Теңдестірілмеген тамақтанудың тері ауруларының туындауы мен ағымына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 07:56, творческая работа

Краткое описание

Тері аурулары кезінде диетотерапияға, жалпы тамақтануға және оның теріге “іштей” әсер етуіне аз көңіл бөлінеді. Сонымен қатар тері организмнің бір бөлігі бола тұрып, оның тамақтанумен және денсаулығымен тығыз байланысты. Тері жағдайының тез нашарлауы, тез қартаюы немесе тері ауруларының пайда болуы жалпы тамақтанудың, оның компоненттерінің және тамақтық аллергендердің артық немесе аз түсуімен шақырылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Тері аурулары кезіндегі емдік тамақтану.
Дисбалансты тамақтанудың тері ауруларының дамуы мен ағымына әсері.
Тері ауруларының диетотерапиясы мен профилактикасында емдік тамақтануды қолдану.
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

т.с. диетология.pptx

— 4.01 Мб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

 

Терапия бакалавриат кафедрасы

 

Тақырыбы: Теңдестірілмеген тамақтанудың тері ауруларының туындауы мен ағымына әсері.

 

Орындаған: Бейсеқұл А.Е.

Тобы: 203 “Б”  МІК

Қабылдаған: Аралбаева Л. Б.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  Фармацевтика академиясы

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Тері аурулары кезіндегі емдік тамақтану.
  • Дисбалансты тамақтанудың  тері ауруларының дамуы мен ағымына әсері.
  • Тері ауруларының диетотерапиясы мен профилактикасында емдік тамақтануды қолдану.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Тері аурулары кезінде диетотерапияға, жалпы тамақтануға және оның теріге “іштей” әсер етуіне аз көңіл бөлінеді. Сонымен қатар тері организмнің бір бөлігі бола тұрып, оның тамақтанумен және денсаулығымен тығыз байланысты. Тері жағдайының тез нашарлауы, тез қартаюы немесе тері ауруларының пайда болуы жалпы тамақтанудың, оның компоненттерінің және тамақтық  аллергендердің артық немесе аз түсуімен шақырылады.

Зат алмасудың бұзылуы, асқорыту, эндокриндік, иммунды, жүйке, қан, жүрек – тамыр және ағзаның басқа жүйелерінің бұзылуы тері патолгиясының негізгі симптомы болып табылады. Бұл адекватты тамақтануды талап етеді. Көптеген тері аурулары кезінде тамақтық компоненттерінің метаболизмі және ішкі ағзалардың қызметтік белсенділігі өзгереді. Бұл ауытқулардың анализдері патогенетикалық негізделген диетотерапияны құрастыруға көмектеседі.

Көптеген тері аурулары үшін, полимикронутриентті бұзылысы міндетті болып саналады. Жүйелік қызыл жегі мен ревматоидты артрит кезінде 75-99% науқастарда В1,В6,С витаминдерінің тапшылығы анықталады.

А,Е витаминдері мен каратннің төмен деңгейі созылмалы балтыр жаралары науқастарында,

 

ал В1,В6,Р,Е  витаминдерінің төмен деңгейі аллергиялық дерматоз кезінде анықталады.

 

Тері кандидозы кезінде организмде Са,Р,Ғе,Со жетіспеушілігі байқалады.

А  витаминімен, биотинмен : ерте шаш ағару – пантотен қышқылымен, мырышпен байланысты екені дәлелденген. Рационда Zn жетіспеушілігі шаш, тырнақ  өсуін, нашарлатып, тырнақта ақ дақтың, тері ісіктерінің пайда болуын туындатады. Тері ісіктерінің пайда болуына организмнің антиоксидантты қорғанышының төмендеуі нәтижесінде селен жетіспеушілігі әкеледі.

Рационда рафинирленген көмірсулардың, қаныққан май қышқылдарының артық болуы, бірақ ПҚМҚ төмен болуы атопиялық дерматиттің дамуына ықпал етеді. Жас балаларда аллергияның терілік білінулері соялы белокты көтере алмаумен шақырылуы мүмкін. Сол кезде сояның элиминациясы мен оларды емдік тағамға алмастыру жақсы емдік тиімділік береді.

15 Күн бойы қабылданған белокты тағам, теріде іріңді – септикалық инфекция пайда болу қаупін күшейтеді. Пурині көп тағам, подагралық артрит кезіндегі буын  терісінің зақымдалуына асқындырады.

Дәнекер ұлпаның жүйелік зақымдалуы

 кезінде С витаминін қабылдау  тиімді. Оны егеуқұйрықтарға жасалған  зерттеулер дәлелдеген. Дерматоздар  мен тері ісіктері емдеуде, А,Е,С витамин – антиоксидант қосындысын қолданады.

Бірқатар жұмыстарда теріге кейбір тамақтық заттардың тиімді әсер етуі көрсетілген. Ашытқы, томат шырыны, сәбіз және бауыр, экземамен, теміреткімен, саңырауқұлақты зақымдалулармен , майлы себореямен күресу кезінде, ал йогурт пен желатин сүйек сынғыштығы профилактикасы мен емдеуінде маңызды роль атқаратыны анықталған.

Дерматимикоз, экзема,нейродерматит кезінде ара өнімдерінің оң әсері көрсетілген.

Сарымсақ  экстракты артериолалармен веноздық тамырлардың вазодилаторлы әсері есебінен, тері микрофузиясын күшейткен.

   Кейбір тері патологиялары кезінде, қантты, тәттіні, ұн тағамдарын, тұзды, шектеу,маринаттарды, кофені, какаоны, алкогольды алып тастау, бірақ көкөніс, жеміс – жидек, қышқыл сүтті тағамдарды көбейту ұсынылады.

     Сонымен бірге көкөністерді,жемістерді,айранды қолданумен жүретін  жеңілдетілген күндер көрсетіледі.

Түрлі тері аурулары кезіндегі арнайы диеталар, көп жағдайда әлі ойлап табылмаған.                  Егер тері аурулары экзимопатия нәтижесінде болса, онда зақымдалған звеноның диеталық тактикасы дұрыс болып табылады.

    Тері ауруларының профилактикасы  мен емдеуінің  қазіргі әдістері  тағамға биологиялық  белсенді қосаларды қолданбаусыз жүре алмайды.

      Терілік ББЗң құрылымдық компоненті болып, витаминдер мен витаминдік заттар, Е,Н,В-каротин, кальций пантотенаты,С,Д, кверцетин және т.б., минералды заттар – цинк, кальций, селен, мырыш, марганец, кремний,бор,хром; амин қышқылдары - метионин, цистеин,т.б. ; майлар-церамин, лецитин, ПҚМҚ; тамақтық талшықтар – целлюлоза, пектин; қант алмастырғыштар; органикалық қышқылдар; минералды сорбонттар; ферменттер саналады.

ББҚ құрамына балдыр, теңіз капустасы, дәрілік өсімдік кіреді.

 

 

Тері патологиясының жалпы бұзылыстары болып антиосидантты қорғаудың әлсіреуі, организмде витаминдер жетіспеушілігі саналады. Сондықтан тері ауруларының профилактикасы мен емделуі үшін витаминдік статус коррекциясы қолданылады. Аз деңгейде науқастардың тамақтануы макро- және микроэлементтермен байытылады. Олардың теріге “іштей” әсер етуі келешекте зерттеуді талап етеді. Тері профилактикасы мен қосымша диетотерапиясында кешенді шешім болып, тағамға биологиялық белсенді заттар қолдану саналады.

Қорытынды

 

.

 

    Тері жағдайының тез нашарлауы, тез қартаюы немесе тері ауруларының пайда болуы жалпы тамақтанудың, оның компоненттерінің және тамақтық  аллергендердің артық немесе аз түсуімен шақырылады. Сондықтан тері ауруларының профилактикасы мен емделуі үшін витаминдік статус коррекциясы қолданылады. Аз деңгейде науқастардың тамақтануы макро- және микроэлементтермен байытылады.

Назар аударғандарыңызға рахмет !!!


Информация о работе Теңдестірілмеген тамақтанудың тері ауруларының туындауы мен ағымына әсері