Генг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 21:36, реферат

Краткое описание

г7еггон

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат диссертации.doc

— 308.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.ЖУРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЫНЫБЕКОВА  ЖАННА ТУҒАНБАЙҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

«Қазақстанның ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы витраж өнерінің композициялық, декоративтік және технологиялық аспектілері»

 

 

 

 

 

 

Академиялық магистр  дәрежесін алу үшін дайындалған  диссертациясының

 

 

 

Авторефераты

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:

Өнертану кандидаты

 доцент  Батурина О.В.

Ресми оппонент:

Өнертану кандидаты

 Султанова М.Э.

 

 

Алматы, 2011

Кіріспе

 

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Табиғи болып табылатын шыны материалы өзінің физикалық және декоративтік бірегей қасиеттерімен бірге, өзінің эмоционалды сипаттарымен де ерекшеленеді. Сондықтан көркем шыны жасау өнеріне қызығушылық ықылым заманнан келе жатқаны белгілі. Мұндай факт нәзік материалдың шексіз көркем мәнерлік мүмкінкідігімен айқындалады.

 Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ-ХХІ ғасырлар шегіндегі көркем мәдениет алуан түрлі және ерекше оқиғаларға толы. Осындай күрделі қарама-қайшы көріністе көркемөнердің өткенін жаңаша бағалау мен бүгінгі күндегі көркемөнер үрдістерінің дамуының мүмкіндіктерін көрсететін құбылыстар анықталады. Мұндай көзқарас тұрғысында ХХ ғасырдың соңында заманауи интерьердің жаңа бейнесіне үйлесімді бейімделген және өзінің шығармашылық тәжірибесінде декоративті өнердің дамуының маңызды тенденцияларын айқындаушы витраж өнері, түбегейлі зерттеуге тұрарлық. Витраж өнері қайта көшіріп, көбейту жолына келе бермейтін көркемөнер формаларының бірі болып табылады. Сондықтан қайта көшірудің шексіз мүмкіндіктерін туындатқан жоғары технологиялар дәуірі контексінде витраж өнері айрықша құндылыққа ие.

Заманауи көркемөнер тәжірибесіне өзінің пішінінің кең  диапазонымен, эстетикалық сипатымен  енген витраж өнері, шағын қабырға  шамынан бастап монументалды панноға  дейін, декоративті штрихтан сәулеттік декоративтік көркемдеу доминанты мен қондырғылы көркем туындыларынан арт дизайн құрылымдарымен және ою-өрнектік  пішіндерден сюжеттік шешімдерге дейін танылған көркемөнер түрі. [1]

Витраждың жарық пен  әшекейді синтездеу тәрізді ерекше мүмкіндігі, оның көркемдік жан-жақтылығымен, функционалдығымен айқындалады.  Оның мұндай бірегей ерекшелігі әр түрлі мәдениеттегі тағдыры мен бүгінгі күндегі сұранысының анықталуы шығармашылық тәжірибесін зерттеу мен тарихи-мәдени контекст арқылы пайымдалуын өзектендіреді. Витраж өнерінің Қазақстанда өнер түрі ретінде жөнсіз ұмытылуға ұшырап, тек қана кейінгі онжылдықтарда  қайта  қолға алынған жайы бар. Сол кезде  бұл өнер түрінің өзіндік бірегей қайталанбас даму тарихы бар және бүгінгі күндегі заманауи интерьер дизайнында маңызды рөл атқарады.

Қазіргі заман авторлық дизайнерлік шешімдердегі витраж өнерінің өзектілігі мен жоғары сұранысы, аталмыш  көркем материалды зерттеу мен жүйелеудің маңыздылығын анықтайды. Ұсынылған  магистерлік диссертация витраж өнерінің Қазақстандағы сан алуан түрлі бейнелеу өнері жүйесіндегі маңызы мен рөлін анықтап, оны өнердегі жеке кәсіп ретінде зерттеуге арналған.

Витраж өнері үшін басты маңыздылық бояу түстері болып  табылады. Осыған байланысты түстің негізгі  теориясына тоқталып кету қажет. Түссіз денелерге қатысты, яғни түссіз мөлдір шынының түсі  шыны арқылы өтетін жарық сәулесіне байланысты  болса, боялған (мөлдір емес) шыныға сыртқы жарық түсуінің сәулеленуіне байланысты болып келеді. Түрлі түстердің әр түрлі толқынды ұзындықтары арқылы сәулеленуі олардың  жазықтық қасиеттері мен түссіз мөлдір шыны арқылы өтетін ортасының қасиеттеріне қатысты болып табылады. [2]

Шыны өндірісінің дәстүрлерін  зерттеу  көркем-композициялық және технологиялық әдіс-тәсілдер ерекшелктерін  айқындауға мүмкіндік береді. Витраж өнерінде кәсіби  мүмкіндіктер туындататын тәжірибелік машықтарды игерумен материалдың өзіндік қасиеттерін зерттеуде, көркем шыны  технологияларының классикалық үлгісінде шығармашылық ой-жобаларды орындауда және заманауи жаңа техникалардың  дамуында  үлкен рөл атқаратын технологиялық тұстар маңызды болып келеді.

Кейінгі уақытта Қазақстан  республикасында витраж өнерінің дамуы  оған заманауи дизайнерлердің қызығушылығының  өсуімен байланысты деп пайымдалады. Егерде өткен заманда витраж өнері негізінен күн көзі аз түсетін елдерде кеңінен таралған болса, күн көзі жарқыраған оңтүстік ел болып саналатын Қазақстан территориясында бүгінгі күнде  жарық түсуімен байытылған витраж интерьер дизайнында ерекше орын алады. Қазақстанда жыл бойында 2400 сағат «жарық күн» бар деп есептелінеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда  витраж өнері қарқынды дамуда. Витраж өнерінің соңғы жаңа технологияларын  қолданатын өндірістік витраж шеберханаларында терезелерді әшекейлейтін декоративтік шынылар, түрлі жиһаздар мен шағын сувенирлер дайындалады. Қазақстанда витраж өнерінің Еуропа мен Ресей жерлеріндегідей көне болмағанымен өзінің қызықты, әрі қайталанбас тарихы бар деп айтуға толық негіз бар. Бұл өнердің  дәстүрлері  біздің  елімізде  аз көлемде зерттелген. [3] Витраждардың көп бөлігі кеңес кезеңін қамтиды. Қазақстанда витраж өнері жайлы кең таралымдағы әдебиеттер жоқтың қасы. Ғылыми еңбектерде витраж өнерінің қалыптасуы  мен дамуы мәселелері көтерілмеген деуге болады. Витраж өнері саласының қазіргі кездегі және өткен ғасырлардағы жетістіктері бейнелеу өнерінің  жеке дербес өнер түрі ретінде, оның тенденциялары мен даму перспективалары тәрізді мәселелердің бәрі ұсынылған магистерлік диссертация жұмысының тақырыбы мен зерттеу пәні болды. Бұл тақырыптың зерттелу дәрежесінің аздығы, мағлұматтардың жұтаңдығына әкелді, тіпті ҚР электронды ресурстарының өзінде аз көлемде кездеседі. Ресейде витраж өнерімен қызығушыларды біріктіретін сайттың құрылуы суретшілер мен тарихшыларға, витражистер мен өнертанушыларға және осы нәзік өнер түрін бағалаушыларға ақпарат, мағлұмат алысып тұруға мүмкіндік береді. Фотогалереяларда тарихи ретроспективтік витраж фотографиялары және қазіргі заман суретшілерінің жұмыстары орналастырылған. Аталмыш сайтта витраж өнері жайлы ғылыми мақалалар, осы өнер түрінің тарихы, қоғамдық және жеке меншік интерьерлерінің дизайнындағы декоративті шынылаудың рөлі туралы мағлұматтар мен орыс тілді әдебиеттер ұсынылған. Сайтқа кірушілер ақпараттық тақтада сату немесе сатып алу және авторлық витраждарды талқылау сынды мәселелерді жүзеге асыра алады. Сол сияқты ғажайып шыны әлемін игеріп, витражды өз қолымен жасап үйренемін деушілерге витраж шеберлігіне үйрету орталықтары жайлы ақпараттар алу жақтары да қарастырылған.

Қазақстандағы витраж өнерін айрықша айқын, ерекше етуге үлкен талаптар бар, әсіресе еліміз бен шетелдерде сұранысын көбейту маңызды.

Зерттеу жұмысының  нысаны. Қазақстанның ХХ ғ.соңы – ХХІ ғ. басындағы витраж өнері.

Зерттеу жұмысының  пәні. Қазақстандық интерьер дизайнындағы витраж өнерінің дамуының негізгі тенденциялары мен композиция-технологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының  мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлар ширегіндегі  бейнелеу өнерінің дамуының жалпы көрінісіндегі витраж өнерінің маңызы мен рөлін анықтау.

Осы мақсатты ашу барысында  зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Витраж өнерінің тарихы мен библиографиялық дереккөздерді зерттеу.
  • Қазақстанның заманауи дизайнындағы ұлттық мәдениет пен дәстүр контексіндегі витраж өнерін қолданудың негізгі көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау.
  • Қазақстандағы витраж өнерінің көркем мәнерлеу құралы кешенінің негізгі нақыштарын анықтау.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы  автор алғаш Қазақстан Республикасының витраж өнерін зерттеу мәселесіне назар аударып отыр.

Зерттелу деңгейі. Магистерлік диссертация көлемінде витраж өнерінің даму тарихы, қазіргі заман тәжірибесінің сәулет өнеріндегі витраж өнерінің қолданылуы мен витраж өнерінің өндірісінің технологиялық үрдістері қарастырылады. Автор витраж өнерінің композициялық және декоративтік мүмкіндіктері жеткіліксіз түрде зерттелген деп атап өтеді. Мұның өзі біздің көзқарасымыз бойынша ең алдымен біртұтас аналитикалық жүйенің болмауымен түсіндіріледі. Монументалды витраж өнерінің декоративтік және композициялық ерекшеліктері жайлы жиналған мағлұматтардың жекелеген, бытыраңқы сипаты оның сәулеттік кеңістікпен синтезделу үрдісін кешенді түрде ұғынуға қиындық туғызады.

Көптеген дереккөздер  тарихи-хронологиялық сипатқа бағытталған  витраж өнері, өнердегі белгілі бір  стильдер контексі аясында зерттелінеді.

Сәулет және кескіндеме өнері салаларында жұмыс істейтін мамандарға мұндай зерттеулерде теориялық  еңбектер мен жүйелі аналитикалық қорытындылар жетіспейді. Сондықтан бұл мәселенің  шешімі витраж ісінің дамуы мен заманауи өнердің жеке дербес түрі ретіндегі өзектілігін анықтайды. Андри де Моран «История декоративно-прикладного искусства» атты кітабында археологтардың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі ашқан жаңалықтарын барынша ескеріп, мамандардың еңбектерін қолдана отырып, біздің ежелгі өркениеттер жайлы мәліметтер мен витраж өнері бойынша библиография көлемін байыта түседі. [4]

Кеңес заманы кезеңіндегі  витраж өнерінің үлгісінде, сол сияқты каталогтар, репродукциялар негізінде  автор осы өнер түрінің көркемдік  ерекшеліктерін ашады және сонымен  қатар әртүрлі заманауи витраж цехтарының каталогы үлгісінде  заманауи витраж өнерінің дамуы мен негізгі бағытын көрсетеді.

Витраж өнерінің зерттелуінің негізгі деңгейі шетел ғылыми  әдебиеттерінде зерттелінген. Германия мен Франция елдерінде ойлап  табудың біріншілігі мәселесі қазіргі кезге дейін даулы мәселе. Диссертацияда бірқатар шетел басылымдары материалдары қолданылған.

Кейінгі жылдары аударма  басылымдардың шығуы, витраж өнеріне  қатысты жалпы көзқарас пен мағлұматтар  шеңберін кеңейте түсті. Соның ішіндегі біздің пікірімізше американдық зерттеушілердің Э. Уили мен Ш.Чиктің ««Искусство цветного и декоративного стекла» атты еңбек ең маңызды болып табылады. [5]

Витраж өнерінің тарихына үңілсек қызықты, бірақ қысқаша  эпизодтық түрдегі готика немесе модерн дәуірлеріне арналған әдебиеттерде орын алады. Бұндай зерттеулер: Е.И. Ротенберг, [3,4] О.Е. Лесковский, [19] К.М. Муратов, [35] Д.В. Сарабьянов [37]  еңбектерінде кездеседі. Кейбір жекелеген отандық витраж өнері тарихының кезеңдері жайлы Н.Н. Качалов [5] және Н.Т. Яглова [25] еңбектері, сонымен қатар Е.И. Батанов, [11] Н.В. Воронова, [18]  және т.б мақалалары осы төңірегіндегі мағлұматтар аясын кеңейте түсті. Бірақ, олардың алдында тарихи контекстте витраж өнерінің табиғатын түсіну мақсаты тұрмады. Ең бірінші көлемді жалпыландырылған тарихи материал Е. Минухиннің «Витражи» атты зерттеу жұмысында ұсынылған, алайда, бұл басылым жарты ғасыр бұрын шығарылған болатын. [10]

  ХХ ғасырдың екінші  бөлігіндегі витраж өнерінің  қалыптасу үрдісін түсінудегі  Кеңестік Ресей монументалды өнерін зерттеушілердің еңбектері үлкен ықпал-әсерін тигізді. Олар: И.Н. Воейкова, [13]  С.С. Валериус, [15]  сынды авторлар және сонымен бірге 90-шы жылдардың басына дейінгі «Советское монументальное искусство», «Советское художественное стекло» жинақтары мен «Архитектура СССР», «Советский художник», «Искусство», «Декоративноое искусство СССР», «Нева» сынды журналдарда басылған жекелеген мақалалар витраж өнерінің мәселелерін көтеріп отырды. Дегенмен, осы 90-шы жылдардың басына дейінгі В. Лебедеваның іргелі еңбектерінде немесе кезеңдіік басылымдардағы мақалаларда (Н.В.Воронов, В.П. Статун, [20]  С.М. Жукаускас [22]) – витраж өнері монументалды өнердің тәжірибесімен байланыста қарастыру басымырақ болды.

2009 жылы Т. Жүргенов  атындағы өнер Академиясында ашылған алғаш витраж цехы осы өнерге қызығушулық танытқан елеулі оқиға болды. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның витраж цехында орындалған студенттердің аса қызықты шығармашылық жұмыстары көптеген көркемөнер көрмелері мен вернисаждарға қатысқаны  белгілі.

Витраж өнері саласын зерттеуде қалыптасқан жалпы көрініс, диссертанттың  материалды зерттеуге өзіндік көзқарас қалыптастыру қажеттілігін туындатты, ол зерттеу жұмысына қатысты, жекелеп айтқанда, дереккөз аясын кеңейту, витраж өнеріндегі зерттеулерді және сонымен қатар, тарихи-мәдени, мәдениеттанулық бағыттағы  жалпы еңбектерді қосу болып табылады.

Диссертантпен көркем шыны дайындау және витраж шынысын дайындау технологиялары тарихын зерттеу  жұмыстары қолданылды. Ол  А.А. Карбоннер, А.Г. Ланцетти, М.Л. Нестеренко, Е.В. Попова, М.А. Цейтлин, В.В. Шмидт [16]  сынды зерттеушілер еңбектері. Сол сияқты көркем шыныны зерттеудің түрлі аспектілеріне арналған Л.В. Казакова, Н.Н. Качалов, Е.А. левинсон, Т.А. Малинник, Ю.П. Сергеев, Б.А. Смирнов, Б.А. Шелковников, [17] Ф.С. Энтелис [23] еңбектері маңызды орын алады.

Декоративтік өнердің  табиғаты мен оның сәулет өнерімен синтезін түсінудегі тікелей болмаса  да, жанама ықпалын тигізген зерттеулерде өзінің үлкен септігін тигізгені  анық. Ол А.В. Иконников, [24]  С.Б. Базальянц, [26]  Г.П. Степанов, [27]  Ю.Я. Герчук, [28]  Е.Б. Мурина [41]  тәрізді зерттеушілерлдің еңбектері.

Терминологиялық әр түрлі  оқылу мәселесінің белгілі бір  көлемде шешімін табуға В.А. Аронов, [29]  М.С. Каган, М.А. Коськова, В.Г. Власов [33] еңбектері септігін тигізді.

Ұсынылған магистерлік  диссертацияда витраж өнерінің бүгінгі  күндегі тәжірибесіне басты назар  аударуы маңызды аспект болып  табылады.

Қазіргі таңдағы витраж өнерімен айналысатын шеберлердің, фирмалар мен бірлестіктердің шығармашылық қызметін зерттеу, ұсынылған магистерлік диссертациялық жұмыстың негізі болды. Мұндай материал жүйелеуге бейімделіп және заманауи өнертану ғылымы айналымына ұсынуға мүмкіндік туғызады.

«ЖиС» факультеті витраж цехында орындалған көркем және декоративтік көркем туындылары студенттердің жеке коллекцияларындағы жұмыстары және заманауи интерьерлерде орналасқан витраждар, диссертант үшін маңызды көркемдік және зерттеу материалдар болды. Суретшілермен көптген жеке кездесулер мен сұхбаттасу, шеберханаларына барып витраж жасаудың  технологиялық үрдістерін қарап, үйрену осы өнер түрінің қыр-сырын тануға, сондай-ақ жалпы ғасыр ширегіндегі көркем тәжірибесін түсінуге мүмкіндік берді.

Кеңес кезеңіндегі көркем туындылар  үлгісіндегі витраж өнерін зерттеуге  үлкен септігін тигізген Н.М. Вулдың «Монументальное искусство Казахстана» [44]  атты кітабында осы өнер түрінің көркемдік ерекшеліктерін ашады. Сондай-ақ «Домовой», «Алкион», «Satglas» серіктестіктерінің ұйымдастыруымен шығарылған каталогтар да өз ықпалын тигізді.

Информация о работе Генг