Меншік – экономикалық категория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:36, реферат

Краткое описание

Ең алдымен меншік дегеніміз не? Оның мәнін жалпы алғанда кез келген ересек адамның түсінуі де, түсіндіруі де мүмкін. Көпшілігінде бұл сұраққа жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Мысалы: «меншік – дәл жеке дара басыма тиесілінің бәрі, меншік – басқа біреудің иелігіндегі байлығы» т.б. Әрине меншіктің бұдан да басқа анықтамасы болғаны тарихтан белгілі. Ертеректегі француз социалисі Пьер Жозеф Прудоның (1809-1865 ж.ж.) меншік – ұрлау деген мағынаны береді дегені бар.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда белгілі бір ақиқаттың бары анық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Меншік экономикалық категория.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

 

Меншік қатынастары  мынадай қызметтерді қамтиды:

а) иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);

ә) пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

б) бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.)

Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.

Әрине, әртүрлі игіліктерді  иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал-жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маңыздырақ.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Алғашқы  тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жеке адам жердің меншік иесі болып, оны өндіру сол адамның өзіне өзіне және оның отбасына берілді. Ол өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады.

Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері  көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991 жж.) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында – 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқиды.

Экономикалық  және әлеуметтік құрылысқа  байланысты мемлекеттік меншік басқа  меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын  қызметінің нәтижесінде адамға бағытталған  ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым  болуы, оның басқа түрінің - мейлі  бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің  болуы жоққа шығармайды. Меншіктің  барлық түрінің араласуы мен өзара  іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында төмендегідей меншіктің  экономикалық түрлері қалыптасты:

                

Жеке

Ұжымдық

Мемлекеттік

Еңбектік

Еңбектік емес

   Жеке (топтық)

Республика меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі

Еңбек табысы есебінен

Мұрагерге қалдырылған  мүлік есебі-

нен табыс;

сақтандыру, несие меке-

мелеріне салған қаржылар;

акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін

табыс көздері 

а) жалгерлік меншік

ә) ұжымдық кәсіпорын  меншігі

б) кооперативтік меншік

в) акционерлік меншік:

а) қоғамдық ұйымдарының  меншігі

ә) діни ұйымдарының меншігі

меншік:

а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестіктер)

ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

меншігі:

а) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)

ә) біріккен меншік (шетел  мемлекеті кәсіпорыны)

Республикалық меншік (жер, қойнауы, сулар, өсімдік әлемі, әуе  кеңістігі)

Коммуналдық меншік (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім  беру, жергілікті бюджет қорлары)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Меншік құқықтарының теориясы

 

Меншіктің заңдық мазмұны  құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар  арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету  құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.

Меншік құқықтарының айрықшалануы – бұл меншіктің  объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.

Толық «құқықтар шоғыры» 11 элементтен тұрады (А.Оноре):

1) иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты  бақылау жасау құқығы;

2) пайдалану құқығы, яғни  игіліктердің пайдалы қасиеттерін  өзі үшін пайдалану құқығы;

3) басқару құқығы, яғни  игіліктерді пайдалану кім және  қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;

4) табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне  иелік ету құқығы;

5) егемен құқығы, яғни  игіліктерді шеттету, пайдалану,  өзгерту немесе жою құқығы;

6) қауіпсіздікке ие  болу құқығы, яғни игіліктердің  экспроприясынан немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;

7) игіліктерді шексіз  пайдалану құқығы;

8) игіліктерді шексіз  пайдалану құқығы;

9) сыртқы ортаға зиян  тигізетін тәсілмен пайдалануға  тыйым салу;

10) өндіріп алу түріндегі  жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;

11) қалдықтық сипат  құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың  қалпына келтірілуін қамтамасыз  ететін тәртіптер мен институттардың  болу құқығы.

Меншік қатынастары  – материалдық және материалдық емес ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар – ешкімдікі емес ешкімге тиесілі емес, немесе бәріне тиесілі, өйткені еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар – бір нәрсе деп айтуға болады.

Меншік объектілері  әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға иелену құқықтарын айрықшалауды білдіреді.

Айрықшалаудың мәні мен  мақсаты – ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1) С.А.Жұманазар 

Экономикалық теория, Өскемен, 2004

 

2) М.Есқалиев,  Е.Жатқанбаев,  Е.Байжұмаев,  С.Досқалиев, Ж.Жәйшібеков

Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2004

 

3) Шеденов Ө.Қ., Байжомартов  Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.

Жалпы экономикалық теория, Алматы-Ақтөбе, 2002

 

4) Б.Мәдешев

Нарықтық  экономика теориясына кіріспе, Алматы, 1995

 

5) Мамыров, Тілеужанова  

Макроэкономика, Алматы, 2001

 

6) Күлекеев, Сұлтанбекова

Микроэкономика, Алматы, 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ОСЫ КҮНГІ МЕНШІК ФОРМАЛАРЫ,

МӘНІ ЖӘНЕ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

 

 

 

 

 

        Орындаған: 6-тЭ тобының студенті

                                                    Базабиева А. А.

                                                    Тексерген: Самитова Г. Т.

 

Өскемен

2008




Информация о работе Меншік – экономикалық категория