Азаматтық құқық пәні мен әдісі
Дипломная работа, 09 Мая 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Азамматық дайын.docx
— 113.97 Кб (Скачать документ)Кіріспе
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату – сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады.
Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады
Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдылық теңдігі мүліктік-құңды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.
Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.
Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастын спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында.
Жалпы азаматтық құқықтың
объектілері мынандай түрлерге
жіктеу арқылы зерттеуге
Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.
1 Азаматтық құқықтың негізгі теориялық бастамалары
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
Құқық теориясынан белгілі болғандай құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады.
Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық пәні мен әдісін қолданады.
Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін қалыптасатын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер етеді.
Азаматтық құқық нормалары өңдірілген өнімді сатып алу, оны темір жол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажеті де жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымның пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.
Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылды.
Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік құңды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекаватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.
Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәннің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тәң белгісіне мүліктік және мүліктік емес қатынастар ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады.
Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттеліктер негізінде көрініс табады мысалы ар намыс іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өңдірістік үлгі жайында туындайды.
Екіншіден, жеке мүліктік емес
мүлікпен байланысты қатынастар
(мәселен бұған белгілі бір
құқықтар жатқызады). Бұл қатынастарда
азаматтардың немес ұйымдардың
даралығы көрініп, олардың әлеуметтік
қасиеттерге бағалау
Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиетін анықтау керек.
Мүліктік-құңды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегіне жеке қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттеріне өзара бағалай алады деп есептейді.
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттеу туралы мәселермен байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.
Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие.
Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құңды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады.
Қорытындай келсек азаматтық құқықтың тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықтық диспозивтік қағида деп қарастырады.
Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз-екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орын жоғары қоя алмаушылығымен айырықшаланады.
Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамсыз етеді, заңмен рұқат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді.
Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.
Сондықтан азаматтық
заңдылықтардың нормаларын
1.2 Азаматтық құқықтың пәні