Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 10:21, реферат

Краткое описание

азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

153-бап. Қызметкерді  жұмыс берушімен бірге басқа  жерге 
                ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен өтемақы 
                төлемдері     

 1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс беруші қызметкерге: 
      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону; 
      2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.      

154-бап. Экологиялық  зілзала және радиациялық қатер 
                аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын 
                қызметкерлерге берілетін кепілдіктер     

 Экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.       

155-бап. Қызметкердің  жеке мүлкін жұмыс берушінің 
                мүддесіне пайдалануға байланысты өтемақы 
                төлемдері     

 Қызметкер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен пайдаланған кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлемдерін жүргізеді.      

156-бап. Жұмысы жолда  өтетін немесе жүріп-тұру сипаты 
                бар не қызмет ету учаскелері шегіндегі 
                қызметтік сапарлармен байланысты болатын 
                жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдері     

 1. Қызметкерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде болған әр күн үшін келісімде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі. 
      2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргізіледі. 
      3. Өтемақы төлемдері еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режиміне қарамастан жүзеге асырылады. 
      4. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде өтемақы төлемдері ескерілмейді.       

157-бап. Жұмысынан  айрылуына байланысты берілетін 
                өтемақы төлемдері      

 1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда: 
      1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда; 
      2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. 
      2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек 
шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. 
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.       

158-бап. Далалық  жабдықталым ақшасын төлеудің  тәртібі 
                мен шарттары     

 1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының қызметкерлеріне: 
      1) тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келмейтін тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде; 
      2) сол сияқты тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, далалық ұйым орналасқан жерге күнде қайтып келгенімен тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде; 
      3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленеді. 
      2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық күнтізбелік күндер үшін жүргізіледі. 
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшін қызметкерлерге далалық жабдықталым ақшасы төленбейді. 
      4. Қызметкер далалық ұйымнан іссапарға шыққан кезде оған далалық жабдықталым ақшасын төлеу тоқтатылады, ал іссапарға байланысты шығыстар осы Кодекске сәйкес өтеледі. 
      5. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде далалық жабдықталым ақшасының мөлшері есепке алынбайды. 
      6. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі, шарттары мен мөлшері, далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді және жұмыс берушінің актісімен бекітіледі. 
      7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезінде қызметкерге демалыс күндері үшін далалық жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар жүргізілетін объектіде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар жүргізілетін жерден тысқары) өткізуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай тәртіп еңбекті ұйымдастырудың, еңбек пен тынығу режимінің қабылданған нысандарына қарамастан қолданылуы мүмкін.       

159-бап. Қызметкерлерге  жұмыс берушінің қаражаты 
                есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу     

 1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. 
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. 
      3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді. 
      4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін, оларды тағайындау және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы. 
      Ескерту. 159-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

14-тарау. ЕҢБЕК  ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ 
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ      

160-бап. Еңбек шарты  тарапының келтірілген залалды 
                (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері     

 1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін. 
      3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.      

161-бап. Еңбек шарты  тарапының залал (зиян) келтіргені 
                үшін материалдық жауапкершілігі басталатын 
                жағдайлар     

 1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал (зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе 
әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін басталады. 
      2. Жұмыс беруші қызметкер алдында: 
      1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін; 
      2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін; 
      3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады. 
      3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында: 
      1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін; 
      2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады. 
      4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еңбек шартында белгіленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.      

162-бап. Жұмыс берушінің  қызметкерге оны еңбек ету 
                мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген 
                залал үшін материалдық жауапкершілігі     

 1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған 
тиесілі өзге де төлемдерді оған өтеуге міндетті. 
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залалды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін.      

163-бап. Қызметкердің  мүлкіне келтірілген залал үшін 
                жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі     

 Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге міндетті.      

164-бап. Қызметкердің  өміріне және (немесе) 
                денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс 
                берушінің материалдық жауапкершілігі     

 1. Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. 
      3. Жұмыс берушілердің қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.       

165-бап. Қызметкердің  жұмыс берушіге залал келтіргені 
                үшін материалдық жауапкершілігі     

 1. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілігі осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады. 
      2. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге міндетті. 
      3. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін жауапкершілігі жойылады. 
      4. Қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді. 
      5. Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. 
      6. Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе аталған мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе қалпына келтіру үшін шығындалуына не артық төлем төлеуіне деген қажеттілігі түсініледі.       

166-бап. Қызметкердің  материалдық жауапкершілігінің  шегі     

 Қызметкер келтірілген залал үшін, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өзінің орташа айлық жалақысы шегінде материалдық жауаптылықта болады.      

167-бап. Қызметкердің  жұмыс берушіге келтірілген залал 
                үшін толық материалдық жауапкершілікте болу 
                жағдайлары     

 Мынадай: 
      1) қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 
      2) қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 
      3) алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайда залал келтірілген; 
      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген; 
      5) қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған заңсыз іс-әрекеттерінен залал келтірілген жағдайларда жұмыс берушіге келтірілген залалдың толық мөлшеріндегі материалдық жауапкершілік қызметкерге жүктеледі.       

168-бап. Толық жеке  және ұжымдық (ортақ) материалдық 
                жауапкершілік туралы шарттар     

 1. Өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады. 
      2. Өндіріс процесінде өздеріне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты, келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық жауапкершілігінің аражігін ажырату мүмкін болмайтын жұмыстарды бірлесіп орындайтын қызметкерлер және жұмыс беруші қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкерлердің толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады. 
      3. Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар еңбек шартын жасасу кезінде де, еңбек шартына қосымша ретінде де жасалуы мүмкін. 
      4. Қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы үлгілік шарт ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде) немесе жұмыс берушінің актілерімен бекітіледі.       

Информация о работе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі