Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 10:44, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жылқы малының басты ерекшеліктері
6
1.1
Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер
6
1.2
Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы қолданыс жағдайлары
9
2
Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
14
2.1
Қазақы жылқының негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі
14
2.2
Қазақы жылқының биологиялық белгілері және адамдар үшін пайдасы
28

Қорытынды
35

Қолданылған әдебиеттер тізімі
37

Прикрепленные файлы: 1 файл

жыл0 биол анара курсач.doc

— 483.50 Кб (Скачать документ)

Қазақы жылқының тұқымы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі емес. Өзінің түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтай отырып, қазақы жылқы республиканың әр жерінде ауа райының, географиялық және тарихи жағдайлардың түрліге болуына, сондай−ақ басқа тұқым жылқыларының ықпалы тиюіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

 

 

1.2 Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы қолданыс жағдайлары

 

 

Қазақ жылқылары салт мініс пен ауыр−жеңіл жұмыстарға да мықты, жүріске берік, төзімді келеді. Бұлардың тұқымдары пайдалануларына қарай бірнешеге бөлінеді. Оларды шаруалар өскен жеріне, тұқымдарына, түстеріне, жал, құйрық бітістеріне, жыныстарына, түрлі жүрістеріне, тағы басқадай ерекшеліктері мен өмір тіршіліктеріне қарай әр түрге бөліп атайды. 
Қазақ жылқыларының ішінде аяңшыл−жорғасы, желісті, жүйрігі, баяу жүретін шабандары да бар. Оларды күнделікті тұрмыстық қажеттеріне қарай салт мініс көлігі, жұмыс күш келігі, сауын биесі, т. б. деп бөледі, ерекшелейді. Осыған байланысты да жылқының толып жатқан атаулары бар.

Жабы. Мұның денесі ірі, шомбал, тұрқы ұзын, аяқтары қысқа, өте тез қозғалғыш, оңалғыш, қысқа төзімді, жұмысқа төзімді, күшті, салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Қазақтың жабы жылқыларының орташа өлшемдері (см)

 

 

Көрсеткіштер

 

 

 

 

Айғырлар

Биелер

Ақтөбе облысының «Мұғаджар» совхозы

Орал облысының совхоздары

Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми− зерттеу институттарының ыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығы

Шоқтығынан биіктігі

144,8

142,5

143,9

141,3

Түрқының қиғаш ұзындығы

150,8

149,3

153,6

147,1

Көкірегінің орамы

179,1

177,5

179,1

173,2

Жіліншік орамы

19

18,7

18,3

18,5

Малды семіртен кезіндегі салмағы

460

450

460

445


 

Адай жылқысы. Қазақ жылқыларының бір түрі. Салт мініске қолайлы, басы жеңілдеу, шоқтығы шығыңқы, сауыры етсіздеу, итарқалау, аяқтары жіңішке, сіңірлі келеді. Ауа райына төзімді, әрі жүйрік. Адай жылқысының орташа өлшемдері (см)

 

Көрсеткіштері

Айғырлар

Биелер

Шоқтығының биіктігі

143,7

141,3

Тұрқының қиғаш ұзындығы

146,8

143,9

Кеуде орамы

167,8

172,1

Жіліңшігінің орамы

18,6

17,6


 

Көшім  жылқысы. Басы үлкен болғанымен дөрекі емес, мойнының ұзындығы орташа, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі кең, төсі алшақ, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс те жазық, белі толық, кейде қайқы бел болып келеді. Жұмысқа төзімді. Биелері құлындағыш және сүтті.

Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының «Қостанай» мен «Майкел» жылқы заводтарында және облыстың колхоздарында, сонымен қатар, Челябі облысындағы «Троицк» жылқы заводында, жергілікті қазақ жылқылары таза қанды, салт мінетін дон жылқыларымен будандастырылған. 1951 жылы қостанай тұқымы болып бекітілді. Бұл жергілікті жердің ауа райы мен азықтандыру жағдайына жақсы бейімделген. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті, алқымы кең, арқасы жалпақ, жауырыны мен қабырғалары ұзын, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де, жегуге де қолайлы.

Буденный жылқысы. Бұл еліміздегі өсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі. Аталмыш тұқымды шығаруға Совет Одағының Маршалы С. М. Буденный басқарған бір топ мамандар мен тәжірибелі адамдар қатынасты. Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетіп жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Денесі ірі келеді, басы ұзын, қағілез, мойны ұзын, етті, шоқтығы биік, арқасы түзу, жазық, кеудесі кең, қабырғасы дөңгелек, белі мықты.

Дон жылқысы. Мұның шыққан жері — Дон өзенінің маңайы. Жергілікті жердің ауа райына өте төзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң, сәл ұзындау, маңдайы томпақ, шортан басты келеді, көздері үлкен, шығыңқы, томпақ, танаулары делдиген, жұқа құлақтары сереңдеген, мойнының ұзындығы орташа, түзу, кейде ұзын, ашаң немесе етті, толық болады, көкірегі кең, қабырғалары ұзын, арқасы тегіс, сауыры ұзын және тік, жауыырыны қысқа, тік біткен алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік, дөңгелек, үлкен болып келеді. Дон жылқысы салт мінуге қолайлы [4].

Ахалтеке жылқысы. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күигі түрікмен жылқысының ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркмен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз−совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.

Таза қанды, салт мінетін жылқы. Бұл өте жүйрік, әсіресе жақынға шапқанда ұшқыр келеді. Қазір біздің елде оны өсіру үшін көптеген жылқы заводтары ұйымдастырылды. Таза қанды, салт мінетін жылқыны үнемі ипподромға сынайды. Бұлардың айғырлары жергілікті жылқы тұкымын жақсарту үшін қолданылады. Ол өте сымбатты, тұлғасы зор, әсем денелі, көркем тұлғалы жылқы. Қүтімді жақсы керек етеді, жемшөпті өте талғап жейді.

Желісті жылқылар. Осыдан 150 жыл бұрын Воронеж облысының «Хренов» жылқы заводында араб, дат, голланд тұқымдарын өзара будандастыру арқылы шығарылған. Орлов жылқысының басы үлкен, мойны ұзын, кебінесе қаз мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры тұтас, аяқ сүйектері жуан келеді. Денесі ірі болады, мұның жергілікті жылқының бойын өсіруде зор маңызы бар.

Орыстың желісті жылқысы. Бұл орлов биелері мен американ желісті айғырларын шағылыстырудан алынған будан, желгір жылқылардың тұқымын жақсарту үшін өсіріліп шығарылды. Мұндағы негізгі мақсат жылқының тұлғасын ірілендіріп, сымбатты, сом денелі желісті жылқы шығару еді. Орыстың желісті жылқысы орлов жылқысына қарағанда кішірек, денесі де қысқа, мойны біркелкі, шоқтығы кетеріңкі, аяқтары ұзын, тұлғасы тығыз, бұлшық еттері шығыңқы келеді.

Советтік тұқым. Бұл ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы. Денесі ірі, мойны етті, шоқтығы өте биік емес, арқасы мен кеудесі кең, қабырғасы жұмыр, аяқтары жуан келеді [5].

Орыстың ауыр жүк тартатын тұқымы. Ертеден бері келе жатқан жылқы тұқымы. Бойы аса биік емес, орташа келген, маңдайы кең, мойны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын, белі қайқылау, қабырғасы тік.

Жоғарыдағы айтылған жылқы тұқымдары Қазақстанның көптеген облыстары мен аудандарында өсіріледі.

Қазақ  жылқысы. Ауа райының қандай жағдайына болса да төзімді, жемшөп талғамайды, үнемі далада, тебінде, жайылымда өсіп−жетілген. Бұл түліктің басы үлкен, сағалдырығы кең, кездері кішілеу, мойны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы биік емес, көкірегі кең, қабырғалары ұзын және тік келеді, аяғының сіңірлері шығыңқы, көрініп тұрады. Алдыңғы аяқтары түзу, ал артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары мықты, терісі қалың, жал−құйрығы қою, түсі әр түрлі болады.

Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері, әр түрлі белгілері болады. Азықты қабылдау және оны шайнау, сілекеймен шылау, жұту процестері ауыз қуысындағы ас қорыту деп аталады. Бұл жылқылар да азықты көру, иіс және дәм сезу органдары арқылы тауып зерттейді де, оны ерін, күрек тістері және тілдің қатысуымен қабылдайды. Жайылымда жылқы шөпті еріндерімен қамтып, күрек тістерімен тістейді де, басын жұлқып үзіп жейді. Қазақы жылғқы да мардымды шайнайтын малға жатады. Шайнау кезінде жеген азық мөлшері тілдің қимылы арқылы азу тістердің арасына түседі, төменгі жақтың жоғары –төмен қимылдары арқылы ұқыпты түрде ұнтақталады. Шайнау кезінде еріндер жабық болады. Азықтың шайналған бөлігі тілдің қимылы арқылы бір ұрттан екінші ұртқа ауыстырылып отырады, сондықтан жылқы бірде оң, бірде сол жағымен шайнайды. Шайнау процесінің ұзақтығы мен қарқыны қабылданған азықтың физикалық қасиеттеріне, оның құрамы мен мөлшеріне байланысты.

Қазақы жылқыларға дайындалған кәшілер де беріледі. Оның дайындалу үлгісі 10 жылқы үшін былайша болып келеді: 10 кг сұлы, 500 г тұқым сабағын, 75 грамм тұз қосып, тығыз жәшікке салып араластырады, оған қайнаған ыстық суды лайықты күйге енгенше құяды. Үстіне аралстырмай тұрып тегіс қабатпен 5 кг бидай қосындысын себеді. Жәшікті жылуды сақтау үшін жабады, екі−үш сағатқа қалдырады. Берер алдында жемді қалған массамен араластырады. Бұндай кәшіні жылқалыр өте жақсы жейді, сол сияқты бұл тағам жеңіл қорытынлады. Жем беру тәртібі сақталады: алдымен шөп беріледі, әрі қарай құнарлы жемдер (сәбіз, қызылша) және ең соңында концентраттарды ұсынады. Егер алдымен концентраттарды беретін болса, жылқылар тойып алады да, басқа тағамдарға зауқы соқпайды. Жемді соңынан берсе, ол асқазандағы қорытылған тамағды ішекке ығыстырып, жемнің ашуына, қарынның кебуіне соғады. Рационды біртіндеп өзгертеді. Шұғыл өзгертуде олар жаңа жемге бейімделе алмай қалады, ас қорыту жағдайлары бұзылады. Бір рационнан екінші рационға алмастырудың лайықты мерзімі – он күндей болмақ. Бір концентраттарды басқасына алмастыруда оларды ескі рационды сақтай отырып біртіндеп жүзеге асырады. Әрі қарай, ескі жемнің үлесін қысқарта отырып, толықтай жаңасына көшіреді. Бордақылайтын малдарды суару олардың қажеттіліктеріне қарай іске асырылады. Жылқылардың суға деген қажеттіліктерінің жоғары деңгейде болуы олардан бөлінетін көп терге қатысты, тыныс алумен байланысты, тыныштықта орын алған жылқылардың өзі сағатына бір литр суды қажет етеді. Суды тұтыну жыл мезгіліне, ауа райына және ауаның ылғалдылығына байланысты, сол сияқты жануардың ерекшелігі мен судың қасиетіне де қатысты.

Жылқылар тамақты баяу жейді, жемді асықпай шайнайды, шағын көлемде жұтады. Ыстықтап, терлеп тұрған жылқыны жайылымға әбден суытып барып жібереді, яғни 30 – 40  минут күте тұру керек. Шөптің де таза түрлерін берген жөн. Күнге әбден күйіп кеткен шөп сырқат туындатуы ықтимал.

Әдетте қазақы жылқыларын күніне үш рет тамақтандырады. Қарқынды жұмыстарда тамақтандыру уақытын арттыруға болады. Басқа жануарларға қарағанда жылқылар үшін жемнің сапасы аса маңызды. Үсіп кеткен, тұрып қалып ескірген жемді беруге болмайды. Жылқылар үшін рациондық шама белгіленеді:

Сөтке бойынша ұсынылатын тамақ шамасы:

− злакты шөп – 25 кг;

− салам  − 10 кг;

− сұлы – 12 кг;

−жүгері  немесе арпа – 8 кг;

− бұршақ – 2 кг;

−бидай қосындылары – 4 кг;

−картоп – 16 кг;

− қызылша – 12 кг;

− сәбіз – 10 кг;

Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдар жасалады.  Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.           Қан қысымы бүгінгі күннің кең тараған ауруы. Жас та, жыныс та талғамайтын дерттің алдын алғыңыз келсе, жылқы етін көп тұтынып, майынан ас дайындаңыз. Инфаркт ауруына алып келетін холестериннің мөлшерін азайтып, қан қысымының жоғарылауын тежейді. Негізінен жылқы майының құрамында тін жасушалары мен жілік майын жақсартатын пайдалы элементтер бар. Яғни сүйек пен буынның берік болуына өзіндік себін тигізеді

 

  1. Сурет Жылқы етінен жасалынатын ұлттық тағамдар

 

2 Қазақы жылқылардың  биологиялық ерекшеліктері

 

 

2.1 Қазақы жылқының  негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі

 

 

Қазақы жылқы – жылқы тұқымдарының ішінде ертеден өсіріліп келе жатқан қазақ жылқысы. Оны ғасырлар бойы күш−көлік және еті мен сүті үшін өсірген. Қазіргі таңда көбінесе еті мен сүті үшін өзімізде ғана емес, басқа да республикаларда өсіреді.

Бұл осындай көп жерге таралып, атағы жайылуына себеп болған ең бірінші жағдай – денесінің ерекше шымырлығы, ауа райының қандай қатал жағдайына болса да төзімділігі, жемшөп талғамайтындығы және жыл бойы жайылымда бағылса да қоңдылығын сақтайтын қасиеті. Қазақ жылқысының мұндай қасиеті оның қанына біткен басты ерекшелігі.

Жергілікті қазақы жылқының сымбатына біткен ерекшеліктер мыналар: басы үлкен, сағағы кең, көзі кішілеу, мойны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы онша биік болмайды, көкірегі кең, қабырғалары ұзын және тіктеу келеді. Оның арқасы берік, шабы тар, аяқтары сіңірлі, сүйекті болады, сіңірлері мықты, білеуленіп тұрады. Тұяқтары кішілеу, шымыр. Тек топырағы жұмсақ, құмды аудандарда ғана жалпақ және әлсіз тұяқты тұқымдары кездеседі.

Информация о работе Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері