Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 23:21, лекция

Краткое описание

Адвокатураның қызметі, сөз жоқ, құқық қорғауға жатады. Ол ҚазақстанРеспубликасы Конституциясы мен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және мыналарды; қылмыстық істер бойынша қорғауды; азаматық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілетті. Сондай-ақ азаматар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көрсетуді алқа қояды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Адвокатура.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

      2. Осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 5) (жазалау шарасы ретiнде өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасаған адамды айыптау кезiнде), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды.

      3. Қорғаушыдан  бас тарту айыпталушыны немесе  сезiктiнi кейiн қорғаушының iске қатысуына  рұқсат ету туралы өтiнiш жасау  құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске  қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу  немесе сот талқылауының барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.

Тақырып 12.Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы

1. Азаматтар соттағы ісін  өздері немесе өкілі арқылы  жүргізуге құқылы. Сот өкілдері  дегеніміз өзіне жүктелген өкілеттігінің негізінде өкілденушіге ұтымды шешім шығаруына күшін сала отырып, өзінің азаматтық және процесуалдық құқықтарын дұрыс пайдалана білуіне көмектесуші. Сотта өкілдің іске қатысуы объективті ақиқатқа жетуіне көмегін тигізеді. Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың істерін олардың заңды өкілдері, ал заңды тұлғалардың ісін сотта олардың органдары мен өкілдері жүзеге асырады. Яғни ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, нормативті – құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс - әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді, соның негізінде олар сотта өкіл болып қатыса алады. Азаматтық – процесуалдық заңдарға сәйкес мыналар:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың қызметкерлері  – осы заңды тұлғалардың істері бойынша;

3) кәсіподақтың уәкілетті  адамдары – осы кәсіподақтың  жұмысшыларының, қызметшілерінің, басқа  да адамдардың істері бойынша, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін;

4) заңмен, жарғымен немесе  ережемен осы ұйымдар мүшелерінің  құқықтары мен мүдделерін қорғау  құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе  ережемен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

6) іске қатысушылардың  өтініші бойынша сот рұқсат  еткен басқа да адамдар сотта өкілдер болып қатыса алады.

Сондай – ақ заңда сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар да көрсетілген:

1) кәмелет жасына толмағандар  мен қамқоршысы мен қорғаншы аясындағылар;

2) адвокаттар алқасынан  шығып қалған адвокаттар;

3) судьялар, тергеушілер, прокурорлар  мен өкілді органның депутаттары;

4) адвокатура туралы заңмен  белгіленген ережелерді бұза  отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар;

5) азамат, егер мүдделері  өзі өкіл болып отырған адамның  мүдделеріне қайшы келетін адамдарға  осы іс бойынша заң көмегін  көрсетсе немесе бұрын көрсеткен  болса, сондай – ақ судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса, егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды тұлғамен туыстық қатынаста болса;

2.Істі өкіл арқылы жүргізу  соттың барлық инстанцияларында  мүмкін. Өкілдіктің түрі өкілденушінің  заңды айғақтарына, заңды еркінің мәніне қарай 2 топқа бөлінеді:

1). Шартты өкілдік немесе  ерікті өкілдік, яғни шартты өкілдік  өкілденуші мен өкілдің арасындағы  шарттың негізінде пайда болады. Өкілдік кей жағдайларда тұрақты  заңды тұлғаның қызметкерлерімен  еңбек шарты негізінде де пайда  болады. Бұндай жағдайда өкілденуші мен өкілдің арасындағы қатынас еңбек шартымен және еңбек заңымен реттеледі. Шартты өкіл болып:

- адвокаттар;

- заң кеңесшісі, яғни олар  өзі жұмыс атқаратын мекеменің, ұйымның заңды мүддесін сотта  қорғау үшін қатысады, сондай  – ақ мекеменің өкілі болып кез – келген өкілдің өкілеттігін растайтын құжаты бар азамат сотта өкіл болып қатысады;

- өкілеттік берілген басқа  да тұлғалар соттың келісімі  бойынша іске шартты өкіл ретінде қатыса алады;

- қоғамдық өкілдер өзінің  қоғамының қызметкерлері мен жұмысшысының немесе сол қоғам қорғауындағы азаматтардың атынан өкілдік жүргізеді.

