Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 22:35, реферат

Краткое описание

Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі
1.2 Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде
1.3 Әкімшілік құқық және басқару
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 41.09 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

I. Негізгі бөлім 

1.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі

1.2    Әкімшілік құқық   - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде

1.3 Әкімшілік құқық және басқару  

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ     

    Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.        

 Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады. Бұл құқық саласы азаматтар мен атқару билігінің өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.        

 Егеменді қазақ мемлекетін құру, еліміздегі аса терең саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық реформалар әкімшілік құқықтық нормалардың өзгеруіне әкеледі. Атқарушы билікті ұйымдастырудың және қызмет етуініңдемократиялық бастаулары бекітіледі, азаматтардың құқықтыры кеңейеді, қатынастар билігін реттеуде заңның ролі ілгері қарай жоғарылады.

Әкімшілік құқықтың жүйесі        

 Әкімшілік құқықтың жүйесі -  бұл  салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша  бөлінген  құқық нормаларының  ғылыми–ұйымдастырылған  жиынтығы – біртұтас  нормативті  құрылым.        

 Әкімшілік  құқық бойынша  көптеген заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі: ҚР  Әкімшілік құқығы -бір-бірімен тығыз байланысты  жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан тұратын жүйе.

Жалпы, администрация әкімшілік (латынша administratio сөзінен алғанда) термині әкімшілік  қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал администрация әкімшілік сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы, кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы. Осылай, әкімшілік құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады. 
Сонымен, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару сферасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының жетекші, негізгі саларының бірі, сондай-ақ Қазақстан Републикасының құқық жүйесінің маңызды құрамды элементі бола отырып, атқарушы биліктің ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны ғана емес, одан да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар айтқандай, құқық қоғамның мәдени институты, жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп белгілі заңгер-ғалым С.С. Алексеев айтқан. Осы құқықтанушы ғалым құқықтың қоғам өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап айтқанда: 
- таптық, саяси күрес, этникалық, топтық және өзге де қақтығысулармен, жеке жанжалдармен туындаған өзекті әлеуметтік жағдайларға азаматтық келісім, әртүрлі мүдделерді есепке алу, өзара, үйлестірілген жол берушіліктер қағидаларына тұрғызылған тұрақты нормативті бастаулар енгізу; 
- жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік және кепілдендірілген кеңістігі мен өлшемін қамтамасыз ету және қорғау. 
Осы талаптарды толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады. Әкімшілік құқықты дамыту проблемалары осы саланың әрекет ету аясын адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара байланыстыра отырып концепция әзірлеу болып табылады. 
Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күш қолданушы құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан. барлығы мемлекеттік жүйенің, биліктің өмір сүруіне бағытталған болатын, әлеуметтік центризм тенденциясы басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі де тек бұқаралық оқу -ағартуды білдірді. Осындай жүйеде Әкімшілік құқықтың жағдайы ерекше болды. Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында, қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында мемлекеттік құрылымдар мен құқық жүйесін әрбір адам құқықтың толыққанды субъектісі бола алатын құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет талаптарына сай құру міндеті тұрды.

Ұлттық  құқық  жүйесі бұқаралық және жеке  құқықтар облысына бөлетіндіктен, сөзсіз, әкімшілік құқықтың әрекеті бұқаралық мүдделер  аясында шектелуі тиіс. Әкімшілік құқық бұқаралық мүдделерге қызмет ете отырып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  заңды  басымдылықтарын  сақтайды, өйткені ҚР Конституциясында адамның құқықтарының  шексіз және оның иелігінен ажыратылмайтындығы  концепциясы бекітілген. Осыған сәйкес заңдардың мазмұны мен қолданылуын, заң шығарушы мен атқарушы биліктің қызметінің бағыты анықталуы тиіс.   Тек  осылай ғана жеке адамның мемлекет қолында  "құрылыс материалы" ретінде қарастырылған, іс жүзінде құқықсыз ретінде қарастырған  кеңестік дәуірдегі практиканы жоюға  мүмкіндік бар. Әкімшілік құқық  мемлекеттік билік аппараты заңның  мүддесінде қызмет етуі, оның орындалуы мен қолданылуын қамтамасыз етуді дегентұжырымға сүйенеді. Бұнымен заң шығарушы және атқарушы  билік  органдарында  бұқаралық билік прерогативасының болуына қарамастан, олардың  заңға бағынатындығы  атап көрсетіледі.         

 Көптеген  ғалымдардың пікірі бойынша құқық  саласы ретіндегі әкімшілік құқық   мемлекеттік басқаруды немесе атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру  процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. 

