Стандарттаудың параметрлік әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 16:13, реферат

Краткое описание

Стандарттау - белгілі бір саланың іс-әрекеті ыңғайына қарай жөнге салу мақсатымен бүкіл мүдделі жақтардың қатысуымен барлығына да қолайлы үнемге қол жеткіздіру, пайдалану және қауіпсіздік талаптарын анықтау әрі ереже қолдану.
Стандарттаудың негізгі мақсаты – техникалық алға дамуды тездету, еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндірістегі тиімділікті көтеру, оның ішінде басқару мен инженерлік жағын, өнімдердің сапасын жақсартып және оны қолайлы деңгейде ұстау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Gulmira-SMS.docx

— 41.81 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университеті

Машина жасау және стандарттау  кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Пән аты: «Стандарттау, метрология және сертификаттау»

Тақырыбы: «Стандарттаудың параметрлік әдістемесі»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: АСП-201 тобының

   студенті Нұрпейісова  Г.Б.

                                                   Тексерген: ассистент Райымжанова А. Н.

 

 

                                             Павлодар, 2013

     Стандарттау -  белгілі бір саланың іс-әрекеті ыңғайына қарай жөнге салу мақсатымен бүкіл мүдделі жақтардың қатысуымен барлығына да қолайлы үнемге қол жеткіздіру, пайдалану және қауіпсіздік талаптарын анықтау әрі ереже қолдану.

    Стандарттаудың негізгі мақсаты – техникалық алға дамуды тездету, еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндірістегі тиімділікті көтеру, оның ішінде басқару мен инженерлік жағын, өнімдердің сапасын жақсартып және оны қолайлы деңгейде ұстау.

      Стандарттаудағы негізгі міндеттер:

  • Техникалық деңгей және өнім сапасына, материалдарға, жартылай  фабрикаттарға және кешенді бұйымдар талаптарын орнатады, сонымен қатар жоғары сапалы өнім өндірісі әдісін жүйелі өндіру және көптүрлі марка, өлшемдерді жоюға жағдай жасайтын өнім өндірісі және жоба жасау саласындағы әдіспен талаптарды орнатады.
  • өндірісті мамандандыру ең маңызды, жағдай ретінде өнім өнеркәсібін агрегаттау және унификациялау; өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтау кешені, бір-бірімен байланыс деңгейі, бұйымды жөндеуі және  таралымын дамыту.
  • Мемлекеттік өлшем бірлігі және толықтығын, мемлекеттік эталонның физикалық бірлік көлемін жасау және жетілдіру, сонымен   қатар өлшемнің жоғары дәлдік әдісін және құралын қамтамасыз ету.
  • Құжат жүйесін жетілдіру, техника-экономикалық ақпаратты кодтау және біліктеу жүйесін талдау.
  • Маңызды ғылыми, техникалық салада, халық шаруашылығы саласындағы  терминдермен белгілерді қабылдау.
  • Еңбек қауіпсіздігі стандарттау жүйесі, табиғатты қорғау және табиғи  ресурстарды қолдануды жақсарту жүйесінің стандарттарын қалыптастыру.
  • Ішкі сауда, мәдени және ғылыми-техникалық байланыс үшін жақсы  жағдай жасау.

Стандарттарды жасау процессі төмендегі сатылардан тұрады:

1. Стандарт жасауды ұйымдастыру,стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;

2. Стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;

3. Әртүрлі пікірлерді талқылау,  стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;

4. Стандарттың жобасын  талқылау,бекіту және тіркеу;

     Ең жауапты сатысы – техникалық тапсырмаларды  жасап анықтау.Техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.

    Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың әдістемелері , мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі.Стандартты жасау жұмысының көлемі анықталады, қажет болған жағдайда жобадағы көрсеткіштерді техникалық – экономикалық негіздеу үшін ғылыми – зерттеу, конструкторлық немесе эксперименталдық жұмыстар жүргізіледі.

    Стандарттау әдiстемесi- бұл стандарттаудың мақсатына жету ұшiн қолданылатын тәсiл немесе тәсiлдер жиынтығы. Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдiстемелерге негiзделедi.

    Стандарттау жұмысында төмендегi әдiстемелер кеңiнен қолданылады:

  • Параматерлiк стандарттау;
  • Стандарттау нысанын реттеу;
  • Өнімді сәйкестендіру (унификация);
  • Кешенді стандарттау;
  • Агрегаттау;
  • Комплекстік стандарттау;
  • Симплификациялау.

 

Параметрлік стандарттау

     Техникалық прогресс үшін машина типтерін және жабдықтарды, олардың негізгі параметрлерін стандарттаудың маңызы өте зор. Параметрлер стандарттары  машиналарды негізгі пайдалану көрсеткіштері бойынша сипаттайтын параметрлік қатарларды белгілейлі, олардың базасында сәйкес салалар  кәсіпорындарында әзірленетін типтік машиналардың нақты қатарлары құрастырылуы қажет. Бұл стандарттар жаңа техниканы енгізуді үдетудің маңызды тетігі болып табылады және машина жасауда стандарттауды, агрегаттауды, үйлестіруді тереңірек дамытудың базасы қызметін атқарады. Машиналардың негізгі параметрлері мен типтері стандарттарының рөлінің жоғарылауы машина жасаудың жыл сайын мыңнан артық жаңа машиналар типтерін және жабдықтарды шығаруына байланысты. Параметрлік стандарттарды, машина жасаушылардың ұсыныстары мен тұтынушылардың талаптарын ескере отырып даярлағанда, бәрінен бұрын,  стандарт жобасына кіргізуді қажет ететін машина параметрлерінің номенклатурасын; әрбір стандартталатын параметр үшін параметрлік қатарлардың шеткі мүшелерінің мәндік диапазонын; басты және қатар бағынатын параметрлердің заңдылығы белгілеу қажет.

    Әрбір машина бірнеше параметрлермен сипатталады. Стандартталатын параметрлердің номенклатурасы ең төмен болуы қажет, бірақ берілген машина типі және оның модификациясын пайдалану сипаттамасын бағалау үшін жеткілікті болуы қажет. Барлық параметрлерден машиналардың басты және негізгі параметрлерін бөліп айтуға болады. Басты параметр деп техникалық жетілдіру және өнім технологиясына тәуелді болмайтын машинаның маңызды пайдалану көрсеткішін анықтайтын параметрді айтамыз. Мысалы, жүк көтергіш кранның басты параметрі жүк көтеруі; шаңсорғыштікі – қуат; штангенциркульдікі - өлшеу диапазоны. Басты параметрді таңдау және осы параметрдің мәндік диапазонын анықтау техникалық және экономикалық түрде дәлелденген болуы қажет. Басты параметр негізгі параметрлердің сандық мәнін анықтаудың базасы қызметін атқарады. Негізгі параметр деп машинаның сапасын анықтайтын параметрлерді айтамыз. Мысалы, металлкескіш станок үшін өңдеудің дәлдігі, қуат, кесу жылдамдығының шектері, өнімділігі; өлшеу аспаптары үшін өлшеудің ауытқулары, шәкіл бөліктерінің бағасы, өлшеу күші.

    Кейбір жағдайларда бұйымдардың, құрастырылуы және өлшемдері бойынша шамалы айырмашылығы бар және міндеттері бойынша ұқсас, керексіз үлкен  номенклатурасын шығару орын алған. Даярланатын бұйымдар номенклатурасын тиімді қысқарту үшін үйлестіру, сериялылығын арттыру және оларды өндіруді мамандандыруды жетілдіру мақсатында бұл бұйымдардың параметрлік қатарына стандарттар даярланады. Басты параметр бойынша параметрлік қатар құралады. Қатардың шеткі сандық мәндері берілген бұйымдарға ағымды және келешек қажеттілікті есепке ала отырып таңдалады. Параметрлік қатар деп кинематика немесе жұмыс үрдісі бойынша ұқсас  және функционалдық міндеті бірдей машинаның басты параметрінің (немесе басқа бұйымның) сандық мәнінің  белгілі диапазонда заңды құрылған жиынтығы. Параметрлік қатардың бір түрі типтік өлшем (немесе жай өлшем) қатары, оның басты параметрі – бұйымның өлшемі. Параметрлік (типтік өлшем) қатаралар базасында құрастырылуы бірдей және функционалды міндеті бір машиналардың нақты типтерінің (моделдерінің) құрастыру қатарларын жасайды.

 

Параметрлік қатарлар және ұнамды сандар жүйесі :

     Әрбір өнім  түрі нақтыланған сандық түрде  көрсетілген, параметрмен сипатталады.  Мысалы: 8т  жүк көтеретін автомобиль, 100 кВт  қуаты бар эл/қозғалтқыш, 50 мм диаметрі бар білік.

     Параметрлер  мәнін есептеу жолымен немесе  конструторлық деректері бойынша белгілеп анықтайды. Бұндай  жағдайда параметрлердің сандық сипаттамалары әр түрлі мәнді қабылдауы мүмкін.

     Параметрлерді  стандарттаудың және бірыңғайлауға  (унификация)  қолданатын сандар  сипаттамасын шексіз қолдана  беру мүмкін болмас еді.

     Онымен қоса  стандарттаудағы тәжірибе көрсеткендей, стандартталатын объектінің параметрлері сипаттамаларының сан жүйелілігі кездейсоқ нәрсе емес, математикалық заңдылықпен құрастырылған қатарлар болуы керек. Бұл, әрине, Геометриялық мөлшерлері, параметрлерді, қуаттылықты, өнімділікті, жүккөтергіштікті, беріктілікті сипаттап, бәрін біріктіруге жол ашады.

     Бұл мәселені  есептеуде және жобалағанда, әр  түрлі техникалық құжаттарды  құрастырғанда сандық мәндерін таңдағанда, ұнамды сандар қатарларын белгілеумен шешеді.

   Ұнамды сандар жүйесі – стандарттаудың негізгі және теориялық бағыттары. Ұнамды сандарды қолданудың арқасында, өнімдердің параметрлерін  және мөлшерлерін барлық халық шаруашылығында, халықаралық ауқымда бірыңғайлауға болады.

    Жеке түрлі өнімдердің параметрлерінің өзара байланысының маңыздылығының куәсі ретінде – ӨҮК (СЭВ) мүшелер ара қатынастарын контейнерлі сумен тасымал, теміржол, автомобиль көлігімен, бұл жағдайда, темір жол платформасының , автомобиль кузовының, құрылғы-көтергіш көліктерінің , контейнерлерді алмастыратын жерде олардың параметрлері үйлестірілген.

    Стандарттаудың  алғашқы кезінде арифметикалық  прогрессиямен (А.П.) көрсетілген  қатарлар таралым алды. А.П. мынамен  сипатталады, екі қатар сандардың  айырмасы әрқашан- тұрақты.

   Мысалға:

1 – 2 – 3 – 4 – 5 - 6...

25 – 30 – 35 – 40 – 45 - 50...

    Айырма мынадай сәйкестік құрады: 1 және 5.

    Арифметикалық  прогрессияның арқасында прогрессиямен  тербеліс ішпектерінің (подшипниктерінің)  диаметрлер қатарын белгілеген. Арифметикалық прогрессияның айтарлықтай кемшілігі – оның салыстырмалы бірқалыптылық еместігі.  Тұрақты мүлдем (абсолютті) айырмашылықта , салыстырмалы айырмасы арифметикалық қатардағы мөлшерлер арасында 1,2,3 ...10; 1 мен 2 санға 200% құрайды, ал 9 бен 10 санына барлығы 11%.

    Осылай болған  соң кейінірек баспалдақты арифметикалық  қатар қолданылды, мысалы стандарттық  ойма қатарлары :

  1 - 1,1 -1,2 - 1,4 - 1,6 - 1,8 - 2,0 - 2,2 - ...

... - 2,5 -3,0 – 3,5 – 4,0 – 4,5 – 5,0 ...

... – 145 – 150 – 155 –  160 – 165 - ..., мүлдем өлшемі өскен сайын бұлардың айырмасы ұлғая береді және 0,1;0,2;0,5;5 сәйкес тең.

    Стандарттың талаптарын  көп жағдайда геометриялық прогрессия (Г.П.)  қанағаттандырады, өзара аралас  қатар сандардың салыстырмалы  айырмасы тұрақты болады. Г.П.  мынамен сипатталады 2 шектес  сандардың қарым-қатынасы тұрақты  және прогрессияның бөлгішіне  тең:

1 – 2 – 4 – 8 – 16 –  32 - ...

1 – 1,25 – 1,6 – 2,0 –  2,5 – 3,15 – 4 - ...

1 – 10 – 100 – 1000 –  10000 - ...

   Көрсетілген қатарды  бөлгіш 2; 1,25; 10 сәйкес. Г.П. сызықтық  мөлшерлерінің дәреже функциясы  бола тұрып, бірнеше бағалы  қасиеттерге ие, сызықтық мөлшерді  іріктегенде бірыңғай заңдылықпен  байланыстырылған белгілі қатардан  аудандарды , аумақтарды , кедергі моментін , инерция моментін алуға мүмкіндік береді.

   Алғашқы рет г.п.  қасиеттері 1877...1879 ж.ж француз инженерлік  корпустың инженерлік корпустың  офицері Ш.Ренар мақтақағаз қанатының  сипаттама жүйесін жетілгенде , алдын  ала оларды дайындағанда қайда  қолданатынын белгілемей-ақ қолданған. Негізіне  1  м қанат массасын (а) кг деп алған. Прогрессияның  бөлгіші мынандай есеппен алынған, қатардың әрбір бесінші мүшесі он есе ұлғаюлық беруі керек, яғни

a = 10a , одан φ =

    Сандық қатар келесі түрде көрінеді :

а; а= ; a ; a ; a ; a.

     Есептеуден кейін :

а; 1,5849а; 2,5119а; 3,9811а; 6,3096а; 10а.

     Жинақталғаннан кейін:

1; 1,6; 2,5; 4; 6,3, 10.

     Бұл қатардан, R5 қатар деп шартты белгіленген сияқты, соңынан R10, R20, R40 қатарлары құрылды, келесі бөлгіштерге сәйкес болатын:

 

    1985 жылы МЕСТ  – 8032-94  «Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатары»  біздің елде күшіне енген, халық шаруашылығының барлық саласында параметрлерін қолдану үшін негіз болады, барлық өнім түрлерін өзара ұштастырудың негізін атқарады.

    Ондай 4 негізгі  ұнамды  сандар қатары қаралған  (R5, R10, R20 ,R40)  және екі қосымша қатар (R80, R160)  және жеке жағдайда ғана қолданылады, техникалық және үнемқысаппен дәлелденгенде рұқсат етіледі. Бұл қатар мынадай бөлімдерге ие:

                                   R5 қатар – ≈1,5849≈1,6

R10 қатар - ≈1,2489≈1,25

R20 қатар - ≈1,1220≈1,12

 R40 қатар - ≈1,0593≈1,06

 R80 қатар - ≈1,0292≈1,03

R160 қатар - ≈1,015≈1,1

    Қатарға кірген сандар жинақталған, онымен қоймай салыстырмалы айырмасы, олардың есебі бойынша +1,26%-пен -1,01%-ға дейін шектелген орында болады.

    Параметрлерді  белгілегенде  R5  қатарды R10-шы қатарға, R10 қатарды R20 қатарға, R20 қатарды R40-шы қатарға қолдану керек. R5-шыдан бастап ұнамды сандардың ішінде 3,5 саны π мәніне жақын. Сондықтан диаметрлерді ұнамды сандардың ішінен таңдағанда шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы ұнамды сандар қатарына жатады.

       Өнебойы ана немесе мына қатарлардың барлық сандарын қолдана беру қажет емес. Стандарт бойынша іріктелген және құрамдалған қатарларды қолдануға рұқсат етілген.

     Ұнамды сандардың іріктеген қатары . Басқыштаушылық (градация) сан кішірейгенде толық түгел қатарды пайдаланғанға қарағанда қосымша үнемқысаптық тиімділік құрады. Бағалауды кепілдеме берген іріктелген қатарға берген жөн, ал іріктелген қатардың ішінен бірдей бөлгіш қатарына, белгілі сандық мәні болатын соң бір санды немесе бірді ұстау керек (мысалы, 0,01;0,1;10;100).

1-кесте

Ұсынылған іріктелген қатарлар

R5/3

R5/2

R10/3

R10/2

R40/8

R20/3

Жинақталған бөлгіштің мәні

4

2,5

2

1,6

1,6

1,4

Ұсынылған іріктелген қатарлар

R20/2

R40/4

R40/3

R40/2

R80/3

R80/2

Жинақталған бөлгіштің мәні

1,25

1,25

1,18

1,12

1,09

1,06

Информация о работе Стандарттаудың параметрлік әдістемесі