Ұлттық рухтың тірегі – зиялылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 18:42, реферат

Краткое описание

Тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттілігі нық орнығып, ұлттық рухы өміршең болатындығын тарих жүзі әлдеқашан-ақ дәлелдеді. Ал мемлекеттіліктің тұғырлы болуы тәуелсіздіктің философиясын ұғынудан бастау алады. Осы бір іргелі мәселені алаш зиялылары бостаншылықтың пұлын біліп, орнына ұстап, игілігін көре алған жұрт ер жетіп, ес біліп, ақыл тоқтатқан адам болып шықпақшы, – деп те ұғындырған еді. Демек, тұлғалық іс негізінде ғана мемлекеттіліктің іргетасы берік қаланбақ. Осы мақсатта ұлттық рухты биіктетудің түрлі жолдарын да іздестіреміз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұлттық рухтың тірегі.docx

— 29.98 Кб (Скачать документ)

Ұлттық рухтың тірегі – зиялылық

Тәуелсіз мемлекеттің  мемлекеттілігі нық орнығып, ұлттық рухы өміршең болатындығын тарих  жүзі әлдеқашан-ақ дәлелдеді. Ал мемлекеттіліктің тұғырлы болуы тәуелсіздіктің философиясын ұғынудан бастау алады. Осы бір іргелі мәселені алаш зиялылары бостаншылықтың пұлын біліп, орнына ұстап, игілігін көре алған жұрт ер жетіп, ес біліп, ақыл тоқтатқан адам болып шықпақшы, – деп те ұғындырған еді. Демек, тұлғалық іс негізінде ғана мемлекеттіліктің іргетасы берік қаланбақ. Осы мақсатта ұлттық рухты биіктетудің түрлі жолдарын да іздестіреміз.

Рух категориясының мәні тереңде  жатыр. Рух философия ғылымы шеңберінде талданғанымен, оның мазмұны тарихтың қозғаушы күші ретінде анықталады. Келер ұрпақтың рухты болып өсіп – жетілуіне өлшеусіз еңбек еткен Шәкәрім ойшыл:

Рух деген дінсіз таза ақыл,

Мінсіздің ісі шын мақұл.

Нәпсі дер рухсыз жандарды,

Мейлі адам, мейлі аңдарды [1], – десе, ұлт ұстазы атанған  Ахмет Байтұрсынов «Рух ұлы мақсат, ұлы мұрат үстінде керек. Жұрт үшін, көп үшін құрбандыққа шалынуға даяр болған кезіңде сезінесің… рух үшін қымбат дүние – «жұрт қамы, жұрт ісі» – деп, рух түсінігін тереңнен ұғындырады. Неміс ойшылы Гегель рухты интеллектіге негізделген ерік ретінде анықтаған еді. Тарихи зерттеудің негізі адамның рухани ісі болғандықтан да, тұлғаның тарихи келбеті оның рухына қатысты анықталады. Есті, парасаты мол, білікті де білімді, бір сөзбен айтқанда тектілік (бұл жерде азаматтың жеке басының тектілігін айтып отырмыз– авт.) бейнесі жоғары адамды рухы биік тұлға дейміз. Рухты тұлға уақыт қисынын ұғыну, замана деңгейін таза ақылмен пайымдау арқылы Отанына адал қызмет етеді. Бұл дегеніміз рухани жетілген жанның адамдық борышын орындауы. Сонымен, әрбір тұлғаның өмір сүрген уақыты мен ортасы түрлі болғанымен, оның рухани дербес іс – әрекетін тарих тұрғысынан көрсететін рухының табиғаты бір. Ол: еркіндік, батырлық, даналық, тектілік. Абай даналығында айтылғандай, адамның басты парызы да сол. Адам болып дүниеге келген соң, әрбір адамға өзінің рухын ұдайы жетілдіріп отыру – басты парыз. Рух философиясының мәні осында жатыр. Отан тарихында бірқатар тұлғалар даналығымен, өсиетімен ұлтқа адал қызмет етуді көздесе, ал Кенесары, Махамбет сынды көптеген қазақ батырлары рухқа толы тұлғалық іс – әрекетімен елге адал қызмет етуді көздеп ел мәдениетінде батырлық феноменін қалдырды. Оның субстанциясы Аристотель, әл – Фараби, И. Кант, Гегель, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан және басқа да ойшылдар зерттеген адам болмысының тұлғалық субстанциясы – интеллектінің шексіз мүмкіндігінде.

Түзу тарихпен тұлға, ұрпақ, ұлт тәрбиеленетіндігі де қалың  жұртшылыққа жақсы таныс. Әлихан Бөкейханов «Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс, рахмет алармыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. Тарих түзу жөнді үйретуші. Тарих түзушіліктің кітабы. Тарих тіршілікте көшбасшы дейтініміз де осы» [2] – деп толғанғандай, тарихын түзу жаза білген халықтың болашағы да зор болмақшы. Міржақып Дулатов «Жұрт болудағы мақсат осы күнгі тірі жүрген адам баласына ғана емес, нәсіл – нәсіп, үрім-бұтақтың кем-қор болмауы үшін керек зат… кейінгі жас буынның көрген күні не болады?! Біздің жұрт осыны ойлау керек» [2, 440 б.], – деп өсиет еткендей, мемлекеттілікті тұғырлы ету қазіргі ұрпақтың Отан алдындағы басты парызы. Тарихты ұғынған жанның естілік келбеті, яғни ұлттық рухы биік болады. Оның дәлелі ретінде төл тарихымыздағы өз әлеуметтік мәртебесіне сай даналықпен Отанға адал қызмет еткен есті хандарды, кемеңгер билерді, азулы ақын-жырауларды, данагөй қарттар мен ақылды аналарымызды ауыз толтырып айта аламыз. Алайда, тарихымыздағы кісілік келбетті ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлыша айтқанда «ақыл көзімен» зерделей білген адам ғана терең түсінеді.

Патшалық Ресейдің сан  қырлы отарлау саясаты қазақ  даласына тереңдеп енгенге дейін қазақ рухының іргесі сөгілмеді. Ал қазақ рухын өміршең еткен тарихымыздағы дара тұлғалар. Дара тұлға деп қиын – қыстау кезеңдерде екі жүзділікке салынбайтын, қандай заман болса да өзінің адамдық бет бейнесін ешқашан жоғалтпайтын жанды айтамыз [3]. Отан тарихы дара тұлғалардан кенде емес. Бірақ, оларды өз деңгейінде жас ұрпақтың зердесіне сіңіре алсақ. Өйткені, тарихтағы кісілік келбет ұлттың рухын биіктетіп, халықты тектілендіре түседі. Әрине, бұл мәселе мемлекеттік деңгейде кейінгі ұрпаққа кеңінен насихатталса. Мемлекеттілікті дамыту жұрт болып жұмыла атқаратын іс екендігін Алаш зиялылары өткен ғасыр басында-ақ ұғындырып кеткен-ді. Мемлекет ісін оңға бастыратын шынайы өмірді тұтас қамтитын, бір сөзбен айтқанда халық түсінігіне жақын әділетті заңдар мен мемлекетшіл рухы биік тұлғалар. Мемлекетшіл рухты қалыптастыру оны өскелең ұрпақ бойына сіңіру қазіргі зиялы қауым өкілдеріне артылып отырған басты міндет. Нағыз тұлға мемлекет ісіне шынайы жанашырлық таныта алады. Тұлғалық іс – әрекеттің негізінде мемлекет ісі алға басады. Тұлғалық істің тірегі түсінік. Түсінік адамдық өлшемнің кепілі. Адам бойында мемлекетшілдік рухты қалыптастыратын, адамды Отаншыл рухта тәрбиелейтін тарих тағылымы. Тарих тағылымымен тәрбиеленген ұрпақ бойында ұлттық мінез қалыптасып, ұлттық тәлім-тәрбиенің көзіне айналады. Мұның қайнар көзі – зиялылық. Зиялылықтың шынайы үлгісі, өзіндік, мәні, талабы, бір сөзбен айтқанда теориясы болады. Бұл дегеніміз ұлт өмірінен шығатын феномен. Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек әр ұлттың зиялылары өзіндік дербес сипатымен ерекшеленеді. Бірақ олардың мақсаты бір. Ол – ұлт мүддесі. Адамды зиялылық деңгейіне жеткізу, ұдайы жетілдіру және зиялылықты практикалық өмірде оңды қолдану ісі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Нағыз зиялының сөзі мен ісінің үндесуіне орай, зиялылықтың қуаттылығы да күшті болмақ. Осы мәселені қазақ даналығы ер мен ел жарастығы деп ұғындырады. Ер мен ел бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Тұлға мен мемлекет жарастығы нағыз зиялылар ісі арқылы қалыптаспақ. Оқығанмен алған білімін ел пайдасына жарата алмаған жанды зиялыға жатқызуға болмайды. Ахмет Байтұрсыновша айтқандай: не пайда өнерің мен біліміңнен, тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?.

Алаш зиялысы Міржақып Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында  нағыз зиялы халықты құр тәтті сөзбен асырамай, түзу саясат, жемісті жұмыстармен соңына ертетіндігін айтып, одан әрі «…Адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық, бірақ біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз еді…» [4]- деп, қазақ зиялысының қалыптасу ерекшелігін және рухани, практикалық қызметінің мәнін ұғындырған еді. Демек, нағыз зиялы тұлға жеке мүддесінен гөрі халық мүддесін басты орынға қояды. Оны тарих жүзі дәлелдеп отыр. Зиялылық деңгейін анықтайтын ұғым адалдық. Адалдық ар қуатының көзі, Шәкәрім ойшылша айтқанда ұждан дәлелі.

Әрбір ұлттың өзіндік өмір сүру ерекшелігіне сай қалыптасып, тарих өрісімен жүретін жан дүниесінің болатындығын тарих философиясы дәлелдеген-ді. Ұлттың жанын ұғынып, рухын асқақтататын зиялылар. Осы тұста зиялылық түсінігінің мәніне кеңестік қоғамда қалыптасқан тар шеңбермен қарамау қажеттілігін де ескеру шарт. Нағыз зиялы деп білігі мен білімін халқының игілігіне жұмсап, ұлт мүддесі жолында өзін құрбан етуге даяр тұратын тұлғаны айтамыз. Нағыз зиялы жеке мүддесін ұлт мүддесінен асыра дәріптей алмайды. Міржақыптың:

Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін! [5], – деген мазмұндағы өлең жолдары  нағыз зиялының болмысын айқындайды.

Қазақтың өмір философиясының субстанциясы «тіршіліктің қызығы адамға жақсылық қылумен көрінеді» – деген мазмұннан бастау алғандықтан да, қайырымдылық, кеңдік, әділеттілік және көптеген ізгі сапалардың ұлт жанына сіңгендігі де белгілі. Соңғы жылдары баспасөз беттерінде «сәнге» айналған толеранттылық түсінігінің қазақ болмысының табиғатына тән екендігін де естен шығармауымыз қажет. Большевиктер ылаңынан кейін, кеңестік тоталитарлық тәртіптің ұлт рухын тұншықтырған тексіз саясатынан соң зиялылықтың шынайы үлгілерін іздейтін халге жеттік.

Қазақ этносының даму тарихының  өрісін бойлаған қазақ рухын өзімізге табыстыра білген алаш зиялыларының тарихи келбеті талай ұрпаққа жол сілтері анық. Олар аз уақыт ішінде ұлттық рухты көтеріп, ұлтына уақыт сынын мұқият ұғындырып, заман тығырығынан шығудың сан-қырлы жолдарын көрсетіп кеткендіктен де ұмытылмас есімдерге айналды. Өкінішке қарай олардың көтерген проблемаларының бір қатары әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Олардың ешкімге залалы жоқ ұлтшылдық қасиетін қазіргі зиялылар бойынан табу да қиын. Оның себебі түсінікті де. Алаш зиялыларының ұлтшылдығы халқына пана болып, жат ниеттен арашалау мақсатын көздеді. Олар барлық мәселеге адамдық өлшеммен қарады. Мәселен, «…Теңдік жолында адам дәрежесі кім болса ол болсын тең боларға тиіс. Түрі, діні, тілі, тегі, күші, ісі, әл-ауқаты бірдей болмағанмен адам баласының адамдығы бірдей. Дінсіз болсын, тілсіз мақау болсын, тексіз құл болсын, малсыз жарлы болсын адам емес деп ешкім айта алмайды. Адам болған соң адамдық дәрежесі бірдей болуы тиіс» [2, 370 б.] – деген жолдардан биік мәдениеттілік қалпын аңғарамыз. Шын мәнісінде, нағыз зиялының ұлтшылдық келбеті өркениетті тұрғыда қалыптасады. Қазақ даналығымен сусындаған зиялының бойында «өзгелерді» менсінбейтін өркеуде ұлтшылдықтың болуы мүмкін емес те еді.

Елдік, мемлекетшілдік рухта  тәрбиеленген ұлт өркениетті даму жолы арқылы өзін өзегелерге мойындата алады. Елдік тәрбие кем болған уақыттың адамы ұлттық санадан алшақтайды. Нәтижесінде өз қоғамынан өзі өгейленіп, өз этносынан жаттанады. Ақырында адам бойында ұсақ мақсатты көздейтін, алысты (ұлт болашағын) болжап білмейтін тайыз пайымдаулар орын алып, рухани әлсіздіктен мың құбылуы мүмкін. Атаққұмарлық пен оңай олжаға кенелу пиғылы, парақорлық секілді жат қасиеттер рухы әлсіз жанның бойына ұялайды. Осы бір өзекті мәселені Алаш зиялылары тереңнен талдай, келе халықты «жақсы атты болып көрінетіндердің» соңынан еріп кетуден сақтандырып, ұлт бірлігін нық ұстау мақсатында жікшілдіктен, тапшылдықтан, науқаншылдықтан, рушылдықтан аулақ болуға шақырып, «Үш жүздің баласы бәрің де қазақсың» деп бірлікке үндеген еді. Білім мен байлықты қатар иеленудің жолдарын ұғындырған еді. Алаш зиялылары ұлт тарихының шындығын ұлт жадынан ұмыттырмау үшін Отандық тарих ғылымының дамуына қатты мән берді. Осы мақсатта қазақтың тарихынан құнды деректер жариялап (деректерді шынтуайттылық тұрғысынан қарап, тарихи таным шеңберінде талдаған), тарихымыздағы жеке тұлғалар тағдыры тұрғысында да бағалы тарихи зерттеулер жазды. Нәтижесінде аз уақыт ішінде ұлт мерейін өсіріп, талай ұрпаққа рухани азық болар мұралар қалдырып үлгерді. Таптық күреспен қаруланған большевиктер саясатының адам баласының табиғи дамуына кереғар келетіндігін ұғынғандықтан да, «қызылдар» ылаңынан елді аман сақтап қалу үшін жанталасты. Өз уақытының ақиқатын көрсете біліп, нағыз ойшылдық келбетпен ұлт санасында қалды. Философия ғылымында нағыз ойшыл деп өз заманының биігінен пайым жасай білетін адамды айтады. Қазіргі зиялылар да уақыт шындығын көрсетіп, этнос өміріне қатысты өзекті проблемалардың шешілу жолдарына жөн сілтеп отыруы міндетті. Шындығына келгенде большевиктер ылаңының әлі күнге дейін кесірі сезілуде (мысал ретінде бір қазақтың ұлт мүддесіне қатысты әр-түрлі ойлауының өзін айтуға болады). Тоталитарлық қоғамның адам санасына салған «жараларынан» құлан-таза айығу үшін уақыт керек. Бірақ, осы кезде ұлттық рухты көтеру ісінде белсенділік танытпай, мезгілінен кеш қалсақ, онда мемлекеттілігіміздің тұғырлы болуы екі талай. Сондықтан да Алаш зиялыларын ХХ ғасырдағы рухани ұстаз ретінде қадірлеп, олардың әлеуметтік қызметтерін жалғастыру қазіргі зиялылардың тарих алдындағы басты парызы. Олардың кісілік келбеті қазіргі зиялыларға зиялы сабақ, әрі қойылатын талап. Алаш зиялыларының айтқаны да, жазғаны да халыққа жақын. Зиялылар халықтың жанын ұғынғандықтан, да биіктеген сайын халыққа бір табан жақындай түсті. Оларды халық түсінді, жанындай жақсы көрді.

Әлихан Бөкейхановтың «Кейінгі ұрпақ алғысын тарих бетіне алтынмен жазбай-ақ сиямен жазып қойса да арман не? Егер асығып жаза басып, шатақ жолға салсақ… жұрт қатарлы шаруалырын арттыра алмай, азып-тозып, бізді осындай сергелдеңге салып қойған аталарымыз ғой деп, көрінгенге зарлап шағып жүрсе, онан артық ұят не? Қатеден қашып, қам қарастыру бар адамзаттың намысы еді» [2, 57 б.] – деп жазғандары Алаш зиялыларының тектілік тұлғасын көрсетеді. Олар өз уақытының ауыр сынынан сүрінбей өтіп кейінгі ұрпақтың рухты болып жетілуіне зор қамқорлық жасап, Отан алдындағы перзенттік парыздарын толығымен өтеп кетті. Ал, қазіргі зиялылардың әлеуметтік қызметін кейінгі ұрпақтың қалай бағалайтындығы бүгінгі зиялылардың әлеуметтік ісіне қатысты парықталмақ. Оған уақыт төреші.

Отаршылдықтың салдарынан қазақтар билік пен байлықтан қатар  шеттетіліп, білім көзінен қағылып, ұлттық буржуазия тұншықтырылған еді. Ұлттық буржуазия толыққанды қалыптаспағаннан кейін ұлт мүддесін қорғау ісі де дәрменсіз халде болады. Әркімнің есігінде жүрген, жарлы адамнан ұлттың намысын көтереді деп дәмету де әбестік. Сондықтан зиялыларды демейтін ұлттық буржуазия болғандытан да, осы мәселеге ерекше ден қою керек. О.Шпенглер «Халық – обьект, ұлт – субьект»[6] – деп жазғандай, ұлтты субьект дәрежесіне жеткізетін ақылға қонымды саясат. Халықты дамыту үшін ұлт белсенділігін өркениетті тұрғыда арттыру қажет. Қазіргі кезеңдегі ұлтты өзіне таныстыру, табыстыру ісінің нәтижесі қаншалықты жеміс беріп жатыр?! Оқығандарымыз көп болғанымен, олардың ұлт игілігіне тигізер пайдасы аз болса, онда ондай мемлекеттің елдік қасиеті де төмен болатындығы анық. Қазіргі күні жаһандану процессі қарқындаған заманда өткен рухани құндылықтарымызға, уақыт тәжірибесіне қарап, даналық алып қалу үшін де жанталасамыз. Ұлт рухын көтеру белгілі бір уақыт ағымына ғана тиесілі емес, ол шексіз де шетсіз орындала беретін, орындалуы тиіс дүние. Себебі, ұлттық рухы биік мемлекет, ұлттық мүддесін сауатты қорғай білген ел өзгелерге өзін мойындатып, әлемдік өркениеттен өзіне тиесілі орнын иеленеді. Әрбір ұлттың өзін-өзі дамыта білуі бүкіл адамзаттың көкейтесті мәселесі де. Ұлттық сананы көтеру, елдік мүддені ұлықтау ісі естілік келбетті иеленгендердің осы бағытқа бір кісідей жұмылуын талап етеді. Ұлттық рух ұлттық мүддеге қызмет етеді. Қазақ тарихына үңілген сайын елдік пен ерліктің, даналық пен ізгіліктің, рухшылдықтың үлгілерін жиі кездестіреміз. Оларды бойымызға сіңіргенде ғана мемлекет ісі алға басып, мемлекеттілігіміз де тұғырлы болмақ. Тәуелсіз мемлекеттің төл тарихы да жаңаша мазмұнда, яғни саясаттандырылмаған үлгіде, ғылымның табиғи өрісімен жазылып, жас ұрпақ зердесіне құйылуы тиіс.

Мемлекеттіліктің тұғыры халықтың мемлекетшілдік рухтағы тәрбиесіне, әсіресе зиялы қауым өкілдерінің  ұлттық мүдде тұрғысындағы зиялы істеріне келіп тірелетіндігі ақиқат. Сондықтан да нағыз зиялыны қалыптастыру, тәрбиелеп шығару әр ұлттың орасан зор жетістігі болмақ. Ондай ұлттың болашағы да зор. Қазақтың даналық тарихы тұлғаның зиялылық деңгейінің қалыптасуына, рухани өсіп – жетілуіне терең мән берген. Мәселен, Әйтеке бидің «Қасиетсізден хан қойсаң, қайыры болмайды. Батыры ессіз, биі парақор елдің маңдайының соры кереқарыс. Ел ағасы ақымақ болса, елін жау түгілі жолаушы тонар… Ездер ел басқарса, өз елін жаумен бірге тонаудан шімірікпейді. Құлдық ұрған көбейсе, жұтағанның белгісі, азамат деп жүргенің атасымен бұлданса жұтағанның белгісі» [7] – деген даналығы ұлт мүддесіне қаупі зор жандардың болмысын сомдайды.

Информация о работе Ұлттық рухтың тірегі – зиялылық