 

Әкімшілік құқық  — құқықтың мемлекеттік басқару  процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірі, құқықтары мен  бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру  кезінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуші саласы.  
Әкімшілік-құқықтық нормаларды мемлекет белгілейді. Әкімшілік-құқықтық нормалардың үлкен бөлігі сан алуан нормативтік құқықтық актілерде: заңдарда, Президенттің жарлықтары мен өкімдерінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінде, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің, агенттіктердің, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының қаулыларында мазмұндалған. Мұндай актілер әкімшілік құқықтың бастаулары деп аталады. Бұлардың ішінен ең маңыздылары: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республик 
асының Үкіметі туралы" 1996 жылғы 9 желтоқсандағы Конституциялық Заңы, 1997 жылғы 24 ақпанда, 1999 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Қазақстан республикасының ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығы, өзгерістері және толықтыруларымен, Қазақ КСР-інің 1984 жылғы 22 наурыздағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, өзгерістері және толықтыруларымен, 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. 

 Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады. 
Әкімшілік құқық кез келген елдің құқықтық жүйесінің ең маңызды саласы болып табылады. Бұл құқық саласы азаматтар мен атқару билігінің өкілдерімен қатынастағы басқа биліксіз субъектілердің құқықтыры мен міндеттерін, мемлекеттік әкімшілік жүйесін, оның құрылымды бірліктерінің құзырлығы, олардың қызметінің қағидаларын, әдістерін, формаларын бекітеді.

 

 

         ҚР Әкімшілік құқығының жүйесі үш і бөлімнен тұрады:

- 1 бөлім - жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтін нормалар жүйесі; 1 бөлімге мыналар кіреді: ҚР Әкімшілік құқық курсына кіріспе, әкімшілік құқық субъектілері, мемлекеттік басқарудың әкімшілік - құқықтық нысандары мен әдістер, мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

- 2 бөлім - басқару саласында  туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 2 бөлімінде халық шаруашылығының негізгі салаларын: әлеуметтік-мәдени (өнер, білім, денсаулық сақтау және т.б.), әкімшілік -саяси (қорғаныс, ішкі істер, қауіпсіздік және т.б.) және әлеуметтік - экономика (сауда, қаржы, индустрия және т.б.) салаларын  басқаруды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.

- 3 бөлім - әкімшілік - юрисдикция қызметі саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 3 бөлім мына жиынтықтардан тұрады:  әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік процесс; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттілігі бар органдар мен лауазымды тұлғалар және әкімшілік істердің қарастылығы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу.         

 ҚР Әкімшілік құқықғының бөлімі - бұл бірнеше әкімшілік - құқықтық институттарды қамтитын, яғни қоғамдық қатынастардың бір түрін реттейтін  нормалар жүйесі.

Әкімшілік құқық   - ҚР құқық жүйесінің жетекші  құқық саласы ретінде        

 Жалпы, "администрация" - "әкімшілік"  (латынша "administratio" сөзінен алғанда) термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал "администрация" - "әкімшілік "  сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы,  кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы.  Осылай, әкімшілік - құқықтық реттеу  мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.      

 Сонымен, әкімшілік құқық  мемлекеттік басқару сферасында  туындайтын қоғамдық қатынастарды  реттейтін құқық саласы болып  табылады. Әкімшілік құқық Қазақстан  Республикасының жетекші, негізгі  саларының бірі, сондай-ақ Қазақстан Републикасының  құқық жүйесінің маңызды құрамды элементі  бола отырып, атқарушы биліктің  ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны ғана емес, одан да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар айтқандай, құқық қоғамның мәдени институты,  жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп  белгілі заңгер-ғалым С.С. Алексеев айтқан.

Осы  құқықтанушы ғалым  құқықтың қоғам өміріндегі  тарихи миссиясы  тікелей  оның  маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап айтқанда:

-  таптық, саяси күрес, этникалық, топтық және өзге де қақтығысулармен, жеке жанжалдармен туындаған өзекті  әлеуметтік жағдайларға азаматтық келісім, әртүрлі мүдделерді есепке алу,  өзара, үйлестірілген жол берушіліктер қағидаларына тұрғызылған тұрақты нормативті бастаулар енгізу;

-  жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік және кепілдендірілген кеңістігі мен өлшемін қамтамасыз ету  және қорғау.        

 Осы  талаптарды  толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады.  Әкімшілік құқықты дамыту  проблемалары осы саланың әрекет ету  аясын адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара байланыстыра отырып концепция әзірлеу болып табылады.       

 Қоғамдық  санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің  күш қолданушы құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан.  барлығы мемлекеттік  жүйенің, биліктің өмір сүруіне бағытталған болатын, әлеуметтік центризм тенденциясы  басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі де тек бұқаралық оқу -ағартуды білдірді.  Осындай жүйеде Әкімшілік құқықтың жағдайы   ерекше  болды. Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында,  қоғамдық  ұйымдар арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты.  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында мемлекеттік құрылымдар мен құқық жүйесін әрбір адам құқықтың толыққанды субъектісі бола алатын құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет  талаптарына сай құру  міндеті тұрды.       

 Ұлттық  құқық  жүйесі бұқаралық және  жеке  құқықтар облысына бөлетіндіктен, сөзсіз, әкімшілік құқықтың әрекеті бұқаралық мүдделер  аясында шектелуі тиіс. Әкімшілік құқық бұқаралық мүдделерге қызмет ете отырып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  заңды басымдылықтарын сақтайды, өйткені ҚР Конституциясында адамның құқықтарының  шексіз және оның иелігінен ажыратылмайтындығы  концепциясы бекітілген. Осыған сәйкес заңдардың мазмұны мен қолданылуын, заң шығарушы мен атқарушы биліктің қызметінің бағыты анықталуы тиіс.   Тек осылай ғана жеке адамның мемлекет қолында "құрылыс материалы" ретінде қарастырылған, іс жүзінде құқықсыз ретінде қарастырған кеңестік дәуірдегі практиканы жоюға мүмкіндік бар. Әкімшілік құқық  мемлекеттік билік аппараты заңның  мүддесінде қызмет етуі, оның орындалуы мен қолданылуын қамтамасыз етуді дегентұжырымға сүйенеді. Бұнымен заң шығарушы және атқарушы  билік  органдарында  бұқаралық билік прерогативасының болуына қарамастан, олардың заңға бағынатындығы атап көрсетіледі.         

 Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша құқық саласы ретіндегі әкімшілік құқық   мемлекеттік басқаруды немесе атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру  процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Әкімшілік құқық  және басқару               

 Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру қажет. Латын сөзінен шыққан администрация - әкімшілік - басқару терминінің қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару қандайда біреуге немесе бір нәрсеге жетекшілік ету  дегенді білдіреді. Дәл осындай түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады. Бірақта дәл осындай  ұйғарыммен шектеліп қана қоймай, оның  мән-маңызын, мазмұнын, мақсат - міндетін  ашып көрсету қажет.       

 Әкімшілік  құқықтың пәнін мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қоғамдық қатынастар құрайды, сондықтан мемлекеттік басқарудың  мәнін қарастырып өткен жөн.

Басқарылатын  жүйенің  бірнеше түрі бар:

1)     механикалық  – басқарылатын машиналар, технологиялық процестер;

2)     биологиялық   – тірі ағзалардағы   болып жатқан процестер;

3)     Әлеуметтік  – адамдар мен олардың ұжымдарының мінез-құлықтарын басқару.

Басқару- бұл нақты бір нәтижеге жету үшін жүзеге асырылатын, мақсатқа жетуге  көзделген екі немесе одан да  көп адамдардың, олардың бірлестіктерінің (қоғамдық ұйымдардың) келісімді әрекеттері. Басқару кез келген адамзат қоғамында болады, өйткені адамзат қоғамы өздігінен басқарыла алмайды, сондықтан алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін, барлық міндеттерді  үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету  басқаруда қажеттілік туындайды. Кез келген басқарудың мәні – мақсатты түрде реттеушілік ықпал ету, тәртіпке келтіру.

Өз мазмұны бойынша  басқару қоғамдық қатынастарды  ретке келтіруге, қоғамдық өмірдің әртүрлі құбылыстарын реттеу, адамдардың күшін бір бүтінге біріктіруге, ортақ өмір тәртібін орнатуға саяды.  Қоғамды басқару адамдарды басқару, адамдардың  әлеуметтік  қатынастарын басқару. Бұл қалыпты қоғам өмірі болып табылады. Адамдардың бірлескен қызметінің бір түрі болып  әлеуметтік басқару табылады.

Әлеуметтік басқару -бұл адамдарға қатысты мақсатқа сай және өкімді түрде адамдармен жүзеге асырылатын басқару, яғни қоғам істерін басқару.

Келісім мен жетекшілікті қажет  ететін адамдардың біріккен қызметі болса, онда әрқашанда басқаруға қажеттілік туады. Сөйтіп, басқару адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру. Адамдардың мінез-құлықтарын басқару үшін нақты  өктем өкілеттіліктер болуы керек.

Информация о работе Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу