Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 10:21, реферат

Краткое описание

азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

 1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе отырып актілер шығарады.     

 2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша негіздемені осы Кодекстің 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға ұсынады.     

 3. Жұмыс беруші актісінің жобасы табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде комиссияда талқыланады.      

 4. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады.      

 5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:     

 1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып өзгертілген акт шығарады;     

 2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге не олар ұсынған редакциядағы актіні шығаруға құқылы.     

 6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда, туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші нормативтік актіні қабылдауға құқылы.     

 7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған кезде қызметкерлер өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы.     

 8. Егер жұмыс берушінің шығарған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады.      

13-бап. Осы Кодексте  белгіленген мерзімдерді есептеу      

 1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін. 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі. 
      3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен кейінгі күні басталады. 
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, аптаның тиісті күндері бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің бітуі тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні бітеді. Күнтізбелік апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де қосылады. 
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.      

14-бап. Қазақстан  Республикасының еңбек заңнамасын 
              бұзғаны үшін жауаптылық      

 Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК  ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН  РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ      

15-бап. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің еңбек 
              қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті     

 Қазақстан Республикасының Үкіметі:     

 1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;     

 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады;      

 3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді;      

 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;      

 5) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін белгілейді;     

 6) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін, оны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды;      

 7) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекітеді;     

 8) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;      

 9) Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;     

 10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына тұруға конкурс өткізу тәртібін айқындайды;      

 11) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;     

 12) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;     

 13) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді; P080217      

 14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;     

 15) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;     

 16) салалық келісімдерде айқындалатын салалық арттырушы коэффициенттерді бекітеді;      

 17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды тергеуге комиссия құрады. 
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       

16-бап. Еңбек жөніндегі  уәкілетті мемлекеттік органның 
              еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті      

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:     

 1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;     

 2) қызметтің барлық салаларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;      

 3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;      

 4) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;     

 5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;     

 6) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін белгілейді;      

 7) еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;     

 8) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;     

 9) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі  бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;      

 10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;     

 11) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;      

 12) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;     

 13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;      

 14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары жөніндегі зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;     

 15) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлеп, бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;      

 16) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;      

 17) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;     

 18) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібін айқындайды;     

 19) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын айқындайды;     

 20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын айқындайды;      

 21) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, жұмыстардың тізбесін айқындайды;      

 22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;     

 23) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін белгілейді;     

 24) Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді.      

17-бап. Еңбек жөніндегі  уәкілетті мемлекеттік органның 
              аумақтық бөлімшелерінің еңбек қатынастарын 
              реттеу саласындағы құзыреті     

 Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:     

 1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;     

 2) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;      

 3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;     

 4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексереді;     

 5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес тексеруді жүргізеді;     

 6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;      

 7) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;      

 8) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды.       

18-бап. Жергілікті  атқарушы органдардың еңбек 
              қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті     

 Жергілікті атқарушы органдар:     

 1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмысшы күшін тартуға рұқсат береді;     

 2) жергілікті өкілді органның келісімімен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындайды;     

 3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;     

 4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл өткізуді келіседі;      

 5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасайды;     

 6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;     

 7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді. 

3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ  СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ  ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ      

19-бап. Еңбек қатынастарының  субъектілері     

 1. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып табылады. 
      Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін орындайды. 
      2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот шешімдері, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде қызметкерлердің немесе жұмыс берушінің мүдделерін білдіреді.      

20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері     

 1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасау алдында: 
      1) лауазымға сайлану (сайлау); 
      2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану; 
      3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту; 
      4) заңда уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа жіберуі; 
      5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.      

Информация о работе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі