін төмендетіп, сөлдің қорыту күшін әлсіретеді. 

Жылқыда қарын сөлі үздіксіз бөлінеді және оның бөліну қарқыны организмнің физиологиялық жағдайларына қарай өзгереді (С.В.Егоров, Н.В.Чередков). Тіпті 2−2,5 тәуліктік аштықтан кейін де қарын сөлінің бөлінуі едәуір азайғанымен толық тоқтамайды. Сонымен қатар сөл бөлу процесі бірде күшейіп, бірде баяулап отырады (М.А.Тройцкий, Н.Ф.Попов). Азықтандыру кезінде сөл бөлу процесі әлдеқайда күшейеді. Тәулігіне жылқы 10−30 л сөл бөледі. Қарын сөлі құрамындағы пепсин ферменті белок молекулаларына әсер етіп, оларды альбумоз бен пептонға айналдырады. Бұл процесс дұрыс жүру үшін қарын қуысындағы жылылық 37−38 градус шамасында, қышқылдық (РН) 1,5−2,2 мөлшерінде болу керек. Сөл құрамындағы пепсиннің мөлшері, демек сөлдің қорыту күші қабылданған азықтың түріне байланысты өзгереді.

Сөл құрамындағы келесі фермент – химозин. Ол сүт құрамындағы казеинноген белогын казеинге айналдырып, сүтті ірітеді де оның қорытылуын тездетеді. Бұл фермент әлсіз қышқылдық, бейтараптық және сілтілік орталарда әрекет ете алады. 

Қарын сөлі құрамында аз мөлшерде қарын липазасы деп аталатын фермент те болады. Ол сүт құрамындағы эмульсияланған май тамшыларын глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады. Қарын липазасы әлсіз фермент. Қарынға ол ішек қуысынан келіп түседі деген пікірлер бар.Қарын сөлі құрамында углеводтарды ыдырататын ферменттер болмайды. Дегенмен, сілекей құрамындағы птиалин және өсімдіктер мен микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен қарын қуысында углеводтардың едәуір мөлшері ашиды. Углеводтарды ыдырататын ферменттер негізінен сілтілік, не әлсіз сілтілік орталарда ғана әрекет ете алады. Қарынның түп және пилорус аймақтарында қышқыл сөлдің әсерінен углеводтардың ыдырау процесі тоқтап қалады. Қабылданған азық бірден қарын сөлімен араласыпкетпейді. Сондықтан қарын жынының ортаңғы (тереңірек орналасқан) бөліктерінде және қарын құрышында углеводтарды ыдыратуға қолайлы сілтілік орта сақталады. Сілекеймен жақсы шыланған азық бөліктері қарын құрышына түскенде, ондағы микроорганизмдер бөлетін ферменттердің әсерінен углеводтардың бактериялық ашу процесі жүреді. Қарын құрышында лактобациллдер, стрептококктар және ашытқылар өніп−өседі де, клетчатканы ыдырататын микроорганизмдер болмайды. Клетчатка қарында еш өзгеріске ұшырамай, азық қорыту жолының кейінгі бөліктеріне өтеді. Углеводтарды ашытуда өсімдік ферменттері де маңызды роль атқарады. Қарын құрышында углеводтардың ашуының салдарынан сүт, сірке және майлы қышқылдар түзіледі. Бұл қышқылдар сілекей мен қарын сөлі құрамындағы гидрокарбонаттардың әсерімен бейтараптанып, қарын құрышында углеводтардың ыдырауына қолайлы жағдай сақталады. Қарындағы жын сөлмен араласқаннан кейін углеводтарды ыдырататын ферменттердің әрекеті тоқтап, белоктарды қорыту процесі басталады. Белоктардың ыдырауы, әсіресе, қарынның түп және пилорус аймақтарында мардымды жүреді. Айта кетер жағдай, қарында белоктар мен углеводтар толық қорытылмай, мұнда олардың тек аралық ыдырау өнімдері түзіледі. Қарында майлардың мардымсыз бөлігі ғана ыдырайды. Дегенмен, қарында жүрген қорыту процесі ас қорыту жолының кейінгі бөліктерінің қызметіне көп ықпал етеді. Қорыта келгенде, жылқы қарнындағы ас қорыту биохимиялық тұрғыдан әр текті аралас процесс болып табылады да, мұнда углеводтар мен белоктардың ыдырауы қатар жүреді.

Малды мезгілінде азықтандырып отырғанда әр уақытта қарынның үлкен иіні бойында азықтың едәуір қалдығы болады. Жаңа қабылданған азық бөліктері алдымен қарын түбіндегі, соңынан қарын құрышындағы жынның үстіне қатпарлана орналасады. Қалыпты жағдайда жылқы қарны еш уақытта толық толмайды да, азықтандыру кезінде пайда болған жын қабаттары көп уақытқа дейін араласпай сақталады. Оған себеп жылқы қарнының еттері айтарлықтай күшті жиырылмайды. Қарын тола бастағанда оның кардиалық және түп аймақтарының шекарасында әлсіз толқын тектес жиырылу пайда болып, ол пилорус бағытында тарайды. Жиырылудың бұл түрінің белгілі ырғағы болмайды. Ол азықтандыруға қарай өзгере береді. Азықтандыру үстінде толқын тәріздес жиырылу күшейе түседіде, 1−2 сағат уақыттан кейін тыныштық пен активті кезеңдер алмасып отырады. Қарын еттерінің жиырылуының арқасында ондағы жын сөлмен жақсылап араласып, пилорус бағытына қарай жылжиды. Тыныштық кезінде қарын қуысындағы қысым тұрақталып, су бағанасымен 6 см шамасында болады да, жиырылу кезінде аздап көтеріледі. Желінген азық қарында көп аялдамай ішекке өте бастайды. Малды аш қарынға азықтандырғанның өзінде 6−12 минуттан кейін жын қарыннан ішекке жеке бөлікпен өтуге кіріседі. 

Жын қарыннан ішекке 200 мл шамасындағы лекпен өтеді. Әр лектің арасында 40 секундтан 17 минутқа дейін созылатын үзіліс болады. Алғашқы бір сағат ішінде жын қарыннан ішекке өте қарқынды өтеді. Мал жеген бір кг сұлы қарыннан ішекке – 4−4,5сағат ішінде, ал жарты кг пішен – 5 сағат ішінде өтіп үлгереді.

Қарын жынының ішекке өту жылдамдығы әр түрлі жағдайларға байланысты. Мысалы, жұмыс кезінде жынның ішекке өту жылдамдығы баяулайды. Бұл процесс қабылданған азықтың құрамына, жылылығына, консистенциясына және ішектің толу дәрежесіне байланысты өзгереді. Белоктар мен майларға қарағанда углеводты азықтар ішекке тезірек өтеді. Суық азықтар қарында әбден жылығанға дейін аялдайды да, оларды жылыту үшін организм көп мөлшерде энергия жұмсайды. Осыған байланысты қыс кезінде жылқыға қар берудің өте зиян екенін айта кеткен жөн. Жылқы әр уақытта қажетті мөлшерде су ішуге тиіс.

Aзықтың қарыннан ішекке өту жылдамдығы қарын жынының консистенциясына да байланысты. Жақсы ұнтақталған ботқа тәріздес қарын жыны ішекке жылдамырақ өтеді. Ал азықтың жақсы ұнтақталуы ауыз қуысы органдарының, әсіресе тістің қызметіне байланысты. Осы тұрғыдан мал дәрігерлерінің тісті мезгіл−мезгіл тексеріп отырғаны жөн. Тіс ауруға шалдықсаазықты шайнау процесі нашарлап, қабылданған жем−шөп қажетті мөлшерде ұнтақталмайды да, қарында көбірек аялдап, оның түрлі ауруларға шалдығуына себеп болады.

Сұйықтар қарында көп аялдамай 2−4 минуттан кейін ішекке өте бастайды да, 15−42 минутта толық өтіп болады. Егер сұйық көп мөлшерде қабылданса, ол қарын құрышына дейін барады. Азықпен араласқан сұйық (мәселен, мал азық жеп тұрып су ішсе) қарынның үлкен иіні бойында жиналады да, сұйықтың аз ғана бөлігі жынның терең қабатына сіңеді. Жылқылар су ішкен кезде қарынның тонусы жоғарылап, кардина мен пилорус тесіктері жақындайды да, су кіші иін бойымен ішекке өте бастайды. Сұйықтар басқа азыққа қарағанда ішекке үлкен бөлікпен тез өтеді. Қарынның сөл бөлу қарқыны тәулік бойына өзгеріп отырады. Ертеңгісін және кешке қарай, малдың азықты қабылдайтын уақыттарында сөл бөлу күшейеді. Түнге қарай сөл бөлу нашарлай бастайды. Әрбір азықтандыру үстінде азықтың рефлекторлы әсерінен сөл бөлу күшейеді. Азықтандыру аралығында қарын сөлі желінген азықтың ыдырау өнімдерінің нервті−гуморальды әсерімен жүреді.

Информация о работе Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері