Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:24, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Диссертациялық жұмыс сот әділдігінің түсінігі мен құқықтық табиғаты принциптерін анықтауға байланысты жеткіліксіз игерілген(ізденушінің ұстанымы бойынша)мәселелер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтық iстер бойынша соттардың сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының түсінігі, мазмұны және жүзеге асырылуының кешенді зерттеулерінен тұрады.

Содержание

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 5
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК 15 ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТЕОРИЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сот әділдігінің түсінігі және табиғи құқықтық принципі 15
Бәсекелестік қағидасының қалыптасу тарихы мен дамуы 30
Қазақстан Республикасының заманауи азаматтық сот ісін жүргүзуінің бәсекелестік қағидасының түсінігі мен мазмұны 45
Бәсекелестік қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудің басқа қағидаларымен өзара байланысы және қатынасы 62
Дәлелдеу сатысындағы бәсекелестік қағидасының манызы 82
Бәсекелестік-тараптар мен іске қатысушы басқа тұлғалардың дәлелдеу қызметінің негізі 82
Дәлелдеу сатысындағы соттың орны мен бәсекелестігі 101
Өкіл ретінде адвокат қызметінің ерекшеліктері мен бәсекелестігі 110
3.ӘР САТЫДАҒЫ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 117
Сот өндірісінің бірінші сатысындағы бәсекелестік қағидасының жүзеге асуы 117
Аппеляциялық сатыда сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 142
Заңдық күшіне енген сот актілерін қайта қарау кезіндегі сот актілерінің жүзеге асуы 159
ҚОРЫТЫНДЫ 170
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 176

Прикрепленные файлы: 1 файл

Егембердиев Ержан Ошакбаевич.docx

— 279.44 Кб (Скачать документ)

9. Ақыры, тергеу қағидасын  кезекті жүргізудің деректі мүмкінсіз,  себебі соттың жұмысы оған  ауырлық тудырып, бірнеше есе  көбеюші еді.

Бәсекелестік қағидасына көпетеген қарсылықтар туындады. Бірақ негізігісі болып келесіде көрініс тапқан тұжырым танылды.

Егер екі дауласушы  тарапта теңдей, бірдей дайындалған  және епті қарсыластар болса, онда бәсекелестік қағидасы пайдалы және мақсатты болуы  мүмкін. Бұндай жағдайда сотқа дауласушы  тараптардың сайысына үндемей қарап, бейтарап шешім шығарады. Егер тараптардың күштері теңдей болмаған жағдайда, мысалы егер бір тарап білімді болса, ал екінші – сауатсыз болса немесе бір тарапқа іс жүргізуді түп тамырына дейін білетін және беделі бар адвокат көмек көрсетсе, ал екінші дауласушы бұл аяда бірінші рет процеске қатысып өзін- өзі қорғаса, онда бәсекелестік қағидасы тек мықтының әлсізден, адвокат жалдауға қаражат жететін байдың қаражаты аз, өзін- өзі қорғауға міндетті тұлғадан жеңуіне әкеліп соғады. Ал бұл әділеттілікке қарсы.

Тараптардың тең еместігіне әсер ету үшін екі жағдайдың біреуін  енгізу керек: немесе заңгер мамандардың  іс жүргізуге міндетті қатысуын, немесе деректі жағдайлардың анықталуына  байланысты тараптарға соттың көмек  көрсетуін жүктеу.

Бірінші әдіс батыс еуропа заңнамасында коллегиялық соттардың  қарайтын істерінде қолданылады: Францияда  бұндай істер дауласушы тараптардың  сенімді адамдар арқылы жүзеге асады, ал Германия және Австрияда- сенімді  адамдардың қызметі жүктелген адвокаттар арқылы жүзеге асырылады. Алайда бәсекелестік қағидасына бұндай өзгерісті енгізу келесі түсініктер бойынша мақсатты деп таный алмаймыз. Біріншіден, тәжірибе көрсеткендей сенімді адамдардың немесе адвокаттардың іс жүргізуге қатысуы деректі құжаттарды іздеудежәне дайындауда соттың қатысу қажеттігі алынып тасталмайды. Бұндай қатысуға қарамастан аталған мемлекеттерде соттың құқығын шешу қажеттілігі туралы мәселелер туындады. Екіншіден, дауласушы тараптарға сенімді адамдар мен адвокаттардың көмегі пайдалы болса да, бірақ заң бұл көмекті оларға міндеттей алмайды, себебі ол көмек үшін олар ақы төлеулері керек.

Сондықтан, екінші әдіс артықшылыққа ие: материалдық шындықты ашу түрінде, процеспен материалдық басқару құқығын яғни бәсекелестік қағидасына кейбір тергеу бастамасының мөлшерлерін қосуды сотқа ұсыну. Бірақ бұл жерде екі қағиданың өзара қатынасының арасында қай мөлшерде оларды қосу керектігі туралы маңызды сұрақ туындайды. Бұл сұрақ келесідей түрде шешілуі тиіс. Іс жүргізуді бәсекелестік қағидасына негіздей отырып құру керек; соттың іске араласуы диспозитивтік қағидаға қайшы келмейтін мөлшерде ғана рұқсат етіледі. Тек сот қана дауласушы тараптарды іс жүргізудің объектьісін басқаруда, олардың еркіне берілген қорғанудың процесуалдық әдістерін қолдануға міндеттей,өз бастамасымен  дауласушы тараптардың еркіне қарсы қолдануды қаймықтыра алмайды. Себебі сот дауласушы тараптардың қызметін тек толықтырып бағыттай алады, бұнда тергеу қағидасының қолданылуына ерекше назар аудару қажет емес. Сондықтан « нұсқаулық қағидасы » терминін қолданған дұрысырақ болады. [30, 130-134б.].

Жоғарыда көрсетілгендерден, бәсекелестік қағидасына қатысты «  қолдау және қарсы шығу» жайлы  революцияға дейінгі кезеңнің процессуалист- ғалымдардың көзқарастарында көп жағдайлар қолдануға мүмкіндік бар және қазіргі таңда қолданылады.

Бәсеклестік қағидасының  және инквизициялық (тергеу) қағидасының қосылуының қаншалықты айқын көрініс табуын  қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес қарастырамыз. Біздің ойымызша, өзінің құрамы бойынша келесідей нормалар осы екі қағиданың сәйкестігін құрайды: 1) « Сот... тараптардыі дәлелді өтініші бойынша оған қолданыстағы кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі» (ҚР АІЖК 15б. 2 т. және 66б. 4,6 т. ); 2) «Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды» (ҚР АІЖК 66б. 2 т.); 3) «Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы» (ҚР АІЖК 66б. 3 т.); 4) «Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі» (ҚР АІЖК 66б. 10 т.); 5) «Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады» (ҚР АІЖК 74б.); 6) «Сот сараптаманы тараптың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды» (ҚР АІЖК 91б. 3т.); 7) жазбаша және заттай дәлелдемелерді қарау (ҚР АІЖК 84, 87, 88б. ); 8) талап қоюды қамтамасыз ету (ҚР АІЖК 158б.); 9) судьяның істі сотта қарауға әзірлеу (ҚР АІЖК 170б.)  және т.б.

Көріп отырғанымыздай, бәсекелестік және тергеу қағидасының элементтері  қазіргі уақыттың талаптарына және жағдайларына сәтті  бейімделген. Осыдан келесі қорытындыға келеміз, бәсекелестік қағидасының іс жүзінде «таза» күйінде  болуы мүмкін емес. Бұндай қағидаларды  жұп күйінде қалыптастыру керек  емес, дегенмен «жұп» қағидалардың біреуінің басымдылыққа ие болуы керек, « бәсекелестік және тергеу қағидаларының бәсекелестік артықщылықтарымен »- сызба бойынша.

 

    1. Бәсекелестік қағидасының Азаматтық сот өндірісіндегі өзге қағидалармен өзара байланысы мен өзара қызметі.

Азаматтық іс жүргізу бір- бірін толықтыратын және кепілдендіретін қағидалардың үйлесімділігі [8,22б; 147,9б.], ортақ шарттаудың негізінде құрылады[73, 51б.].

Н.А.Чечинаның пікірінше  кез-келген қағиданы жүйеден жалпы  бөліп қарастыру, қоғамдық қатынастарды реттеудегі оның рөлі мен оның негізгі түсінігін анқтауға мүмкіндік бермейді. Жүйеден кез- келген қағиданы алып тастау  әрбір қалған қағиданың мазмұнына, сонымен қатар өзара қызметіне де тікелей әсер етеді. Қағида кері де, оң да рөлді ойнай алмайды, не болмаса бір қағида іс жүргізу құқығының ерекшелігін анықтай алмайды [69, 79-80б.].

Бәсекелестік қағидасының  түсінігін анықтау үшін, алдымен  азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары жүйесінде оның орнын анықтап  алу қажет.

Азаматтық сот өндірісінің  барлық қағилары ортақ жүйені құрайтыны  сөзсіз, сондықтан олар тұтас элемент болғандықтан өзара байланысты және бір- бірімен өзара қатынаста. Азаматтық сот өндірісінің мынандай қағидаларымен- тараптардың теңдігі, шындықтың диспозитивтілігі мен объективтілігі, басқа да қағидалармен өзара қызметі мен байланысын көрсету, сонымен бірге бәсекелестік қағидасы жүйесінің бір ғана элементін терең ашу жеткілікті.

Азаматтық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасын тараптардың  теңдігі қағидасымен өзара қызметін және өзара байланысының құқықтық табиғатын  қарастырудан бастаймыз. Тараптардың теңдігі туралы бір мағыналы түсінік ҚР АІЖК 15 бабымен нақты қамтамасыз етілген, яғни тараптар тең процесуалдық құқықтарды қолданады және оларға теңдей процесуалдық міндеттер жүктеледі. Бұл дегеніміз, «азаматтық іс жүргізуде заң тараптарға өздерінің субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға теңдей мүмкіндік береді» [73, 47б.]. Бұл өз кезегінде азаматтық іс жүргізудегі бәсекелестікке қолайлы жағдай туғызады.

В.П.Смирнов атап кеткендей, процесуалдық ғылымда тараптардың  теңдігі және бәсекелестік – бұл  дербес қағидалар [163, 171-172 б.]. Олар іс үшін мазмұны бойынша да түсінігі бойынша да әр түрлі. Егер тараптардың теңдігісіз процесс мүмкін емес болса, онда бәсекелестіксіз ол мүмкін. Басқаша айтқанда, егер тараптардың теңдігі қағидасы баламалы болмаса, онда бәсекелестік үшін ол мүмкін, яғни нақты жағдайда бұл тергеушлік қағидасы.

Сонымен қатар азаматтық  іс жүргізуде тараптардың «теңдік» термині кеңінен қолданылады және ерекше назарға ие, яғни тараптардың «теңдігі» - бәсекелестіктегі міндетті жағдай. Ол бәсекелестік қағидасының мазмұнына жиі қосылып отырады [31, 44б.]. Тараптардың тең құқықтылық қағидасы барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасымен тығыз байланысты. Ол дербес мазмұнға ие келесі жағдайларды шарттайды: біріншіден, сот пен заң алдындағы бәрінің конституциялық теңдігі ( ҚР Конституциясының 14б. 1т.) және, екіншіден,тараптардың материалдық- құқықтық қатынастағы теңдігі (ҚР АК 2б. 1т.). Азаматтық іс жүргізудегі жауапкердің мүддесін қорғауға арналған жұмысында, И.М.Пятилетов былай деген: «  тараптардың материалдық- құқықтық мүделлерінің сәйкес келмеуі тараптардың процесуалдық құқықтарының теңсіздігін туындатпайды.  Заң, талапкер мен жауапкердің теңдей  процессуалдық құқықтары мен мүдделерін бекіте отырып, тараптардың теңдей сот қорғауын қамтамасыз етеді және олар іс бойынша өздерінің құқықтық ұстанымдарын қорғай алады»[13,12б.].

Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың теңдік қағидасыжеке тұлғалардың материалдық диспозитивті құқықтарын тараптардың теңдей  пайдалану құқығы көзқарасы бойынша қарастырылады: талапкер өз арызынан бас тартуға құқығы бар, арыздың пәнін немесе негізін өзгертуге, жауапкер қарсы арыз ұсынуға құқылы,арызды толығымен немесе жартылай мойындауға құқылы, тараптар бітімгершілік келісімге келуге құқылы, өндіруші өзінің өндіру құқығынан бас тарта алады. Бұндай құқықтар басқарушы деп аталады: тек қана тараптар, материалды мүдделі тұлғалар бола отырып, процестің объектісін жеке дара басқара алады: өздерінің қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерінің көлемін анықтау, сонымен қатар ұсынылған талаптарына өзгерістер енгізе алады. Өзге авторлардың пікірінше « бәсекелестік қағидасын жүзеге асырудың шарты ретінде тараптардың процесуалдық теңдігі көрініс табады, себебі өздерінің субъективтік құқықтары мен мүделлерін қорғауда тараптар тек теңдей процесуалдық амаладарын қолдана алады» деп - санауға негіз бар [61, 27б.].

Бұл жағдай өзінің заңи бекітілгендігін  ҚР АІЖК-нің 15 бабында көрініс табады: « тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады». Бұл туралы заң әдебиеттерінде де айтылады, яғни «сот отырысында  азаматтық істерді қарау барсыныда өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін теңдей процесуалдық құқықтарды қолданатын  тараптардың процесуалдық қызметтерін межелеу бәсекелестік қағидасының мазмұнын білдіреді»[165, 17б.].

Осылайша мемлекет соттың (судьяның) кейіпінде бола отырып тараптардың  қайсысының жеңетініне мүлдем мүдделі  емес, осылай істі талқылауда өзінің объективтілігі мен бейтараптылығын сақтайды және қай тараптың өзінің талаптары мен қарсылықтарына сілтеме жасай отырып, мән жайды дәлелдейтін тараптың жеңуіне мүмкіндік жасауы керек немесе ол екі тарапқа да процесте теңдей құқық ұсынуы қажет. Процесте тең құқықтылықтан басқа тараптар теңдей іс жүргізу міндеттерінде де атқаруы тиіс (ҚР АІЖК 47б. 2т.). Және әр тарап тек шынайы, бірдей іс жүргізу құқықтарын иеленгенде және бірдей іс жүргізу міндеттерін атқарғанда ғана азаматтық сот өндірісінің қағидасы болып табылатын тараптардың теңдігі туралы сөз қозғасақ болады. Е.В.Васьковскийдің пікірінше бұл екі жағдайды туғызады: біріншісі « сот жауапкердің (audiatur et altera pars) түсінігін тыңдамай жатып шешім қабылдай алмайды, немесе, нақтырақ айтқанда, оған түсіндіруге мүмкіндік бермеу, немесе, егер жауапкер түсіндіргісі келмесе, оны бұған мәжбүрлей алмайды»; екіншісі, «әр тарапқа дауласудың бірдей процесуалдық амалдары ұсынылуы тиіс және оларды қолдануда да бірдей мүмкіншілік берілуі тиіс:  жауапкерге рұқсат етілмейтін нәрсе талапкерге де рұқсат етілмеуі тиіс, және керісінше (non debet actori licere, quod reo non permittitur)». « Олар дауласатын құрал шекті өлшемде болуы тиіс, жарықпен қараңғы теңдей анықталған» [30, 126- 127б.].

Осылайша, бәсекелестік қағидасы азаматтық сот өндірісіндегі  тараптардың теңдік қағидасынан  ажырамайды, бұл ҚР АІЖК-нің  15 бабымен бекітілген. Тек тараптарға теңдей іс жүргізу құқық тары мен міндеттерін беру сот алдында бәсекелесуге мүмкіндік береді. Бәсекелестік қағидасымен азаматтық іс жүргізудегі тараптардың теңдік қағидасының өзара қызметі тараптардың іс бойынша өз ұстанымдарын қорғау мен дәлелдеуде теңдей процесуалдық құқықтар беру мүмкіншілігін пайымдайды.

ҚР Конституциясының 77 бабында көзделгендей, бәсекелестік қағидасы мен тараптардың теңдік қағидасын қосу қажет, яғни қарастырылатын қағидалардың құқықтық маңызы жалпы әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан да конституциялық қағидалардың құрылысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге негіз береді. Бәсекелестік және азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың теңдігі конституциялық категория тұрғысынан алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесінің ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан  өзінің әлеуметтік- құқықтық табиғатынан мемлекеттік- құқықтық институт ретінде қарастырылуы қажет.  Және Қазақстан Республикасы Конституциясының 77 баптың 3 тармағының 11 тармақшасына келесідей мазмұндағы толықтырулар енгізу дұрыс болар еді: «бәсекелестіктің және тараптардың теңдігі негізінде істі қарау мен шешу ».

Азаматтық сот өндірісіндегі  бәсекелестік қағидасының қызметі тараптардың диспозитивтілік өкілеттігінің көлемімен байланысты. Азаматтық сот өндірісіндегі диспозитивтілік қағидасы кеңінен қолданылады, даудың пәні бойынша субъективті материалды құқықтарын басқару, істің ары қарай дамуы мен аяқталуындағы туындайтын іс жүргізу міндеттерін қолдануға  тараптар құқылы.

Атақты ресейлік процесуалист- ғалым М.К.Треушников қарастырылып отырған қағидалардың өзара қызметін ескере отырып былай дейді: « егер диспозитивтілік қағидасы іске қатысушы тараптардың және өзге тұлғалардың мүмкіншіліктерін анықтайтын болса, онда бәсекелестік қағидасы өзінің құқықтық ұстанымын қорғай отырып, ұсынылған талаптар мен қарсылықтардың дәлелденуі негізінде олардың мүмкіншілігі мен міндеттерін анықтайды»[61, 27б.].

Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияда, азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәселелері мен болашағы атты жұмысында А.Б.Боттер былай деп ескеріп кеткен, диспозитивтілік қағидасы азаматтық сот өндірісінің қозғалмалы бастамасы, яғни азаматтық істер туындайды, өзгереді, бір сатыдан екінші сатыға өтеді және өз құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің  қорғалуына мүдделі тұлғаның бастамасы бойынша тоқтатылады [6, 758б.]. Бәсекелестік қағидасымен диспозитивтілік қағидаларының өзара қызметімен және өзара қатынасына көз жеткізу үшін анық айқындалған қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы нормаларын үйрену жеткілікті. Мысалы, бұл талапкердің сотқа жүгінуінен басталады деп айтсақ болады: материалды мүдделі тұлға өзінің талап арызында қорғанудың тек пәні мен көлемін көрсетіп қана қоймай, оларды диспозитивтілік қағидасына сәйкес анықтап алуы қажет, алайда «талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән- жайларды растайтын дәлелдемелер » ( ҚР АІЖК 150б., 2т., 5т.),  ал соңғысы бәсекелестік қағидасының мазмұнын көрсететін ережелерге байланысты. И.А.Евтодьеваның пайымдауынша, «көрсетілген қағидалардың өзара байланысы іс қозғалған кезде жоғалмайды. Осылайша, мысалы іске қатысудың ретін таңдай отырып ( жеке немесе өкілі арқылы), талап қоюшы өзінің диспозитивті өкілеттілігін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар өзінің бәсекелестілігінің қызметінің нысанын анықтайды; іске даудың пәніне байланысты жеке дара талаптарды арызданбаған өзге талап қоюшылармен үшінші тұлғаларды тарта отырып, ол өзінің субъективтік дәлелдемелерінің аясын кеңейтеді және т.б.» [166, 13б.].

Информация о работе Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)