Саяси партия ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:40, реферат

Краткое описание

Саяси партия ұғымы. Саяси партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде,бір идеология негізінде кұралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсенді қатысады. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болды.Олардың мүшелері аз,тұрақтылығы шамалы,жөнді ұйыьдаспаған шағын топтар болатын.Олар ,негізінен, құл ийленушілердің әртүрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. С.п-ң қалыптасу кезеңдері: 1) XVI-XVII ғ- Еуропада саяси элита өкілдерінен құралған аристократиялық топтар; 2) XVII-XIXғ- саяси ғана емес өмірдің басқа сфераларында әсері бар, іске белсенді кірісетін адамң тобынан құралған клубтар; 3) XIX-XXғ- көпшілік партиялар. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдастырылуына байл саяси партияларды төрт түрге топтастырады: Авангардық партия.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШпорПолитология.docx

— 117.33 Кб (Скачать документ)

59.Дүниежүзілік  саясат ұғымы. Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердіңжәне басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетініңжиынтығын айтады.Әлемдікқауымдастықтың өміріне қатыстышешімдерді шығару, қабылдау жәнеоларды жүзеге асыруды, мемлекеттердіңтүбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдармен мақсаттарды қамтиды. Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world   politics] -  XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.

60.Биліктің легитимді  типтері:дәстүрлі,харизматикалық және  ұтымды жариялы. .Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебербилік басына келудегі легитимдіктің мінсізтүрлері ретінде 3 үлгісін көрсетті.Ең1шісі-әдет-ғұрыптық легитимдік.Ол сонауерте заманнан бастап халықтың сапасынасінген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс дептапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді.2-шітүріне харизматикалық легитимдікжатады.Мұнда өзінің ерекшебатырлығымен, адалдығымен немесе басқаүлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскенадамды басшы етіп жариялап,соныңсоңынан ереді.Халық тек сол көсемгеберіліп, соған ғана сенеді.3-ші түріне Веберақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады,Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғағабайланысты емес, қазіргі саяси құрылыморнатқан құқықтық ережелерге,тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығынанегізделеді. Мұндай легитимділік саясибиліктің пайда болуы және өмір сүруідемократиялық талаптарға сәйкес келе ме,жоқ па сонымен анықталады.

61.Комунистік идеология.(латынның коммунис-жалпы деген сөз) идеялар XIXғажұмсырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркспен Ф.Энгельс. Олар жан-жақтыдамыған,еркін адамдықалыптастырғылары келді.Ол үшінтап күресі жіктелуі, жұмысшытабы буржуазияны құртуыкерек.ОЛардың ойынша, социализмдіорнататын бірден-бір құрал-социалистік револиция.Оны жасайалатын бірден-бір күш-жұмысшытабы.Коммунистік қоғамдамемлекет, саясат болмайды депсанады.XIX ғ аяғы ХХ ғ басындамаркситік саяси идеологияреволюциялық және реформистікболып екіге бөлінеді.Революцялықағымды В.И. Ленинбасқарды.Реформистік идеяларнемістің социал-демократыЭ.Бернштейн мен немістіңтарихшысы және экономистіК.Каутскийдің еңбектеріндедамытылды.Кейін ол өзінше бөлек идеялық-саяси бағытқа-социал-демократияға айналды.ХХ ғасырдыңаяғында марксизм күйзеліскеұшырады,коммунистік идеологияныңықпалы күрт төмендеп кетті.Бүгінгітаңда Қытай, Корея-ДемократиялықРеспубликасы, Кубада сақталды.

62.Саяси мәдениет  тұжырымдамасы. Саяси мәдениет тұжырымдамасынбелгілеп,негізгі пікірлерін жасауға М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен,Т.Парсонс сияқтыбатыстың ірі саясатшылары менәлеуметтанушылары да елеулі үлесқосты.Ал жалпы «саяси мәдениет» дегенұғымды бірінші қолданып,ғылымиәдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмірсүрген немістіңағартушысы,фәлсафашысы ИоганнГердерді санайды.Саяси мәдениетұғымының жалпыға бірдей ортақанықтамасы жоқ.Қазіргі саяси әдебиеттеоның 30-дан астам анықтамасыкездеседі.Бұл мәселенің күрделілігімен әліжете тексерілмегендігін білдірсекерек.Саяси мәдениет қоғамдағы саясиөмірдің барлық салаларын қамтиды.Оғанең алдымен саяси сананыңмәдениеті,адамдардың,топтардың,ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы,осы саясижүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саясимекемелердің мәдениеті,өкімет пеназаматтардың өзара қатынастарынабайланысты тарихи қалыптасқан саясинұсқаулар,қазыналаржатады.Сонымен,саяси мәдениет депбелгілі бір қоғамға немесе әлеуметтікқауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығынайтады

63.Социал-демократиялық  идеология. Социал-демократия идеологиясы "демократиялық социализм" идеясын алға тартты. Оның басты құндылыктары — еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен бірге мұнда халықтың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру мүмкіндігі де кіреді.Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.Социал-демократияның Социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70-ке жуық партиялар кіреді. "Социалистік интернационалдың принциптер Декларациясында" (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті камтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б. "Демократиялық социализм" тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социал-демократиялық партиялар Латын Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.

64. Тәуке хан  заңдары. «Жеті жарғы»- маңызды  саяси-құқұқтық құжат. Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылытаққа отырғанда қазақ хандығының ішкіжәне сыртқы саяси және экономикалықжағдайы ауыр еді.Рубасылар,сұлтандарөзінше бөлек билегісі келді.Орта Азиябилеушілерімен қарым-қатынас тұрақсызеді.Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына сыртқы шапқыншылықтанқорғануға нұқсан келтірді.Сондықтанхандық өкімет билігінің беделінкөтеріп, ақсүйектердің бөлініп,оқшаулануын тоқтату,халықтыбіріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы»деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарыныңжиынтығын жасатты.Онда құқықтықтәртіп пен мемлекеттік құрылымныңнегізгі принциптері айқындалды.Атапайтқанда жер дауы,жесір дауы,құндауы,мал-мүлік дауы,ұрлық-қарлық,айып-жаза,алым-салық және т.б. қаралады.«Жеті жарғы» нормалары қаулаған дау-дамайларды тежеп,рулар арасындағытартыстарды бәсеңдетті,қоғам ішіндегіалауыздық азайып,ел бейбіт өмірсүрді.Тәуке хан «Халық кеңесі» мен «Билеркеңесін» тұрақты орган ретіндеқалыптастырып,рөлін арттырды.Өзкеңесінде халықтың өзек жардымәселелерін:көшқон,ел тыныштығы менбірлігі,сыртқы жаудан қорғану т.с.с.жүйелі түрде талқылап отырды.Сайыпкелгенде,Тәуке хан қазақ қоғамынатүбегейлі өзгерістер әкелген іріреформатор болды.

65.Саяси сананың  мәні.Саяси сана депөмірдегі саяси қатынастардыбейнелейтін,оларды түсініп-сезінетін,адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретінәлеуметтік сезімдер,түсініктер,көзқарастар жиынтығынайтады.Ол мемлекеттің,қоғамның саясижүйесінің пайда болуымен бірге дүниегекеледі.Әлеуметтік,ұлттықмүдделерді,мемлекет алдындағымақсатты жүзеге асыруымен байланыстыболса,қоғамдық сана саяси мағынаға иеболады.Саяси сананың негізгі мәселесі-мемлекеттік билік,оның қызметі.Мұндатоптардың,таптардың, партиялардыңэкономикалық мүдделері менмақсаттары,өкімет билігі үшін күресіжәне оны сақтап қалу міндеттері,бұлжолдағы әрекет,амал,ұмтылыстары өз

көріністерін тауып жатады

66. ХІХ- ғасырдағы  қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).1.Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саясатшы, этнограф, ОртаАзияның, Қазақстанның, Батыс Қытайдыңтарихы мен мәдениетін зерттеуші ШоқанУәлиханов болды.Шоқан сол кездегіпатриархаттық-феодалдық қазақ қоғамын екі топқа: бір жағынан,сұлтандар менбилер,байлар мен қожалар болып қазаққоғамының мәртебелі тобына, екіншіжағынан, «Дала пролетариаты» депатап,кедейлер тобына бөлді.Бұлтоптардың мүдделері бір-біріне мүлдемқайшы деп білді.Уәлиханов қазақ жерінеөктемдік пен заңсыздық әкелген патшалықотаршыл өкіметті батыл сынады.Қазақхалқының қараңғылығын пайдаланып«ашықтан-ашық аямай сорады» деп,қалхын тонап жатқан патшашенеуніктері туралы ашынажазды.Шоқан адамдардың адамгершілікқасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуышарт деді.Ол еркіндікті де дұрыспайдалана білу керек.ол үшін халықтыңсауаты жоғары болуы тиіс дептұжырымдады.2.Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлыұстаз Ыбырай Алтынсарин болды.Олхалықты дүниеге «дұрыс көзқараспен»қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсатыетіп қойды.Тек білім,ағартушылық қанабұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп,барлық күш-жігерін олардың білімінкөтеруге арнады.Ыбырай «қазақдаласындағы жұт жөнінде» дегенеңбегінде халқының болашағыотаршылыққа көшу және егіншаруашылығымен айналысуда деп атапкөрсетті.Ол адамдарды іс-әрекеткеынталандырып,жұмылдыратын негізгісебеп- өмірлік қажеттіктер,атапайтқанда, өмір сүру, білім алу,мәдениеткеұмтылу және т.б. қажеттіліктер депесептеді.Ыбырай қазақ қыздарын оқытуғаерекше көңіл бөлді.Сондықтан ол 1887жылы Ырғыз 20 орындық интернат жәнеқазақ қыздарына арнайы мектеп ашты.Олмектептердің мақсаты қазақ жастарынжоғары адамгершілік рухында тәрбиелеудеп ұқты.3.Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы,заңғар ақыны,асқын ағартушысы, жазбамәдениетіміздің негізін салушы АбайҚұнанбаев болды.Абай қазақ даласындабарлық жақсылықтың,жаңалықтыңжаршысы болды.Ол адамды «ақылбілім,ерік» жоғарғы дәрежеге көтеріп,асқақтататындай қоғамның прогрестікдамуын аңсады.Ол еңбекшілердің хал-ахуалын,өмірін жақсарту үшін қоғамныңэкономикалық негізін өзгерту керек дептүсінді.Сондықтан ол қазақтардың прогресті дамуын егіншілік,қолөнер,саудасияқты экономиканың 3 тетігімен тығызбайланыстыра қарады

67) Фашистік идеология.Фашизм(италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан)1919 жылыИталия мен Германияда пайда болған.Негізін салушылар:Ф.Ницше,Дж.Джентилле, О.Шпенглер. Бұл кездекапиталистік елдер терең дағдарысқаұшырааған. Мұндай жағдайда классикалықлибералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмадыжәне қоғамды біріктіруге шамасыкелмеді.Бұл идеологияның бастыерекшеліктері- еңбекшілерді басып-жаншуүшін зорлықтың шектен шыққан түрлерінқолдану,шовинизм, нәсілшілдік,экономиканы мемлекеттік-монополиялықреттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану,азаматтардың қоғамдық және жекеөмірін толық бақылау. Соғысқа дайындалу,көсімшілдік идеялары кең тарайды.Қазіргікезде фашистік идеологияны көпшілікжаратпайды

68. Саяси мәдениетті  қалыптастырудың субъектілері және  факторлары.Саяси мәдениеттің субъектісі ретіндегі жеке түлға: топ, партия, аймақ, ел, халқы бола алады. Оның бағдары бағытталған объектілер арасында толығымен саяси жүйені, саяси режимді, берілген саяси үрдісті, жеке партияларды, саяси көшбасшыларды, ақырында, субъектінің өзін бөлу қабылданған.Саяси мәдениеттің нақты қоғамға қатысты басты сипаттамасы болып оның гомогендік дәрежесі болып табылады.Біртексіздік субмәдениеттер және тіпті контрмәдениеттердің басты саяси мәдениет шегінде болуына рұқсат береді. Біртектілік бұған қарсы болып тоталитаризмнің негізгі болады.Саяси мәдениет – динамикалық және сол сәтте жеткілікті интернациялық феномен. Ол өзінің ұстаушылары, жеке тұлғалар және саяси қоғамдастықтармен бірге дамиды. Саяси тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде сыртқы өзгерістерге ұшырайды, олардың саяси мәдениеттің қалыптасқан негіздерін күшейтіп немесе оны өзгертеді. Осындай өзгерістерге бірқатар сәттер енеді. Біріншіден, бұл өндіру және тұтыну саласындағы қатынастар динамикасы әлеуметтік құрымының өзгерісіне және әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен қызығушылықтарының өзгерісіне әкеледі. Екіншіден, жаңа тарихи тәжірбиеге ие болу. Саяси мәдениетті түзетін факторларға елдің немесе қоғамның сыртқы шеңбері және олардың ішкі өмірінің белгілі жағдайлары енеді.Басқа факторлар арасында дәстүрлерге мен салттар және бар саяси институттарды бөліп шығарайық. Соңғыларына мемлекет, әскер, шіркеу, іскер шеңберлер,             университеттер,бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.

70. Демократия ұғымы.Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:1.Мемлекет түрі.2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3.Қоғамдық құрылымның мұраты.Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай   мемлекетті   демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық,еркіндік болуы керек.Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

71.Саяси мәдениет  функциялары:реттеушілік,ықпалдастық,танымдық, коммуникативтік,тәрбиелік және  т.б.Саяси мәдениет қоғамның саяси практикасына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Шынайы саяси практика саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекетімен сипатталынады, онда соңғысы белгілі бір рөлдер мен функциялар атқарады.Ықпалдастық–1) жүйенің жекелеген сараланған бөліктері мен атқарымдарының байланыстылық қалпын, күйін, организмнің тұтас нәрсеге айналуын білдіретін ұғым; сондай-ақ осындай күйге жеткізетін үдеріс немесе әрекет; 2) ғылымдардың саралану үдерісімен қатар жүретін жақында .Танымдық — (таным әрекеті, танырлық, танылатын, танып білерлік) танылатын үрдіс; танымдық қызығушылық — ғылым жаңалықтарын; қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық. Танымдық есеп — жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу тапсырмасы. Танымдық есеп жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқудың мазмұны мен іс-әрекет амалдарын біртіндеп күрделілендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.

72.ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.(Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайовтың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмухамедовтың,Т.Рыскуловтың саяси ойлары).Қазақ халқының саясисанасының дамуына Х1Х ғасырдың аяғы ХХғасырдың басында пайқда болған алғашқызиялылар тобы да топ та зор ықпалетті.Оларға: А.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай,М:Тынышбаев, М:Жұмабаев, Б.Қаратаев,Досмұхамедовтар және басқаларжатады.Олар Ресейдің отаршылсаясатына қарсы ұлт-азаттыққозғалысын басқарып,қазақ халқыныңұлттық бірлесуін мұрат етті.Олар қазақелінің өзін-өзі басқару,түбінде дербесмемлекет құру,қазақ жеріне ішкі Ресейденқоныс аударуға шек қою,адам құқықтарымен бостандықтарынсыйлау,демократиялық принциптерді қазақжеріне кіргізуді мақсат етті.Алаштыңбілімді де білікті асыл азаматтары қызылимперияның құрбаны болып кетті.Бірақолардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.

73. демократия ұғымы.  Демократия – сөзі (гр. демос – халық және гр. кратос – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: Мемлекет түрі,Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі,Қоғамдық құрылымның мұраты.Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. «Демократия» термині қазіргі саясат пен саяси ғылымдағы ең көп тараған термин. Сонымен қатар демократия ұғымы ең күрделі және анықталмаған болып табылады. Демократияның теория мен практика ретіндегі даму кезеңдері антикалық және классикалық демократия, ортағасырлардағы демократиялық институттар, Жаңа заманның либералдық демократиясы және қазіргі кездегі демократия болып табылады.                                  

Информация о работе Саяси партия ұғымы