Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

Өз кезегінде, талапкер өз талаптарын негіздейтін мән- жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, біл әске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың бәсекелестілігінің туындағанын айқындайды, сонымен қатар жауапкер өзінің құқығын жүзеге асыра алады (ҚР АІЖК 151б. 4т.). Осылайша, мысалы азаматтық істің қозғалғандығын біліп және оған ұсынылған наразылығымен танысып, жауапкердің мынаған құқығы бар: « қойылған қарсылықтарды негіздейтін өзінің дәлелдемелерін ұсынуға, қарсы арыз ұсынуға»[167, 13б.], немесе талапкердің талабын өз еркімен орындауға, немесе онымен бітімгершілік шешіміне келуі.

Іске қатысушы тараптар және өзге де тұлғалар өздерінің материалды және процесуалды құқықтарын емін еркін  қолдана алады. Осы жағдайға байланысты азаматтық іс жүргізу құқығының  қағидаларын жеке және жүйелі түрде  қарастырған В.Д.Кайгородованың пікірі қызықты.

Өзге авторлардың пікірінше, «сот тек қана осы құқықтарының жүзеге асуына септігін тигізеді және іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың  орнатылған қызметіне көмек көрсетіп, заңдылықтың жүзеге асуын қадағалайды, себебі олардың заңды біліксіздігі өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына, жүзеге асуына кері әсерін тигізеді» [165, 17б.]. Әрине, іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін ҚР Конституциясымен кепілдендірілген, сапалы заңи көмек беретін олардың өкілдері- адвокаттары қатысады. Мысалы, сот тапсырмасы дегенге анықтама беретін болсақ, ол сот жинау керек болатын дәлелдемелерді айтамыз. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті ( ҚР АІЖК 72б.3т.).

Отандық құқықтық ғылымның дамуы зерттеліп отырған қағидалардың қызметін өзге мемлекеттердің заңи жүйесімен  салыстырмалы түрде зерттеуге шарттайды. Европалық бірлестіктегі мемлекеттердің мүшелері қолданыстағы азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың автономиялық принципіне (диспозитивтілігіне) мыналарды қосады: тұлғаның құқығы соттан көмек сұрауға жүгінуі (volenti non fit injuria), «ешкімді өз еркінен тыс арыз беруге мәжбүрлей алмайды» (nemo invitus agere cogitur) және « талап қоюшысыз сот болмайды» (nemo judex sine actore); талап қоюшының құқығы соттан сұралып отырған қорғаудың мөлшерін анықтау « сот тараптардың талаптарының шегінен шықпауы тиіс»; талап қоюшының арыздан бас тартуға құқығы бар немесе жауапкермен дауды бейбіт түрде шешу, оның қарсылықтарын мойындауға; тұлғаның анықталған процесуалдық амалдарды басқаруға құқығы; соған сәйкес оның қарсы тараппен келісуге немесе оған қарсы шығуға құқығы, дәлелдемелерді ұсынуға, соттың шешіміне наразылық білдіру немесе оған мойын сұнуға және т.б.

Бұл жағдайдың маңыздылығы  азаматтық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасының жүзеге асуындағы осы жағдайларда шешіледі. Мысалы, арыздың жаңа нысанын ҚР АІЖК- нің 49 бабына сәйкес талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанын өзгертуге, атап айтқанда талапкердің ұсынған дәлелдемелері жеткіліксіз болады, сол себепті алдында ұсынылмаған жаңа дәлелдемелер ұсыну қажет болады. Сондықтан, егер талапкер арыздың пәнін өзгерткен жағдайда, онда оның дәлелдеме қызметінің бағыты да өзгереді, соған сәйкес бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы көрініс табады. Сол ҚР АІЖК- нің 49 бабына сәйкес, егер талап қоюшы арыздың негізін өзгертуге шешім қабылдаса, онда осындай процесуалдық әрекеттің жасалуы сот процесіндегі бәсекелестік қағидасының әсерімен болады, мысалы қарсы тараптың берген түсініктемесі, куәгердің түсініктемесі, сарапшының қорытындысы және т.б.

ҚР АІЖК- нің 49 бабының 1 тармағына сәйкес талап қоюшы арыз талабының талаптарын ұлғайтуға немесе азайтуға құқығын қолданса, ол бұл жайдан жай сотқа арыздана алмайды. Істің сотпен дұрыс шешілуі үшін талап қоюшының талап арызын қанағаттандыруы туралы арызы жеткіліксіз. Талап қоюшы шешімінінің негізділігін, талап арызының көлемін қандай жағдайларға байланысты өзгертетінін анықтап беруі қажет, жауапкердің тарапынан туындаған қарсылықтарда өзінің ұстанымын қорғау керек, ал бұл өз кезегінде осы жағдайға байланысты бәсекелестік қағидасының реттелеуін растайды.

ҚР АІЖК-нің 49 бабының 2 тармағына сәйкес: « Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанын немесе негіздемесін  өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс- әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, босатндықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін немесе тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейді». Іске қатысушы тараптардың және өзге де тұлғалардың пайымдауларын растайтын дәлелдемелерді зерттеу мен салыстыру кезінде ғана, сот бұған көз жеткізу мүмкін. Және бұл жерде көрсетілген талаптардың жүзеге асуы бәсекелестік қағидасынан көрініс табады.

В.Д.Кайгородовтың пайымдауынша, «диспозитивтіліктің бастауы барлық азаматтық сот өндірісін қтіп кетеді -нақты істің туындауынан бастап орындаушылық өндіріске дейінгіге дейін»[3, 42-43б.]. Бәсекелестік қағидасы мен диспозитивтілік қағидаларының арасындағы тығыз байланысты ескере отырып, зерттеліп отырған қағидалардың арасындағы өзара қызметпен өзара байланыс азаматтық сот өндірісінің барлық сатыларында көрініс табады деп жоғарыда айтылғандарға аналогиялық түсінік берсек болады.

Енді бәсекелестік қағидасымен  азаматтық сот өндірісіндегі  объективтік шындықтың арасындағы өзара қызметпен өзара байланысы  туралы мәселені қарастырып кетсек. Процесуалдық әдебиеттерде қазіргі  кезде объективті шындық қағидасының барына күмән келтіреді немесе азаматтық сот өндірісіндегі оның қызметінің шекті екені туралы соз қозғалады, бірақ біз бұл қағида бар деп ойлаймыз. Бірқатар авторлар қазіргі азаматтық сот өндірісінде объективті шындық қағидасы жоқ деп санайды [61, 8-9б.; 152, 26-27б.]. Ал басқа біреулер « сот азаматтық істер бойынша шындықты анықтамайды» деп сендіреді [54, 11-13б.]. Сонымен қатар, бірқатар тәжірибелерге сілтеме жасайтын болсақ, азаматтық істегі шынайы жағдайлардың орнатылғаны екі тараптың да мүддесіне сәйкес келмейді. Сонымен бірге автор «объективті шындықтан бас тартуға мүмкіндік жасаған заң шығарушы мәселені шешудің логикалық соңына жеткізбеді, деп кейбір жағдайларға көңіл аударады».Алайда, «уақыт өтек келе ресейлік азаматтардың құқықтық санасының өзгеріп және қоғам дайын болғанша, АІЖК дегі ресми шындық қағидасы нақты және айқын анықталуы тиіс» деп санайды автор. Тек «сотқа қорғану үшін жүгінген кезде ғана, тараптар міндетті түрде шындықтың орнатылуына мұқтаж болмайды»[170 , 336б.].

Осындай пікірмен бірнеше  қазақстандық авторларда келіседі, яғни « объективті шындықтың орнына ресми  және салыстырмалы шындық келді» деп  санайды. Бірақ олар мынаны да жоққа  шығармайды, объективті шындықты анықтауға  болады, егер сотқа өзінің бастамасы  бойынша дәлелдемелерді жинауға  құқық берілсе [171, 39б.].

Бірақ іс бойынша соттың шындықды анықтауы керек екендігін  заңи түрде жоққа шығарылмайды. Барлық сұрақ шындықты қалай түсінетінімізде. Шындық дегеніміз не? С.И.Ожегованың орыс тілі бойынша түсіндірме сөздігінде « шындық – бұл, ақиқатта бар нарсе, ақиқатты көрсететін шынайылық. Объективті шындық. Шындыққа ұмтылу» [150, 329б.]. Осыдан келе «шындық»  және «объективті шындық» түсінігі ұқсас десек болады. Бірақ шындық ресми болуы мүмкін, яғни қабылданған заңи тәртіпте. Бұған қарамастан  іс бойынша әділсоттылықты жөнелтуде соттың шешімі объективті, яғни объективті шындыққа сәйкес болуы керек деп айтуымыз қажет.

Сонымен қатар әдебиеттерде қазіргі кезде азаматтық сот  өндірісінде аталған қағида әлі  де сақталып келеді деген пікірлер бар [31, 40-42б.; 67, 33-35б.; 172, 25-33б.; 173, 2-3.]. Және біздің көзқарасымызша бұндай пікірлер қолданыстағы ҚР АІЖК- не сәйкес келеді деп ойлаймыз. Азаматтық және арбитраждық процестің аясындағы ең атақты қаіргі заманғы ресейлік автор, прфессор А.Т.Боннердің пікірінше, «шындықты орнату азаматтық сот өндірісінің соңғы мақсаты ретінде өзгеріссіз қала береді.  Тек азаматтық істер бойынша шынайы жағдайларды орнатудың қажеттілігі үшін, заң осындай азаматтық сот өндірісі сияқты жеткілікті қиын, қатаң және бағалы процедураны орнатады» [6, 777б.].Егер соттан оның шешімінің объективті шындылығын талап етпесек, онда соттық қателітердің жүзеге асуына жол береміз. Бастысы- шешімінің әділдігі. Керісінше, егер шындық нақты орнатылмаған болса, тараптарды қандай құқықтық қатынас байланыстырып тұр, олардың процесуалдық құқықтары мен міндеттері бар ма, қазіргі шынайы өмірлік жағдайда оларды дұрыс мамандандырып және аталған құқықтық нормаларды дұрыс қолдана алуға бола ма?[174, 45б.].

Исходя из практических соображений, Д.М. Чечот дал следующую оценку принципу объективной истины. По его  мнению, это чисто идеологический принцип, придуманный в противовес принципу так называемой формальной истины. Следует отказаться от этого  принципа, равно как и от судебной истины. То, что производство осуществляется судом справедливо, на основании закона и обстоятельств рассматриваемого дела, должно естественно входить в ткань закона [175, с.123].

Объективті шындық қағидасының  бар екені туралы көзқарастарды  негідеп кету үшін қолданыстағы ҚР АІЖК- нің  кейбір құқықтық нормаларына  сараптама жүргізіп кетсек. Осыған орай ҚР АІЖК- нің 16 бабына  сәйкес судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан- жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар- ұятты басшылыққа алады.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын  немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән- жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады (ҚР АІЖК- нің 77б. 3т.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының түсінгі

 

 

 

2.1 Бәсекелестік – іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі

ҚР АІЖК саралау барысында соттың бастамасымен істі дәлелдемелермен толтыру, іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың арақатынасының белсенділігі жаңадан анықталғандығын көрсетеді.

В.М.Шерстюктің пікірінше  бәсекелестік қағидасының күшіне іске қатысушы тараптар және өзге тұлғалар «ұсынылған арызға қорғау құқығын пайдаланып, өзі үшін немесе тұлға үшін жеңіске жеткісі келсе және жағымды шешімді естігісі келсе,істі шешуде маңызы бар заңи айғақтарды сотқа айтуға міндетті,  айғақтарды теріске шығаратын немесе растайтын дәлелдемелерді ұсынуға немесе көрсетуге,сонымен қатар өзінің дұрыстылығына сот көндіруге бағытталып заңмен көзделген процесуалдық әрекеттерді жасауы тиіс»[186, 123б.].

Бұндай дәлелдеу міндеттерінің  ережелерін орналастыру туралы сонау Рим кезеңінен айтып кеткен: « Дәлелдемені дәлелдеуді талап етіп түрған тұлға өзі дәлелдеуі тиіс »[129, 243б.]. Бұл ереже бәсекелестік қағидасымен тараптардың теңдік қағидасының аясында негізінделген және барлық континенттік құқықтың, сонымен қатар жалпы құқықтық елдердің іс жүргізу заңнамасымен қабылданған.

Бәсекелестік қағидасы негізінен  соттың заңды және дәйекті шешім  шығаруына, сонымен қатар оны  қажетті дәлелді және шынайы материалдармен қамтамасыз етуге арналады.

М.К.Треушниковтың пікірі әділетті «нақты айғақтардың дәлелденуі осы айғақтарды көрсетіп отырған іске қатысушы тарапқа жүктелуге міндетті және өзінің қарсылықтары мен талаптарын осы айғақтар бойынша негіздеуі тиіс» [63, 45б.].

Бұндай пікірмен өзге авторларда келіседі, яғни өзінің талабын дәлелдемеген талап қоюшыдан қарсы тарапқа  дәлелдеу міндеті өтпейді. Жауапкер қысқа немесе кеңейтілген түрде  қарсылық білдіруі мүмкін, бірақ оның сендірмегендігі және дәлелсіздігі талап қоюшыға басымдылық бермейді, себебі талап арызды дәлелдеу міндеті заң бойынша талап қоюшының міндеті болып табылады. Міндет, тараптардың келісімінсіз, соттың қарауы бойынша да  іске қатысушы басқа тарапқа берілмейді. Кейбір жағдайларда анықталған мән- жайларды дәлелдеу, дәлелдеу міндетінің ережесі бойынша жауапкерге жүктеледі,яғни жауапкер дәлелдеуі тиіс, бірақ ол оны дәлелдей алмады, оның іс жүргізу міндеттері талап қоюшыға жүктелмейді, керісінше жауапкерге қарсы соттың шешімінің шығуына әкеледі (мысалы, жауапкер талап қоюшының шындыққа сәйкес келмейтін, оны қаралайтын мәліметтерді таратқанын дәлелдей алмады )[187, 61- 62б.].

Азаматтық сот өндірісіндегі бәсекелестік қағидасының мазмұнын  іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың іс жүргізу қызметі құрайды.

Дәлелдеу міндеті туралы сөз қозғалған кезде, оның орындалуы  ҚР АІЖК- нің 47 бабына сәйкес мынандай іс жүргізу құқықтары бойынша жүзеге асырылады: іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сотқа жазбаша және ауызша нысанды түсініктеме беруге және т.б. «Толығымен алғанда бұл дәлелдеу құқығын құрайды»,- деп С.В.Курылев айтқан [45, 106б.]. Бұл көзқарасты М.К.Треушниковта қолдайды [63, 44б.].

Осыдан келе, дәлелдемелерді ұсына отырып тарап өзінің дәлелдеу құқығын және бір мезетте дәлелдеу міндетін орындайды, себебі әр тарап  өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс ( ҚР АІЖК 65б.).

Көптеген ғылыми жұмыстардың  авторы С.В.Курылев «Кеңес әділсоттылығындағы дәлелдеу теориясының негізі атты бір жұмысында мынандай мысал келтірген, дәлелдеу туралы айтқанда бір мезетте құқық туралы да сөз қозғасақ болады, сонымен қатар міндеттер туралы да.

Былай дәйек сөз келтірсек: «Егер дәлелдемелерді ұсыну соттың талабы бойынша жүзеге асырылса (тарап мүмкін бұл дәлелдемені қолданғысы келмеген де болар), онда дәлелдеуді ұсыну қызметі дәлелдеу міндетін жүзеге асырады. Егер дәлелдемелерді ұсыну тараптың талабы бойынша жүзеге асырылса ( сот ұсынылған арыз болмағанда бұл дәлелдемелерсіз ақ істі жүргізе беретін еді), онда тараптың дәлелдемені ұсынуы дәлелдеу құқығын жүзеге асыру рөлінде көрініс табатын еді»[45, 109б.].

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)