2). Міндетті өкілдік, яғни  міндетті өкілдікке заңды өкілдік  жатады. Заңды өкілдер әрекетқабілеттігі  шектелген немесе әрекетқабілеттігі  жоқ азаматтарға , он төрт жасқа  толмаған жасөспірімдерге заңды өкілдер болып ата – аналары, қамқоршылары мен қорғаншылыры тағайындалады. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өкілдік құқы тіркелген неке болса әкесі мен шешесіне ортақ болады. Ал егер тіркелмеген некеде болса немесе әкелікті тану туралы соттың шешімі болмаса заңды өкіл болып – анасы қатысады.Ал сотта заңды өкіл ретінде қорғаншы мен қамқоршы әкімшілік акт негізінде қатысады, яғни олар кез – келген мемлекеттік органда, сондай – ақ сотта өз қарамағындағылардың құқытары мен бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайды. Жүйке ауруы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекетқабілеттігі жоқ деп танып, оған қорғаншы белгілейді. Ал спирт ішімдігіне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекетқабілеттігін сот шектеп, оған қамқоршы белгілейді. Осы қамқоршы мен қорғаншылар сотта өздерінің қорғаншыларына қатысты істе өкіл болып қатыса алады. Заңды өкілдер сотқа қатысу үшін :

- баланың тиісті ата – анадан тууы;

- қамқоршы мен қорғаншылыққа  алғаны туралы тиісті құжат, яғни соттың шешімі болуы тиіс.

3. Өкілдің өкілеттігі  нотариаттық кеңседе расталған  сенімхат арқылы жүргізіледі. Кәсіподақ пен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді. Ал адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал егер адвокат өз қызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат пен клиенттің жасасқан шартпен куәландырылады. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге:

- талап арызға қол қоюды;

- істі аралық сотқа  беруді;

- талап қоюды тануды, талап  қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді;

- бітімгершілік келісім жасауды;

- өкілеттікті басқа адамға беруді;

- соттың қаулысына шағым беруді;

- соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді;

- берілген мүлікті немесе  ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік  берушінің атынан барлық іс  жүргізу әрекеттерін жасауға  құқық береді. Осылардың әрқайсысын  жасауға өкілеттілік өкілдік  беруші берген сенімхатта көрсетілуі тиіс.

Тақырып 13. Басқа да юрисдикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы

Әкімшілік өндірісте қорғаушы және өкіл ретінде адвокатың қатысуы

      1. Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның  құқықтары мен мүдделерiн заңда  белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.

      2. Қорғаушы  ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа  тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды  өкiлдерi, кәсiподақтардың және қоғамдық  бiрлестiк мүшелерiнiң iстерi бойынша осы бiрлестiктердiң өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi.

      3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға араластырылады.

      4. Егер бiрiнiң  мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне  қайшы келсе, әкiмшiлiк жауапқа  тартылатын екi адамға бiр адамды қорғаушы етуге болмайды.

      5. Адвокаттың  әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды  өз мойнына алған қорғаудан  бас тартуға құқығы жоқ.  Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы

     1. Әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге  мынадай жағдайларда, егер:

     1) әкiмшiлiк  жауапқа тартылушы адам бұл  жөнiнде өтiнiш жасаса;

     2) әкiмшiлiк  жауапқа тартылушы адам дене  немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан  өзiн қорғау құқығын өз бетiнше  жүзеге асыра алмайтын болса;

     3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе;

     4) iстiң материалдарында  әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамға  медициналық сипатта мәжбүрлеу  шаралары белгiленуi мүмкiн деп  пайымдайтын деректер болса;

     5) әкiмшiлiк  жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi.   2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар кәсiби адвокаттар ұйымына мiндеттi қаулы шығарады.

Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру,  оның еңбегiне ақы төлеу1. Қорғаушыны, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.

      2. Өзi жөнiнде  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның  өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.

      3. Таңдалған  немесе тағайындалған қорғаушының  қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ.

      4. Әкiмшiлiк  ұстау жағдайында, егер өзi жөнiнде  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған  қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп  жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.

      5. Адвокаттың  еңбегiне ақы заңдарға сәйкес  төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) негiз болған  жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп  жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi.

      6. Адвокат  клиентпен iс жүргiзуге келiсiм  жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде  көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн.

      7. Қорғаушы  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьяға, органға (лауазымды адамға) өз жағдайын  растау үшiн жеке басын куәландыратын  құжаттарды және тиiстi жағдайларда: адвокатураға жататындығын растайтын құжатты және адвокаттың осы iске қатысу құқығына заң консультациясы берген ордерiн немесе маңызы жөнiнен соған теңестiрiлген құжатын; қоғамдық бiрлестiктiң немесе оның басшы органының қорғаушы тағайындау туралы шешiмiн, сезiктiмен немесе айыпталушымен туыстық қатынастарын растайтын құжатты тапсырады.  . Қорғаушыдан бас тарту

      1. Өзi жөнiнде  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс  жүргiзудiң кез келген кезiнде  қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.

      2. Өзi жөнiнде  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.  . Қорғаушының өкiлеттiгi

 

      1. Қорғаушы iстiң барлық материалдарымен  танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер  табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге  және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға  уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      2. Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ.

Информация о работе Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері